«2023 жылға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту туралы» Қызылорда облысы
әкімдігінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 2 ҚБПҮ қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің қаулы жобасына
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
«Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қаулыны әзірлеуші орган болып табылады.
Қаулы жобасы «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығына сәйкес әзірленді.
Жоба қабылданған жағдайда тұрақты түрде бағаға мониторинг жасалады және бөлшек баға шекті мәннен асқан жағдайда шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу түрінде қажетті шаралар қабылданады.
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталындағы сілтеме https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14437195