Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасында 2022 жылға атқарылған жұмыс бойынша анықтама

 

 

Саланың негізгі көрсеткіштері

Статистиканың мәліметіне сәйкес 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан араша айларында 178 107,1  млн. теңгенің өнімі өндіріліп 2021 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 101,8%-ға артты.

Тамақ өнімдерін өңдеу көлемі 72 642,3 млн. теңгені құрап, 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 106,3%-ға артты.

Егін шаруашылығы

Ағымдағы жылы статистикалық мәліметке сәйкес облыс бойынша 188,5 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде дәндi дақылдар 91,7 мың гектар, майлы дақылдар 5,9 мың гектар, мал азықтық дақылдар 71,3 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 19,6 мың гектар. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 78,6 мың гектарды құрады.
Су тапшылығына байланысты күріш дақылының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 5,0 мың гектарға дейін азайтылып, орнына суды аз қажет ететін егістікті әртараптандыру бағытындағы мал азықтық және майлы дақылдармен қатар картоп, көкөніс, бақша дақылдарының егіс көлемдері өткен жылмен салыстырғанда 7,3 мың гектарға дейін артып, жалпы егіс көлемі 541 гектарға көбейді.
Сонымен қатар, облыста егісті әртараптандыру бағытында жүгері дақылы 1 945 гектарға, соя 189 гектарға, қант құмайы 358 гектарға, 3,5 гектарға қант қызылшасы дақылы егілді.
Жалпы егілген ауыл шаруашылығы дақылдарынан жоғары өнім алу мақсатында 59,1 мың тонна минералдық тыңайтқыштар, 63,1 мың литр гербицидтер сатып алынып, күріш егістіктерінің 61,4 мың гектары арам-шөптеріне қарсы өңделіп, 65,0 мың гектары тыңайтқыштармен үстеп қоректендірілді.
Күзгі егін жинау науқаны оңтайлы мерзімінде жүргізіліп, толық аяқталды.

Мал шаруашылығы

Облыс бойынша 2022 жылдың 1 желтоқсанына 402,8 мың бас МІҚ, 815,7 мың бас қой мен ешкі, 200,0 мың бас жылқы, 60,7 мың бас түйе және 121,5 мың бас құс тіркелген. Мал басын былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МІҚ-7,9%-ға, қой мен ешкі-4,4%-ға, жылқы 16,5%-ға, түйе 7,0%-ғажәне құс 1,7%-ға көбейген.
Осы есепті кезеңде 35,2 мың тонна ет (тірі салмақта), 84,3 мың тонна сүт және 7 379,8 мың дана жұмыртқа өндіріліп, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет өндірісі 2,1%-ға, сүт өндірісі 1,4%-ға және жұмыртқа өндірісі 2,2%-ға артты.

Экспорт

Статистикаға сәйкес 2022 жылдың 1 желтоқсанына облыстан 58,0 теңгені құрайтын 105,2 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері (күріш, балық өнімдері, күріш қалдығы, қамыс, қарбыз, қауын, көкөніс, қызанақ, күнбағыс тұқымы) экспортталып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 160,2 пайызды құрап отыр.

Өнімдер әлемнің 23 мемлекетіне экспортталды.
Барлық экспортталған өнімнің 89,3 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы - күріш өнімі, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, АҚШ, Әзірбайжан, Өзбекстан, Моңғол мемлекеті, Тәжікстан, Түркмения, Украина, Грузия, Литва, Түркия және Ирак мемлекеттеріне экспортталып отыр.
Есепті кезеңге 93,9 мың тонна күріш өнімі экспортталып, былтырғы жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 153,1 пайызға артты.
Сондай-ақ, облыстан Ресей, Әзербайжан, Польша, Грузия, Венгрия, Литва, Германия, Чехия, Нидерланды, Франция, Китай және Австрия мемлекеттеріне 3 295,3 тонна  балық, Германия, Дания және Нидерланды мемлекеттеріне 2 472,1 тонна қамыс, Ресей, Өзбекстан және Тәжікстанға 1 426,8 тонна күріш қалдығы, және Ресей мемлекетіне 280,0 тонна қызанақ, 2 183,0 тонна қарбыз, 325,0 тонна қауын жөнелтілді.

Сонымен қатар, Қытай мемлекетіне 1 244,8 тонна көкөніс және 20,1 тонна күнбағыс тұқымы экспортталды.

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерімен қамтамасыз ету

Қызылорда облысының әкімшілік аумағы 24,1 млн. га, бұл республика аумағының 8,3 % құрайды. Оның ішінде: Қарағанды облысынан жалға алынған жерлер – 2 210,9 мың гектар; Ресей Федерациясына жалға берілген жерлер – 702,0 мың гектар.

Суармалы жерлер көлемі – 265,3 мың га, оның ішінде инженерлік жүйеде әзірленген жер – 178,6 мың га.

Ауыл шаруашылығына пайдаланып отырғаны 2,9 млн. га немесе жалпы жер қорының 12,0 пайызы. Пайдаланып отырған тұлғалардың саны - 6335, оның ішінде шаруа қожалығы - 5766, заңды тұлғалар – 569.

Өңірлер бойынша жалпы кезектілікте тұрған өтініштер саны 145,5 мың  болса,  оның басым бөлігі 92,0 мыңнан астам өтініш Қызылорда қаласына тиесілі.

2021 жылы 1232 учаске, 2022 жылы 1600 учаске табысталған. Жалпы облыс бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер алуға кезекте тұрғандар саны – 145525 азамат. Оның ішінде: 63,4 пайызы Қызылорда қаласы-92261, Арал-8171, Қазалы-12843, Қармақшы-6019, Жалағаш-2928, Сырдария-1678,Шиелі-10785, Жаңақорған - 10842.

2014-2021 жылдары барлығы 10741 учаске берілсе, оның ішінде 2018 жылы -  1179 учаске, 2019 жылы - 1383 учаске, 2020 жылы – 1429 учаске, 2021 жылы –1232 учаскесі.

Жайылымды басқару мен пайдалану 

Жайылымдар мәселесін шешуге облыс әкімінің 25.02.2021 жылғы №183-Ө өкімімен арнайы жұмыс топтары құрылып жұмыс жасауда.

2022 жылғы 1 қаңтардағы (статистикалық деректер) мал басына жайылым қажеттігіне аудандар және Қызылорда қаласы бойынша талдаулар жасалды. Талдау нәтижелерімен облыс бойынша 318,3 мың шартты мал басына қажетті жайылым көлемі 3,9 млн.гектар.

Әр елді мекен бойынша жайылымдардың схемалары әзірленіп, 3,2 млн га жайылым алқаптары белгіленген. Сондай-ақ елді мекендердің жайылым жерлері 606,6 мың гектарды құрайды.

Облыстың 146 округтерінің 86-ның (4 кент, 82 ауылдық округ) жайылым проблемасы жоқ. Қажетті көлемі – 1510,3 мың га, қамтамасыз етілгені – 1957,0 мың га (Арал, Қазалы, Қармақшы аудандары артығымен жайылым бекіткен). 32 округтің жайылым мәселесі ішінара шешілген, яғни жайылым жетпеуіне байланысты толық қамтамасыз ету мүмкін болмай отыр. Қажеті – 1281,5 мың га, қамтамасыз етілгені – 931,8 мың га, жетіспейтін жайылым көлемі –   349,7 мың га.

Елді мекендердің маңынан мүлдем жер болмауы себепті қамтамасыз ету мүмкін емесі – 28 округтер. Қажеті – 1260,8 мың га, қамтамасыз етілгені – 332,3 мың га, жетпейтін жайылым көлемі – 928,5 мың га (Жалағаш ауданы-5/224,0 мың га, Сырдария ауданы-4/173,7 мың га, Қызылорда қаласы – 4/63,0 мың га,  Шиелі ауданы-4/161,4 мың га, Жаңақорған ауданы-5/238,6 мың га, Қазалы ауданы- 1/67,8 мың га).

Елді мекендерге жайылым бекіту үшін 1027 шаруашылық субъектілерімен олардың жерлерін тұрғындардың мал жайылымы мұқтажына пайдалану үшін 746,4 мың гектар жер учаскелеріне келісімдері алынып, хаттамалар жасалды. Оның ішінде жайылымдық – 575,0 мың га, егістігі – 132,0 мың га.

26 елді мекеннің жайылымына қажетті 557,4 мың га жерді орман қоры құрамынан шығару жөнінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне ұсыныс жолданғанымен қолдау таппай отыр. Министрлік орман қорының жерлерін келісімшарттар арқылы ұзақ мерзімді жер пайдалануға бер туралы ұстанымдарын білдіруде. 

Төретам, Ақай елді мекендеріне қажетті 60,0 мың га жерлерді Ресей Федерациясы жалға алған жерлер құрамынан шығару туралы ұсыныс жолданды.

Ресей Федерациясының өкілдері өз кезегінде қажетті жер көлеміне далалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге әзір екендіктерін мәлімдеді.

Ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға тарту

2022 жылдың ауыл шаруашылығы айналымына 295 учаске 113,5 мың га көлемде енгізілді. Жалпы ағымдағы жылы облыста жалпы 60,0 мың га жерді шаруашылықтардың қажеттігі үшін табыстау жоспарланған. Орындалу көрсеткіші – 189,0%-ды құрады.

Жер учаскелерін электронды түрде сауда-саттықта табыстау

Жер учаскелерін электронды табыстау мәселесі цифрландыру шарасы аясында 2019 жылдан бастап көтерілген. ҚР Жер кодексіне, ережелеріне өзгерістер 2020-2021 жылдары енгізілді.

ҚР АШМ 15.10.2021 жылғы №297 бұйрығымен «Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидалары» бекітілді.

 2021 жылы Қызылорда облысы бойынша 45 аукцион өткізіліп, көлемі 171,14 гектар 399 жер учаскесі сауда-саттықпен табысталған. Сатылған бағасы – 265,6 млн теңге.

Ағымдағы жыл басынан бастап кәсіпкерлік мақсатта жер учаскелерін беруді тек электрондық форматта жүргізу заңнамалармен белгіленген. Бүгінгі таңда, 28 аукцион өтті, электронды сатылған учаскелер саны 84, көлемі – 93,2 га. сатылған бағасы – 113,7 млн тг. Оның ішінде учаскелер саны:  Арал – 6, Қазалы -19, Қармақшы - 7, Жалағаш – 4, Сырдария - 12,  Шиелі - 9, Жаңақорған - 1 аудандары және Қызылорда қаласы – 26 бойынша аукциондар өткізілді.

 

 

 

Анықтама
Дата публикации
29 декабря 2022