Саланың негізгі көрсеткіштері
Статистиканың мәліметіне сәйкес 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан араша айларында 178 107,1 млн. теңгенің өнімі өндіріліп 2021 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 101,8%-ға артты.
Тамақ өнімдерін өңдеу көлемі 72 642,3 млн. теңгені құрап, 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 106,3%-ға артты.
Егін шаруашылығы
Ағымдағы жылы статистикалық мәліметке сәйкес облыс бойынша 188,5 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде дәндi дақылдар 91,7 мың гектар, майлы дақылдар 5,9 мың гектар, мал азықтық дақылдар 71,3 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 19,6 мың гектар. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 78,6 мың гектарды құрады.
Су тапшылығына байланысты күріш дақылының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 5,0 мың гектарға дейін азайтылып, орнына суды аз қажет ететін егістікті әртараптандыру бағытындағы мал азықтық және майлы дақылдармен қатар картоп, көкөніс, бақша дақылдарының егіс көлемдері өткен жылмен салыстырғанда 7,3 мың гектарға дейін артып, жалпы егіс көлемі 541 гектарға көбейді.
Сонымен қатар, облыста егісті әртараптандыру бағытында жүгері дақылы 1 945 гектарға, соя 189 гектарға, қант құмайы 358 гектарға, 3,5 гектарға қант қызылшасы дақылы егілді.
Жалпы егілген ауыл шаруашылығы дақылдарынан жоғары өнім алу мақсатында 59,1 мың тонна минералдық тыңайтқыштар, 63,1 мың литр гербицидтер сатып алынып, күріш егістіктерінің 61,4 мың гектары арам-шөптеріне қарсы өңделіп, 65,0 мың гектары тыңайтқыштармен үстеп қоректендірілді.
Күзгі егін жинау науқаны оңтайлы мерзімінде жүргізіліп, толық аяқталды.
Мал шаруашылығы
Облыс бойынша 2022 жылдың 1 желтоқсанына 402,8 мың бас МІҚ, 815,7 мың бас қой мен ешкі, 200,0 мың бас жылқы, 60,7 мың бас түйе және 121,5 мың бас құс тіркелген. Мал басын былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МІҚ-7,9%-ға, қой мен ешкі-4,4%-ға, жылқы 16,5%-ға, түйе 7,0%-ғажәне құс 1,7%-ға көбейген.
Осы есепті кезеңде 35,2 мың тонна ет (тірі салмақта), 84,3 мың тонна сүт және 7 379,8 мың дана жұмыртқа өндіріліп, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет өндірісі 2,1%-ға, сүт өндірісі 1,4%-ға және жұмыртқа өндірісі 2,2%-ға артты.
Экспорт
Статистикаға сәйкес 2022 жылдың 1 желтоқсанына облыстан 58,0 теңгені құрайтын 105,2 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері (күріш, балық өнімдері, күріш қалдығы, қамыс, қарбыз, қауын, көкөніс, қызанақ, күнбағыс тұқымы) экспортталып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 160,2 пайызды құрап отыр.
Өнімдер әлемнің 23 мемлекетіне экспортталды.
Барлық экспортталған өнімнің 89,3 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы - күріш өнімі, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, АҚШ, Әзірбайжан, Өзбекстан, Моңғол мемлекеті, Тәжікстан, Түркмения, Украина, Грузия, Литва, Түркия және Ирак мемлекеттеріне экспортталып отыр.
Есепті кезеңге 93,9 мың тонна күріш өнімі экспортталып, былтырғы жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 153,1 пайызға артты.
Сондай-ақ, облыстан Ресей, Әзербайжан, Польша, Грузия, Венгрия, Литва, Германия, Чехия, Нидерланды, Франция, Китай және Австрия мемлекеттеріне 3 295,3 тонна балық, Германия, Дания және Нидерланды мемлекеттеріне 2 472,1 тонна қамыс, Ресей, Өзбекстан және Тәжікстанға 1 426,8 тонна күріш қалдығы, және Ресей мемлекетіне 280,0 тонна қызанақ, 2 183,0 тонна қарбыз, 325,0 тонна қауын жөнелтілді.
Сонымен қатар, Қытай мемлекетіне 1 244,8 тонна көкөніс және 20,1 тонна күнбағыс тұқымы экспортталды.