Қызылорда облысы әкімдігінің қаулы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ

«Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қаулыны әзірлеуші орган болып табылады.

Қаулы жобасы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының
2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 65-бабына «Жеке-дара қолданылатын құқықтық актінің қолданылуы тоқтатылғанға дейін осы құқықтық актіні қабылдаған уәкілетті орган, одан жоғары тұрған мемлекеттік орган не сот оны тоқтата тұра алады, өзгерте алады және (немесе) толықтыра алады не оның күшін жоя алады» сәйкес әзірленді.

Жоба қабылданған жағдайда Қызылорда облысы әкімдігінің келесі қаулылары жойылады:

1) «Қызылорда облысын бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 9 қыркүйектегі № 56 қаулысы;

2) «Қызылорда облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 56 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 24 сшілдедегі № 72 қаулысы.

Ашық нормативтік құқықтық актілердің интранет-порталындағы сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14357045

Дата публикации
20 декабря 2022