Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ

 «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қаулыны әзірлеуші орган болып табылады.

Қаулы жобасы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген  «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 20209 нөмірімен тіркелген) сәйкес әзірленді.

Жоба қабылданған жағдайда облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жоғары репродукциялы күріш тұқымымен қамтамасыз етіледі. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жоғары репродукциялы ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын сатып алуға қол жетімділігі артады, тұқым шаруашылықтарының материалдық-техникалық базасы нығаяды.

Ашық нормативтік құқықтық актілердің интранет-порталындағы сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13969557 

 

Дата публикации
24 января 2022