Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ

 Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынсатары басқармасы» мемлекеттік мекемесі қаулыны әзірлеуші орган болып табылады.

Қаулы жобасы «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасы
Заңының 9-1-бабына және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция
комитетiнiң Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік
мекемесінің 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 03-09-906 ұсынысына сәйкес әзірленді.

Жоба қабылданған жағдайда өңірдегі карантинді объектілердің таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау және жою, залалданған карантинге жатқызылған өнімді зарарсыздандыру, техникалық қайта өңдеу, тазарту және жою, үй-жайлар мен көлік құралдарын зарарсыздандыру және тазарту, карантинге жатқызылған өнiмді қайтару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге бағытталған іс-шараларды қамтамасыз етеді.

Ашық нормативтік құқықтық актілердің интранет-порталындағы сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14372516

Дата публикации
29 декабря 2022