«Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қаулыны әзірлеуші орган болып табылады.
Қаулы жобасы Қазақстан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығымен бекітілген «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» қағидаларының 8-тармағына «Субсидиялау бағыттары арасындағы сомалар өзгерген жағдайда облыс, Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдігінің қаулысына осы Қағидалардың 4, 5 және
6-тармақтарында көзделген тәртіппен тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.» сәйкес қабылданды.
Жоба қабылданған жағдайда агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген, бюджетке төленген қосылған құн салығы субсидиялау арқылы өтелетін болады.
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталынғы сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14242427