Мемлекеттік қызметтің имиджі (2022 жылдың ІV тоқсан)

2022 жылдың ІV тоқсаны бойынша Агроөнеркәсіп кешені саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және қызмет тиімділігінің көрсеткіштерін жақсарту жөнінде 2022 жылға арналған басқарманың іс-шаралар жоспары бекітілді.

Іс-шара жоспарына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ашықтығын айқындау мақсатында Агроөнеркәсіп кешені саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің (нормативтік құқықтық актілер Ереже және Қағида) құжаттары басқарманың және облыс әкімдігінің ресми сайтында сонымен қатар, www.qoldau.kz веб-порталы арқылы қызметтерді алу жолдары туралы ақпараттар жергілікті БАҚ-та және әлеуметтік желілерде (www.Facebook.com) бейнероликтер жарияланды.

Басқарма тарапынан Агроөнеркәсіп кешені және жер қатынастары саласындағы барлығы (QOLDAU.KZ,  Е-лицензиялау,  Субсидиялаудың ақпараттық жүйесі САЖ (ИСС) 31 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі бар. Оның ішінде 16 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі субсидиялауға арналған.

Сонымен қатар, 2022 жылға арналған Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген.

Осы іс-шаралар жоспарына сәйкес басқарманың барлық қызметкерлеріне тиісті құқықтық оқыту жұмыстары жүргізіледі.

2021 жылдың қорытындысы бойынша және 2022 жылдың 12 ай бойынша басқарма тарапынан Сыбайлас жемқорлыққа жол берген және оған жағдай жасаған қызметкерлер болған жоқ.

Дата публикации
05 января 2023