Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының 2022 жылғы ІV -тоқсан бойынша атқарған жұмыстары туралы есебі

2022 жылдың  ІV - тоқсаны бойынша басқарма тарапынан 6 - мемлекеттік қызметші біліктілігін арттыру және 1- мемлекеттік қызметші қайта даярлау курсынан өтуі тиіс болатын.  Осы ретте, жоспарға сәйкес 2022 жылдың 4-тоқсанында 9 - мемлекеттік қызметшілер біліктілігін арттырудан және 1 - мемлекеттік қызметші қайта даярлау курсынан өтті.

Республикалық "Birge: Taza Qazaqstan" экологиялық акциясы аясында басқармаға белгіленген аумақта басқарма қызметкерлерінің қатысуымен көшеттер егіп, күл-қоқыстардан, тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, «Antikor ortalygy» сервистік орталығында және обләс әкімдігінің қабылдау бөлімінде «Қазақстан Республикасы жер заңнамасы, онің ішінде жер алу кезектілігі, жер учаскелерін мерзімде игеру мен мақсатына сай пайдалану және жер қатынастары саласындағы өзге де мәселелер» тақырыбында басқарма басшысы ақпараттар мен түсіндірме мәліметін алуға ниет білдірген жеке және заңды тұлғаларды қабылдады.  

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының штат кестесінде мемлекеттік қызметшілер саны – 32 штаттық бірлік, нақты саны – 28.

Дата публикации
05 января 2023