Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы өз құзыреті шегінде агроөнеркәсіптік кешен салаларының бәсекеге қабілеттілігін сапалы жаңа деңгейге жеткізу мен экономикалық өсуге жәрдемдесу мақсатында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту салаласында және жер қатынастары реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы құрылымдық бөлімдері өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
Мекенжайы: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, құрылыс 1.