Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау бағдарламасы бойынша агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне тұрақты түрде қаражат бөлінуде.
Инвестициялық субсидиялау бағдарламасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Бағдарламаның негізгі мақсаты капиталды көп қажет етуді төмендету және салынған инвестициялардың өзін-өзі ақтауын арттыру жолымен АӨК-нің басым бағыттарында (секторларында) инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру болып табылады.
Инвестициялық субсидиялау қолданыстағы Ережеге сәйкес 34 жоба паспортында көзделген тізім негізінде 25%-дан бастап 50%-ға дейін кеткен шығындарының бір бөлігін өтеу арқылы жүзеге асырылады.
Толығырақ ақпаратты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінен немесе Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының инвестиция бөліміне хабарласу арқылы алуға болады.
Байланыс тел: 60-54-50.
Инвестиция бөлімінің бас маманы Ілияс Сұңғат Серікбайұлы.