Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларына өзгеріс енгізілді

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидасының сыйықы мөлшерлемелерінің субсидиялау нормативі өзгерді.

Жаңадан қабылданған Қағиданың 4-тармағына сәйкес субсидиялау мынадай қарыз шарттары бойынша жүзеге асырылады:

      1) ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі жабдықтарды сатып алуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға, негізгі құралдарды сатып алуға, құрылыс салуға (ұн, минералдық сулар және алкогольсіз сусындар өндіруге арналған негізгі құралдарды сатып алуға арналған қарыздарды қоспағанда) арналған;

      2) өндірістік процестің технологиялық циклі үшін қажетті айналым қаражатын толықтыруға арналған;

      3) көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге арналған.

       Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қарыз шарттары бойынша субсидиялау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі мен жылдық 7,5 пайыздың теңгемен жиынтық көрінісі ретінде есептелген номиналды сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын мөлшерлемеде жүзеге асырылады.

      Ұсынысты қарастыру кезінде қарыз шарты жасалып жатқан сәтте қолданыста болған Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемесі қолданылады.

       Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қарыз шарттары бойынша қарыз алушы номиналды сыйақы мөлшерлемесінің 6%-ын төлейді, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі мен 7,5 жылдық пайыздық жиынтық сомасы мен қарыз алушының теңгемен төлеген 6% арасындағы айырманың нәтижесінде алынған номиналды сыйақы мөлшерлемесінің қалған бөлігі мемлекеттік бюджеттен субсидияланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация
Дата публикации
16 ноября 2022