Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы басқармасының 2022 жылғы 3 тоқсандағы атқарылған жұмыс туралы есебі

2022 жылдың ІІІ - тоқсаны бойынша басқарма тарапынан 6 - мемлекеттік қызметші біліктілігін арттыру және 1- мемлекеттік қызметші қайта даярлау курсынан өтуі тиіс болатын. Осы ретте, жоспарға сәйкес 2022 жылдың 3-тоқсанында 7 - мемлекеттік қызметшілер біліктілігін арттырудан және 1- мемлекеттік қызметші қайта даярлау курсынан өтті.
Республикалық "Birge: Taza Qazaqstan" экологиялық акциясы аясында басқармаға белгіленген аумақта басқарма қызметкерлерінің қатысуымен көшеттер егіп, күл-қоқыстардан, тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстарын жүргізді. Сенбілік жұмыстарын жүргізу екі айға жалғасады.
Сондай-ақ, «Antikor ortalygy» сервистік орталығында «Қазақстан Республикасы жер заңнамасы, онің ішінде жер алу кезектілігі, жер учаскелерін мерзімде игеру мен мақсатына сай пайдалану және жер қатынастары саласындағы өзге де мәселелер» тақырыбында басқарма басшысы ақпараттар мен түсіндірме мәліметін алуға ниет білдірген жеке және заңды тұлғаларды қабылдады.
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының штат кестесінде мемлекеттік қызметшілер саны – 33 штаттық бірлік, нақты саны – 31.

Дата публикации
12 октября 2022