2022 жылдың 1 - тоқсаны бойынша басқарма тарапынан 6 - мемлекеттік қызметші біліктілігін арттыру және 1- мемлекеттік қызметші қайта даярлау курсынан өтуі тиіс болатын. Осы ретте, жоспарға сәйкес 2022 жылдың 1-тоқсанында 1 - мемлекеттік қызметшілер біліктілігін арттырудан /қайта даярлау курсынан өтті.
Республикалық "Birge: Taza Qazaqstan" экологиялық акциясы аясында басқармаға белгіленген аумақта басқарма қызметкерлерінің қатысуымен көшеттер егіп, күл-қоқыстардан, тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстарын жүргізді. Сенбілік жұмыстарын жүргізу екі айға жалғасады.
Сондай-ақ, облыс әкімінің 2022 жылға жоспарланған қоғамдық қабылдау бекіткен кестесіне сәйкес облыстық басқарма басшылары «AMANAT» партиясының қоғамдық бөлмесінде 2022 жылдың 1-тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпараттың қолжетімділігі, ауылшаруашылығы мәселесі мен басқа да ауыл шаруашылығы саласына қатысты ақпараттар мен түсіндірме мәліметін алуға ниет білдірген жеке және заңды тұлғаларды қабылдады.
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының штат кестесінде мемлекеттік қызметшілер саны – 26 штаттық бірлік, нақты саны – 24.
Қызметшілер құрамы жағынан 23-29 жасқа дейін – 3 адам, 30-39 жасқа дейін – 12 адам, 40-49 жасқа дейін – 5 адам. 50 жастан жоғары – 4 адам. Ұлттық құрамы бойынша барлығы-қазақ.