2021 жылдың 4 - тоқсаны бойынша басқарма тарапынан 5 - мемлекеттік қызметші біліктілігін арттыру және 1- мемлекеттік қызметші қайта даярлау курсынан өтуі тиіс болатын. Осы ретте, жоспарға сәйкес 2021 жылдың 4-тоқсанында 6 - мемлекеттік қызметшілер біліктілігін арттырудан /қайта даярлау курсынан өтті.
Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары С. Ахметтің бекіткен "30 Игі іс" қайырымдылық акциясын Қызылорда облысында ұйымдастыру бойынша 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес басқарма тарапынан 2021 жылдың 20 наурызында Қызылорда қаласының тұрғындары 3 (үш) отбасыға және "Мектепке жол" акциясы бойынша Қызылорда қаласы, Бәйтерек ықшам ауданының тұрғыны 1 (бір) отбасыға қайырымдылық шарасы көрсетілді.
"Жаңа жыл" мерекесіне орай басқарма тарапынан Қызылорда қаласының тұрғындары 3 (үш) отбасыға біршама азық-түлік түрінде қайрымдылық көрсетілді.
Сондай-ақ, облыс әкімінің 2021 жылға жоспарланған қоғамдық қабылдау бекіткен кестесіне сәйкес облыстық басқарма басшылары «Нұр Отан» партиясының қоғамдық бөлмесінде 2021 жылдың 4-тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпараттың қолжетімділігі, ауылшаруашылығы мәселесі мен басқа да ауыл шаруашылығы саласына қатысты ақпараттар мен түсіндірме мәліметін алуға ниет білдірген жеке және заңды тұлғаларды қабылдады.
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының штат кестесінде мемлекеттік қызметшілер саны – 31 штаттық бірлік, нақты саны – 25.
Қызметшілер құрамы жағынан 23-29 жасқа дейін – 3 адам, 30-39 жасқа дейін – 12 адам, 40-49 жасқа дейін – 5 адам. 50 жастан жоғары – 5 адам. Ұлттық құрамы бойынша барлығы-қазақ.