Мемлекеттік қызметтің имиджі (2021 жылдың 4-тоқсан)

2021 жылдың 4 - тоқсаны бойынша Агроөнеркәсіп кешені саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және қызмет тиімділігінің көрсеткіштерін жақсарту жөнінде 2021 жылға арналған басқарманың іс-шаралар жоспары бекітілді.

Іс-шара жоспарына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ашықтығын айқындау мақсатында Агроөнеркәсіп кешені саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің (нормативтік құқықтық актілер Ереже және Қағида) құжаттары басқарманың және облыс әкімдігінің ресми сайтында сонымен қатар, www.qoldau.kz веб-порталы арқылы қызметтерді алу жолдары туралы ақпараттар жергілікті БАҚ-та және әлеуметтік желілерде (www.Facebook.com) бейнероликтер жарияланды.

Басқарма тарапынан Агроөнеркәсіп кешені саласындағы барлығы                           (QOLDAU.KZ,  Е-лицензиялау,  Субсидиялаудың ақпараттық жүйесі САЖ (ИСС)  21 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі бар. Оның ішінде 16 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі субсидиялауға арналған.

Басқарма тарапынан Агроөнеркәсіп кешені саласына 2021 жылдың 4-тоқсаны бойынша 5404 мемлекеттік қызметтер көрсетіліп, 1720 өтінім берушілер тарапынан құжаттардың Қағида талаптарына сәйкес болмауына байланысты негізді бас тартылды.

Сондай-ақ, қызмет алушылардың қызмет алу қағидаларымен толықтай танысуына жағдай жасау мақсатында басқарма тарапынан агроөнеркәсіп кешені саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бұрышы (стенд) орналастырылған.

Сонымен қатар, 2021 жылға арналған Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген.

Осы іс-шаралар жоспарына сәйкес басқарманың барлық қызметкерлеріне тиісті құқықтық оқыту жұмыстары жүргізіледі.

2021 жылдың қорытындысы бойынша басқарма тарапынан Сыбайлас жемқорлыққа жол берген және оған жағдай жасаған қызметкерлер болған жоқ.

 

 

Дата публикации
17 января 2022