Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 2021 жылдың ІІ тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде АНЫҚТАМА

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы  № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, 2021 жылдың  қаңтар айында «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспары» бекітілді.

Басқарманың сенім телефондары белгіленіп, басқарма басшылығының азаматтар мен заңды тұлғаларды жеке мәселемен қабылдаудың кестесі бекітілді. Қабылдау кестесі мен сенім телефондары жергілікті баспасөз газеттерінде жарияланды.

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мақсатында  біршама жұмыстар атқарып келеді.

Басқарма басшысының орынбасары Ғ. Баимбетовтің төрағалығымен басқарма қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңыны бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері туралы басқарма қызметкерлеріне құқықтық оқыту жүргізілді.

Бұдан бөлек, басқарманың қызметкерлеріне мемлекеттік қызметті көрсету барысында және қызмет барысында жоғарыда аталған заңнамаларды сақтамай бұзушылықтарға жол берген жағдайда тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделгендігі ескертіліп, құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарға жол бермеу тапсырылды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 14 мамыр күні «Ақмешіт-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Ж. Тұсмағамбетовтың қатысуымен «Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» мақсатында құқықтық оқыту жүргізілді.

Жыл басынан басқармамен 1534 мемлекеттің қызмет көрсетілген. Оның ішінде, электронды түрде –1534 қызмет көрсетілді, негізді бас тарту саны-541, негізсіз бас тарту тіркелмеген.

Басқармада жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық фактілері орын алған жоқ және алдағы уақытта да басқармамен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тиісті жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады.

 

Дата публикации
09 июля 2021