Мемлекеттік қызметтің имиджі (2021 жылдың 2-тоқсан)

2021 жылдың 2 -тоқсаны бойынша Агроөнеркәсіп кешені саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және қызмет тиімділігінің көрсеткіштерін жақсарту жөнінде 2021 жылға арналған басқарманың іс-шаралар жоспары бекітілді.

Іс-шара жоспарына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ашықтығын айқындау мақсатында Агроөнеркәсіп кешені саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің (нормативтік құқықтық актілер Ереже және Қағида) құжаттары басқарманың және облыс әкімдігінің ресми сайтында сонымен қатар, www.qoldau.kz веб-порталы арқылы қызметтерді алу жолдары туралы ақпараттар жергілікті БАҚ-та және әлеуметтік желілерде (www.Facebook.com) бейнероликтер жарияланды.

Сонымен қатар, 2021 жылға арналған Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген.

Осы іс-шаралар жоспарына сәйкес басқарманың барлық қызметкерлеріне тиісті құқықтық оқыту жұмыстары жүргізіледі.

2020 жылдың қорытындысы бойынша басқарма тарапынан Сыбайлас жемқорлыққа жол берген және оған жағдай жасаған қызметкерлер болған жоқ.

Дата публикации
03 июля 2021