Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының 2021 жылғы 2 -тоқсан бойынша атқарған жұмыстары туралы есебі

2021 жылдың  2 - тоқсаны бойынша басқарма тарапынан 5 - мемлекеттік қызметші біліктілігін арттыру және 1- мемлекеттік қызметші қайта даярлау курсынан өтуі тиіс.  2021 жылдың 4-тоқсанынан бастап 6 - мемлекеттік қызметшілер біліктілігін арттырудан /қайта даярлау курсынан өтетін болады.

            Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары С. Ахметтің бекіткен "30 Игі іс" қайырымдылық акциясын Қызылорда облысында ұйымдастыру бойынша 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес басқарма тарапынан 2021 жылдың 20 наурызында Қызылорда қаласының тұрғындары 3 (үш) отбасыға қайырымдылық шарасы көрсетілді.

Сондай-ақ, облыс әкімінің 2021 жылға жоспарланған қоғамдық қабылдау бекіткен кестесіне сәйкес  облыстық басқарма басшылары «Нұр Отан» партиясының қоғамдық бөлмесінде 2021 жылдың 2-тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпараттың қолжетімділігі, ауылшаруашылығы мәселесі мен басқа да ауыл шаруашылығы саласына қатысты ақпараттар мен түсіндірме мәліметін алуға ниет білдірген жеке және заңды тұлғаларды қабылдады.  

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының штат кестесінде мемлекеттік қызметшілер саны – 31 штаттық бірлік, нақты саны – 29.

Қызметшілер құрамы жағынан 23-29 жасқа дейін – 3 адам, 30-39 жасқа дейін – 12 адам, 40-49 жасқа дейін – 5 адам. 50 жастан жоғары – 8 адам. Ұлттық құрамы бойынша барлығы-қазақ.

 

Дата публикации
03 июля 2021