Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, 2021 жылдың қаңтар айында «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспары» бекітілді.
Басқарманың сенім телефондары белгіленіп, басқарма басшылығының азаматтар мен заңды тұлғаларды жеке мәселемен қабылдаудың кестесі бекітілді. Қабылдау кестесі мен сенім телефондары жергілікті баспасөз газеттерінде жарияланды.
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мақсатында біршама жұмыстар атқарып келеді.
Бұдан бөлек, басқарманың қызметкерлеріне мемлекеттік қызметті көрсету барысында және қызмет барысында жоғарыда аталған заңнамаларды сақтамай бұзушылықтарға жол берген жағдайда тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделгендігі ескертіліп, құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарға жол бермеу тапсырылды.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының 2021 жылға арналған құқықтық-техникалық оқу жоспары» бекітіліп, оқу жоспарына сәйкес басқарма басшысының орынбасарларының төрағалығымен құқықтық оқытулар жүргізілді.
Жыл басынан басқармамен 200 мемлекеттің қызмет көрсетілген. Оның ішінде, электронды түрде –200 қызмет көрсетілді, негізді бас тарту саны-74, негізсіз бас тарту тіркелмеген.
Басқармада жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық фактілері орын алған жоқ және алдағы уақытта да басқармамен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тиісті жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады.