Бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуы туралы 2020 қаржы жылындағы есептілікке түсіндірме жазба

"Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне 2020 жылы қаржыландыру жоспарына сәйкес 001015 "Жергілікті деңгейде ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасына 148 149,4 мың теңге қаржысы қаралып, жыл соңына  147 668,7 мың теңге қаржысы игерілді, яғни 99,7% пайызға орындалды. Жыл соңына барлығы 480,7 мың теңге қаржысы үнемделді. Ағымдағы шығындардан үнемделген қаржы.

Бөлінген қаржы басқарманың 31 бірлік мемлекеттік әкімшілік қызметшілер мен 13 бірлік штаттан тыс қызметкерлерге, еңбек демалыстарының ақысын, өтемақы төлемдерін өтеуге, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдарды төлеуге, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға және де басқарманың кеңсе тауарларына, басқарма аппаратының үздіксіз жұмыс үшін көрсетілетін қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеуге, аппарат қызметкерлерінің ел ішіндегі іссапар шығындарымен елден тыс жерлерге iссапарлар мен қызметтiк сапарларға жұмсалды.

Сонымен қатар, Алтын дән - 2020 мерекелік іс-шарасына – 1 002,4 мың теңге, Астана қаласында Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу қызметі бойынша - 5 786,0 мың теңге қаржылары жұмсалды.

2020 жылдың қорытындысы бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектер болған жоқ. Есепті мерзімде мекеме қаржы бақылау органдары тарапынан тексерумен қамтылған жоқ.

Бюджет
Дата публикации
02 февраля 2021