2021 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы

«Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 4 қазандағы № 408 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде
17583 нөмірімен тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған 2021 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері бекітілсін.
  2. «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б.Д. Жахановқа жүктелсін.
  4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
    он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қызылорда облысының әкімі                                                                  Г. Әбдіқалықова

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігімен

Қаулы
Дата публикации
01 февраля 2021