Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 2020 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде АНЫҚТАМА

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы  № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, 2020 жылдың 14 қаңтарында «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспары» бекітілді.

Басқарманың сенім телефондары белгіленіп, басқарма басшылығының азаматтар мен заңды тұлғаларды жеке мәселемен қабылдаудың кестесі бекітілді. Қабылдау кестесі мен сенім телефондары жергілікті баспасөз газеттерінде жарияланды.

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мақсатында  біршама жұмыстар атқарып келеді.

Басқарма қызметкерлеріне жыл басынан бері әр бағытта, атап айтқанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы, Әдеп кодексінің нормаларының сақталуы, «Құқықтық актілер туралы» Заңы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы және тағы басқа тақырыптарда тұрақты түрде құқықтық оқытулар өткізіп келеді.

Басқарма басшысының орынбасары Ғ. Баимбетовтің төрағалығымен және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорды облысы бойынша департаментінің бас маманы М.Б. Искаков және  «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Қызылорда облысы бойынша филиалының профессоры, департамент жанындағы ақпараттық-ағартушылық штабтың мүшесі А.А. Мадалиеваның қатысуымен Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар аясында және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері туралы басқарма қызметкерлеріне құқықтық оқыту жүргізілді.

Басқарманың мемлекеттік қызметшілеріне мемлекеттік қызметті көрсету барысында және қызмет барысында жоғарыда аталған заңнамаларды сақтамай бұзушылықтарға жол берген жағдайда тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделгендігі ескертіліп, құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарға жол бермеу тапсырылды.

Ағымдағы жылдың 9 қаңтарында «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқамасының 2020 жылға арналған құқықтық-техникалық оқу жоспары» бекітіліп, оқу жоспарына сәйкес басқарма басшысының орынбасарларының төрағалығымен құқықтық оқытулар жүргізіліп келеді.

2020 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша басқарманың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Талдау кезеңінде басқарма бөлімдерінің қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық болмаған.

Жыл басынан басқармамен 7549 мемлекеттің қызмет көрсетілген. Оның ішінде, электронды түрде –7549 қызмет көрсетілді, негізді бас тарту саны-717, негізсіз бас тарту тіркелмеген.

Басқармада жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық фактілері орын алған жоқ және алдағы уақытта да басқармамен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тиісті жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Дата публикации
08 января 2021