Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мал шаруашылығы

Мал шаруашылығын дамыту бөлімінің атқаратын жұмыстары

-   Жылдық жұмыс жоспарын әзірлеп, орындалуын қамтамасыз ету;

- Берілген тапсырмалардың, қаулылар, өкімдер, бұйрықтар, хаттардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді;

- Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін «Сыбаға», «Алтын асық» және «Құлан» бағдарламалары бойынша орталық атқарушы органмен бектілген жоспарлардың орындайды және қорытындылайды;

- Жоғары сыныпты асыл тұқымды малды сатып алуды, ұстауды және кең ауқымда өз төлі есебінен өсіру үшін мал басын молықтыратын төл өсіруді ұйымдастырады;

- Мамандандырылған мал шаруашылығы қожалықтарының өсуі үшін жағдай жасау бойынша іс-шаралар әзірлейді;

- Мал шаруашылығы саласы бойынша ғылымның соңғы жетістіктерін енгізуге басқарма басшысына  ұсыныс беріп отырады;

-  Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

-  Асыл тұқымды мал басының түлік түріне байланысты мемлекеттік тіркелімді жүргізіп, белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігіне тапсыруды үйлестіреді;

- Мал тұқымдары жөніндегі республикалық палаталардың және мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын ескере отырып, көрсетілген мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегінде асыл тұқымдық өнімге (материалға) арналған субсидияларды бөледі;

- Бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердің есебін жүргізеді;

- Республикалық және облыстық бюджеттерден мал шаруашылығын дамытуға қаралған қаржының шегінде субсидиялау жұмыстарын жүргізеді;

- Мал шаруашылығы өнімдерін өңдейтін шағын цехтармен кәсіпорындардың тұрақты жұмыс жасауы үшін оның шикізат көзімен байланыстыру мәселерін үйлестіреді;

- Облысқа сырттан сатып әкелінетін асыл тұқымды малдардың зооветеринарлық ережелерге сай болуына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясының мемлекеттік бас ветеринарлық инспекторымен бірлесе отырып жұмыс жүргізуін үйлестіреді;

- Облыста мал тұқымын асылдандыру жұмыстарын үйлестіру және практикалық көмек көрсетеді;

- Мал шаруашылығы саласына жаңа технологияларды енгізу және дамытудың проблемалары, міндеттерін, шешу жолдары туралы өткізілген Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның ұсынымдарын жүзеге асыруды үйлестіру және БАҚ-ы арқылы кеңінен насихаттап отырады;

-  Мал шаруашылығы өнімдерінің өңдеу өндірісінің дамуын ұйымдастырады;

- Мал шаруашылығы саласындағы өңдеу кәсіпорындарының мемлекеттік қолдау жөніндегі республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламаларға қатысуын қамтамасыз етеді және өнімдерін өңдеу саласында озық және бәсекеге қабілетті  технологияларды енгізуді ұйымдастырады.

- Жобалық басқару аясында АӨК дамытудың мақсатты индикаторлары мен егжей-тегжейлі жоспарға енгізілген жобалардың орындалуы бойынша тиісті ақпараттарды уақытылы әрі сапалы ұсынуды қамтамасыз етеді.

- Мал өнімдерін өңдеу салаларындағы маусымдық атқарылатын жұмыстарды жүргізуді үйлестіреді, аудандар бойынша мал басына және өндірілген мал өнімдеріне талдау жасайды;

- Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтінімдер бойынша ҚР заңнамасына сәйкес уақытылы және сапалы жауап беруді қамтамасыз етеді;

- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;

Документы
Баспасөз-хабарлама
21 августа 2026
«Қызылорда облысы бойынша 2026 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалатын шығындардың құнын арзандатуға субсидия нормативін, сондай-ақ өлшемшарттарын, субсидия алуға өтінім нысанын және өтінім беру мерзімін бекіту туралы» қаулы жобасының баспасөз хабарламасы
Қаулы
22 декабря 2025
Мал шаруашылығын дамыту бөлімі
Қызылорда облысы бойынша 2025 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалатын шығындардың құнын арзандатуға субсидия нормативін, сондай-ақ өлшемшарттарын, өтінім нысанын және өтінім беру мерзімін бекіту туралы
Тұжырымдама
13 октября 2025
Экономикалық талдау-қаржы және құқықтық жұмыстар бөлімі
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Новости
Полезные материалы
Қызылорда облысында мал шаруашылығын дамыту 1 қыркүйек
Қызылорда облысында мал шаруашылығын дамыту 1 маусым
Қызылорда облысында мал шаруашылығын дамыту 1 наурыз
Медиагалерея
1
Ашық бюджеттердің интерактивті картасы
1
"Ашық бюджеттердің интерактивті картасы"
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы
Смаж жүйесі арқылы субсидиялауға өтінім тапсыру барысында электронды шот-фактураны бұғаттан қалай шығаруға болады?

Субсидиялауға өтінім тапсырған сәтте тауар өндірушінің электронды шот-фактурасында қате кеткен жағдайда субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде (СМАЖ) бұғатталып қалады. Бұғаттан шығару кезінде аталған электронды шот-фактурамен субсидия төленгені немесе төленбегені анықталып, төленбеген жағдайда бұғаттан шығарылады.

Нәтижесінде тауарөндіруші электронды шот-фактураны жөндеп қайтадан өтінім тапсыра алады.

Өңірімізде мал жайылымы күрделі мәселенің бірі. Осыған байланысты азаматтар мал жайылымдығы үшін жер учаскесін қалай рәсімдейді?

ҚР жер заңнамаларымен ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскелерін табыстауға бөлек бап қаралған және бұл мақсатта учаскенің тек конкурстық тәртіпте берілетіні белгіленген (ҚР Жер кодексінің 43-1 бабы).

Жер учаскесін алуға мүдделі тұлға (азамат немесе заңды тұлға) учаске орналасқан жердің әкімдігіне өтініш білдіре алады.

Әкімдіктің салалық құрылымдық бөлімшесі – жер қатынастары бөлімі азаматтардың өтініштерін ескере отырып конкурсқа шығарылатын учаскелердің тізімін қалыптастырады.

Учаскелер ауыл әкімі, қоғамдық кеңес және ауыл шаруашылығы кешені мекемелерімен келісіледі.

Келісілген учаскеге жерге орналастыру жобасы әзірленіп, дайын учаске конкурсқа шығарылады. Конкурс туралы хабарламаларды аудан әкімдігінің интернет сайтынан қарауға болады.

Конкурсты өткізу Қағидасы ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығымен бекітілген.

Мал шаруашылығын дамыту бағытында қандай жеңілдетілген несиелендіру бағдарламалары бар?

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмасына сәйкес, ҚР Үкіметімен Мал шаруашылығын дамыту жөніндегі 2026–2030 жылдарға арналған кешенді жоспар бекітілді. Кешенді жоспар аясында мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру мақсатында асыл тұқымды мал басын сатып алуға жылдық 6%-бен "Игілік", "Береке" сонымен қатар, "Жайлау" 300 бас ірі қараға және 1000 бас ұсақ малға арналған жайылымдық инфраструктурамен қамтамасыз етілген ферма құру бағытында несиелік бағдарламалары іске қосылуда.

Социальные медиа

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы