
Облыс әкімдігінің жер қойнауын пайдалану мақсаттары, магистральдық құбыржолдарды, мұнай және газ өңдеу объектiлерiн, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салу (реконструкциялау) үшін, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобалары, инвестициялық басым жобаларды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес іске асыру, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерiн беру жөнiндегi, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылған кезде және оларды игеру үшін, магистральдық құбыржолдарды салу (реконструкциялау), жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерiн мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiндегi ұсыныстары және шешiмдерi жобаларын дайындау. Облыс әкімдігінің мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжірибе шаруашылықтарына, мемлекеттік тұқым өсіру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына, аумақтық сулар алып жатқан жерлерге жасанды ғимараттар салу үшін жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдері жобаларын дайындау.Жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру, жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын және жер-кадастрлық жоспарды мерзімінде бекіту. Құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің мерзімінде орындалуын бақылау және дербес жауаптылықта болады. Жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын мерзімінде жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Жер учаскесін алуға мүдделі тұлғалардан келіп түскен өтініштер бойынша алдын-ала таңдау актілерінің сапалы, әрі мерзімінде дайындалуын бақылау және тексеріп отыру. Облыстық мәслихатпен басқарма жанынан құрылған комиссияның отырыстары мен құжаттарын әзірлеу, түпкілікті қабылданатын тиісті хаттамалық шешімдерінің (қорытындыларының) жобаларын дайындау және басқарма басшылығының қарауына ұсыну. Бөлімге жүктелген мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сапалы, уақытылы, заңнама талаптары шеңберінде көрсету және оларды жетілдіру бойынша жұмыстарды үйлестіру. Басқарманың өзі әкімшілік жасайтын түсімдердің толықтығы мен уақытылығын қамтамасыз ету және олардың түсуіне, түсімдердің артық (қате) төленген сомасын қайтаруға немесе олардың бюджетке берешектерді өтеу шотына есепке жатқызылуына тұрақты мониторингті жүзеге асыру.
Қала және аудан әкімдіктері, жер қатынастары бөлімдері қызметінде жер заңнамасы талаптарының сақталуының жай-күйіне, мемлекеттік көрсетілетін қызметтеріне талдау жасау, әдістемелік көмек көрсету. Атқарылған жұмыстарды облыс әкімінің веб-порталына жариялауды қамтамасыз ету. Әлеуметтік желідегі, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға, посттарға мониторинг жүргізіп, басқарма басшысына оларға әрекет ету шараларын қолдану бойынша ұсыныс беру. Ресей Федерациясына жалға берілген «Байқоңыр» кешенінің жер қатынастары мәселелері бойынша жұмыстар жүргізу және ұсыныстар дайындау.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің талаптарына сәйкес Қазақстан азаматы тегін 10 соттық жер алуға құқылы. Ол үшін өзі қызығушылық танытқан елді мекенге 10 соттық жер алуға кезекке тұруы керек.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің талаптарына сәйкес жер учаскелері тұрғын үй салуға алаңдардың дайын болуына және инфрақұрылыммен қамтылғаннан кейін кезектілікпен беріледі.
Бау-бақша және бағбандық үшін жер алуға қызығушылық танытқан елді мекен әкімдігіне өтінішпен жүгінесіз. Қазақстан Республикасы Жер заңнамасы талаптарына сәйкес өтініш негізінде жер учаскесін табыстау бойынша әкімдікпен тиісті шаралар атқарылатын болады.