
Арал ауданының Жақсықылыш кенті әкімінің сайлауы 2022 жылғы 16 қазанда сайлауы өтті деп танылды.
Сексеуіл сайлау округі бойынша тізімге енгізілген сайлаушылар саны 7099 адамды құрап, оның 5594-і дауыс беруге қатысты. Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер жоқ, дауыс беруге арналған жайдан тыс жерде дауыс бергендер саны – 0, Ұсынылған 3 кандидаттың 3-і сайлау бюллетеньдерге енгізілді. Сексеуіл сайлау округі бойынша 5594 сайлаушының кандидат Ә.Сейтовке – 455, кандидат Р.Бисембаевқа – 1138, кандидат С.Төрешовке – 3906 сайлаушы дауыс берген. Дауыс беру қорытындысымен Сексеуіл кентінің әкімі болып Төрешов Сәкен Құлмағамбетұлы сайланды, 1971 ж.т., Арал ауданы, Сексеуіл кентінің әкімі, Арал ауданының Сексеуіл кентінде тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі, ұлты – қазақ.