Лого

Меню

Страницы

Статья

Қызметіне мемлекеттік орган қатысатын халықаралық ұйымдардың тізбесі

  1. Қызметіне мемлекеттік орган қатысатын халықаралық ұйымдардың тізбесі

    Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын ел Президенті айқындайды және оның қызметін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі атқарады.

   Қазақстан халықаралық саяси алаңның маңызды мүшесінің бірі болып табылады, бұл оның халықаралық қатынастардың негізгі қатысушылары Еуропа мен Азияның шекарасында, , Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы стратегиялық тиімді географиялық орналасуымен негізделеді.

Бүгінде Қазақстан көптеген халықаралық ұйымдардың белсенді мүшесі болып табылады. Олардың ішінде: БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ИЫҰ, ҰҚШҰ, ТМД және т.б. бар.

  1. Жасалған (қол қойылған) халықаралық шарттар мен келісімдердің тізімі;

    Бүгінгі таңда халықаралық ынтымақтастық пен сыртқы байланыстарды дамыту мақсатында Қызылорда облысының әкімдігі бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойды.

    Осылайша, 2021 жылғы шілдеде Қызылорда қаласы мен Францияның Ножан-сюр-Марн қаласы арасында бауырластық қатынастар орнату туралы келісімге қол қойылды.

   Аталған іс-шараға Қызылорда және Ножан-сюр-Марн қалаларының өңір басшылары, Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшісі, Франциядағы қазақ диаспорасының өкілдері, сондай-ақ М. Шоқай атындағы франция-қазақ достығы қауымдастығының президенті қатысты.

   2021 жылғы 17-18 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің Корея Республикасына мемлекеттік сапары барысында мемлекет басшыларының қатысуымен бірқатар екіжақты құжаттарға, оның ішінде Корея Республикасының Ардагерлер мен патриоттар министрлігі мен Қызылорда облысының әкімдігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

   2021 жылғы желтоқсанда Астана қаласында облыс әкімі Навои облысының (Өзбекстан Республикасы) хокимімен кездесті. Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастар мен достық байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды, оның қорытындысы бойынша тараптар арасындағы өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жөніндегі жол картасына қол қойды.

  1. Шет мемлекет, халықаралық немесе шетелдік ұйым және (немесе) қор ұсынған және пайдаланылған гранттар туралы мәліметтер;

    Қызылорда облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының деректері бойынша Арал өңірінің проблемаларын жүйелі шешу мақсатында Дүниежүзілік банк, Германияның халықаралық ынтымақтастық жөніндегі қоғамы, Халықаралық даму жөніндегі агенттік  және "Yekom Consulting Engineers" халықаралық консультациялық компаниясы сияқты халықаралық ұйымдармен тиісті жұмыс жүргізілуде.

    Атап айтқанда, "Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау" (САРАТС-2) жобасының бірінші кезеңіне енгізілген 6 компоненттің 4-і Дүниежүзілік Банктің САРАТС-2 жобасы бойынша өткізген талқылаулары мен консультациялары негізінде республикалық бюджеттен іске асырылатындығына байланысты  Сырдария жаңа жобаны ұсынды, яғни Арал теңізі бассейнінде кешенді игеру жөніндегі САРАТС-2 жобасының атауын "Арал теңізінің солтүстік бөлігін аймақтық дамыту және қалпына келтіру" жобасына өзгертуді және оны Арал өңірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған қосымша компоненттермен толықтыруды ұсынды.

    Осылайша, САРАТС  жобасының екінші кезеңі жаңа жоба аясында жүзеге асырылады және оны Дүниежүзілік банк қаржыландырады. Жобаның болжамды құны 190 млн. Ақш доллар. Бүгінгі таңда Дүниежүзілік банк 1,5 млн Ақш доллар грант бөлді.

    Жоба 3 компоненттен тұрады және мынадай негізгі нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған: Солтүстік Арал теңізі су қоймаларының көлемі мен сапасын 40 км3-ке дейін ұлғайту; балық өнімдерін өндіру мен қайта өңдеуді қолдау арқылы балық шаруашылығын дамыту; Солтүстік Арал теңізінің су ресурстарын экологиялық мониторингтеуді және басқаруды жетілдіру; қорғаныш орман жолақтарын құру арқылы Арал теңізінің түбінен тұз шөгінділерінің шығарылуын азайту; экологиялық туризмді дамыту. Бұдан басқа, фитомелиоративтік жұмыстарды жүргізу үшін Дүниежүзілік банк, Халықаралық даму агенттігі (USAID), Неміс ынтымақтастық қоғамы (GIZ) сияқты халықаралық ұйымдардың қаражатын тарту бойынша шаралар қабылдануда.

    Мысалы, 2022-2025 жылдары Дүниежүзілік Банктің өтеусіз гранты есебінен іске асырылатын "Қазақстанның ландшафтарын қалпына келтіру" жобасы шеңберінде Сексеуіл дайындау үшін 33,5 га тұрақты орман питонимдерін құру және қажетті жабдықтарды сатып алу, Арал теңізінің 500 мың га жерін картографиялау, 100 мың га жерді жобалық барлау және Қызылорда қаласының аймағындағы 3000 га жерді жасыл аймаққа айналдыру көзделген. Сондай-ақ, Халықаралық даму агенттігі (USAID) халықаралық аралдарды құтқару қоры арқылы Арал теңізінің құрлығында су станциясын орнатады және 500 га жерге жусан отырғызу жобасы іске асырылады. Сонымен қатар, Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі неміс қауымдастығы (GIZ) 50 мың гектар жердегі топырақ зерттеу және жобалау жұмыстарын жүргізді.

    2020 жылдың маусым айында Көкарал бөгетінде балық аулау жолдарының болмауына байланысты балықтың қауіпті жағдайға түсуіне жол бермеу үшін Көкарал бөгетіне балық қорғау құрылғылары орнатылды. Құны 163 млн.теңгелік жобаны Неміс халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ) қаржыландырды. Құрылғы су тосқауылына жақындаған балықты қорқыту үшін гидроакустикалық құрылғыларды қолдануға негізделген.

    Әлеуметтік жобаларға қайтарымсыз көмек көрсету бойынша Жапонияның үкіметтік бағдарламасы болып табылатын "Корни травы" бағдарламасы шеңберінде бірлескен жұмыс жүргізілуде. Осы жоба аясында қауіпсіз және жайлы оқу ортасын қамтамасыз ету мақсатында білім беру және балаларды әлеуметтік қорғау нысандарын қайта құру жұмыстары жүргізілді.

   Сонымен қатар, Арал теңізі аймағында көгалдандыру және экологиялық білім беру жобасы жүзеге асырылуда.

  1. Мемлекеттік органның халықаралық шарттар мен халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын іске асыруға қатысуы туралы мәліметтер;

«Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының 2 кезеңін (САРАТС-2) іске асыру туралы анықтама

2019 жылғы 14 мамырдағы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында ҚР Үкіметке белгіленген тәртіппен «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» (бұдан әрі – САРАТС-2) жобасының екінші кезеңінің бөліктерін іске асыру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

Дүниежүзілік Банктің қарыз қаражатын тарту рәсімдері созылуына байланысты, Қазақстан Республикасы Үкіметімен САРАТС-2 жобасының I кезеңіне енгізілген  компоненттің 4-уін республикалық бюджет есебінен жүзеге асыруды бастау жөнінде шешім қабылданды (Дүниежүзілік Банктің қарызынсыз).

САРАТС-2 жобасының бірінші кезеңіне енгізілген 6 компоненттің 4-і республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылатындығына байланысты, Дүниежүзілік Банк САРАТС-2 жобасы бойынша өткізілген талқылаулар мен кеңестердің негізінде Сырдария өзенінің бассейніндегі кешенді дамыту бойынша жаңа тәсіл ұсынып, САРАТС-2 жобасының атауын «Өңірлік дамыту және Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру» (әрі қарай – Жоба) жобасына өзгертуді және Арал өңірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған компоненттерін қосымша қосуды ұсынып отыр.

САРАТС жобасының екінші фазасы жаңа Жоба аясында іске асырылатын болады. Жоба Дүниежізілік Банкпен қаржыландырылатын болады. Жобаның болжамды құны 190 млн. АҚШ доллары шамасында.

Бүгінгі күнге, Дүниежүзілік банк Жобаның техника-экономикалық негіздемесін әзірлеуге 1,5 млн. АҚШ доллар грант бөліп отыр.

Жоба 3 компоненттен тұрады және келесі негізгі нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған:

- Солтүстік Арал теңізінде судың жинақталу көлемі мен сапасын 40 км³ дейін жақсарту;

- балық өнімдерін өндіру мен қайта өңдеуді қолдау жолымен балық шаруашылығын дамыту;

- Солтүстік Арал теңізінің экологиялық мониторингі мен су ресурстарын басқаруды жақсарту;

- қорғаныс орман жолақтарын орнату арқылы Арал теңізінің түбінен тұзды шөгінділердің шығарылуын төмендету;

- экологиялық туризмді дамыту. 

2021 жылдың 15 шілдесінде Халықаралық консультанттық  «Yekom Consulting Engineers» компаниясымен (әрі қарай – Консультант) жобаның ТЭН-ін әзірлеуді бастау туралы келісім шартқа қол қойылды.

         Қазіргі уақытта Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында Консультант Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп  Жобаның ТЭН-ін әзірлеу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

         Бұл ретте,  жобаның ТЭН-ін әзірлеу барысында Солтүстік Арал теңізінің аумағын ұлғайтудың бірнеше нұсқалары бойынша түпкілікті шешім қабылданатын болады.

  1. Мемлекеттік органдар қызметінің мәселелері бойынша халықаралық ұйымдардың қорытындылары, сараптамалық бағалаулары, ұсынымдары және басқа да талдамалық материалдары;

 

ақпарат жоқ

 

  1. Халықаралық ынтымақтастық саласындағы өзге де мәліметтер.

 

    Корея  Республикасының ардагерлер мен патриоттар министрлігі мен Қызылорда облысының әкімдігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум аясында Қызылорда қаласында генерал Хон Бом До мемориалдық кешенін қайта құру жобасын іске асыру жоспарлануда. Осы жобаны таныстыру және талқылау мақсатында 2022 жылғы 29-30 маусымда Корея Республикасының Бас консулы Пак Нэчонның және Корея Республикасының патриоттар және ардагерлер істері министрлігі өкілдерінің Қызылорда облысына сапары ұйымдастырылды.

Дата публикации
30 сентября 2022
Дата обновления
08 января 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
Әдеп жөніндегі уәкіл
22 октября 2026
Сайлау комиссияларының құрамдары
14 октября 2026

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы