
2022 жылғы 26 қыркүйекте Арал аудандық сайлау комиссиясына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес, өзін-өзі ұсыну тәртібімен Сексеуіл кенті әкіміне кандидат болып түсу туралы құжаттарды 3 адам тапсырды:
Арал аудандық сайлау комиссиясы ауылдық округтер әкімдерін сайлау бойынша кандидаттардың оларға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», ҚР Конституциялық заңында, Мемлекеттік қызмет туралы Заңында белгіленген талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұраулар салу негізінде анықтайды.
2022 жылғы 16 қазанға тағайындалған Сексеуіл кенті әкімінің сайлауы бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну а.ж. 17 қыркүйегінен 30 қыркүйекке дейін (сағат: 18-00 ге дейін) жүзеге асырылады.