Лого

Меню

Страницы

Статья

2022 жылғы 18 қыркүйектегі Арал ауданындағы ауылдық әкімдерін сайлауының қорытындысы

Арал ауданының Жақсықылыш кенті мен Ақирек ауылдық округі әкімдерінің 2022 жылғы 18 қыркүйектегі сайлауы өтті деп танылды.

Құрылған сайлау округтері бойынша тізімге енгізілген сайлаушылар саны 3411 адамды құрап, оның 2539-ы дауыс беруге қатысты. Оның ішінде Жақсықылыш сайлау округінде 2925 сайлаушының 2192-і қатысты, Ақирек сайлау округінде 486 сайлаушының 347-і қатысты. Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер жоқ, дауыс беруге арналған жайдан тыс жерде дауыс бергендер саны – 54, оның ішінде Жақсықылыш сайлау округінде 35, Ақирек сайлау округінде 19.

Ұсынылған 9 кандидаттың 6-ы сайлау бюллетеньдерге енгізілді, оның ішінде Жақсықылыш сайлау округінде 4, Ақирек сайлау округінде 2.

Жақсықылыш сайлау округі бойынша 2925 сайлаушының кандидат А. Ж. Утегеновке – 20, кандидат К. М. Исмагуловқа – 526, кандидат У. К. Санакуловқа – 16, кандидат П. С. Берсугуровқа – 1562 сайлаушы дауыс берген. Дауыс беру қорытындысымен Жақсықылыш кентінің әкімі болып Пазылбек Скендрович Берсугуров сайланды, 1964 ж.т., Арал ауданының Жақсықылыш кентінің әкімі, Арал ауданының Жақсықылыш кентінде тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі, ұлты – қазақ.

Ақирек сайлау округі бойынша 486 сайлаушының кандидат А. Ж. Утегеновке – 20-ы, кандидат Р. Б. Тапаловқа – 9-ы дауыс берген. «Барлығына қарсы» дауыс берген сайлаушы саны – 1, жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 3. Дауыс беру қорытындысымен Ақирек ауылдық округінің әкімі болып Қайрат Қайроллұлы Аманжолов, 1974 ж.т., Арал ауданының Ақирек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Арал ауданының Ақирек ауылдық округі Ақбай ауылында тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі, ұлты – қазақ.

Жақсықылыш кентінің және Ақирек ауылдық округі әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хабарламалар Арал аудандық сайлау комиссиясының интернет-парағында орналастырылды және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

Дата публикации
19 сентября 2022
Дата обновления
19 сентября 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

22 октября 2026
Әдеп жөніндегі уәкіл
22 октября 2026
Сайлау комиссияларының құрамдары
14 октября 2026

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы