
2022 жылғы 31 тамызда Арал аудандық сайлау комиссиясына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес, өзін-өзі ұсыну тәртібімен Ақирек ауылдық округі және Жақсықылыш кенті әкімдеріне кандидат болып түсу туралы құжаттарды 2 адам тапсырды:
Ақирек ауылдық округі әкімдігіне:
1. Тапалов Рахат Берекетович;
Жақсықылыш кенті әкімдігіне:
2. Берсугуров Пазылбек Скендрович;
Арал аудандық сайлау комиссиясы ауылдық округтер әкімдерін сайлау бойынша кандидаттардың оларға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», ҚР Конституциялық заңында, Мемлекеттік қызмет туралы Заңында белгіленген талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұраулар салу негізінде анықтайды.
2022 жылғы 18 қыркүйекке тағайындалған Ақирек ауылдық округі және Жақсықылыш кенті әкімдерінің сайлауы бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну а.ж. 19 тамызынан 2 қыркүйек дейін (сағат: 18-00 ге дейін) жүзеге асырылады.
Арал аудандық сайлау комиссиясы