
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6 тармақшасына сәйкес және 21-бабының 4-тармағының, 22-бабының негіздерінде Арал аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жақсықылыш кенті және Ақирек ауылдық округі шекараларында Жақсықылыш кенті мен Ақирек ауылдық округінің әкімдерін сайлау жөнінде сайлау округтері құрылсын.
2. Құрылған сайлау округтерінің тізімі, олардың шекаралары мен аудандық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіліп, Арал аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралында жариялансын.
Арал аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы Н. Зағатов
Арал аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы Л. Сатекеева
АСК- 152
19 тамыз 2022 жыл