
Арал ауданы бойынша 2022 жылғы 5 маусымда жергілікті уақытпен сағат 07-00-де ауданның 55 референдум учаскесі дауыс беруге кірісті.
Дауыс беруге құқығы бар азаматтардың учаскелерге келуі туралы ақпарат Арал аудандық референдум комиссиясының интернет-парақшаларында жергілікті уақыт бойынша сағат 09-00, 11-00, 13-00, 15-00, 17-00, 19-00-де және дауыс беруге құқығы бар азаматтардың келуінің алдын-ала қорытындылары туралы ақпарат 20-00-де ұсынылатын болады.