
Үстіміздегі жылдың 18 мамыр күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы филиалы мен Қызылорда облыстық референдум комиссиясының ұйымдастыруымен Арал ауданындағы аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының төрағалары, төраға орынбасарлары мен хатшыларының қатысуымен оқыту-семинары өткізілді.Семинарға аудандық референдум комиссияларының мүшелері қатысты.
Семинарды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы филиалының аға әдіскері Тұрабаева Ақмарал Айдарқызы ашты. Семинарды облыстық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Накипов Болат Нұржігітұлы 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізуге бағытталған Заңнамаларын нормаларын түсіндіру тақырыбына баяндама жасады және референдум комиссиялары мүшелері тарапына қойылған сұрақтарға жауап берді. Семинар барысында референдум комиссияларының мүшелері өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Сондай-ақ облыстық референдум комиссиясының төрағасы - Баймырзаев Ғалым Қонақбайұлы «Республикалық референдум өткізудің кейбір ерекшеліктері туралы» ата келе, өткен сайлауларда орын алып жүрген кейбір жайттарды болдырмау шараларына тоқталды.
Оқыту семинары барысында «Республикалық референдум өткізудің дауыс беру күні» тақырыбы бойынша Қорқыт Ата атындығы университетінің оқытушысы, психология-ғылымдарының магистрі - Ахметова Аян Сеилханқызы учаскелік референдум комиссияларының мүшелерімен іскерлік ойынын өткізді.