
1. 27 наурыз күні Қамыстыбас ауылдық округі әкімін сайлауда дауыс беру жергілікті уақытпен сағат 07:00 де басталады.
Қамыстыбас ауылдық округі әкіміне барлығы 3 кандидат ұсынылды.
Кандидаттардың барлығы өзін-өзі ұсынған.
Барлық кандидаттың мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігі анықталды.
Осылайша, сайлауға қатысатын кандидат саны -3.
Дауыс беру жергілікті уақытпен сағат 20.00-ге дейін жалғасады.
Қамыстыбас ауылдық округі әкімінің сайлауына №4 сайлау учаскесі, осы учаскелік сайлау комиссиясының 7 мүшесі және аумақтық сайлау комиссиясының 7 мүшесі тартылған.
Тізімге енгізілген сайлаушылар саны 1196 адамды құрайды.
Тіркелген кандидаттардың сапалық құрамы
Тіркелген 3 кандидаттың 1– мемлекеттік қызметкер, 2 – бюджеттік салада қызмет атқарады.
Кандидаттардың үшеуі де ер адамдар.
Кандидаттардың ешқайсының ғылыми дәрежесі жоқ, «Болашақ» бағдарламасының түлегі болып табылмайды.
Мамандықтар бөлінісі бойынша: 1-і (33,33%) – қаржыгер, 1-і (33,33%) – көлік саласының маманы, 1-і (33,33%) – заңгер.
Кандидаттардың орта жасы 36, ең жасы – 34 жаста, егдесі – 55 жаста.
Кандидаттардың барлығының ұлты қазақ.
3 кандидаттың 1-і Арал қаласында 2-і Қамыстыбас ауылдық округінде тұрады.
2. Сайлау бюллетеньдері Қамыстыбас ауылдық округінде сайлаушылардың жалпы санының 1 пайызы резервімен әзірленіп, сайлау учаскесіне жеткізілді. Сайлау бюллетеньдері орналасқан үй-жайлар хатталып, полиция органдарының күзетіне тапсырылды.
3. Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайлар Ортсайлаукомның бекіткен Нұсқаулығына сәйкес жабдықталған.
Сайлау учаскесінде кандидаттар туралы ақпараттық плакаттар, комиссия құрамдары, жоғары тұрған комиссия, сот, прокуратура органдарының телефондары туралы қажетті ақпараттары, УСК қаулыларымен бекітілген дауыс беруге арналған үй-жайдағы тәртіп ережелері бар стендтер ілінген.
Дауыс беру кезінде ерекше қажеттілігі бар сайлаушылар үшін қажетті жағдайлар жасалған. Мүмкіндігі шектеулі сайлаушыларға арналған орындар, кабиналар әзірленген. Көзі нашар көретін сайлаушылар үшін Брайль шрифті қолданылып, бюллетень толтыруға қажетті трафарет және тиісті аудиороликтер мен лупа дайындалған.
КОВИД-19 инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында сайлау комиссиялары бірретік қорғаныс бетперде, қолғап, қалқанша, халаттың қажетті санымен және антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілген. Сайлау комиссиясы сайлауды өткізуге дайын.
Қамыстыбас ауылдық округі әкімін сайлауда дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдеріне Т.А.Ә. енгізілген кандидаттардың тізімі:
Исаев Алдаберген Төлеуұлы
Орынбасаров Нұрбек Серекеұлы
Пірманов Нұржан Ералыұлы