
2022 жылғы 15 наурызда Облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Б.Накипов , комиссия мүшесі Қ.Наурызбаев Арал ауданына жұмыс сапары аясында сайлау комиссияларының мүшелерімен, саяси партиялардың, БАҚ өкілдерімен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен сайлау процесі мәселелері бойынша кездесуі болды.
Кездесуде сайлауды ұйымдастырушылар мен жергілікті жұртшылық өкілдерінің сайлау жүйесін және оның заңнамасын жетілдіру, сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезінде оны құқықтық тұрғыдан қолдану жөніндегі кешенді мәселелері мен ұсыныстары талқыланды.
Кездесу барысында қатысушылар ұтымды ұсыныс, пікірлер айтып, келешек сайлау науқанына белсенділік танытып, сайлау комиссия мүшелерін кәсіби тұрғыда даярлау , сайлау процесінің барлық субъектілеріне базалық білім беру, сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыру жөніндегі тетіктерді жаңғырту қажеттілігін ортаға салды.
Облыстық сайлау комиссиясының мүшелері жұмыс сапары аясында Қамыстыбас ауылдық окрігінде №4 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерімен кездесіп, 27 наурызда өтетін ауылдық округі әкімінің сайлауның дайындық барысымен танысты.