
Арал ауданы бойынша Дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шаралар учаскелік сайлау комиссияларының төрағаларының ұйымдастыруымен өз жалғасын табуда. Кәсіби мерекемізді өз деңгейінде атап өтуге ауылдық округтегі учаскелерде өз үлестерін қосты. Атап айтқанда №1, №7 , №12, №13, №17, №18, №20, №24, №25, №26, №37, №40 сайлау учаскелер. Сондай-ақ Арал қаласында орналсқан №45, №47, №49, №50, №53, №54, №55 сайлау учаскелері мектеп оқушыларымен қатар мекеме қызметкерлерімен жиын өткізіп, сайлаудың маңыздылықтарын, сайлаушының құқықтарын түсіндіру жұмыстарын жасады.