Лого

Меню

Страницы

Статья

Арал аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

Арал ауданында Аудандық Мәдениет үйінде «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдары, кенттері, ауылдық округтері әкімдерін сайлау: сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру туралы» семинары кеңес өтті.

Семинар жұмысына облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Б.Н.Накипов, облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Қ.Наурызбаев, аудандық сайлау комиссиясы мүшелері және қалада орналасқан 41-55 учаскелік  сайлау комиссияларының  төрағалары мен хатшылары қатысты.

Семинарды аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Н.Зағатов кіріспе сөз жасап ашты.

Семинар барысында облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Б.Накипов «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің негізгі аспектілері», облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Қ.Наурызбаев «Арал қаласы әкімін сайлау барысында сайлау комиссияларының қызметін ақпараттық және құжаттамалық қамтамасыз ету туралы» баяндамалар жасады.

Соңынан семинарға қатысқан комиссия төрағалары  мен хатшылары сайлауды ұйымдастыру және өткізу жөнінде тест тапсырды.

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
29 октября 2021
Дата обновления
29 октября 2021
Тип

Сейчас читают

22 октября 2026
Әдеп жөніндегі уәкіл
22 октября 2026
Сайлау комиссияларының құрамдары
14 октября 2026

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы