
2021 жылғы 28 қазандағы жағдай бойынша Арал аудандық сайлау комиссиясына 1 адамның Арал қаласы әкіміне кандидат болып түсу туралы құжаттары тапсырылды:
Арал аудандық сайлау комиссиясы Арал қаласы әкімін сайлау бойынша кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», ҚР Конституциялық заңында, Мемлекеттік қызмет туралы Заңында белгіленген талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұраулар салу негізінде анықтайды.
2021 жылғы 14 қарашаға тағайындалған Арал қаласы әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес кандидаттарды ұсыну а.ж. 30 қазанына дейін (сағат: 18-00 ге дейін) жүзеге асырылады.