Лого

Меню

Страницы

Статья

2020 жылы Арал ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдарда көрсетілген мемлекеттік қызметтердің есебі

Қазіргі таңда, аудан бойынша мемлекеттік органдар арқылы 117 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Оның ішінде, аудан әкімдігіне қарасты 7 дербес бөлім арқылы барлығы 27257 (2019 ж. 12 айында – 58 834) қызмет көрсетілді. Биыл 2 есе аз, себебі көп қызметтер тізімнен алынып тасталды.

Оның ішінде: мемлекеттік орган арқылы 9 348 (2019 ж 12 айында – 35 689) қызмет, мемлекеттік корпорация арқылы 3 423 (2019 ж 12 айында – 7 846) қызмет, электронды үкімет порталы арқылы 14 486 (2019 ж 12 айында – 15 299) қызмет көрсетілді.

Өткен жылмен салыстырғанда биыл мемлекеттік орган арқылы көрсетілген қызметтердің үлесі 61 пайыздан 35 пайызға, мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызмет 12,8 пайыздан 12 пайызға азайып отыр. Ал электронды үкімет порталы арқылы көрсетілген қызмет керісінше 26 пайыздан 53 пайызға ұлғайған.

«Сервистік әкімдік» Open space режимі жұмыстары бойынша  Арал ауданы аудандар бөлінісімен 1 орынға шықты.

Дегенмен, аталған жұмыстар бойынша әлі де кемшіліктер орын алуда.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті 2020 жылдың 12 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша жүргізілген бақылау шаралары нәтижесінде бұзушылықтарға талдау жүргізді.

Жергілікті атқарушы органдар мен орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінде барлығы 47 бақылау шаралары (профилактикалық бақылау - 14, жоспардан тыс тексеру - 33) жүргізіліп, нәтижесінде 222 бұзушылықтар анықталды.

Осы орайда, аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Н. Дарменкуловқа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 465-бабының 2-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық бойынша (рұқсат құжатын беруден негізсіз бас тарту) әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Сонымен қатар, 2020 жылдың 13 қазан күні «Сауда саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша Мемлекеттік корпорация (ХҚКО) арқылы Қайыңбаев Айбек Ақылжанұлы және Алимұсаев Доспай Досымұлы №002199519845, №002199521412 номерлі өтініштермен Сексеуіл кенті әкімінің аппаратына құжаттарын тапсырған.

Осы орайда, Сексеуіл кенті әкімі аппараты бекітілген стандарт талабына сәйкес бұл өтініштерді аудандық жер қатынастары бөліміне комиссияға ұсынуға жолдап және мемлекеттік қызмет алушыға 23 (жиырма үш) жұмыс күні ішінде, яғни 13 қараша күні жауап қайтару қажет болатын.

Осындай салғырттықтың салдарынан аталған мемлекеттік қызметті көрсетуде мерзім бұзушылық орын алып отыр. Мемлекеттік қызмет көрсетуде мерзім бұзушылыққа жол беріп отырған Сексеуіл кентінің әкімі С. Төрешовке сөгіс түріндегі тәртіптік шара көрілді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсетуде салғырттық танытқан Сексеуіл кенті әкімі аппаратының жетекші маманы Р. Әлиевті 2020 жылдың 22 желтоқсан күні өз өтінішіне сәйкес жұмыстан босатылды.

Сервистік әкімдік: Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ғимаратында орналасқан Арал ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бір жерден алуға мүмкіндік жасалып, үстіміздегі жылдың қыркүйек айынан бастап «Сервистік әкімдік» Open space режимінде жұмысын бастады. Арал ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-сі сервистік қызмет көрету мақсатында 2020 жылы күрделі жөндеуден өткізілді.

Жұмыспен қамту орталығында күту залы мен реттеу залы, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары және кезектілік электрондық жүйесімен жасақталған. Реттеу залында 7 маман 11 қызмет түрін көрсетеді.

Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы: Өзіне-өзі қызмет қызмет көрсету бұрыштары ауданға қарасты 2 кент, 21 ауылдық округ әкімі аппараттарында, аудандық мәдениет үйі мен аудандық орталық кітапханада, аудандық жастар ресурстық орталығында және 45 мектепте ашылып, «e-gov» электронды порталы арқылы қызметтер алуға жағдай жасалған. 2020 жылдың қазан айында барлық кент, ауылдық округ әкімдеріне өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарына смарт карталарға арналған картридер және веб-камера алуға жергілікті бюджеттен 475 мың теңге көлемінде қаржы бөлініп, 19 ауылдық округ тиісті құрылғыларды алды.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2020 жылдың соңына дейін 16 елді мекенді (Жіңішкеқұм, Аққұлақ, Жаңақұрылыс, Тоқабай, Абай, Ерімбетжаға, Құланды, Жаңақоныс, Қосаман, Ақеспе, Ақбасты, Жалаңаш, Шөмішкөл, Сазды, Сапақ, Ақбай) Kcell, Tele2 және Beeline операторлары арқылы 3G/4G сымсыз технологияларымен (мобильді интернет) және мобильді ұялы байланыс қызметімен қамтамасыз ету жоспарланған. Бүгінде 13 елді мекеніне Beeline және Kcell операторы арқылы байланыс орнатылып, мобильді интернетке қол жеткізілді. Қазіргі уақытта қалған 3 (Сапақ, Аққұлақ, Шөмішкөл) елді мекендерге операторлар тарапынан монтаждау жұмыстары жүргізілуде (әлі де техникалық ақауларына жөндеу жұмыстары жүргізіледі).

Осыған орай, Жіңішкеқұм, Аққұлақ, Жаңақұрылыс, Тоқабай, Абай, Ерімбетжаға, Құланды, Жаңақоныс, Қосаман, Ақеспе, Ақбасты, Жалаңаш, Шөмішкөл, Сазды, Сапақ, Ақбай ауылдық округтері әкімдері  халықты «e-gov mobile» қосымшасы бойынша үдайы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отыру қажет.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған ауылдық округтер бойынша аудан әкімі аппаратын қызметкерлері мен халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарымен бірлесіп жұмыс жоспары бекітілді.

2021 жылдың наурыз айынан бастап «e-gov mobile» қосымшасы бойынша осы ауылдық округтертерде халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізетін болады.

Ескеретін жайт, мемлекеттік органдардың жұмысына цифрлық құжаттарды қолдану үшін, мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында   азаматтардан жеке куәлігін, жүргізуші куәлігін, туу туралы куәлігін, неке қию туралы куәлігін, атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлігін, некені бұзу туралы куәлігін, электрондық техникалық паспортын, ПТР тестілеу нәтижелерін, студенттік билет, білім туралы дипломды, қандас куәлігін және зейнеткер куәлігін көрсету талап етілетін өмір салалары аясында аталған құжаттардың түпнұсқасы болмаған жағдайда  «e-gov mobile» қосымшасында (бұдан әрі қосымша) цифрлық құжаттарды қолдану мүмкіндігі бар.

Дата публикации
11 июля 2021
Дата обновления
11 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
Әдеп жөніндегі уәкіл
22 октября 2026
Сайлау комиссияларының құрамдары
14 октября 2026

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы