
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5 – бабының 9 тармағына сәйкес Арал аудандық сайлау комиссиясы хабарлайды:
Аудандық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 10 шілдедегі шешімімен 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған сайлауда ауылдық округтер әкімдеріне кандидат болып тіркелді:
Аманөткел ауылдық округі бойынша
Досжанов Мейрамбек Кобланович 1988 жылы туылған, қазақ, «Қамыстыбас ауылдық округі әкімі аппараты» бас маман КММ Арал қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Бөген ауылдық округі бойынша
Кудайбергенов Болатхан Алимович – 1984 жылы туылған, қазақ «Арал қаласы әкімінің аппараты» жетекші маман Арал қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Құланды ауылдық округі бойынша
Есеналиев Нурлан Саркытбаевич – 1989 жылы туылған, қазақ, «Арал ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм» басқармасы, статист, Арал қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Каратаев Жасулан Узаирович 1987 жылы туылған, қазақ, «Арал ауданы әкімінің аппараты» бас инспектор, Арал қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған «Ауыл» партиясының мүшесі.