Лого

Меню

Страницы

Статья

Ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы

2021 жылғы 9 шілде күнгі сағат 18.00 –де кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Аудан бойынша 12 сайлау округтерінде барлығы  40 кандидат ұсынылды, олардың ішінде 13 (32,5%) – саяси партиялармен, 27 (67,5%)- өзін өзі ұсыну жолымен ұсынылды.

Саяси партиялар 12 сайлау округі бойынша кандидаттар ұсынды: «NurOtan» партиясы 10 кандидат, «Ауыл» ХДПП 1 кандидат,  «Ақ Жол»ҚДП 1 кандидат, «АDAL» СП 1 кандидат, ҚХП 0 кандидат, ЖСДП 0 кандидат.

Орташа бәсекелестік бір орынға 3,3 адам құрады.

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау және кандидаттарды  тіркеу бойынша шаралар жүргізілуде. Тіркеу 2021 жылғы 14 шілде күнгі сағат 18-00 де аяқталады.

А.ж. 9 шілдесіндегі жағдай бойынша барлық округтерде екіден артық адам ұсынылған.

Кандидаттар шығып қалған және баламалылық болмаған (сайлау округінде екіден аз кандидат) жағдайда, заңнамаға сәйкес ұсыну мерзімі бес күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.

А.ж. 10 шілдесіндегі жағдай бойынша 40 кандидат тіркелді (100%).

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ақпарат БАҚ жарияланады.

Дата публикации
10 июля 2021
Дата обновления
10 июля 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

22 октября 2026
Әдеп жөніндегі уәкіл
22 октября 2026
Сайлау комиссияларының құрамдары
14 октября 2026

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы