
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6 тармақшасына, 21-бабының 4 тармағына, 22-бабына сәйкес Арал аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Арал ауданы Аққұм ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша Аққұм ауылдық округінің шекарасында Аққұм сайлау округі құрылсын.
2. Сайлау округінің тізімі және оның шекарасы көрсетіліп Арал аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Толқын» газетінде жариялансын.
Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Т. Дәрменов
Аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Ш. Бисеналиева
1 шілде 2021 ж.
№АСК-86