Лого

Меню

Страницы

Статья

Өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған Аққұм ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 заңының 36 бабы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабын басшылыққа алып, Аққұм ауылдық округі әкімінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, аудандық сайлау комиссиясы

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Аққұм ауылдық округі әкімінің сайлауы 2021 жылғы 1 тамызға (жексенбі) тағайындалсын.
  2. Әкімдікке кандидаттарды ұсыну сайлау күніне 30 күн қалғанда, шілде айының 2-сінде басталып, 17 шілдеде сағат 18:00-де аяқталатын болып, кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталып, сайлау күніне 10 күн қалғанда 22 шілдеде аяқталатын болып белгіленсін.
  3. 2021 жылғы 1 тамызға тағайындалған Аққұм ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу іс-шараларының Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  4. Осы қаулы Арал аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Толқын» газетінде жариялансын.

 

 

Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы                              Т. Дәрменов

 

Аудандық сайлау комиссиясының хатшысы                              Ш. Бисеналиева

 

 

1 шілде 2021ж.

№АСК-87

Дата публикации
01 июля 2021
Дата обновления
01 июля 2021
Тип

Сейчас читают

22 октября 2026
Әдеп жөніндегі уәкіл
22 октября 2026
Сайлау комиссияларының құрамдары
14 октября 2026

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы