
Білім саласы бойынша 2026 жылы ІII-ТОҚСАНЫНДА атқарылған жұмыстар
2026–2027 оқу жылында білім бөліміне қарасты 48 мектепте және облыстық білім басқармасына бағынысты №2 облыстық мектеп-интернат-лицейін қоса алғанда, 1–11 сыныптарда барлығы 17 477 оқушы білім алуда.
2026–2027 оқу жылында 1-сыныпқа қабылдануы тиіс 1763 баланың барлығы 100 пайыз электронды форматта қабылданды.
Мектептерде барлығы 2493 педагог қызмет атқарады. Оның ішінде қалалық 10 мектепте – 963, ауылдық 39 мектепте – 1530 педагог жұмыс істейді. Педагогтердің 2407-сі жоғары білімді, 86-сы арнаулы орта білімді.
Педагогтердің біліктілік санаттары бойынша: педагог-шебер – 4, педагог-зерттеуші – 415, педагог-сарапшы – 795, педагог-модератор – 911, санаты жоқ – 368.
Қазіргі уақытта біліктілік санаты бар педагогтердің үлесі 85 пайызды құрайды. Соңғы үш жылда 2493 педагогтің барлығы біліктілікті арттыру курстарынан толық өтті.
Жаңадан салу жоспарланған білім беру ұйымдарының жай-күйі туралы
Арал қаласындағы №220 орта мектепке 600 орындық, №13 орта мектепке 450 орындық жаңа ғимараттар, сондай-ақ Сапақ елді мекеніндегі №69 орта мектепке 100 орындық жаңа мектеп салу мақсатында аудандық құрылыс бөлімі тарапынан жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленіп, құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттік өтінімдер берілді.
Білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік талаптарының сақталуы туралы
Білім бөліміне қарасты 48 мектеп пен 15 мемлекеттік балабақшаның барлығы ішкі және сыртқы бейнебақылау камераларымен және дабыл түймелерімен толық қамтылған.
Сонымен қатар 29 мектепте турникеттер орнатылған.
Білім саласы бойынша 2026 жылы ІI-ТОҚСАНЫНДА атқарылған жұмыстар
Үстіміздегі жылдың VI тоқсаны бойынша 20 мамырдағы есепке сәйкес, білім бөліміне қарасты 49 мектепте (№2 ОММЛИ қоса алғанда) 1–11 сыныптарда 17 491 оқушы білім алуда, сондай-ақ мектепалды даярлықта 989 тәрбиеленуші қамтылған.
ҰБТ туралы:
Биылғы оқу жылында бітіруші түлектер саны – 1092. Оның ішінде І лек ҰБТ-ға 777 оқушы қатысуға өтініш берсе, ІІ лек бойынша 774 оқушы қатыады деп жоспарлануда.
Наурыз айының қорытындысы бойынша ең жоғары балл – 139 (№62 мектеп-лицей оқушысы), ал ең төменгі балл – 33 (№63 мектеп оқушысы).
Қаңтар айындағы ҰБТ-да ең жоғары балл – 132 (№262 мектеп-гимназия), ең төменгі балл – 31 (№2 ОММЛИ).
120 балдан жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар:
№262 мектеп-гимназия – 132 балл;
№13, 262 мектептері – 127 балл;
№83, 263, 262 мектептері – 125 балл;
№20, 260 мектептері – 126 балл;
№87 – 122 балл;
№231 мектеп – 123 балл.
100 балдан жоғары нәтиже көрсеткендер саны – 109 оқушы.
Оның ішінде:
№262 мектеп-гимназия – 18 оқушы;
№220 мектеп – 11 оқушы;
№13 мектеп – 8 оқушы;
№62 мектеп – 7 оқушы;
№14, 83 мектептері – 5 оқушыдан.
Білім сапасы:
1-ші тоқсан қорытындысы бойынша аудандық орташа көрсеткіш – 57 %
2-ші тоқсан қорытындысы бойынша аудандық орташа көрсеткіш – 58,7 %
3-ші тоқсан қорытындысы бойынша аудандық орташа көрсеткіш – 60,8 %
4-ші тоқсан қорытындысы бойынша аудандық орташа көрсеткіш – 60,8 %
БАЛАЛАР ТАСЫМАЛЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕР» ЖОБАСЫ
«Келешек мектеп» жобасы аясында пайдалануға берілген Арал қаласындағы № 292 орта мектеп, Сексеуіл кентіндегі №294 орта мектепте қажетті жабдықтармен және жиһазбен жарақтандырылып, оқу кабинеттері 100 пайыз жабдықталған. Кеңжолақты интернет қызметімен қамтылуы - 100 мбит/с, мектепішілік компьютерлік желінің оқу кабинеттерін қамту үлесі - 100% құрайды. Аталған екі білім еру мекемесінде ІІ-ауысыммен әрқайсысында 600 баладан білім алуда.
Білім саласы бойынша 2026 жылы І-ТОҚСАНЫНДА атқарылған жұмыстар
Үстіміздегі жылдың III тоқсаны бойынша 30 наурыздағы есепке сәйкес, білім бөліміне қарасты 49 мектепте (№2 ОММЛИ қоса алғанда) 1–11 сыныптарда 17 491 оқушы білім алуда, сондай-ақ мектепалды даярлықта 989 тәрбиеленуші қамтылған.
ҰБТ туралы:
Биылғы оқу жылында бітіруші түлектер саны – 1094. Наурыз айындағы сынама тестілеуге 803 оқушы қатысып, қатысу көрсеткіші 71,5%-ды құрады. Орташа балл – 75,8.
Қаңтар айында 855 оқушы қатысып, орташа балл 73,2 болған.
Ең жоғарғы орташа балл көрсетіп отырған мектептер
№248 ом 6 оқушы орташа балл 98,3
№263 ом 6 оқушы орташа балл 89,25
№67, 87, 200 ом орташа балл 85-88
Наурыз айының қорытындысы бойынша ең жоғары балл – 139 (№62 мектеп-лицей оқушысы), ал ең төменгі балл – 33 (№63 мектеп оқушысы).
Қаңтар айындағы ҰБТ-да ең жоғары балл – 132 (№262 мектеп-гимназия), ең төменгі балл – 31 (№2 ОММЛИ).
120 балдан жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар:
№262 мектеп-гимназия – 132 балл;
№13, 262 мектептері – 127 балл;
№83, 263, 262 мектептері – 125 балл;
№20, 260 мектептері – 126 балл;
№87 – 122 балл;
№231 мектеп – 123 балл.
100 балдан жоғары нәтиже көрсеткендер саны – 109 оқушы.
Оның ішінде:
№262 мектеп-гимназия – 18 оқушы;
№220 мектеп – 11 оқушы;
№13 мектеп – 8 оқушы;
№62 мектеп – 7 оқушы;
№14, 83 мектептері – 5 оқушыдан.
Білім сапасы:
1-ші тоқсан қорытындысы бойынша аудандық орташа көрсеткіш – 57 %
2-ші тоқсан қорытындысы бойынша аудандық орташа көрсеткіш – 58,7 %
3-ші тоқсан қорытындысы бойынша аудандық орташа көрсеткіш – 60,8 %
Жалпы 3 тоқсанның қорытындысы бойынша аудандық орташа көрсеткіш – 58,5%.
БАЛАЛАР ТАСЫМАЛЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ:
Аудандағы 5 білім беру ұйымында (№№71, 82, 220, 237, 262 орта мектептерде) 569 бала мектеп балансындағы автокөліктермен тасымалданса, қаладағы №64 орта мектептің ерекше білім беруді қажет ететін 23 баласын және Қаратерең ауылдық округіне қарасты Тастақ ауылынан 44 баланы № 82 орта мектепке тасымалдау үшін мемлекеттік сатып алудың келісім-шартымен жалдамалы автокөліктер ұйымдастырылды. Алдағы уақытта Жалғызағым бекетіндегі бастауыш мектептің жабылуына сәйкес бастауыш сыныптың 18 оқушысын Арал қаласындағы №260 орта мектепке тасымалдау үшін келісім-шартымен жалдамалы автокөлік ұйымдастырылды.
«КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕР» ЖОБАСЫ:
«Келешек мектеп» жобасы аясында пайдалануға берілген Арал қаласындағы № 292 орта мектеп, Сексеуіл кентіндегі №294 орта мектепте қажетті жабдықтармен және жиһазбен жарақтандырылып, оқу кабинеттері 100 пайыз жабдықталған. Кеңжолақты интернет қызметімен қамтылуы - 100 мбит/с, мектепішілік компьютерлік желінің оқу кабинеттерін қамту үлесі - 100% құрайды.Аталған екі білім еру мекемесінде ІІ-ауысыммен әрқайсысында 600 баладан білім алуда.
Білім саласы бойынша 2025 жылы ІV-ТОҚСАНЫНДА атқарылған жұмыстар
1.2025-2026 оқу жылы бойынша 1-11 сынып аралығанда білім алатын оқушы саны - 17 487.
2.Былтырғы 2024-2025 оқу жылында жалпы саны 1091 оқушы мектеп бітірді. Оның ішінде Ұлттық Біріңғай Тестілеуге 796 оқушы қатысса, грант конкурсына 647 оқушы өтінім берген. Ең жоғарғы балл – 134. Орташа балл 84,8%. Талапкерлердің ішінде 448 түлек мемлекеттік грант иегері атанып, көрсеткіш 72% құрады. Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша ауданымыз соңғы төрт жылда ҰБТ-ның орташа балл көрсеткішімен облыста алғашқы үштіктен түспей келеді.
3.Аймақта үш ауысымда оқытатын мектептер жоқ.
4.Жаңа 2025-2026 оқу жылында Сексеуіл кентінен 300 орындық келешек мектебінің (№294 ом) және Тоқабай елді мекенінен 100 орындық (№248 ом) жаңа мектептің құрылысы толық аяқталып пайдалануға берілді.
5.Ауданда 2025-2026 жылы Ыстық тамақ бойынша: 1-4 сынып аралығындағы оқушылар 100 пайыз және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасының 1-11 сынып аралығынадағы 5334 оқушы ыстық тамақпен қамтылды.
6.Аудан мектептерін кең жолақты интернет желісімен - 100 пайыз қамтылды оның ішінде алыс шалғай елді мекендерде орналасқан 16 мектеп СтарЛинк желісіне қосылған.
7.Аудан орталығындағы №262 мектеп-гимназиясында оқушыларды тігіншілік пен аспаздықты үйрететін оқу-өндірістік шеберханалары ашылды. Сондай-ақ аталмыш жоба аясында білім беру мекемесі АИТК, АКК және Қызылорда қаласындағы №278 IT мектебімен меморондумға отырды.
8.Биылғы жылы ауданда 1-10 сынып аралығындағы 16448 бала сауықтырумен, мектепішілік, мектептен тыс лагерлермен, үйірмелермен, экскурсиялар және көгалдандандыру жұмысымен қамтылды. Оның ішінде, «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығына жалпыға бірдей міндетті оқу қоры есебінен аз қамтылған отбасынан 715 бала, кәсіподақ есебінен 50 бала барлығы 765 бала қамтылды.
Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы өтіп жатыр. Әрбір мектепте әлеуметтік көмекке мұқтаж балалардың тізімдері жасалып, қазіргі таңда аз қамтылған көмекке мұқтаж отбасының 1196 баласына 14 млн. 816 мың теңгеге мектепке қажетті сөмке, оқу формасы, оқу құралдарынан көмектер жасалды. Бұл акция тоқтаусыз жалғасын табады.
Биылғы оқу жылы қарсаңында міндетті оқу қоры есебінен мектепке қажетті оқу формасы, сөмке оқу құралдарын алуға көмекке мұқтаж отбасынан 5334 бала есепке алынды. Аталған қор есебінен аталған балаларға бір реттік қаржылай көмек көрсетілді.
9.Биыл ауданымызда осы ұлы ұстаным нақты іске айналып, бірқатар жаңа білім ордалары ел игілігіне берілді. Бұл – тек жаңа ғимараттардың ашылуы ғана емес, мыңдаған баланың үмітін оятқан, ертеңге деген сенімді күшейткен тарихи қадам.
Аудан орталығы мен Сексеуіл кентінде бой көтерген еңселі 300 орындық №292(3 млрд. 837 млн. 305 мың тг) және №294(3 млрд. 729 млн. 532 мың тг.) «Келешек мектептері» – шын мәнінде болашаққа салынған берік көпір. Заманауи талаптарға сай салынған сәулетті ғимараттар кең, жарық сыныптарымен, зертханалық кабинеттерімен және жаңа технологиялық жабдықтарымен ерекшеленеді. Бұл мектептерде әр бала өз арманын айқындап, білім көкжиегін кеңейтуге толық мүмкіндік алады. Ең бастысы, осы игілікті жобалардың нәтижесінде ауданымыздағы үш ауысымдық оқу мәселесі түбегейлі шешімін тапты. Бұл – ата-анаға шаттық, ұстазға жеңілдік, шәкіртке сапалы білімге бастар даңғыл жол.
Жаңа серпін ауылдарға да жетті. Ұлттық жоба аясында салынған мектептерден бөлек, ауылдық елді мекендерде де жаңа білім ордалары бой көтерді. Ақшатау елді мекенінде көп жылдан бері ескі әрі тар ғимаратта оқып келген оқушылар биыл су жаңа №291 (250 млн. тг) орта мектептің табалдырығын аттады. 60 орынға арналған бұл мектеп демеушілердің қолдауымен салынып, толықтай заманауи талаптарға сай жабдықталды. Енді ақшатаулық оқушылар кең, жарық сыныптарда алаңсыз білім алуға мүмкіндікке ие болды.
Тоқабай елді мекенінде де көптен күткен қуанышты сәт туды. Мұнда 100 орындық жаңа №248 орта мектеп пайдалануға беріліп, ауыл өміріне ерекше серпін сыйлады. Жаңа мектеп тек сәулетті ғимаратымен ғана емес, толық жаңартылған материалдық-техникалық базасымен де ерекшеленеді. Заман талабына сай құрал-жабдықтармен қамтылған бұл білім ордасы ауыл балаларына қаладағы құрдастарымен тең дәрежеде білім алуға кең мүмкіндік ашты.
Одан бөлек, ғасырдан астам тарихы бар №14 мектептің бастауыш сыныбы орналасқан ғимараттары да қайта жаңғырып, күрделі жөндеуден өтті. Тарих пен тағылым тоғысқан бұл білім ордасы уақыттың сынына төтеп беріп, бүгінгі жас ұрпаққа есігін бұрынғыдан да кең ашты. Жаңартылған мектеп – өткен мен бүгінді жалғаған алтын көпірдей әсер қалдырады.
Сондай-ақ №62, №19, №262, №263 және №177 мектептер ағымдағы жөндеуден өтіп, жаңаша кейіпке енді. Үнемделген қаржыларды тиімді пайдалану арқылы бұл білім ошақтарының шатыры жаңартылып, қабырғалары әрленіп, терезелері ауыстырылды. Жарық сыныптар, жылы дәліздер мен қауіпсіз орта – бүгінгі оқушыға жасалған маңызды қамқорлықтың көрінісі.
Бұл жұмыстар мұнымен тоқтап қалмайды. Келер жылы Мергенсай елді мекенінде 100 орындық жаңа «Келешек мектебінің» пайдалануға берілуі жоспарланып отыр. Бұл – аудан білім беру жүйесінің дамуы тұрақты түрде жалғасып келе жатқанын айқын аңғартады.
Жаңа мектептер – жаңа мүмкіндіктер мекені. Осы білім ордаларынан түлеп ұшқан шәкірттер ертең ел тізгінін ұстайтын, ұлттың үмітін арқалайтын азамат болып қалыптасары сөзсіз.
Білім саласы бойынша 2025 жылы ІІІ-ТОҚСАНЫНДА атқарылған жұмыстар
Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы өтіп жатыр. Әрбір мектепте әлеуметтік көмекке мұқтаж балалардың тізімдері жасалып, қазіргі таңда аз қамтылған көмекке мұқтаж отбасының 1196 баласына 14 млн. 816 мың теңгеге мектепке қажетті сөмке, оқу формасы, оқу құралдарынан көмектер жасалды. Бұл акция тоқтаусыз жалғасын табады.
Биылғы оқу жылы қарсаңында міндетті оқу қоры есебінен мектепке қажетті оқу формасы, сөмке оқу құралдарын алуға көмекке мұқтаж отбасынан 5334 бала есепке алынды. Аталған қор есебінен аталған балаларға бір реттік қаржылай көмек көрсетілді.
Білім саласы бойынша 2025 жылы ІІ-ТОҚСАНЫНДА атқарылған жұмыстар
1.Аймақта үш ауысымда оқытатын мектептер жоқ.
2.Ауданда 2025 жылы Ыстық тамақ бойынша: 1-4 сынып аралығындағы оқушылар 100 пайыз және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасының 5-11 сынып аралығынадағы 3444 оқушы ыстық тамақпен қамтылды.
3.Арал қаласындағы “Арай” мөлтек ауданынан 300 орындық жайлы мектептің (№292 ом), Ақшатау бастауыш мектебі (60 орындық) мен Тоқабай елді мекеніндегі №248 орта мектептің құрылысы аяқталып пайдалануға берілді. Жалаңаш елді мекенінде 150 орындық орта мектептің құрылысы басталды.
4.2025 жылдың 16 маусым-4 шілде аралығында №262 мектеп-гимназия ғимаратында орналасқан №666 тест орталығында ҰБТ өтуде. Тестілеуге ауданда бітіруші 1091 бала болса оның 809 бала (75%) қатысуда. Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша ауданымыз соңғы төрт жылда ҰБТ-ның орташа балл көрсеткішімен облыста алғашқы үштіктен түспей келеді.
5.«Әлеуметтік әмиян» арқылы тамақтандыруды есепке алу және тіркеу жүйелері ауданымызда 9 мектепте яғни №13,№14, №62,№83,№220,№262,№19,№177,№231 орта мектептері және келесі жылға жоспарда №64, №71, №260 мектептердің кіре берістегі яғни турникетке балалардың кіріп-шығуын бақылайтын құрылғысын орнатты және асхана блогтарына сенсорлы моноблоктары орнатылды. Өнім беруші "Транстелеком" акционерлік қоғамы. Тауардың жалпы сомасы, соның ішінде ҚҚС, 12 298 500.00 тенге.
6.2025 жылы қаңтарда Қаратерең елді мекенінен 75 орындық «Іңкәр» жеке бөбекжай-бақшасы, сәуір айында Аралқұм елді мекенінде 40 орындық «Айым-Ана» бөбекжай-бақшасы ашылды.
7.Аудан мектептерін кең жолақты интернет желісімен - 100 пайыз қамтылды оның ішінде алыс шалғай елді мекендерде орналасқан 16 мектеп СтарЛинк желісіне қосылған.
8.Аудан орталығындағы №262 мектеп-гимназиясында оқушыларды тігіншілік пен аспаздықты үйрететін оқу-өндірістік шеберханалары ашылды. Сондай-ақ аталмыш жоба аясында білім беру мекемесі АИТК, АКК және Қызылорда қаласындағы №278 IT мектебімен меморондумға отырды.
9.Аудан бойынша ағымдағы оқу жылында 1017 оқушы түрлі облыстық, республикалық байқауларға қатысып, оның 47-і пәндік олимпиада, 379-ы танымдық ойындар, 412 – і спорттық сайыстардан жүлделі орындарға ие болды. Сондай-ақ, 192 педагог қызметкер облыстық, республикалық байқауларға қатысып, оның 63-і жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, республикалық «Абай оқулары» байқауында № 263 орта мектептің 10-сынып оқушысы Сәрсенбай Гүлбақыт 3-орын, № 71 орта мектептің 10-сынып оқушысы Алдабергенова Айша республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасынан 2-орын иеленді. № 262 мектеп – гимназияның психолог маманы А.Тәжібаева республикалық «Үздік жыл психологы» байқауынан 3-орын, осы мектептің математика пәнінің мұғалімі Төлебаев Мұқан республикалық «Дарынды балаға талантты ұстаз» байқауынан 2-орын, № 292 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Сағындық Айжан «Математикалық регата» сайысынан бас жүлдені иеленді. № 62 мектеп-лицейдің екі мұғалімі «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығының ТОП-50 финалисті атанса, № 220 орта мектеп республикалық «Үздік 100 мектеп» қатарынан көрінді.
Осы қаржыдан жанбасынан қаржыланып отырған қаланың 10 мектебіне материалдық техникалық базаны нығайтуға 131 млн 949 мың теңге берілді.
2025-2026 жаңа оқу жылына білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамтуға 181 млн 604 мың теңге ( оның ішінде оқулықтарды тасымалдауға 2млн 724,0 мың теңге ) бөлінді.
Қаладағы №14 мектеп-лицейінің көне ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарына 427млн 310,0 мың теңге, ағымдағы жөндеуге №263 орта мектебіне ғимараттың сыртын қаптауға 38млн 813,0 мың теңге, №62 мектеп-лицейіне ғимараттың сыртын қаптауға 80 млн, №177 орта мектебіне ғимараттын шатырын ауыстыруға 28 млн теңгеге жұмыстар жүргізілуде.
Білім саласы бойынша 2025 жылы І-ТОҚСАНДАҒЫ атқарылған жұмыстар
5.2025 жылдың қаңтар-ақпан айында ақылы негізде №262 мектеп-гимназия ғимаратында орналасқан №666 тест орталығынан алынған нәтиже бойынша, ауданда бітіруші 1093 бала болса оның 899 бала қатысып (82,2%) орташа балл 70 пайыз болса, 2025 жылдың 25 наурыз -5 сәуір айында ақылы негізде ауданда бітіруші 1093 баланың 839 бала (77%) қатысуға ниет білдіріп отыр.
Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша ауданымыз соңғы төрт жылда ҰБТ-ның орташа балл көрсеткішімен облыста алғашқы үштіктен түспей келеді.
6.«Әлеуметтік әмиян» арқылы тамақтандыруды есепке алу және тіркеу жүйелері ауданымызда 9 мектепте яғни №13,№14, №62,№83,№220,№262,№19,№177,№231 орта мектептері және келесі жылға жоспарда №64, №71, №260 мектептердің кіре берістегі яғни турникетке балалардың кіріп-шығуын бақылайтын құрылғысын орнатты және асхана блогтарына сенсорлы моноблоктары орнатылды. Өнім беруші "Транстелеком" акционерлік қоғамы. Тауардың жалпы сомасы, соның ішінде ҚҚС, 12 298 500.00 тенге.
10.Елордада 8-11 сынып оқушылары арасында өтіп жатқан Республикалық ғылыми жобалар байқауынан 57 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Данагүл Нұралы “Өлкетану” секциясы бойынша үздік үштікті қорытындылады.
Білім саласы бойынша 2024 жылы атқарылған жұмыстар
Аудандағы білім беру саласында 2024 жылдың ІІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы төмендегіше мәлімдейді
Апатты балабақшалар, күрделі жөндеуді қажет ететін ұйымдар, ағымдағы жөндеу жұмыстары туралы:
Аудандағы үш балабақша, яғни «Жазира» балабақшасы, «Толқын» балабақшасы, «Балдырған» балабақшасына 2014 жылы "Д-Ару" ЖШС апаттық жағдайда деп эксперттік қорытынды берген. Бүгінде апатты деп танылған 3 балабақшада 195 бүлдіршін тәрбиеленіп, 88 қызметкер еңбек етуде. Қазіргі уақытта бүлдіршіндер мен қызметкерлер жалға алынған кәсіпкерлік мақсаттағы ғимараттарға көшіріліп, уақытша жұмыстарын жалғастыруда. Атап айтар болсақ, «Жазира» балабақшасы Ақтан батыр №43 мекен-жайға, ал «Толқын» балабақшасы мен «Балдырған» балабақшасы М.Өтемісұлы №2В мекен-жайдағы барлық жағдайы жасалған, заманауи талапқа сай жабдықталған жалдамалы ғимаратқа көшірілді. Апатты балабақшалардың мәселесін шешу мақсатында жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеу үшін: 140 орындық «Жазира» балабақшасына 10,8 млн тг, 140 орындық «Балдырған» балабақшасына 10,8 млн тг және жобалық-сметалық құжаттамасын мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін 140 орындық «Толқын» балабақшасына 1,5 млн. тг қаражат бөлініп, қазіргі уақытта облыстық құрылыс басқармасы тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда.
Аудан бойынша күрделі жөндеуді Арал қаласындағы 1979 жылғы «Қарлығаш» балабақшасы, 1989 жылғы «Шағала» балабақшасы, 1937 жылғы «Мереке» санаторлық бөбекжай-бақшасы, 1986 жылғы «Жауқазын» балабақшалары қажет етеді. Ағымдағы жылы «Сартай» және «Гүлдер» балабақшасының жертөлесінде орналасқан су құбырларының шіріп, жарамсыз күйге түсуіне байланысты құбырларды ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету жұмыстары:
2024 жылы тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтаамсыз ету мақсатында террористік осал обьект тізіміне енгізілген балабақшаларды ішкі істер бөліміне қосу үшін 5 балабақшаға 11 млн. 884 мың теңгеге бейнекамералар алынды.
Апатты, күрделі жөндеуді қажет ететін ұйымдар, ағымдағы жөндеу жұмыстары туралы:
Апатты мектептер санатына Арал қаласындағы №220 орта мектеп, Тоқабай елді мекеніндегі №248 орта мектеп, Қамыстыбас елді мекеніндегі №21 орта мектептің бастауыш ғимараты және Ақшатау бастауыш мектептері кіреді.
№220 орта мектепке жаңа 600 орындық ғимаратын салу қажеттілігі туындауда.
Тоқабай елді мекенінде қазіргі таңда мердігер есебінен салынып жатқан 100 орындық жаңа мектеп ғимараты, Қамыстыбас елді мекендегі №21 мектепке 100 орындық қосымша ғимарат құрылысы тоқтатылды.
Ақшатау елді мекенін кәсіпкер есебінен 60 орындық негізгі мектеп құрылысы жүргізілуде.
Арал қаласындағы № 14 мектеп-лицейінің бастауыш сынып ғимараты 1910 жылы шыны зауытынан мектеп болып қалыптасқан. Ғимараттың ескіруінен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындап отыр, жөндеу жұмыстарының жоба құны 441 086,0 мың теңгені құрайды.
Сондай-ақ, Арал қаласындағы №13 орта мектеп, №260 орта мектеп, №83 орта мектеп, №62 мектеп-лицей, Аманөткел елді мекеніндегі №73 орта мектеп, Сексеукіл кентіндегі №177 орта мектеп, Шөмішкөл елді мекеніндегі №66 орта мектеп, Қаратерең елді мекеніндегі №82 орта мектептер күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындауда. Қазіргі уақытта мектептерге жобалау іздестіру жұмыстары және жоба сметалық жұмыстары әзірлену үстінде.
Материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету жұмыстары:
Аудан бойынша 3 химия (№ 18, 87, 65), 2 биология (№ 76, 227), 1 физика (№ 200), 5 СТЕМ (№ 22, 265, 248, 60, 21) пән кабинеттерімен жабдықталады.
Жылу маусымына 43 млн. 528 мың теңге қаржы берілді. Оның ішінде, жылу қазандығына 9 мектепке (№19, 22, 65, 67, 75, 200, 231, 262, 281) 31 млн. 069 мың теңге, жылу қазандығына горелкасына 4 мектепке (№14,63,73,220) 5 млн. 530 мың теңге, генераторға 2 мектепке (№57,265) 3 млн. 760 мың теңге, циркуляционный насос 7 мектепке (№57, 61, 73, 177, 220, 265, 283) 2 млн. 861 мың теңге, су айдайтын вакумдық насос №265 мектепке 308 мың теңге берілді. Мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде, баға ұсынысы арқылы жариялануда.
Жазғы тынығу лагеріне қажетті керуерт сатып алуға 23 мектепке (№13, 14, 62, 19, 20, 58, 61, 65, 66, 68, 73, 74, 77, 81, 87, 177, 200, 231, 283, 18, 76, 265, 281) 597 данаға берілген (50 мың теңгеден) 29 млн. 850 мың теңге қаржыға мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, мүгедектер қоғамы арқылы жеңімпаз анықталды.
Аудандағы білім беру саласында 2024 жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы төмендегіше мәлімдейді
Арал ауданы бойынша барлығы 49 білім беру ұйымдары бар
(3-бастауыш мектептер, 6-негізгі мектептер, 40-жалпы білім беретін мектептер). Оның ішінде, Арал қаласында – 10 (№2 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей интернатты қосқанда), Сексеуіл кентінде – 4 (№87, №177, №231, №283), Жақсықылыш кентінде – 1 (№19), ауылдық округтер мен елді мекендерде – 34.
Жалпы 49 мектепте барлығы 17 590 оқушы (1-4 сыныптарда
6720, 5-9 сыныптарда 8795, 10-11 сыныптарда 2075) білім алады. Оның ішінде, Арал қаласында – 8225, Сексеуіл кентінде – 2 784, Жақсықылыш кентінде – 1 009.
Мектептерде барлығы 2 602 педагог қызмет жасайды (педагог-шебер-2, жоғары санат-3, педагог-зерттеуші-276, І санат-7, педагог-сарапшы-734, ІІ санат-10, педагог-модератор-737, санатсыз-833).
|
Анықтама ретінде: Арал қаласында – 1 393 қызметкер бар (882 педагог, 510 техникалық қызметкер) Сексеуіл кентінде – 558 қызметкер бар (363 педагог, 195 техникалық қызметкер) Жақсықылыш кентінде – 168 қызметкер бар (121 педагог, 47 техникалық қызметкер) |
|
|
Қазіргі таңда аудан бойынша 60 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. Атап айтқанда, 17 мемлекеттік балабақша, 27 жеке балабақша, 16 мектеп жанынан ашылған толық күндік шағын орталық.
17 мемлекеттік балабақшада – 2012, 27 жекеменшік балабақшада - 1890, 16 мектеп жанынан ашылған толық күндік шағын орталықта – 469, барлығы – 4371 бүлдіршін тәрбиеленуде.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 625 педагог жұмыс жасайды, оның 294-і түрлі деңгейдегі кәсіби біліктілік санатына ие педагог-зерттеуші – 5; педагог-сарапшы – 58; педагог-модератор - 231).
2024 жылы Арал ауданындағы Шижаға елді мекенінен 145 орындық «Аяулым» жеке бөбекжай бақшасы мен Арал қаласынан 95 орындық «Айгөлек» жеке бөбекжай бақшасы ашылып ел игілігіне пайдалануға берілді.
Сондай-ақ, инклюзивті білім беруге жағдай жасаған мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар бойынша 17 балабақшаның барлығы да логопедиялық кабинет жабдықтарымен қамтамасыз етілген, 12 балабақшада арнайы логопед маманы жұмыс жасайды. Балабақшалар бойынша логопедиялық пунктке 100 бала қамтылып отыр.
Соңғы 3 жыл ішінде аудан бойынша мемлекеттік тапсырыс есебінен 1385 педагог маман біліктілік арттыру курстарынан өтсе, оның ішінде, 2024 жылы бүгінгі күнге дейін 95 тәрбиеші, 672 мұғалім біліктілік арттыру курстарынан өтті.
Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап алдағы 2024-2025 оқу жылында 1 – сыныпқа қабылданатын оқушыларды тіркеу шарасы жүргізілуде. Жоспар бойынша 1556 оқушы бастауыш мектеп табалдырығын алғаш рет аттайтын болады. Қазіргі таңда оның 98 пайызы (1529) қабылданып отыр. Толық қабылдауды 44 мектеп аяқтады.
2024 жылға бөлінген 26 млрд. 133 млн. 197 мың теңге мектептерді бейнебақылаумен, ғимараттарды ұстап тұру шығындары мен мектептерді жетіспейтін оқулықтармен, әдеби кітаптармен қамтуға жұмсалады.
2024-2025 оқу жылына оқулықтарға қаралған 170 млн. 520 мың теңге қаржының 144 млн. 702 мың теңгесі 1-11 сынып аралығына жетіспейтін және сатып алынатын оқулықтарға жұмсалатын болса, 13 млн. 867 мың теңгесі «ТорІQ» электрондық платформасы бойынша оқулықтар алуға жұмсалып, мектептерге лицензия берілді. Қалған 10 млн. теңгесіне көркем әдебиеттер алынады.
Сондай-ақ, мектептерде 44 спортзал, 77 жаңа үлгідегі пән кабинеттері (25 мектепте физика, 26 мектепте биология, 26 мектепте химия) болса, 45 мектепте лицензияланған медициналық кабинеттер, 44 мектепте асхана жұмыс жасайды. Ағымдағы жылы 10 мектеп (3 – химия, 1 – физика, 1 – биология, 5 – СТЕМ) пән кабинеттерімен қамтылады деп жоспарланып отыр. Интерактивті панельдермен қамту мақсатында 78 млн. теңге 6 мектепке (№№ 13, 14, 64, 71, 83, 260) қаралып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Арал қаласындағы № 220 орта мектебінің химия, физика, биология кабинеттеріне және моноблок, интерактивтік панель сатып алуға 39 млн. 529 мың теңге қаржы қаралып, қазіргі таңда 10 интерактивті панель жеткізіліп берілді.
Балалардың білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауданның барлық білім беру мекемелері ішкі және сыртқы бейнекамералармен толықтай қамтылып, аудандық полиция бөліміне тікелей көрсетілімге қосылды. Биылғы жылы 10 мектепті (№№ 13, 14, 177, 64, 83, 220, 260, 262, 20, 87) бейнкамерамен қамтамасыз ету үшін 72 млн. теңгеге қаржы беріліп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Соңғы 3 жылда ауданда 23 мектеп дабыл қондырғысымен қамтамасыз етілді.
Жоғары оқу орындарының мемлекеттік гранты конкурсына арналған Ұлттық бірыңғай тестілеу шарасы 16 мамыр – 5 шілде аралығында өтеді. Аудан бойынша кезеңдік шара 3 маусым күні басталады. І кезеңге – 682, ІІ кезеңге – 679 оқушы тіркеліп отыр. Аудандағы № 262 мектеп-гимназия базасынан 30 орындық ҰБТ пункті ашылды. Қазіргі таңда І лек бойынша 681 оқушы тест тапсырды. Орташа балл-80 ді құрады. ІІ лек бойынша 4 шілде толық аяқталады.
Оқушылардың жазғы тынығу маусымын ұйымдастыру мақсатында 48 мектепте лагерь жұмыс жасайтын болады. Оған 1-10 сынып аралығында 16509 бала тартылған. Оның ішінде, Қамбаш лагеріне – 803 (оның ішінде, аз қамтылған отбасы балалары – 703, кәсіподақ есебінен – 100), мектеп жанындағы лагерьлерге - 8356 (ыстық тамақпен – 2477; ыстық тамақсыз – 5879), 17 мектептегі шатырлы лагерьге – 285, 14 мектептегі этнолагерьге – 290, еңбек лагеріне – 1125, аула клубтарына – 1155, қосымша білім беру ұйымдары жанындағы лагерлерге – 960 бала қамтылады. Сонымен қоса аудан, облыс, республика көлеміндегі саяхат шараларына 531 бала тартылмақ. «Қазақстан Халқына» қоғамдық қоры есебінен аз қамтылған отбасы және республика, халықаралық деңгейде жетістіктері бар, оқу үздіктері арасынан 100 ауыл балаларына Түркістан облысындағы «Қуаныш» лагеріне жолдама беріліп отыр.
Осындай атқарылған ауқымды шаралармен қатар ағымдағы жылы жүзеге асырылатын жоспарлы жұмыстар:
Арал қаласынан ерекше күтімді қажет ететін балаларды қолдау, оларды қажетті құрал-жабдықтармен қамту және тиісті деңгейде сапалы оқыту мен білім беру мақсатында 50 орындық «Мейірім» арнайы жеке бөбекжай-бақша ашу жоспарланып отыр.
Үш ауысымда оқитын және апатты жағдайда деп танылған мектептер ауданымызда толықтай жойылды. Дегенмен, жылма-жыл халық санының өсуі, елдің демографиясының артуына ықпал ететіні сөзсіз. Бұл көрсеткіш, әсіресе, тұрғындар көп шоғырланған Арал қаласында, Сексеуіл, Жақсықылыш кенттерінде орын алып отыр. Сондықтан «Жайлы мектеп» жобасы бойынша Арал ауданында 4 мектеп (Арал қаласы-2; Сексеуіл, Жақсықылыш – 2) салу жоспарланып, оның 2-уі (Арал қаласы-1; Сексеуіл кенті-1) ағымдағы жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілмек. Қалған екеуінің құрылыстары жыл соңына дейін басталады деп күтілуде.
Сондай-ақ, Тоқабай елді мекеніндегі 100 орындық № 248 орта мектеп және Ақшатау елді мекеніндегі 50 орындық жаңадан ашылатын негізгі орта мектебінің ғимараттары жеке кәсіпкерлер есебінен жүргізіліп жатыр. Жаңа оқу жылына дейін қолданысқа енгізілетін болады деп жоспарланып отыр.
Сапақ елді мекеніндегі № 69 орта мектептің типтік жобадағы жаңа 100 орындық мектеп құрылысын жүргізуге 1,6 млрд. теңге, Жалаңаш ауылындағы № 58 орта мектептің типтік жобадағы жаңа 100 орындық мектеп құрылысын жүргізуге 2,3 млрд. теңгеге бюджеттік өтінім берілді. Мұнымен қоса, асар әдісімен салынған Райым елді мекеніндегі
№ 72 орта мектептің типтік жобадағы 100 орындық мектеп құрылысын салу үшін жобалау-іздестіру жұмыстары әзірленіп, жоба-сметалық құжаттарын дайындау үшін 24,6 млн. теңгеге бюджеттік өтінім тапсырылды.
Арал ауданындағы білім саласының 2024 жылдың I-тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстары туралы мәлімет
Мектепке дейінгі білім беру мекемелер желісі туралы: Аудандағы 60 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысымен 4251 бүлдіршін тәрбиеленуде. Оның ішінде, 2-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту - 93,5 пайызды құраса, ал 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндер балабақшамен толықтай қамтылып отыр. Соңғы 3 жылдың ішінде жекеменшік балабақшалар желісі 12 бірлікке өсті (2021 жыл – 5 бірлік, 2022 жыл – 5 бірлік, 2023 жыл – 2 бірлік).
2023 жылы Жіңішкеқұм ауылынан 25 орындық «Еркесұлу» жеке бөбекжай-бақшасы, Қамыстыбас ауылынан 130 орындық «Жансая» жеке бөбекжай-бақшасы ашылып, пайдалануға берілсе, ағымдағы жылы Шижаға елді мекенінен 145 орындық «Аяулым» жеке бөбекжай-бақшасы, Арал қаласынан 90 орындық «Aigolek» жеке бөбекжай-бақшасы және арнайы, ерекше күтімді қажет ететін, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 50 орындық инклюзивті жеке бөбекжай-бақшасы пайдалануға берілетін болады.
Сондай-ақ, Аманөткел елді мекенінен 90 орындық «Зере» жеке бөбекжай-бақшасына қосымша 45 орынға арналған ғимарат құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 625 педагог жұмыс істейді, ағымдағы жылы 162 педагог біліктілікті арттыру курстарына қамтылды.
Қазіргі таңда инклюзивті білім беруге жағдай жасаған мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар бойынша 18 балабақшаның барлығы да логопедиялық кабинет жабдықтарымен қамтамасыз етілген, 13 балабақшада арнайы логопед маманы жұмыс жасайды, қалған 5 балабақшаны маманмен қамтуға білім басқармасына сұраныс берілді. Балабақшалар бойынша логопедиялық пунктке 100 бала қамтылып отыр.Жалпы орта білім беретін мекемелер туралы: Ауданда 49 жалпы орта білім беретін мектеп, оның ішінде 3 бастауыш, 6 негізгі, 39 орта және облыстық білім басқармасына қарасты 1 мектеп-интернат жұмыс жасайды. Ауданға қарасты 48 жалпы орта білім беретін мектепте 17649 оқушы қамтылған. Оларға 2602 педагог маман дәріс береді.Оның ішінде, шебер, зерттеуші және сарапшы ұстаздар үлесі 39 пайызды құрайды. Соңғы 3 жыл ішінде аудан бойынша мемлекеттік тапсырыс есебінен 1579 педагог маман біліктілік арттыру курстарына өткен.
2023 жылға бөлінген 24 млрд. 944 млн. 833 мың теңге мектептерді модернизациялауға, бейнебақылаумен, дабыл қондырғыларымен жабдықтауға, жылу маусымының дайындық шараларын жүргізуге, ғимараттарды ұстап тұру шығындары мен мектептерді жетіспейтін оқулықтармен, әдеби кітаптармен қамтуға жұмсалды.
Қазіргі таңда балалардың экологиялық мәдениетін дамыту мақсатында Арал қаласындағы 5 мектепке (№ 62, № 64, № 71, № 83, № 260 мектептер) жылыжай орнатуға 24 млн. 737 мың теңге, облыс әкімінің «Үздік білім беру ұйымы» конкурсы арқылы бөлінген 34 млн. сыйақысының есебінен № 262 мектеп-гимназияға жылыжай салуға 4 млн. 659 мың теңге қаржы қаралып, қазіргі таңда жылыжайда өсіру, күтіп-баптау жұмыстары жүргізіліп қоймай, алғашқы өнімдері балалар игілігіне жұмсалуда.
2023-2024 оқу жылына жетіспейтін оқулықтарға қаралған 161 млн. 578 мың теңге қаржының 121 млн 339 мың 824 теңгесіне 1-11 сынып аралығына жетіспейтін оқулықтар мен электрондық оқулықтар және қалған 40 млн. 237 мың 938 теңгесіне көркем әдебиеттер алынып, барлық мектептерге толық таратылып берілді.
Аудан бойынша 2023 жылға модернизацияға 7 мектеп енгізіліп, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 6 млн. 739 мың теңге парта, тақта құралдарын алуға 11 млн. 524 мың теңге, көркем әдебиеттермен қамтуға 2 млн. 836 мың теңге қаралып жұмсалды.
Сондай-ақ, мектептерде 44 спортзал, 77 жаңа үлгідегі пән кабинеттері (25 мектепте физика, 26 мектепте биология, 26 мектепте химия) болса, 45 мектепте лицензияланған медициналық кабинеттер, 44 мектепте асхана жұмыс жасайды. Соңғы 3 жыл көлемінде физика кабинетімен - 7 мектеп, химия кабинетімен - 6 мектеп, биология кабинетімен - 7 мектеп жабдықталды. Дегенмен, әлі де 19 мектепті - физика, 20 мектепті - химия, 18 мектепті - биология кабинеттерімен жабдықтауға қажеттілік бар. Қазіргі таңда аудандағы 16 мектептің интернет жылдамдығын 20 мбит/сек-ке көтеру мақсатында жұмыстар жасалынуда.
Балалардың білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауданның барлық білім беру мекемелері ішкі және сыртқы бейнекамералармен толықтай қамтылған. Оның ішінде, бала және персонал саны 300-ден асатын 22 мектеп аудандық полиция бөліміне тікелей көрсетілімге қосылса, 2023 жылы 4 мектепті бейне бақылаумен қамтуға 28 млн. 800 мың теңге бөлінді. Соңғы 3 жылда ауданда 23 мектеп дабыл қондырғысымен қамтамасыз етілді.
Ыстық тамақпен 1 - 4 - сыныптың 6741 оқушысы және аз қамтылған отбасынан шыққан 4829 бала қамтылған. Буфеттік тағам 4 мектепте (3 бастауыш мектеп және № 248 орта мектеп) үйлестіріліп, оған 144 бала тартылған.
Ағымдағы жылға 26 млрд. 045 млн. 527 мың теңге қаржы қаралып отыр. Оның ішінде, оқулықпен қамтуға 168 млн. 569 мың теңге, ыстық тамаққа 997 млн. 570 мың теңге бөлінді.
Ауданның 29 мектебінде арнайы инклюзивті қолдау кабинеттері мен 1 мектептен (№ 262 мг) инклюзивті ресурстық орталық ашылып арнайы құралдармен жабдықталды. Қалған 15 мектепке (3 бастауыш мектептен басқа) инклюзивті қолдау кабинеті қажет. Сонымен қатар 30 мектепте арнайы 39 маман (дефектолог, логопед, олигофренопедагог, арнайы психолог) ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмыс жасайды.
Қазіргі таңда аудандағы оқушылар Үйінде 9 бағыт бойынша жұмыс жүргізетін 20 үйірмеге 1185 оқушы, Өнер мектебіндегі 9 мамандық бағыты бойынша үйірмелерге 294 оқушы тартылған.
2022-2023 оқу жылын 11 сынып бойынша 926 түлек бітіріп, Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге 727 оқушы қатысты. Орташа балл - 82-ні, 100 және онан жоғары балл жинаған бітірушілер саны-152-ні құрады. Ең жоғары балл-137. Оның ішінде, мемлекеттік грант конкурсына құжат тапсырған 608 оқушының 516-сы (84 пайызы) ЖОО-ның грант иегері атанды. Мұнан бөлек, мектеп бітіруші түлектердің 1-уі грантпен, 2-уі ақылы негізде шетелдік оқу орындарына, 158-і ақылы тұрғыда еліміздегі ЖОО-ына, 231-і арнаулы оқу орындарына қабылданды. Қазіргі таңда жалпы ЖОО мен АОО оқитындар саны – 908.
Ағымдағы жылы ҰБТ – ға қатысуға 771 мектеп бітіруші түлек ниет білдірсе, оның ішінде 23 қаңтар – 9 ақпан аралығында өтетін тестілеу шарасына қатысуға 763 оқушы тіркеліп, 749 бала тестілеудге қатысты. Ауданның бойынша орташа балл-72,38. Сонымен қатар, наурыз айындағы ҰБТ-ге 702 оқушы қатысты. Аудан бойынша орташа балл-72.
2023 жылы ауданның педагог қызметкерлері 17 облыстық кәсіби байқауларға қатысып, оның ішінде, 2 - уі І орын, 14 - і ІІ орын, 8 - і ІІІ орын иегерлері атанса, 2024 жылы облыстық пәндік олимпиасына қатысқан 20 оқушының 11 – і жүлделі орындардан көрінсе, 3-уі алғыс хат иегері атанды. Сонымен қатар алғашқы рет ауыл балаларына арналған пән олимпиадасына қатысқан 120 оқушының 84-і облыстық кезеңде жүлделі орын иегерлері атанса, республикалық кезеңге жолдама алған 3 оқушының бірі (№ 57 орта мектеп, география пәні бойынша) ІІ орын иеленді. 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне 17 оқушы қатысып, 10 оқушы жүлделі орын иеленіп, 5 оқушы алғыс хатпен марапатталды.
ҚР Оқу – ағарту министрлігі республика көлемінде 2015 жылдан бері еліміздің озат, шығармашыл әрі жаңашыл педагогтарын айқындап, оларды дәріптеу мақсатында «Үздік педагог» атағын беру байқауын өткізіп келеді. Осы байқауға 2023 жылы қатысқан № 14 мектеп-лицейдің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-шебер, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Қонарова Жанна Құспанғалиқызы облыс көлемінде танылған 5 ұстаздың бірі болып «Үздік педагог» атағына және арнайы қаржылай сыйақыға ие болды.
Жайлы мектеп туралы: Аудан көлемінде мектептердегі орын тапшылығын жою мақсатында 2023 жылы "Жайлы мектеп" бағдарламасы бойынша 1 мектеп құрылысы (Арал қаласынан) басталса, ағымдағы жылы осы бағдарлама аясында тағы да 3 мектеп құрылысы (Арал-1; Сексеуіл-1; Жақсықылыш-1) жүргізілгелі тұр.
Қосымша құрылыс жөнінде: Сонымен бірге Қамыстыбас елді мекенінде орналасқан № 21 орта мектебінің орын тапшылығын жою мақсатында 100 орындық қосымша құрылысы жүргізілуде (Жоба құны - 226 373,6 мың теңге).
Жүзеге асырылуы кезек күттірмейтін мәселелер:
Қазіргі таңда ауданымызда 3 пен 6 жастағы бүлдіршіндер 100 пайыз балабақшамен қамтылғанымен, апаттық жағдайда тұрған балабақшаларымыз бар. Оның ішінде, Арал қаласында орналасқан Жазира, Толқын, Балдырған балабақшаларының құрылысы 1975-1976 жылдары салынған, типтік жобаға сәйкес келмейді. Аталған балабақшаларға 2014 жылы "Д-Ару" ЖШС апаттық жағдайда деп эксперттік қорытынды берген. Бүгінде апатты деп танылған 3 балабақшада 200-дей бүлдіршін тәрбиеленіп, 90 қызметкер еңбек етуде. Қазіргі уақытта бүлдіршіндер мен қызметкерлер жалға алынған кәсіпкерлік мақсаттағы ғимараттарға көшіріліп, уақытша жұмыстарын жалғастыруда.
Бұл апатты балабақшалардың жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеу үшін 140 орындық «Жазира» балабақшасына 10,8 млн. теңге, 140 орындық «Балдырған» балабақшасына 10,8 млн. теңге және жобалық-сметалық құжаттамасын мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін 140 орындық «Толқын» балабақшасына 1,5 млн. теңге қаражат бөлініп, қазіргі уақытта облыстық құрылыс басқармасы тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда.
Сонымен қатар, ауылдық жерде орналасқан бірнеше балабақшаның (Шөмішкөл елді мекеніндегі «Ақбота» бөбекжай – бақшасы, Қызылжар елді мекеніндегі «Рауан» балабақшасы, Ақбай елді мекеніндегі «Қызғалдақ» балабақшасы, Сазды елді мекеніндегі «Балауса» балабақшасы, Қарақұм елді мекеніндегі «Шаттық» балабақшасы, Жаңақұрылыс елді мекеніндегі «Балбөбек» балабақшасы) ғимараттары өте ескі, ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан. Барлығы да пешпен жылытылады. Бұл ғимараттар құрылысының арнайы балабақша нысаны ретінде жүргізілмей, ескі мектептердің ғимараттарын бейімдеу арқылы ашылғаны заманауи талапқа сай келметінін көрсетіп отыр. Осыған орай, типтік жобада жеке балабақша ғимараттарын салу жөнінде жеке кәсіпкерлермен түсіндірме жұмыстары үздіксіз жасалуда.
Осындай көрініс кейбір ауылдық елді мекендердегі жалпы орта білім беретін мектептерде де көрініс тауып отыр. Атап айтсам, Сапақ, Мергенсай, Райым, Шижаға, Ақшатау, Жалғызағым елді мекендеріндегі мектеп ғимараттарының ескі сипаттағы құрылыстары сын көтермейді. Ғимараттың техникалық ақауларына байланысты жылу маусымы кезінде бөлме температурасын бірқалыпты ұстап тұру мүмкіндігі өте төмен болса, сонымен бірге, бастауыш мектептің оқушылар тамақтанатын асханасы, дене шынықтыру пәнін өткізетін спорт залының және сапалы білім алуға қажетті оқу кабинеттерінің болмауы, оқу-тәрбие үдерісін қолданыстағы нормативтерге сәйкес тиісті деңгейде ұйымдастыруға кедергілер жасап келеді:
- Сапақ елді мекеніндегі № 69 орта мектеп ғимараты 2004 жылы ауылдың батыс бөлігінен асарланып, ыңғайластырылған типте салынған. Жобалық қуаты 60 орынға арналған ғимаратта 1-11 сыныптарда қазіргі уақытта 119 бала, мектеп алды даярлық тобында 8 бала, барлығы мектепте 127 оқушы білім алуда. Мектеп ғимаратында осы уақытқа дейін ешқандай күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Ғимараттың шатыр асты балкалары, еден ағаштары және қабырғасы ағаш каркастан салынуына байланысты тозығы жеткен. Ғимарат тиісті құрылыс тауарларынан емес, елді мекендегі сол уақыттағы қолда бар тауарларымен тұрғындардың күшімен асарланып салынған, 14 қазақы пешпен жылытылады. Жылу маусымы кезінде бөлме температурасын бірқалыпты ұстап тұруға мүмкіндік жоқ. Осыған орай, бұл елді мекеннен 100 орындық мектеп құрылысына 1 627 908, 0 мың теңге қаржы қажет етеді.
- Мергенсай ауылындағы №58 мектеп ғимараты 2005 жылы ауыл тұрғындарының көмегімен асарланып, ыңғайластырылған типте салынған. Мектеп ғимаратына осы уақытқа дейін ешқандай күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Қазіргі уақытта 200 орынға арналған бейімделген ғимаратта 161 бала білім алуда. Мектеп ғимараты қатты отынмен жылытылады. Жылу маусымы кезінде бөлме температурасын бірқалыпты ұстап тұруға мүмкіндік жоқ. Мектеп ғимаратының Спорт залы талапқа сай емес. Кітапхана мен оқу залы қарастырылмаған.
- Сондай-ақ, Мергенсай ауылынан 30 шақырым орналасқан Тастүбек елді мекеніндегі №58 орта мектеп филиалында 1-4 сыныптарда, ыңғайластырылған ғимаратта 13 оқушы оқуда. Елді мекендегі 5-11 сынып аралығындағы 43 оқушы 60 шақырымда орналасқан Сексеуіл кентінде туыстарының үйінде жатып оқуда. Тастүбек елді мекенінде 38 үйде 175 адам қоныстанған. №58 орта мектепке 2023 жылы 1 сыныпқа 9 бала қабылданды. Мергенсай аулынынан жаңа типтегі мектеп салынған жағдайда, Тастүбек елді мекеніндегі сыртта оқып жүрген оқушылар, жаңа мектепке ауысып, 2023 - 2024 оқу жылында 245 бала қамтылатын болады. Жалаңаш елді мекеніндегі 150 орындық мектеп құрылысына 2 380 305, 797 мың теңге қаржы қажет етеді.
Арал қаласындағы № 14 мектеп-лицейдің бастауыш сыныбының ыңғайластырылған ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуі кезек күттірмейтін мәселенің бірі. Жөндеу жұмыстарының жоба құны 441 086,0 мың теңгенгі құрап отыр. Сондай - ақ, Арал қаласындағы №13 орта мектеп, №260 орта мектеп, №83 орта мектеп, №62 мектеп-лицей, Аманөткел елді мекеніндегі №73 орта мектеп, Сексеуіл кентіндегі №177 орта мектеп, Шөмішкөл елді мекеніндегі №66 орта мектептердің ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау - іздестіру және жоба - сметалық жұмыстары әзірленуде.
Ауданда бу қазандықтарын көгілдір отынға ауыстыруға мүмкіншілігі бар 10 білім беру ұйымы бар. (Арал қаласында №13 мектеп, №14 мектеп-лицей бастауыш және негізгі мектеп ғимараттары, "Мереке" бөбекжай-бақшасы, Жақсықылыш кентіндегі №19 орта мектеп бу қазандық ғимараты, Сексеуіл кентіндегі №87, 177, 231, 283 және "Жауқазын" бөбекжай-бақшасы бу қазандық ғимараты). Қазіргі уақытта №13 орта мектеп, №14 мектеп-лицей бастауыш ғимараттары және №177 орта мектеп ғимараты қатты отынмен, №14 мектеп лицейінің негізгі, №19, №87, 231, 283 мектеп және "Мереке", "Жауқазын" бөбекжай-бақшалары ғимараттары сұйық отынмен жылытылады. Осыған сәйкес аталған мекемелерді газбен жабдықтау қажеттілігі туындауда.
Арал ауданы бойынша білім беру бөлімінде жыл көлемінде атқарылған жұмыстар туралы анықтама.
Жалпы орта білім беру ұйымдары бойынша:
Арал ауданы бойынша барлығы 49 білім беру ұйымдары бар (3 бастауыш мектеп, 6 негізгі мектеп, 40 жалпы білім беретін мектептер). 49 мектепте барлығы 17 649 оқушы білім алады.
Оның ішінде, 1 - 4 сыныптарда 6741, 5 - 9 сыныптарда 8827, 10 - 11 сыныптарда 2081 бала білім алуда. Мектептерде 2602 педагог қызмет жасайды, оның ішінде педагог-шебер - 2, жоғары санат - 3, педагог-зерттеуші - 276, І санат-7, педагог-сарапшы - 734, ІІ санат - 10, педагог - модератор - 737, санатсыз - 833.
Бүгінгі таңға дейін 133 тәрбиеші, 969 мұғалім біліктілік арттыру курстарынан өтсе, басқарудың менеджменттік жүйесінен 33 мектеп басшысы мен орынбасарлары білімдерін жетілдірді.
2023 жылға бөлінген 26 млрд 306 млн 909 мың теңге теңге мектептерді модернизациялауға,бейнебақылаумен, дабыл қондырғыларымен жабдықтауға, жылу маусымының дайындық шараларын жүргізуге, ғимараттарды ұстап тұру шығындары мен мектептерді жетіспейтін оқулықтармен, әдеби кітаптармен қамтуға жұмсалады.
Қазіргі таңда балалардың экологиялық мәдениетін дамыту мақсатында Арал қаласындағы № 62 мектеп-лицей мен № 64 орта мектепке жылыжай орнатуға 10 млн. 989 мың теңге, облыс әкімінің «Үздік білім беру ұйымы» конкурсы арқылы бөлінген 34 млн. сыйақысының есебінен № 262 мектеп-гимназияға жылыжай салуға 4 млн. 659 мың теңге қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары аяқталды.
2023-2024 оқу жылына жетіспейтін оқулықтарға қаралған 161 млн. 578 мың теңге қаржының 121 млн 339 мың 824 теңгесіне 1 - 11 сынып аралығына жетіспейтін оқулықтар мен электрондық оқулықтар және қалған 40 млн 237 мың 938 теңгесіне көркем әдебиеттер алынып, барлық мектептерге толық таратылып берілді.
Ағымдағы жөндеу жұмыстары туралы
Аудан бойынша 2023 жылға модернизацияға 7 мектеп (№281 (Райым) орта мектебі, №77 (Құланды) орта мектебі, №73 (Аманөткел) орта мектебі, №230 (Жіңішкеқұм) орта мектебі, №13 (Арал қаласы) орта мектебі, №231 (Сексеуіл) орта мектебі, №19 (Жақсықылыш) орта мектебі) енгізіліп, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 6 млн. 739 мың теңге парта, тақта құралдарын алуға 11 млн. 524 мың теңге көркем әдебиеттермен қамтуға 2 млн. 836 мың теңге қаралды.
Пәндік кабинеттермен жабдықталу туралы
Жаңа үлгідегі пәндік кабинеттердің жалпы саны – 93 (Химия – 26, физика – 27, биология – 27, роботтехника – 13).
Соңғы 3 жыл көлемінде физика кабинетімен 5 мектеп, химия кабинетімен 4 мектеп, биология кабинетімен 5 мектеп жабдықталса, 2023 жылы 6 мектепті пәндік кабинеттермен жабдықтауға 47 млн.725 мың теңге(№281, №77 орта мектептер – физика; №73, 230 орта мектептер – химия; №13, № 231 орта мектептер – биология кабинеттерімен) қаржы бөлініп, қазіргі таңда 4 мектепке химия және биология кабинеттері орнатылды.
Қауіпсіздік шаралары туралы
Балалардың білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында 2022 жылы барлық мекемелер ішкі және сыртқы бейнекамералармен толықтай қамтылып (барлығы 824 бейнекамера, оның ішінде 556-ішкі, 268-сыртқы), соның ішінде бала және персонал саны 300-ден асатын 22 мектеп аудандық полиция бөліміне тікелей көрсетілімге қосылса, ағымдағы жылы 4 мектепті бейне бақылаумен қамтуға 28 млн. 800 мың теңге бөлінді. 2021 жылы ауданда 13 мектеп дабыл қондырғысымен қамтамасыз етілсе, биылғы жылы 10 мектепті дабыл қондырғыларымен қамтамасыз етуге 5 млн. 647 мың теңге қаржы бөлініп, бейнебақылау және дабыл қондырғыларын құру жұмыстары толығымен аяқталды.
Сонымен қатар, 9 мектепке (№13,14,62,83,220,262,19,177,231) және Арал аудандық Оқушылар үйіне мамандандырылған күзет қызметімен қамтамасыз етуге 6 млн. 540 мың теңге қаржыға «Памир» ЖШС-мен келісім-шарт жасалып, қазіргі таңда күзет қызметі жұмыс жасауда.
Ұлттық бірыңғай тестілеу туралы
2022-2023 оқу жылын 11 сынып бойынша 926 түлек бітіріп, ҰБТ-ға 727 оқушы қатысты. Орташа балл 82-іні құрап, 100 және онан жоғары балл жинаған бітірушілер саны-152. Ең жоғары балл-137.
Жалпы ЖОО мен АОО орындарына грантпен түскендер саны – 669.
11 бітірген түлектердің – 677-сі жоғары оқу орнына (516-сы грантпен Қазақстан ЖОО, 1-еуі грантпен шетелге, 2-еуі ақылы шетелге, 158-сі ақылы Қазақстан ЖОО) түскен. 231-і арнаулы оқу орындарына (152-сі грантпен, 79-ы ақылы АОО) түскен. Қазіргі таңда жалпы ЖОО мен АОО оқитындар саны – 908.
Осындай атқарылған ауқымды шаралармен қатар ағымдағы жылы жүзеге асырылатын жоспарлы жұмыстар:
Қазіргі уақытта Тоқабай елді мекенінде орналасқан апатты жағдайдағы № 248 орта мектеп бұзылып, қайта 100 орындық жаңа мектеп құрылысы мердігер есебінен салу жұмыстары жүргізілуде. Мектеп оқушылары жаңа ғимарат қолданысқа берілгенше ауыл әкімі аппаратының ғимаратында дәстүрлі түрде білім алуын жалғастыратын болады.
Арал ауданында «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша 2023-2025 жылдары 4 мектеп құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда Арал қаласы “Арай” мөлтек ауданы бойынша №220 орта мектеп пен №62 мектеп -лицейдің орын тапшылығын жою мақсатында 300 орындық 1 мектеп және Арал қаласы Жаңауыл мөлтек ауданы (Сейфуллин көшесі) бағытында қала орталығына темір жолды кесіп өтетін 450 оқушы мен осы мөлтекаудандағы (микрорайон өсуіне байланысты) орын тапшылығын қамтамасыз ету мақсатында 300 орындық мектеп, Жақсықылыш кентінен (микрорайон өсуіне байланысты) 300 орындық, Сексеуіл кентінен (елді мекендегі (микрорайон өсуіне байланысты және орын тапшылығын қамтамасыз ету мақсатында) 300 орындық мектептер. Ағымдағы жылы Арал қаласынан (“Арай” мөлтек ауданы) 300 орындық мектеп және Сексеуіл кентінен 300 орындық мектеп құрылысы басталды. Ал 2024 жылы Арал қаласында 300 орындық мектеп және Жақсықылыш кентінде 300 орындық мектеп құрылыстары жүргізілетін болады.
Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлердің бастамасымен Аққұм ауылдық округінен (140 орындық жеке бөбекжай-бақша), Қаратерең ауылдық округінен (75 орындық жеке бөбекжай-бақша), Аманөткел ауылдық округінен («Зере» жеке бөбекжай-бақшасының жанынан 40 орындық қосымша құрылыс), Арал қаласынан (100 орындық жеке балабақша) жеке балабақшалар құрылыстары жүргізіліп, алдағы уақытта пайдалануға берілу жоспарланып отыр.
Асар әдісімен салынған Сапақ елді мекеніндегі №69 орта мектептің типтік жобадағы жаңа 100 орындық мектеп құрылысын жүргізуге 1 077 969, 881 мың теңге, Жалаңаш ауылындағы №58 орта мектептің типтік жобадағы жаңа 100 орындық мектеп құрылысын жүргізуге 1 391 050, 882 мың теңге қаржы қажет етеді. Облыстық білім басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды.
Асар әдісімен салынған Райым елді мекеніндегі №72 орта мектептің типтік жобадағы 100 орындық мектеп құрылысын салу үшін жобалау-іздестіру жұмыстары әзірленіп, жоба-сметалық құжаттарын дайындау үшін 24 млн. 654 мың теңгеге бюджеттік өтінім тапсырылды.
Сонымен қатар, Арал ауданы Қамыстыбас ауылдық округiндегi №21 орта мектебiне мектептегі орын тапшылығын азайту мақсатында № 21 орта мектебiне 100 орындық oқу корпусының құрылысына 2021 жылы облыстық құрылыс басқармасы тарапынан «№21 орта мектебiне 100 орындық oқу корпусын жапсаржайын салу» жобасы жасалып, ағымдағы жылы құрылыс жұмыстарына 226,373 млн тг. бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, құрылыс жұмыстары басталуда.
«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асырудың Жол картасы
Білім саласы бойынша (РБ, ОБ, АБ) шешуді қажет ететін әлеуметтік-экономикалық мәселелер туралы
Бұл апатты балабақшалардың жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеу үшін 140 орындық «Жазира» балабақшасына 10,8 млн. теңге, 140 орындық «Балдырған» балабақшасына 10,8 млн. теңге және жобалық-сметалық құжаттамасын мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін 140 орындық «Толқын» балабақшасына 1,5 млн. теңге қаражат бөлініп, қазіргі уақытта облыстық құрылыс басқармасы тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда.
Сонымен қатар, ауылдық жерде орналасқан бірнеше балабақшаның (Шөмішкөл елді мекеніндегі «Ақбота» бөбекжай – бақшасы, Қызылжар елді мекеніндегі «Рауан» балабақшасы, Ақбай елді мекеніндегі «Қызғалдақ» балабақшасы, Сазды елді мекеніндегі «Балауса» балабақшасы, Қарақұм елді мекеніндегі «Шаттық» балабақшасы, Жаңақұрылыс елді мекеніндегі «Балбөбек» балабақшасы, Шижаға елді мекеніндегі «Ақбұлақ» балабақшасы) ғимараттары өте ескі, ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан. Барлығы да пешпен жылытылады. Бұл ғимараттар құрылысының арнайы балабақша нысаны ретінде жүргізілмей, ескі мектептердің ғимараттарын бейімдеу арқылы ашылғаны заманауи талапқа сай келметінін көрсетіп отыр. Бүгінгі күні, аталған балабақшалардың ішінде Шижаға елді мекеніндегі «Ақбұлақ» балабақшасының мәселесі жекеменшік әріптестік аясында шешімін тауып, жаңадан ашылатын типтік жобадағы 145 орындық «Аяулым» жеке бөбекжай-бақшасына көшірілетін болады. Осыған орай, типтік жобада жеке балабақша ғимараттарын салу жөнінде жеке кәсіпкерлермен түсіндірме жұмыстары үздіксіз жасалуда.
Арал ауданындағы білім саласының 2023 жылдың III-тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстары туралы мәлімет
Ағымдағы жылы Аудан бойынша модернизацияға 7 мектеп (№ 281 (Райым) орта мектебі, № 77 (Құланды) орта мектебі, № 73 (Аманөткел) орта мектебі, № 230 (Жіңішкеқұм) орта мектебі, № 13 (Арал қаласы) орта мектебі, № 231 (Сексеуіл) орта мектебі, № 19 (Жақсықылыш) орта мектебі) енгізіліп, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 6 млн. 739 мың теңге; парта, тақта құралдарын алуға 11 млн. 524 мың теңге; көркем әдебиеттермен қамтуға 2 млн. 836 мың теңге қаралды.
Соңғы 3 жыл көлемінде физика кабинетімен 5 мектеп, химия кабинетімен 4 мектеп, биология кабинетімен 5 мектеп жабдықталса, 2023 жылы 6 мектепті пәндік кабинеттермен жабдықтауға 47 млн. 725 мың теңге (№ 281, № 77 орта мектептер – физика; № 73, 230 орта мектептер – химия; № 13, № 231 орта мектептер – биология кабинеттерімен) қаржы бөлініп, қазіргі таңда 4 мектепке химия және биология кабинеттері орнатылды.
Дегенмен, физика кабинетімен жабдықтауға 15 мектепке, химия кабинетімен жабдықтауға 17 мектепке, ал биология кабинетімен жабдықтауға 19 мектепке қажеттілік бар.
Балалардың білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында 2022 жылы барлық мекемелер ішкі және сыртқы бейнекамералармен толықтай қамтылып (барлығы 824 бейнекамера, оның ішінде 556-ішкі, 268-сыртқы), соның ішінде бала және персонал саны 300-ден асатын 22 мектеп аудандық полиция бөліміне тікелей көрсетілімге қосылса, ағымдағы жылы 4 мектепті бейне бақылаумен қамтуға 28 млн. 800 мың теңге бөлінді. 2021 жылы ауданда 13 мектеп дабыл қондырғысымен қамтамасыз етілсе, биылғы жылы 10 мектепті дабыл қондырғыларымен қамтамасыз етуге 5 млн. 647 мың теңге қаржы бөлініп, бейнебақылау және дабыл қондырғыларын құру жұмыстары толығымен аяқталды.
Сонымен қатар, 9 мектепке (№13,14,62,83,220,262,19,177,231) және Арал аудандық Оқушылар үйіне мамандандырылған күзет қызметімен қамтамасыз етуге 6 млн. 540 мың теңге қаржы бөлініп, қазіргі уақытта «Памир» ЖШС-мен келісім-шарт жасалуда.
Биылғы жылы ауданда 1-10 сынып аралығындағы 16498 бала сауықтырумен, мектепішілік, мектептен тыс лагерлермен, үйірмелермен, экскурсиялар және көгалдандандыру жұмысымен қамтылды. Оның ішінде, «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығына жалпыға бірдей міндетті оқу қоры есебінен аз қамтылған отбасынан 577 бала, кәсіподақ есебінен 100 бала және ата-ана, басқа да демеушілер есебінен 23 бала барлығы 700 бала қамтылды.
Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы өтіп жатыр. Әрбір мектепте әлеуметтік көмекке мұқтаж балалардың тізімдері жасалып, қазіргі таңда аз қамтылған көмекке мұқтаж отбасының 127 баласына 1 млн. 630 мың теңгеге мектепке қажетті сөмке, оқу формасы, оқу құралдарынан көмектер жасалды. Бұл акция тоқтаусыз жалғасын табады.
Биылғы оқу жылы қарсаңында міндетті оқу қоры есебінен мектепке қажетті оқу формасы, сөмке оқу құралдарын алуға көмекке мұқтаж отбасынан 4829 бала есепке алынды. Аталған қор есебінен бір реттік көмекпен қамтамасыз ету үшін бір балаға бөлінген қаржы мөлшері 40567 теңгені құрайды. Ата-аналардың (заңды өкілдерінен) өтініштері қабылданып, комиссия қорытындысымен көмек алатын оқушылардың ата-аналарының есеп-шоттарына қаржыны аудару шаралары жүргізілді.
Арал ауданындағы білім саласының 2023 жылдың II-тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстары туралы мәлімет
Қазіргі таңда аудан бойынша 60 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс жасауда. Атап айтар болсақ, 18 мемлекеттік балабақша, 23 жеке балабақша, 19 мектеп жанынан ашылған толық күндік шағын орталық.
18 мемлекеттік балабақшада – 2115, 23 жекеменшік балабақшада - 1420, 19 мектеп жанынан ашылған толық күндік шағын орталықта – 584, барлығы – 4119 бүлдіршін тәрбиеленуде.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 392 педагог жұмыс жасайды, оның 265 – і түрлі деңгейдегі кәсіби біліктілік санатына ие.
Аудандағы 49 мектепте барлығы 17599 оқушы білім алуда. Мектептерде 2568 педагог қызмет жасайды, оның ішінде кәсіби біліктілік санатқа 1821 – і ие. Бұл педагогтардың жалпы үлесінің 71 пайызын құрайды.
Ағымдағы жылы Арал қаласындағы №64 орта мектепте кәріз жүйесін ауыстырылып, жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2022-2023 оқу жылында Арал қаласындағы 100 орындық интернаты бар 200 орындық № 71 орта мектептің ғимараты қолданысқа берілді.
Арал ауданы бойынша апатты жағдайдағы және үш ауысымда оқитын мектептер жоқ.
Сонымен қатар, Арал ауданында Жайлы мектеп бағдарламасы бойынша 2023-2024 жылдары 4 мектеп құрылысын жүргізу жоспарлануда: Арал қаласынан 300 орындық 2 мектеп, Жақсықылыш кентінен 300 орындық, Сексеуіл кентінен 600 орындық мектептер. Ағымдағы жылы Арал қаласынан 300 орындық мектеп және Сексеуіл кентінен 600 орындық мектеп құрылысы басталғалы тұр. Ал 2024 жылы Арал қаласында 300 орындық мектеп және Жақсықылыш кентінде 300 орындық мектеп құрылыстары жүргізілетін болады.
Қазіргі уақытта Тоқабай елді мекенінде орналасқан апатты жағдайдағы №248 орта мектепті мердігер есебінен бұзып, қайта 100 орындық жаңа мектеп құрылысын салу жұмыстары жүргізілуде.
«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Білім беруді тұрақты дамыту қорымен бірлесіп жүзеге асыратын «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін арттыру» қайырымдылық жобасы аясында Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейіне "Білімді дамыту" қорынан 250 млн.теңге қаржы бөлініп, материалдық-техникалық жаңарту жүргізіліп, жаңа білім беру технологиялары енгізілді. Білім ордасының барлық оқу кабинеттері, асхана, спортзал, шеберхана бөлмелері заманауи үлгідегі құралдармен жабдықталып, кітапхана мен оқырмандар залы әдеби кітаптар қорымен толықтырылды.
«Біліктілік арттыру курсы»
Ү.ж. сәуір-мамыр айларында Арал ауданы бойынша білім беру мекемелерінің дене шынықтыру пән мұғалімдері қазақ тілі-37, орыс тілі-13 мұғалім пән бойынша құзыреттілік біліктілік арттыру курсынан өтті.
Сәуір айы бойынша «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәні педагогтерінің базалық және пәндік құзреттіліктерін дамыту курсынан 25 тыңдаушы оқыды. «Жаһандық құзреттіліктер» тақырыбында 25 тыңдаушы көшпелі курстан өтті. «10-11 сыныптарда «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» (Т2) пәні педагогтерінің базалық және пәндік құзреттіліктерін дамыту курсынан 2 тыңдаушы өтті. «7-9 сыныптардағы география мұғалімдерінің пәндік құзреттілігін дамыту» атты көшпелі курстан 25 тыңдаушы өтті. «Аға тәлімгер» көшпелі курсынан 25 тыңдаушы өтті. «10-11 сыныптарда «Ағылшын тілі» пәні педагогтерінің базалық және пәндік құзреттіліктерін дамыту курсынан 3 тыңдаушы облыс орталығынан өтті.
Мамыр айы бойынша « Тәлімгер» көшпелі курсынан 25 тыңдаушы өтті. «Развитие предметных компетенций учителей русского языка и литературы в освоении сложных тем в 5-9 класса» атты көшпелі курсынан 25 тыңдаушы өтті. «10-11 сыныптарда «Ағылшын тілі» пәні педагогтерінің базалық және пәндік құзреттіліктерін дамыту курсынан 25 тыңдаушы өтті. «Жаһандық құзреттіліктер» тақырыбында 25 тыңдаушы көшпелі курстан өтті. «7-9 сыныптардағы география мұғалімдерінің пәндік құзреттілігін дамыту» атты көшпелі курстан 25 тыңдаушы өтті. «Тарих пәні мұғалімдерінің пәндік құзіреттіліктерін дамыту (5-9 сыныптар) тақырыбында 15.05-26.05.2023 жылы №64 орта мектеп базасында курс ұйымдастырылып 25 мұғалім курстан өтіп сертификатталды.
Арал ауданы бойынша 2022-2023 оқу жылында 11 сыныпта 926 түлек бітіреді. 16 мамыр-5 шілде күндері аралығында өткізілетін ҰБТ-дің 1-кезеңіне 732 оқушы (79,5%), 2-кезеңіне 726 оқушы (78,5%) қатысады. Мамыр айында 477 оқушы ҰБТ-ге қатысты. Орташа балл-81,13 балл құрады.
Бастауыш сыныптар бойынша:
20.03.2023ж Арал қаласындағы №260 орта мектеп базасында МАД педагогтарына арналған аудандық бірлестік отырысы өткізілді.
27-31 наурыз аралығында бастауыш сыныптардағы дәптерлердің жүргізілуін қадағалау жұмысы жүргізілді.
31.03.2023ж бастауыш сыныптарға жауапты мектеп директорының бастауыш сыныптарға жауапты орынбасарлары мен бірлестік жетекшілеріне арналған бірлестік отырысы өткізілді.
04.04.2023ж Арал қаласындағы №260 орта мектеп базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби біліктілігі-заман талабы» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.
07.04.2023ж Арал қаласындағы №62 мектеп-лицей базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған аудандық «Үздік әдістемелік және дидактикалық материалдар-2023» байқауы өткізілді. Бірлестік отырысына дидактикалық материалдары бар, жүйелі жұмыс жасап келе жатқан бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Олар: №71 орта мектебінен Исаева Шаттықгүл, «Жалғызағым» бастауыш мектебінен Әбілдаева Айткүл, №83 орта мектебінен Изкенова Маншук, №64 орта мектебінен Серікқызы Бағдат, №262 мектеп-гимназиядан Сейтова Венера, №14 мектеп-лицейден Оспанова Гульжайна, №59 орта мектебінен Бердалиева Гүлнар, №220 орта мектебінен Үмбетова Мадина, №62 мектеп-лицейінен Кеулімжаева Раушан, №57 орта мектебінен Тойбахова Жадыра, №13 орта мектебі Кикимова Айман. «Үздік әдістемелік және дидактикалық материалдар-2023» байқауында І орынмен №220 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Үмбетова Мадина марапатталды.
11.04.2023ж Арал қаласындағы №62 мектеп-лицей базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған пәндер бойынша таңдау курстарын, арнайы курстар, элективті курстар, оқу пәндерінің авторлық бағдарламаларын құрастыратын үздік мұғалімдердің алдыңғы қатарлы авторлық тәжірибесін анықтау мақсатында «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсы өткізілді. Конкурсқа 7 бастауыш сынып мұғалімі қатысты.Олар: №62 мектеп-лицейден Аблакиева Гаукар, №177 орта мектебінен Шалманова Балнур Сержановна, №262 мектеп-гимназиядан Ембергенова Асем Салауатқызы, №220 орта мектебінен Қалабаева Райкүл, №263 орта мектебінен Қазиева Жарқын мен Жарекеева Назгүл, №83 орта мектебінен Уразбаева Гүлнұр. «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсында І орынмен №177 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шалманова Балнұр Сержанқызы марапатталып, облыстық кезеңге жолдама алды.
14.04.2023ж Арал қаласындағы №62 мектеп-лицей базасында меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері арасында «Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» республикалық байқауының аудандық байқауы өткізілді. Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» аудандық байқауында І орынмен «Шаттық» балабақшасының әдіскері Турикбаева Айгул Кожабаевна марапатталып, облыстық кезеңге жолдама алды.
21.04.2023ж Арал қаласындағы №14 мектеп-лицей базасында меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары арасында «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогы» республикалық байқауының аудандық байқауы өткізілді. «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогы» аудандық байқауында І орынмен «Қарлығаш» бөбекжай-бақшасының педагогі Алдамжарова Күлмараш Ғалымқызы марапатталып, облыстық кезеңге қатысуға жолдама алды.
21.04.2023 ж Арал аудандық білім бөліміне қатысты барлық білім беру мекемелерінің бастауыш сыныптар бірлестігінде «Қазіргі жағдайда оқытушының кәсіби құзыреттілігін арттырудың шеберлік сыныптары» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Барлық бастауыш сынып мұғалімдері семинар-тренингке қамтылды.
19.05.2023ж 3,4-сынып оқушыларына арналған «Зерттеу-зерделеу» тобының шығармашылық жұмысы жүргізілді. Шығармашылық жұмыстар ғылыми жоба сайысы негізінде жүргізілді.
2023 жылы 12 оқушы облыстық кезеңнен жүлдегер атанып, оның ішінде 4 оқушымыз республикалық олимпиадаға қатысып, бақ сынады. Олимпиаданың облыстық кезеңінің нәтижесімен №14 мектеп-лицейі 2023 жылы “Үздік аудан мектебі - 2023” номинациясын иеленді.
№262 мектеп-гимназиясының математика пәнінің мұғалімі Мұқан Төлебаев нақты ғылымды оқытудың ерекше тәсілін ойлап тапты. Математиканы шағын футбол ережелері бойынша өтетін сабағы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырды. Мұғалімнің озық тәжірибесі облыстық білім басқармасының және аудандық білім бөлімінің фейсбук парақшаларында жарияланып, насихатталды.
Ағымдағы жылдың сәуір айында 5-6 сынып Олимпиадасының облыстық кезеңі өткізіліп, 25 оқушы жеңімпаз атанды. Жаратылыстану-математика бағытындағы 7-8 сынып оқушыларына арналған облыстық жасөспірімдер олимпиадасынан 5 оқушы жүлдегер атанды.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде 2023 жылы - 23 оқушы жүлдегер атанды. 2-7 сыныптар аралығында “Зерде” ғылыми жобалар конкурсы бойынша 7 оқушы - ІІ орын, 6 оқушы - ІІІ орын иеленді.
Ө.Жолдасбеков атындағы математикадан және механикадан зерттеу жұмыстарының Халықаралық конкурсынан 2023 жылы халықаралық ғылыми жобалар байқауында №14 мектеп-лицей оқушысы Жеңіс Әсел қолданбалы математикадан ІІІ орын иеленді. Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиадасынан №220 ом 1 оқушысы - ІІ орын, №13 ом 1 оқушысы -ІІ орын, 1 оқушысы - ІІІ орын иеленді.
Сонымен бірге, сәуір айында аудандағы №№ 14, 62, 237 мектептердің 4 және 8 – сыныптары бойынша 215 оқушы TIМSS халықаралық зерттеулеріне, ал аудандағы 7 мектептің (№№ 262, ОДМИ, 20, 58, 231, 87, 18 мектептері) 4, 9 – сынып бойынша 287 оқушы білім алушылардың білім жетістігін мониторингілеу (МОДО) шарасына тартылып, бақылау шаралары тиісті талап деңгейінде өткізілді.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6-сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадада орыс тілінде оқытатын мектептің Қазақ тілі пәнінен №14 мектеп-лицейдің 5-сынып оқушысы Пак Амелия І орын алды, Орыс тілі пәнінен 6-сынып оқушысы Боздақова Инабат ІІІ орын алды. Сонымен бірге, Қазақстан тарихы пәнінен №260 орта мектептің 6-сынып оқушысы Жолдасбаев Бекнұр І орын иеленді.
Мұнан басқа көптеген оқушыларымыз республикалық, облыстық «Дарын» қосымша білім беру орталығы ұйымдастыратын шығармашылық байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп келеді.
Мысалы, №67 орта мектебінің 9-сынып оқушысы Истанбаева Әсемай облыстық «Әбіш оқулары» байқауында І орынды жеңіп алып, республикалық кезеңнен Сертификат иемденді.
Республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңінде «Білгірлер бәйгесі» бағытында жұмбақ, мақал-мәтел, ертегі, жаңылтпаш бойынша №263 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Көпберген Ғайни топ жарып, жүлделі І орынды жеңіп алды. Республикалық кезеңге қатысып, ІІ орын иесі атанды.
Ерлік ешқашан ұмытылмайды! Ұлы жеңіс сыйлаған ардагерлерге мың тағзым! Ел қорғаны – еліміздің әскерлерінің ержүректілігі мен отансүйгіштігіне құрмет! Қызылорда облыстық білім басқармасының 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекелерін ұйымдастыру және атап өту жөніндегі іс-шаралар жоспарына байланысты 2023 жылдың 24 сәуіріндегі №82-нқ/1 санды бұйрығына сәйкес, 2023 жылдың 28 сәуірі күні жалпы білім беру ұйымдарының 5-6-сынып оқушылары үшін «Менің майдангер атам» және 7-8-сынып оқушылары үшін «Әскердегі ағама хат» тақырыбындағы облыстық эссе жазу байқауының І аудандық кезеңі қашықтан өткізілді.
Осы сайыстың жеңімпаздары болып, облыстық кезеңге қатысқан №20 орта мектебінің 7-сынып оқушысы Амангелді Сая І орын, №61 орта мектебінің 6-сынып оқушысы Жақсыбаева Ақтоты, №220 орта мектебінің 8-сынып оқушысы Әбдіхалықова Мерей ІІІ орындар алып, мерейлері үстем болды. №62 мектеп-лицейдің 5-сынып оқушысы Көптілеуова Инабат Сертификат иеленді.
Республикалық «Мағжан оқулары» байқауының облыстық кезеңіне ақын өлеңдерін жатқа айтудан қатысқан №76 негізгі мектептің 8-сынып оқушысы Садуақас Нұршат І орын алып, алдағы уақытта республикалық кезеңге қатысады.
Облыстық кезеңге өз шығармашылығы бойынша қатысқан №220 орта мектептің 10-сынып оқушысы Сағымбаева Қарақат ІІІ орын иеленді.
Ғылыми жоба жұмысы бойынша қатысқан №248 орта мектептің 10-сынып оқушысы Қайырла Зухра Алғыс хат алды.
«Мерген ару-2023» әскери-қолданбалы спорт түрлерінен Арал ауданы құрама командасы І орынды, Өнер мектебінің «Хор» ұжымы жас музыканттар байқауының облыстық кезеңінен жүлделі І орынды жеңіп алып, жеңімпаз атанды.
Дене шынықтыру, спорт бойынша:
"Футбол курсы"
2023 жылдың 5-6 сәуір күндері аралығында Қызылорда қаласында өткен, «Дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған футболдан төрешілік біліктілігін аттыру курсы және «Менің ойыным» атты фестиваліне ауданымыздың білім беру мекемелерінен қатысқан 18 дене шынықтыру пәні мұғалімі Қазақстан Футбол Федерациясының төрешілік ету сертификаттары табысталды.
Н.Мұқановты еске алуға арналған турнир
2023 жылдың 6-7 сәуір күндері Ұ.Қараманов атындағы №262 мектеп-гимназиясы спорт залында дене шынықтыру пәні мұғалімі болған, жас ұстаз Наурызбай Мұқановты еске алуға арналған футзалдан қалалық турнир өткізілді.
Дәстүрлі турнирге №13, №14, №62, №64, №71, №83, №220, №260, №262 қала мектептерінен командалар қатысып, нәтижесінде І орынды №262 мектеп-гимназиясы иеленсе, ІІ орынды №14 мектеп-лицейі және №220 орта мектеп командасы иеленді.
Жарыс жеңімпаздарымен үздік ойын өрнегін көрсеткен ойыншылар Арал ауданы бойынша білім бөлімінің медаль, кубок, дипломдарымен және Наурызбайдың отбасы атынан естелік сыйлықтармен марапатталды.
«Алау» әскери-патриоттық сайыс
2023 жылдың 11 сәуір күні «Алау» әскери спорттық ойын түрлерінен 7-8 сынып оқушылары арасында аудандық кезеңі өткізіліп, Сайыстың жеңімпаздары №13, 14, 231 мектептер командалары облыстық кезеңге қатысып, облыстық кезеңде ауданымыз І орын иеленді.
«Айбын» әскери жастар жиыны
2023 жылдың 2-3 мамыр күндері аралығында Қызылорда қаласында өткен Облыстық "Айбын-2023" жастар жиыны әскери қолданбалы спорт түрлерінен Арал ауданы I орынды иеленді.
Облыстық "Былғары доп"
2023 жылдың 10-15 мамыр күндері аралығында Қызылорда қаласында өткен Облыстық "Ұлттық мектеп лигасы" футболдан "Былғары доп" 7-8 сынып оқушылары арасындағы жарыста, Арал ауданы №64 орта мектеп қыз балалар және №220 орта мектеп ер балалар командалары II орындарды иеленді.
Аудандық спартакиада
Ұлы Жеңістің 78 жылы толуына орай, Арал ауданы бойынша білім беру мекемелерінің мұғалімдер арасында спорттың үстел теннисі, волейбол ерлер және әйелдер, шағын футбол түрлерінен аудандық спартакиадасы ү.ж. 11-12 мамыр күндері аралығында өткізілді.
Жалпы спартакиадаға 300-ге жуық мұғалімдер бақ сынады. Жарыс жеңімпаздарымен үздік ойыншылар Арал ауданы бойынша білім бөлімі дипломдарымен кубок, медальдарымен марапатталды.
Республикалық жетістік
Мамыр айында Алматы қаласында «Ұлттық мектеп лигасы» бес асықтан 5-6 сынып оқушылары арасында өткен республикалық ақтық кезеңде Қызылорда облысы, Арал ауданы, №61 орта мектептің 6 сынып оқушылары Темірқызы Нұрай, Серікова Сабина, Қалилаева Көркем І орын иеленді.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен 9-10 сынып оқушылары арасында Қазақстан тарихы пәнінен білім саласының ардагері С.Нұртаев атындағы Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі 27 сәуір күні өткізіліп, жеңімпаз атанған №65 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Қосан Ерғали және З.Шүкіров атындағы №20орта мектебінің 10 сынып оқушысы Бекенқызы Нұрсезім облыстық кезеңге жолдама алды.
10.03.2023 жылы «Жергілікті нысандарға саяхат-сабақтар шеруі» тақырыбында Арал ауданы бойынша білім бөлімі әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен №220 орта мектебінде химия, биология, география пәндері бойынша облыстық семинар-практикум өткізілді.
2023 жылдың сәуір айында мектептегі психологиялық қызмет жұмыстарын ұйымдастыру мен проблемалық мәселелерді шешу бойынша педагог-психологтарға әдістемелік кеңес беру жиыны өткізілді.
Білім беру ұйымдарындағы арнайы мамандармен "Жалпы білім беру жағдайында инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері" атты аудандық тәжірибе алмасу семинары ұйымдастырылды.
Білім беру ұйымдарындағы педагог-психологтар арасында «Үздік педагог-психолог-2023» байқауы өткізіліп, аудан жеңімпазы №14 мектеп-лицейдің психолог маманы Г.Ельшибаева облыстық кезеңнен Республикалық кезеңге жолдама алды.
Арнай мамандар арасында «Үздік дефектолог-2023» аудандық байқауы ұйымдастырылып, жеңімпаз №177 орта мектебінің дефектолог маманы А.Қалжан облыстық кезеңнен жүлделі ІІІ орын иеленді.
Арал ауданы бойынша білім бөлімі әдістемелік кабинеттің жоспарына сәйкес ұйымдыстырылған «Үздік жас маман - 2023» жас мамандарға арналған байқаудың аудандық кезеңі өткізілді.Байқауға еңбек өтілі 5 жылдан кем емес,жалпы пәндерден сабақ беріп жүрген ауданымыздың 18 жас маманы қатысты.
Байқаудың мақсаты:шығармашылықпен жұмыс жасайтын,талантты мұғалімдерді анықтау,оларды қолдау және тәжірибесін тарату;жас ізденімпаз,креативті,шығармашыл мұғалімінің мәртебесін көтеру.
Байқау 3 кезеңдер бойынша өткізілді:
1 турда «Шығармашыл толқын» тақырыбында - мұғалім өзінің жаңа технологиялық әдістер бойынша өткізген кез-келген 1 сабағын панорамалық түрде көрсетті.
2 турда «Мұғалімнің шығармашылық шеберханасы» тақырыбында - педагогикалық тәжірибесінде жасаған авторлық бағдарламасы, оқу-әдістемелік құралын қорғады. Байқауға өз пәні бойынша авторлық оқу әдістемелік кешені, оқу құралы, әдістемелік нұсқауыларын демонстрациялау арқылы көрсетті .
3 турда «Менің үздік педагогикалық идеям» тақырыбында – Мұғалімнің TEDх форматында таратуға лайықты педагогикалық идеясын ұсынды.
Байқаудың бағалаушы қазылар алқасы 3 тур бойынша қатысушылардың жұмыстарын тыңдап, талдап, әр тур бойынша бағаларын берді.
Байқау нәтижесі бойынша облыстық кезеңге жолдаманы №14 мектеп - лицейінің физика пәнінің мұғалімі Бисембаев Батырхан жеңіп алды.
Арал ауданы бойынша білім бөлімі әдістемелік кабинетінің бастамасымен 2023жылдың 3 мамырында №177 орта мектебі базасында аталған білім беру ұйымы кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Білімдіұрпақ – ел ертеңі» тақырыбында жалпы білім беру мекемелерінің 8 сынып оқушылары арасында дебат ойыны өткізілді.
Ұлттық пікірталас турниріне алты білім беру ұйымы қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Нәтижесінде
№177 орта мектебі – І орын
№87 орта мектебі – ІІ орын
№57 орта мектебі – ІІІ орын иеленді.
Ал №283, №231, №68 орта мектебі командалары «Алғыс хатпен» марапатталды.
14 сәуірі күні «Үздік кітапханашы-2023» облыстық байқауының аудандық кезеңі өткізілді, оған аудандағы 16 мектептен мектеп кітапханашылары қатысуға өтінім берді.
Байқау бекітілген ереже бойынша өткізілді.
Байқаудың қорытындысымен төмендегі кітапханашылар марапатталды:
|
Орындар |
Мектебі |
Жеңімпаздар аты-жөні |
|
І |
№71 орта мектебі |
Космамбетова Гулсим |
|
ІІ |
№220 орта мектебі |
Байболатова Гүлзада |
|
ІІ |
№260 орта мектебі |
Бисембиева Раушан |
|
ІІІ |
№20 орта мектебі |
Нысаналиева Майра |
|
ІІІ |
№75 орта мектебі |
Мамбеталиева Райхан |
|
ІІІ |
№74 орта мектебі |
Досаева Ақмарал |
|
Алғысхат |
№14 мектеп-лицейі |
Нұрпейсова Эльмира |
|
Алғысхат |
№68 орта мектебі |
Жусанова Айгүл |
|
Алғысхат |
№13 орта мектебі |
Бекмамбетова Айгүл |
Барлық білім беру мекемелерінде «Оқуға құштар мектеп жобасы», «Мектеп театры», «Ұшқыр ой алаңы», «Мектеп Парламенті» жобалары аясында жүйелі түрде жұмыстар атқарылуда.
Тәрбие бағытында «Сенімен болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігімен бірлескен «Саналы ұрпақ – ұлт болашағы» атты облыстық ата-аналар форумы және «Әке – отбасының алтын діңгегі» атты аудандық әкелер форумы жоғары дәрежеде өтті. Жас мамандармен «Отбасы – тәрбие бастауы» тақырыбында еркін форматта кездесу өткізілді. Оған абайтанушы, филология ғылымдарының кандидаты, ғалым, жазушы, аудармашы Омар Жалел Темірбеков қатысты.
Сонымен бірге, Арал ауданы білім қызметкерлері мен ата-аналарының «Отбасы – тәрбие бесігі» атты бірлескен кеңесі болып өтті.
Сонымен қатар, Әдістемелік кабинет әдіскерлерінің, аудан ұстаздарының, білім беру ұйымдарының оқу - әдістемелік жұмыстары, іс - тәжірибелері білім бөлімінің және мектептердің, балабақшалардың әлеуметтік жеке парақшаларында күнделікті жарияланып отыр.
Арал ауданындағы білім саласының 2023 жылдың I-тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстары туралы мәлімет
Қазіргі таңда аудан бойынша 60 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс жасауда. Атап айтар болсақ, 18 мемлекеттік балабақша, 23 жеке балабақша, 19 мектеп жанынан ашылған толық күндік шағын орталық.
18 мемлекеттік балабақшада – 2115, 23 жекеменшік балабақшада - 1420, 19 мектеп жанынан ашылған толық күндік шағын орталықта – 584, барлығы – 4119 бүлдіршін тәрбиеленуде.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 392 педагог жұмыс жасайды, оның 265 – і түрлі деңгейдегі кәсіби біліктілік санатына ие.
Аудандағы 49 мектепте барлығы 17599 оқушы білім алуда. Мектептерде 2568 педагог қызмет жасайды, оның ішінде кәсіби біліктілік санатқа 1821 – і ие. Бұл педагогтардың жалпы үлесінің 71 пайызын құрайды. Жыл сайын беру ұйымдары жас педагог мамандар қатарымен толығуда.
Соңғы 3 жыл ішінде 1753 мұғалім курстан өтсе, оның ішінде, ағымдағы оқу жылы көлемінде 576 мұғалім пәндік құзіреттілік курсынан өтіп отыр.
«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Білім беруді тұрақты дамыту қорымен бірлесіп жүзеге асыратын «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін арттыру» қайырымдылық жобасы аясында Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейіне "Білімді дамыту" қорынан 250 млн.теңге қаржы бөлініп, материалдық-техникалық жаңарту жүргізіліп, жаңа білім беру технологиялары енгізілді. Білім ордасының барлық оқу кабинеттері, асхана, спортзал, шеберхана бөлмелері заманауи үлгідегі құралдармен жабдықталып, кітапхана мен оқырмандар залы әдеби кітаптар қорымен толықтырылды.
2023 жылы 12 оқушы облыстық кезеңнен жүлдегер атанып, оның ішінде 4 оқушымыз республикалық олимпиадаға қатысып, бақ сынамақшы. Олимпиаданың облыстық кезеңінің нәтижесімен №14 мектеп-лицейі 2023 жылы “Үздік аудан мектебі - 2023” номинациясын иеленді.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде 2021 жылы - 6 оқушы, 2022 жылы - 12 оқушы, 2023 жылы - 23 оқушы жүлдегер атанды. 2-7 сыныптар аралығында “Зерде” ғылыми жобалар конкурсы бойынша 7 оқушы - ІІ орын, 6 оқушы - ІІІ орын иеленді.
Ө.Жолдасбеков атындағы математикадан және механикадан зерттеу жұмыстарының Халықаралық конкурсынан 2023 жылы халықаралық ғылыми жобалар байқауында №14 мектеп-лицей оқушысы Жеңіс Әсел қолданбалы математикадан ІІІ орын иеленді. Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиадасынан №220 ом 1 оқушысы - ІІ орын, №13 ом 1 оқушысы -ІІ орын, 1 оқушысы - ІІІ орын иеленді.
Мұнан басқа көптеген оқушыларымыз республикалық, облыстық «Дарын» қосымша білім беру орталығы ұйымдастыратын шығармашылық байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп келеді.
Мысалы, №67 орта мектебінің 9-сынып оқушысы Истанбаева Әсемай облыстық «Әбіш оқулары» байқауында І орынды жеңіп алып, республикалық кезеңге қатысуға мүмкіндік алды. «Мерген ару-2023» әскери-қолданбалы спорт түрлерінен Арал ауданы құрама командасы І орынды, Өнер мектебінің «Хор» ұжымы жас музыканттар байқауының облыстық кезеңінен жүлделі І орынды жеңіп алып, жеңімпаз атанды.
Барлық білім беру мекемелерінде «Оқуға құштар мектеп жобасы», «Мектеп театры», «Ұшқыр ой алаңы», «Мектеп Парламенті» жобалары аясында жүйелі түрде жұмыстар атқарылуда.
Тәрбие бағытында «Сенімен болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігімен бірлескен «Әке – отбасының алтын діңгегі» атты аудандық әкелер форумы жоғары дәрежеде өтті.
Сонымен қатар, Әдістемелік кабинет әдіскерлерінің, аудан ұстаздарының, білім беру ұйымдарының оқу - әдістемелік жұмыстары, іс - тәжірибелері білім бөлімінің және мектептердің, балабақшалардың әлеуметтік жеке парақшаларында күнделікті жарияланып отыр.
Арал ауданындағы білім саласының 3-тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстары туралы мәлімет
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары туралы
Қазіргі таңда аудан бойынша 59 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс жасауда. Атап айтар болсақ, 18 мемлекеттік балабақша, 22 жеке балабақша, 19 мектеп жанынан ашылған толық күндік шағын орталық.
18 мемлекеттік балабақшада – 2115, 22 жекеменшік балабақшада - 1375, 19 мектеп жанынан ашылған толық күндік шағын орталықта – 584, барлығы – 4074 бүлдіршін тәрбиеленуде.
2022 жылдың мамыр айынан бастап балабақшасы жоқ елді мекендер қатарындағы Тоқабай елді мекенінен 30 орындық «Бекзия-Ана» жеке балабақшасы, Арал қаласы Жылқаман батыр көшесінен 50 орындық «Райяна» жеке бөбекжай-бақшасы ашылып, өз жұмыстарын бастап кетті.
Сонымен қатар ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап, Жақсықылыш кентінен 140 орындық «Асылым» жеке бөбекжай-бақшасы, Бөген ауылынан 70 орындық «Айбұрым» жеке бөбекжай-бақшасы ашылып, ел игілігіне пайдалануға берілді. (Айта кетейік, ғимараттары апаттық деп танылған «Мерей» балабақшасы мен «Айдын» бөбекжай-бақшасы жабылып, қызметкерлері мен тәрбиеленушілері толықтай осы жаңа ғимараттарға көшірілді).
Және де балабақшасы жоқ елді мекендер қатарындағы Жіңішкеқұм, Қосаман ауылдарынан жеке кәсіпкерлер балабақша ашу үшін тиісті жұмыстар атқарылуда.
Жалпы орта білім беру ұйымдары бойынша:
Ауданда 50 мектеп (білім бөліміне қарасты 49 мектеп, 1 ОДМИ) бар. Онда 2022-2023 оқу жылы 17599 оқушы дәріс алуда. Олардың ішінде, 1 – сыныпқа 1704 оқушы (100 пайыз) қабылданып отыр. Аудан мектептеріндегі 2568 педагог маманның 71 пайызы (1821 мұғалім) "Шебер", "Зерттеуші", "Сарапшы" және «Модератор» санаттары бойынша қосымша үстемақылармен қамтылған. Соңғы 3 жыл ішінде 1553 мұғалім курстан өтсе, оның ішінде, ағымдағы оқу жылы көлемінде 331 мұғалім пәндік құзыреттілік курсынан өтіп отыр.
Ағымдағы жылы Арал қаласындағы №64 орта мектепке кәріз жүйесін ауыстыру мақсатында 7990.0 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2022-2023 оқу жылына Арал қаласындағы 100 орындық интернаты бар 200 орындық № 71 орта мектептің ғимараты қолданысқа берілді.
Апатты жағдайдағы Тоқабай елді мекеніндегі №248 орта мектеп (140 орындық) ғимаратын қазіргі уақытта мердігер («Өмірзақ» ЖШС) есебінен бұзып, қайта 100 орындық мектеп ғимаратын салу мақсатында жұмыстар жүргізілуде.
2022 жылы білім беру ұйымдарын пәндік кабинеттермен жабдықтауға 81512,0 мың теңге, бейнебақылаумен қамтамасыз етуге 36000,0 мың теңге, жол картасы бойынша инкюзивті орта қалыптастыруға 56220,0 мың теңге бөлінді.
Мектептерді 1 – 11 сынып аралығындағы жетіспейтін оқулықтармен және әдеби кітаптармен қамту мақсатында бюджеттен 115 млн. 357,0 мың теңге бөлініп, оқулықтармен толықтай қамтылды.
1 тамыз-30 қыркүйек аралығында мектептердегі әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасының 1489 баласына «Мектепке жол» акциясы барысында кәсіпкерлер, мәслихат депутаттары, жеке азаматтар, ауыл, кентте орналасқан мешіттер, мектептер ұжымы мен түлектері, ауыл жастары тарапынан 19 млн. 165 мың 525 теңге көлемінде мектеп формасы, аяқ киім, спорттық киімдер мен сөмке, оқу құралдарынан көмектер жасалды.
Өткен оқу жылында мектепті бітірген 933 оқушымыздың 651-і ҰБТ-ға қатысып, оның ішінде, мемлекеттік грант конкурсына құжат тапсырған 532 оқушының 410-ы ЖОО-ның, 6-уы облыс әкімінің грант иегері атанып отыр. Ал, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысқан 3 оқушының 1 – уі ІІІ орынмен, енді бірі алғыс хатпен марапатталды.
Аудандағы оқушылардың 96 пайызы (15097 бала) қосымша білім берумен қамтылған.
Ұ.Қараманов атындағы №262 мектеп-гимназиясы облыстағы білім беру ұйымдары арасында өткен «Үздік білім ордасы» конкурсының нәтижесінде жеңімпаз атанып, 34 миллион теңге грант иегері атанды.
Біраз жылдар бойы мәселесі күн тәртібінен түспей келе жатқан шағын жинақты мектептерді бірыңғай ресурстық орталыққа жұмылдыру мен оларға тікелей оқу-әдістемелік көмек беру қызметі де биыл оң шешімін тапты. Осыған орай, шағын жинақты мектептердің ресурстық орталығы болып қаладағы № 62 мектеп-лицей бекітіліп, қазіргі таңда мекеменің материалдық-техникалық базасын жаңғырту мақсатында "Білімді дамыту" қорынан 250 млн.теңге қаржы бөлініп отыр. Бұл қаржы білім ордасының барлық оқу кабинеттерін, асхана, спортзал, шеберхана, т.б. заманауи үлгідегі құралдармен жабдықтауға, кітапхана мен оқырмандар залын әдеби кітаптар қорымен толықтыруға жұмсалатын болады. Ал, мектеп-лицейдің педагог қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру үшін "Назарбаев Зияткерлік Мектебі" дербес білім беру ұйымының мамандары келіп арнайы дайындық курстарын өткізуде.
Қызылорда облыстық оқу орталығының жоспарына сәйкес Арал ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинеті «Ы.Алтынсарин әңгімелері-тәрбиенің таза бұлағы», «Оқушылардың функционалдық сауттылығын қалыптастыруда сындарлы оқыту әдістерін қолдану жолдары» тақырыптарында облыстық семинар – кеңестерін ұйымдастырды. Бұған облыс көлеміндегі аудандар мен Қызылорда қаласынан тәжірибелі мамандар қатыстырылып, аудан ұстаздарының іс-тәжірибелері таратылды.
Сонымен қатар аудан ұстаздарының әдістемелік жұмыстары білім бөлімінің және мектептердің әлеуметтік парақшаларында күнделікті жарияланып отырылса, облыстық, республикалық деңгейдегі әдістемелік-педагогикалық басылымдарда ағымдағы жылы 87 мұғалімнің шеберлік сыныбы, дидактикалық материалдары жарық көрді.
Арал ауданы бойынша білім бөлімінің ағымдағы жылдың 6 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары туралы: Қазіргі таңда Арал ауданы бойынша 59 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс жасауда. Атап айтар болсақ, 20 мемлекеттік балабақша, 20 жеке балабақша, 19 мектеп жанынан ашылған толық күндік шағын орталық. 20 мемлекеттік балабақшада – 223520 жекеменшік балабақшада - 116519 мектеп жанынан ашылған толық күндік шағын орталықта – 584, барлығы – 3984 бүлдіршін тәрбиеленуде. 2022 жылдың мамыр айынан бастап балабақшасы жоқ елдімекендер қатарындағы Тоқабай елдімекенінен 30 орындық «Бекзия-Ана» жеке балабақшасы, Арал қаласы Жылқаман батыр көшесінен 50 орындық «Райяна» жеке бөбекжай-бақшасы ашылып, өз жұмыстарын бастап кетті. Алдағы уақытта балабақшасы жоқ Жіңішкеқұм, Қосаман, Жалғызағым, Акшатау елдімекендерінен балабақша ашу жоспарланып отыр. Мектептердегі мектепалды даярлық топтарда 5-6 жастағы – 976, бастауыш сыныптарда – 1691 бала қамтылып отыр. Аудандағы 1-6 жас аралығындағы 9334 баланың 6651-і қамтылып, 25 пайызды құрап отыр. Оның ішінде 1-3 жас аралығындағы 2676 баланың 470-і (17,56 пайыз) бөбекжаймен қамтылған. 3-6 жастағы балалар – 6181, қамтылу пайызы – 100 пайыз. Барлық мектепке дейінгі 59 ұйымда 570 педагог қызмет (жоғары білімдісі – 361 /63,3%/, арнаулы орта білімдісі – 209 /36,6%/; жоғары санатты – 1 /0.17%/; І санат – 59 /10.35%/; ІІ санат – 117 /20.52%/, педагог-зерттеуші – 4 /0.7%/; педагог-сарапшы – 22 /3.85%/; педагог-модератор – 154 /27.81% ) атқарады (729 техникалық қызметкер). Инклюзивті білім алуға жағдай жасау мақсатында, 15 мемлекеттік балабақша да (75 пайыз) және 1 жеке балабақша да («Нұр-Ай») арнайы логопед маманымен қамтылып, барлығы 47,0 пайыз болып отыр.
Аудандағы 50 мектепте барлығы 17627 оқушы білім алуда. Мектептерде 2582 педагог (жоғары білімді - 2399; арнаулы орта білімді - 183; педагог-шебер – 2, педагог-зерттеуші – 286, педагог-сарапшы – 798, педагог-модератор – 683) қызмет жасайды. Жыл сайын беру ұйымдары жас педагог мамандар қатарымен толығуда. Мектептерде "магистр" академиялық дәрежесі бар педагог қызметкерлердің саны – 25. Ауданда бір кешкі мектеп (13 педкадр), Оқушылар Үйі (22 педкадр) және Өнер мектебі (15 педкадр) жұмыс жасайды. Білім бөлімінің әдістемелік кабинетінде 12 әдіскер жұмыс жасайды. Олардың ішінде, зерттеуші – 4, сарапшы – 3, І санатты – 4. Аудан бойынша «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен – 8 (2015-2020 ж.ж.), «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен - 1 (2015 ж.) «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен – 6 (2016-2021 ж.ж.), ҚР БҒМ-нің «Құрмет» грамотасымен – 57 (2015-2022 ж.ж.), «Алғыс» хатымен – 53 (2015-2022 ж.ж.) марапатталған. Әдістемелік кабинет аудан бойынша 342 пән бірлестігімен (қазақ тілі – 40, орыс тілі – 20, бастауыш сынып – 50, ағылшын – 35, тарих – 33, география – 29, физика – 45, информатика, физика, математика – 45, химия, биология - 45, көркем-эстетикалық пәндер - 45) жұмыс жасауда. Оның ішінде, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттырумен қатар, олардың әдістемелік және дидактикалық қамтамасыздығын бақылап, тәжірибе алмасу шараларын ұйымдастырып келеді. Ағымдағы оқу жылында 32 семинар-кеңес, тренинг, шеберлік сыныптары өткізілсе, оның 5 – і облыстық көлемде үйлестірілді. Оқу жылының көлемінде облыстық, республикалық кәсіби байқауларға 52 педагог қатысып, оның 27 – і түрлі жүлделі орындардан көрінді. «Үздік орта білім беру ұйымы-2022» сырттай сайысының облыстық кезеңіне № 262 мектеп-гимназияның құжаты ұсынылды. Соңғы 3 жыл ішінде аудан бойынша біліктілік арттыру курстарынан 1447 педагог өтті. Мұнан бөлек, менеджменттік басқару жүйесі бойынша 33 директор, 115 орынбасар білімдерін жетілдірді. PISA, TIMSS тәрізді халықаралық зерттеу тапсырмаларын дайындау әдістемесі бойынша 523 педагог маман оқыту семинарларына қатысып, сертификатталды. Қазіргі таңда бұл мамандар «Білім-центр» платформасының модульдік қызметін пайдаланып, шығармашылығын шыңдауда. Мектептердегі 57 мектеп тренері жыл сайын бірнеше топпен мұғалімдердің сыни ойлау дағдысы мен критериалды бағалау жүйесі бойынша танымын кеңейтуде. Жаңадан келген жас мамандармен 34 тәлімгер бірлесіп жұмыс атқаруда. Аудан бойынша 2021-2022 оқу жылында 11 сыныпты 933 оқушы бітірді. 11-сынып бойынша «Алтын Белгі» белгісін - 47, Үздік аттестатты 44 бала, 9-сынып бойынша Үздік куәлікті 131 оқушы иеленді. Оның ішінде ҰБТ-ге 1 кезеңге 649 оқушы қатысты. Орташа балл-76. 2 кезеңге 627 оқушы қатысып, орташа балл-79,5 құрады. 41 мектепте 1-10 сыныптар аралығында 5207 оқушы (39 пайыз) «Жазғы мектеп» шарасына тартылды. 2022-2023 оқу жылында бірінші сыныпқа барлығы 1750 оқушы келеді деп күтілуде. Аудан орталығында 1 жеке бастауыш мектеп құрылысы кәсіпкер есебінен салынады. Оған 4 сынып-комплектіге 80 бала қамтылады деп жоспарлануда. Жалпы, ауданымызда қосымша білім беру шараларына 14941 оқушы (85 пайыз) қамтылып отыр. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде 11 оқушы жұлдегер атанды:1 орынмен – 1 оқушы, 2 орынмен – 1 оқушы, 3 орынмен – 6 оқушы, Алғыс хатпен – 3 оқушы, атап айтар болсақ орыс мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен І орын Н.К.Крупская атындағы №14мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Прокопчук Ангелина(жетекшісі: Нурланова Салтанат), орыс тілі мен әдебиеті пәнінен ІІ орын Н.К.Крупская атындағы №14мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Махамбетжан Айшолпан (жетекшісі: Жумахметова Майра), орыс тілі мен әдебиеті пәнінен ІІІ орын Н.К.Крупская атындағы №14 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Еңсепбайқызы Назерке (жетекшісі: Кунарова Жанна), биология пәнінен ІІІ орын №220 орта мектептің 10 сынып оқушысы Рысқалиев Нұрсұлтан (жетекшісі: Абатова Гүлбану), өзін-өзі тану пәнінен ІІІ орын №73 орта мектептің 10 сынып оқушысы Теңізбай Әсел (жетекшісі: Жакаев Еркін), тарих пәнінен ІІІ орын №73 орта мектептің 10 сынып оқушысы Жеткергенова Жазира (жетекшісі: Тогаева Гулмира), орыс тілі мен әдебиеті пәнінен ІІІ орын Ұ.Қараманов атындағы №262 мектеп-гимназия 10 сынып оқушысы Тоғыс Жансая (жетекшісі: Ормаханова Нурсулу), қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ІІІ орын Ұ.Қараманов атындағы №262 мектеп-гимназия 10 сынып оқушысы Көптілеуова Ақгүл (жетекшісі: Дәуленбаева Гүлбаршын), Алғыс хаттармен: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Т.Г. Шевченко атындағы №13 орта мектеп 9 сынып оқушысы Абатова Аида (жетекшісі: Құрмантаева Лиза), ағылшын тілінен №220 орта мектептің 10 сынып оқушысы Бердімұратова Ләйла, тарих пәнінен №220 орта мектептің 11 сынып оқушысы Нысаналы Дилара. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың республикалық кезеңіне 3 оқушы, биология пәнінен №220 орта мектептің 10 сынып оқушысы Рысқалиев Нұрсұлтан (жетекшісі: Абатова Гүлбану), өзін-өзі тану пәнінен №73 орта мектептің 10 сынып оқушысы Теңізбай Әсел (жетекшісі: Жакаев Еркін), тарих пәнінен №220 орта мектептің 11 сынып оқушысы Нысаналы Дилара қатысты. Нәтижесімен биология пәнінен №220 орта мектептің 10 сынып оқушысы Рысқалиев Нұрсұлтан (жетекшісі: Абатова Гүлбану) ІІІ орын иеленді. Жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер (7-8 сынып оқушыларының) олимпиадасының облыстық кезеңінде 1 оқушы – 2 орын, 2 оқушы – 3 орын иеленді. Математика пәнін №22 орта мектептің 7 сынып оқушысы Қайыров Ернұр (жетекшісі Қалабаева Эльвира) ІІ орын, биология пәнінен№83 орта мектептің 8 сынып оқушысы Қайыпова Айым (жетекшісі Әбдіқалықова Достықгүл) мен биология пәнінен №14 мектеп-лицейдің 7 сынып оқушысы Бахитжан Акмарал (жетекшісі Сергазиева Боранкул) ІІІ орын иегерлері. PISA Халықаралық зерттеулер бағдарламасына ауданымыздың 4 мектебі, №№20,22,57,61 мектептер қатысты. Сонымен қатар республикалық білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізуіне (МОДО) 4 мектеп №№13,64,260,75 мектептер қатысты. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес аудан бойынша жаңа модификацияланған 23 биология (50 пайыз), 24 физика (52 пайыз), 24 химия (52 пайыз) кабинеттері бар. Қазіргі таңда үш (физика, химия, биология) пән кабинетімен толық жабдықталған 9 мектеп (№№64,62,14,262,61,20,19,57,177), екі пән кабинеттерімен жабдықталған 14 мектеп (№№2,260,83,71,13,63,21,59,82,22,58, 81,231,87) және бір ғана пән кабинетімен жабдықталған 15 мектеп (№№230,73,263, 75,74,65,200,248,72,77,68,67,66,60,69), бірде-бір жаңа модификацияланған пән кабинетімен жабдықталмаған негізгі мектептер (№18,76,227,237,265,281) және биыл пайдалануға берілген №283 орта мектеп. «НұрОтан» партиясының жол картасы «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» бағдарламасының 33 пункті шағын қалаларда, аудан орталықтары мен ауылдарда 5000 мектепті жаңғырту бойынша 2021 жылы №67,68,20,82 мектептерді жаңа модицифкацияланған пән кабинеттерімен жабдықталса, 2022 жылы жаңа модификацияланған пән кабинетімен жабдықталмаған негізгі мектептер (№18,76,227,237,265,281) жаңа пән кабинеттерімен жабдықталады. Бұған қосымша №283 орта мектепке 2 жаңа модификацияланған пән кабинеті басқа мектептерден балансына (№82,72 мектептерден) алынып берілуде. Қызылорда облысының білім басқармасының «Арал ауданы бойынша білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2022 жылдың 6 айына бөлінген қаржы – 12 млрд 710 млн 328,0мың теңге. Игерілгені – 12 млрд 690млн 997,1 мың теңге. Игерілуі – 99,99 пайыз. 2021 жылы білім бөліміне қарасты 50 мектептің 29 мектебіне турникет, 13 мектепке дабыл қондырғысы қондырылғандығын, Сондай-ақ барлық мекеме ішкі және сыртқы бейнекамералармен қамтылып, қазіргі уақытта аудандағы 40 мектеп бейнекамералары аудандық ішкі істер бөліміне тікелей көрсетілімге қосылды. 2020 жылы аудандағы білім беру ұйымдарының 15 мектебі ішкі әжетханалармен қымтылмаған болатын. 2020 жылдың қыркүйек айына дейін 15 мектепте (14, 83, 220, 58, 177, 13, 71, 57, 69, 72, Жалғызағым, Ақшатау, Мойнақ, Құрлық, Көнту бастауыш мектептері) құрылыс жұмыстары жүргізіліп, ішкі әжетханалармен қамтылды. Қазіргі таңда барлық білімі беру ұйымы толықтай жылы әжетханалармен қамтылды. Арал ауданы білім бөлімі бойынша 115357,0 мың теңге қаржы қаралды. Оның ішінде 2 сыныпқа жаңартылған оқулыққа тапсырыс 23372 данаға 47775,7 мың теңгеге тапсырыс толығымен берілді. Қалған 1,3-11 сыныптарға жетіспейтін оқулықтарға 27558 данаға 63624,8 мың теңгеге, Абайтану оқулығына 2508 данаға 4316,2 мың теңгеге тапсырып берілді.
Жазғы маусымдағы лагерь туралы: Ауданнан тыс лагерлерге демеушілер, кәсіподақ, ата-аналар есебінен-677 бала, Қызылорда қаласындағы орталық мұражай және Рухани жаңғыру орталығына саяхатқа -319 бала, Арал қаласының орталығындағы музейлерге (Балықшылар музейі, Өлкетану музейі, Ә.Нұрпейісов атындағы музей)-850 бала, шатырлы лагерлерге -640 бала, Түркістан, қаласындағы тарихи орындарға саяхатқа- 442 бала, көркейту –көгалдандыруға еңбек лагеріне-10 сыныптан 928 бала, мектеп жанындағы спорттық бағыттағы аулалық клубқа 2490 бала бөлімнің мектептер бойынша бекітілген кестесіне сәйкес қамту жоспарланды. Жазғы маусымда «Жасыл ел» көркейту-көгалдандыру жасақтарына маусымдық ақылы жұмыс жасауға Жастар ресурстық орталығына өтініш беру арқылы маусым-тамыз аралығында оның ішінде кәмелет жасына толмаған аз қамтылған отбасынан мектеп жасындағы 16 жасқа толған 50 бала қамтылады деп жоспарланып, қазіргі таңда 21 бала жұмыс жасауда. Маусым айында ата-аналардың сұранысы бойынша мектеп директорларының ұсынысымен білім бөлімі тарапынан аудандық полиция бөліміне балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, баратын автокөліктің жарамдылығын қарап тексеру жұмыстарын жүргізу мақсатында хат жолданып, Түркістан қаласындағы тарихи орындарға және Қорқыт Ата мемориалдық кешеніне аудан мектептерінен 710 бала саяхаттап қайтса, алдағы уақытта да бұл жұмыстар өтініш білдірген ата-аналар үшін жалғасын табады. Балалар автокөлікпен бірге поезбен де тасымалдануда, олардың жолдағы қауіпсіздігіне арнайы жетекшілер бекітілген. Сонымен бірге 28 мамыр-11 маусым аралығында Көкшетаудағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына аудан мектептерінің оқу озаттары, облыстық, республикалық олимпиада, ғылыми жоба, спорт, өнер сайыстарының жүлдегерлері арасынан 16 бала жіберілсе, 30 мамыр-20 маусым аралығында Алматыдағы «Бөбек» санаториялық лагеріне 5-6 сынып аралығындағы ата-ана қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, көп балалы отбасынан 10 бала демалуға және ем шара қабылдауға жіберілді. Республика көлеміндегі ақылы лагерлер туралы ата-аналар мен оқушыларды хабардар ету үшін барлық мектептерге білім басқармасы тарапынан келген хабарламалар жолдануда. Мектептердің спорт залдары мен мектеп ауласындағы спортық ойын алаңдары жаз мезгілінде күндізгі уақыттарында мектеп оқушыларына және аудан әкімдігінің меморандумына сәйкес кешкілік уақытта мектеп оқушыларымен бірге ауыл жастарына да пайдалануына толықтай мүмкіндік жасалып, оған арнайы жауапты мамандар бекітілген. Балалар футбол, волейбол, баскетбол тағы басқа да спорт түрлерімен шұғылданды. Жаз айларында келеңсіз жағдайлардан сақтану оның ішінде өрттен, судан сақтану, тамақтардан уланудан қорғану, жол-көлік оқиғаларынан абай болу жолдарын үйрету, алдын алу мақсатында білім беру мекемелерінде тиісті сала қызметкерлерімен бірлесіп сәуір, мамыр айларында оқушыларға және олардың ата-аналарына онлайн, офлайн арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар, бейнероликтер таратылды. Осы аталған мәселелер аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия отырысында және білім бөлімі жанындағы кеңейтілген кеңесте қаралып мектеп директорларына жаз мезгілде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және олардың қауіпсіздігін сақтауда тиісті шаралардың өз деңгейінде орындалуын қамтамасыз ету мектеп директорларына қатаң ескертілді. Қала сыртындағы «Қамбаш» лагеріне балаларды тасымалдау қауіпсіздігін және сауықтыру орнында қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуге жетекшілермен бірге кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімше қызметкерлерінен арнайы қызметкерлер бөлінген. Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығына жақын ескі лагерьде орналасқан. (Қызметкерлер саны-11 адам). Жедел құтқару бекеті қызметкерлері лагерьге демалуға келген балаларды бассейнге және Қамыстыбас көліне суға түсу кезіндегі қауіпсіздігіне, суға жүзудің алғашқы тәсілдерін көрсетіп, үйретуге жұмыстар жүргізеді және лагерь директорымен бірлескен іс-шара негізінде лекциялар оқып, суға түсу күндерін анықтап, балалардың суға түсетін кезінде бірге болып қауіпсіздігін сақтауда бірлесіп жұмыстар атқарады. Аудандық білім бөлімі жанындағы кеңесте балалардың су қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, мектеп басшыларына баланың өмірі мен денсаулығы үшін жауаптылықта болатындығы қатаң ескертіліп, хаттамалық тапсырмалар беріліп, тиісті шаралар қабылданып жұмыстар жүргізілуде. Сәуір-мамыр айларында Арал ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің тиісті мамандардың қатысумен аудан мектептерінде оқушылар арасында су,өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында видеорликтер көрсетіліп, жадынамалар таратылды. Барлық мектептер және әсіресе суға жақын орналасқан елді мекендердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері ата-аналармен және оқушылармен су қауіпсіздігін сақтау бағытындағы тиісті жұмыстар атқарылып, қазіргі таңда ата-аналармен байланыста болып қадағалау, алдын алу шаралары жүргізілуде. Балалардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында жұма, сенбі күндері білім беру мекемелерінен құрылған топ кезекшілікке шықса және мереке күндері мектеп еріктілері, білім бөлімі, Жастар ресурстық орталығы, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлескен күшейтілген рейд ұйымдастырылып, кәмелетке толмағандардың жүріс -тұрыстарына бақылау жасау, заңды өкілдерінің қарауынсыз түнгі уақытта көшеде және ойын-сауық орындарында беймезгіл жүретін жасөспірімдерді анықтау, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, болдырмауға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.Рейд барысында жасөспірімдерге және олардың ата-аналарына беймезгіл жүрістерді болдырмау және олардың заң аясындағы жауапкершілігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Проблемалық мәселелер:
Арал қаласындағы №71 мектеп интернатының ғимараты «D-ARU» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2015 жылдың 06 ақпандағы №7 эксперттік қорытындысына сәйкес, мектеп ғимаратының техникалық жай-күйі апаттық жағдайда деп танылған, сол себепті ағымдағы жылы Арал қаласындағы № 71 мектеп-интернатына 1 107 769,6 мың теңгеге (200 орындық оқу корпусы, 100 орындық жатақхана) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2022 жылы қолданысқа беріледі
Арал ауданы, Аманөткел ауылды округіне қарасты Ақшатау елді мекеніндегі «Ақшатау» бастауыш мектебінің ғимараты 1982 жылы салынған, типтік жобадағы емес. Жоба сметалық құжаттамасы 02.10.2020 жылы № КССЭ-0026/20 мемлекеттік сараптамыдан өткізілді. Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Арал ауданы Қамыстыбас елді мекеніндегі №21 орта мектебі 2006 жылы жобалық қуаты 250 орындық қосымша құрылыс ретінде пайдалануға берілген. Қосымша құрылыс жобасына спорт зал,мәжіліс залы,кітапхана,асхана және әрқайсысына 20-25 баладан деп есептелген 11 кабинет енгізілген. Қазіргі оқу процесінде осы 11 кабинеттің 3-еуі арнайы жабдықталған информатика,мультимедиа, робототехника кабинеттері ретінде пайдаланылуда болса, 1-еуі мұғалімдер бөлмесі ретінде пайдаланылуда. Сонда қалған 7 оқу кабинеті күнделікті сабақ процесінде тұрақты түрде пайдаланылуда.
Арал ауданы, Қамыстыбас елді мекенінде орналасқан №21 орта мектебі ғимаратына 100 орындық қосымша құрылысын салуға 226 373,6 мың теңге қаржы қажет етеді.
Апатты балабақшалардың мәселесі жеке инвесторларды тарта отырып шешу жоспарлануда. Бүгінгі күні апатты балабақшалардағы тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жалдамалы ғимараттарға және мектеп жанындағы интернатқа көшірілді.
Атап айтқанда, Арал ауданындағы «Толқын», «Балдырған» балабақшалары 200 орындық жекеменшік балабақша ғимаратына көшірілді.
Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлер тарапынан Жақсықылыш кентінен 140 орындық, Бөген ауылынан 90 орындық жеке балабақша ғимараттары құрылыстары жүргізіліп, қыркүйек айынан бастап пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Балабақша ғимараты дайын болғаннан кейін аталған елдімекендегі «Мерей» және «Айдын» балабақшалары тәрбиеленушілері мен қызметкерлері толықтай көшірілетін болады.
Арал ауданы, Жалғызағым стансасындағы бастауыш мектеп ғимараты 2004 жылы типтік жобамен емес, тұрғын үй есебінде ыңғайластырып салынған. Жалғызағым стансысына 50 орындық мектеп құрылысы жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 17 012, 057 мың теңге қаржы қажет етеді. Арал қаласы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған құрылыс жүргізілетін мектептер тізімінің 2024 жылына енгізілді.
Арал ауданы, Сапақ елді мекеніндегі №69 орта мектеп ғимараты 2004 жылы ауылдың батыс бөлігінен асарланып, ыңғайластырылған типте салынған. Сапақ елді мекені 100 орындық мектеп құрылысы жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 18 206, 759 мың теңге қаржы қажет етеді. Арал қаласы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған құрылыс жүргізілетін мектептер тізімінің 2023 жылына енгізілді.
Аудандағы білім беру саласы бойынша 2022 жылдың 3 айында атқарылған шаралар туралы мәлімет
Еліміздегі әлеуметтік-қоғамдық және саяси-экономикалық тұрақтылықты сақтау бағытында қабылданып жатқан тың реформалар білім саласын айтарлықтай өзгерістерге бейімделуге әкелді.
Соның ішінде, заманауи қоғам талабына сәйкес оқыту мен тәрбиелеу үдерістерін әлемдік стандарт деңгейіне көтеру, оқыту мазмұнын жаңарту, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру, олардың бойына сыни ойлау дағдысын сіңірту, ерте жастан кәсіпке бейімдеу, ұлттық құндылықтарды қалыптастыру, білім жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өзге де салааралық қызметтерді реттеу, менеджменттік және ветикальды басқаруға көшу, жан басына қаржыландыру, педагог кадрлар сапасын рейтингілеу сияқты т.б. қызметтерді шұғыл тұрғыда үйлестіру басты назарда болды.
Пандемия кезеңіндегі білім саласында орын алған олқылықтарды қайтара қалпына келтіру бізден, яғни педагог қызметкерлерден орасан зор күшті қажет етті. Дегенмен, объективті қиындықтарға қарамастан, аудандағы білім беру ұйымдарының сапалы білім беру жайын тұрақтатып, бірыңғай білім беру кеңістігін жүйелі тұрғыда қалыптастыру үшін білім бөлімі мен барлық білім беру мекемелері тарапынан үйлестірілген бірлескен қызмет өз нәтижесін беріп келеді. Мектептер мен балалабақшалар арасында желілік қауымдастықтар құрылып, жетекші мекемелер дер кезінде ақпараттық – түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырды. Сонымен қоса, қызмет барысында туындаған түрлі жағдаяттарды шешуде білім бөлімінің әдістемелік кабинеті педагогикалық қолдауларын ұйымдастырып, әдістемелік кеңестерін беруден аянып қалмады.
Жалпы, ауданда 57 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс жасайды. Оның ішінде, 20 мемлекеттік балабақша, 18 жекеменшік балабақша,19 мектеп жанынан ашылған толық күндік шағын орталық бар. 20 мемлекеттік балабақшада – 2155, 18 жекеменшік балабақшада - 1085, 19 мектеп жанынан ашылған толық күндік шағын орталықта – 584, барлығы – 3824 бүлдіршін тәрбиеленуде.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 528 педагог (жоғары білімді – 334, арнаулы орта – 194) жұмыс жасайды, оның 351 – і түрлі деңгейдегі кәсіби біліктілік санатына ие (жоғары санатты – 1; І санат – 71; ІІ санат – 149, педагог-зерттеуші – 3; педагог-сарапшы – 19; педагог-модератор - 108).
Балабақшалар бойынша 2020-2025 жылдарға арналған 1-6 жастағы балалардың қамтылуын 100 пайызға жеткізудің қадамдық жоспары әзірленіп, жыл сайын мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қатары артып келеді. Оған дәлел үстіміздегі жылдың ақпан айынан бастап Жақсықылыш кентінен 40 орындық «Күншуақ» жеке балабақшасы, желтоқсан айынан бастап балабақшасы жоқ елді мекендер қатарындағы Қарашалаң елді мекенінен 40 орындық «Тамырлан» жеке бөбекжай-бақшасы, Арал қаласынан 23 орындық «АрМаныМ» жеке бөбекжай-бақшасы, 25 орындық «Ботақан» жеке бөбекжайы ашылып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Сонымен қатар, мөлтек ауданда мектеп-лицейге келетін оқушылар санының артуынан, № 62 мектеп-лицей жанындағы 75 орындық шағын орталық жабылып, тәрбиеленушілері мен қызметкерлері Бегім Ана көшесі №3 мекен-жайдан ашылған 90 орындық «Құлыншақ» жеке бөбекжай-бақшасына көшірілді. 2021 жылдың қаңтар айынан бастап аудандағы қала, кент, ауылдық округ әкімдіктеріне қарасты мемлекеттік балабақшалар облыстық білім басқармасы теңгеріміне беріліп, вертикальды басқару жүйесіне ауысты. Мектепке дейінгі ұйымдарда, атап айтар болсақ, 7 балабақшада (Алтын балық, Сартай, Жазира, Толқын, Айдын, Желкен, Ақбұлақ) логопед кабинеттерін ашуға 18 млн. теңге қаржы бөлініп, логопедиялық пункттер ашылды.
Аудандағы 50 мектепте барлығы 17627 оқушы білім алуда. Мектептерде 2582 педагог (жоғары білімді - 2399; арнаулы орта білімді - 183) қызмет жасайды, оның ішінде кәсіби біліктілік санатқа 1681 – і ие (педагог-шебер – 2, педагог-зерттеуші – 261, педагог-сарапшы – 735, педагог-модератор – 683).
Ағымдағы оқу жылында мектеп бітірушілер саны 924-ке жетіп отыр. Ал ҰБТ-ға қатысуға ниет білдірушілер саны күн санап артуда. Үстіміздегі жылдың қаңтар айындағы ақылы тестілеуге қатысуға өтініш бергендер саны 87-ні, ал ақпан айында 549-ды құраса, наурыз айында бұлардың саны 649–ға жетті. Қаңтар-ақпан айларындағы бұл сынама тестілеу қорытындысы бойынша орташа балл 72,3 – ті құрап отыр. Әрине, мектеп қабырғаларында қосымша сабақтар ұйымдастырылып, мектеп бітіруші сынып оқушыларына көптеген көмектер берілуде. Оқушылардың дайындығын күшейту мақсатында онлайн платформалар қызметі іске қосылған. Ауданымыздың кейбір мектептерінде ата-аналардың келісімдерімен ҰБТ орталықтарынан электрондық нұсқалардың қағаз нұсқалары да жеткізіліп, сынама тестілеу қорытындылары шығарылып берілуде.
Сонымен қоса, барлық мектеп ішкі және сыртқы бейнебақылау жүйесімен, ішкі әжетханалармен толық қамтылған. Ағымдағы жылы №21, №57, №61, №231, №283 орта мектептерді жаңа үлгідегі бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында облыстық бюджеттен 36,0 млн теңге бөлу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, №14 мектеп-лицейінің бастауыш ғимараты мен №220 орта мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 11 млн. 187 мың 44 теңгеге жоба сметалық құжаттама дайындалуда.
Мектеп оқушыларының зияткерлік, рухани-адамгершілік және дене дамуын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Оған қоса, қосымша білім беруді дамыту да басты назарда. Өткен жылы аудан бойынша қосымша біліммен қамту деңгейі 95 пайыздан 97 пайызға артты (мектепішілік 1024 үйірмеге 16980 бала, оның ішінде спорттық 354 үйірмеге 8320 бала, пәндік 516 үйірмеге 6862, көркемдік эстетикалық бағыттағы 154 үйірмеге 2753 бала, аудандық Оқушылар Үйіне 18 үйірмеге 965 бала қамтылған).
Ауданда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны-66. Оларға 40 қамқоршы, 26 қорғаншы тағайындалған. 21-інде ата-анасынан қалған үлестік үй бар. Қаңтар-наурыз айы бойынша 66 баланың жәрдемақысы төленіп отырды.
«Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін инклюзивті ортаны қалыптастыру бойынша 2020 – 2022 жылдарға арналған өңірлік Жол картасы» аясында педагогтардың біліктілігін арттыру бойынша, 190 педагог арнайы курстан өткізілді.
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар арасында «Шексіз шығармашылық» республикалық байқауының аудандық кезеңі қашықтықтан ұйымдастырылып 28 оқушы қатысты. Олардан іріктеліп алынған 10 оқушы сурет байқауы бойынша-4, Сәндік-қолданбалы өнер бойынша-5, «Қиял-ғажайып әлемі» әңгімелер байқауы бойынша-1 оқушы облыстық кезеңге жолдама алды.
2022 жылдың ақпан айында «Біздің айналамыздағы экономика» атты облыстық экономикалық ойындары өткізіліп, облыстық кезеңге қатысқан №262 мектеп-гимназиясының командасы облыстық кезеңнен 1-орын иеленді.
Аудандағы білім беру мекемелерінде ҚР БҒМ тапсырмасымен іске асырылып жатқан «Оқуға құштар мектеп», «Мектеп театры», «Ұшқыр ой алаңы», «Мектеп Парламенті» жобалары жүйелі жолға қойылған. Мектеп кітапханалары жанынан коворкинг бұрыштары әзірленіп, балалар мен олардың ата-аналарының арасындағы диалогтық қарым-қатынасты нығайту мақсатында жыл көлемінде «Отбасылық кітап оқу», «Оқырмандар күні» акциялары өткізіліп отырылады. Аудан мектептеріндегі театр, эко-әлем жобасы аясында өткізілген «Киелі табиғат» атты республикалық байқаудан №73 орта мектеп жүлделі 2-орынды иеленіп, 75 мың теңге сыйақыны ұтып алды.
Арал қаласындағы № 71 мектеп-интернатына (200 орындық оқу корпусы, 100 орындық жатақхана) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Осы жылы қолданысқа беріледі деп күтілуде.
Арал ауданы, Аманөткел ауылды округіне қарасты Ақшатау елді мекеніндегі «Ақшатау» бастауыш мектебінің ғимараты, Жалғызағым стансасындағы бастауыш мектеп ғимараты, Сапақ елді мекеніндегі №69 орта мектеп ғимараты құрылыс жүргізілетін мектептер тізімінің қатарына енгізілді.
Апатты балабақшалардың мәселесін жеке инвесторларды тарта отырып шешу жоспарлануда. Бүгінгі күні апатты балабақшалардағы тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жалдамалы ғимараттарға және мектеп жанына көшірілді. Атап айтқанда, Арал ауданындағы «Толқын», «Балдырған» балабақшалары 200 орындық жекеменшік балабақша ғимаратына көшірілді. «Айдын», «Мерей», «Жазира», «Ақбұлақ» балабақшалары бойынша («Айдын» бойынша инвестормен келіссөздер жүргізілуде, «Мерей» инвесторға құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жер телімі берілді, 2022 жылы бастау жоспарлануда) жеке кәсіпкерлерді тарту арқылы шешілетін болады. Сонымен қатар, Шижаға елді мекеніндегі ыңғайластырылған типте салынған тозығы жеткен балабақша мәселесін жеке кәсіпкерлерді тарту арқылы шешу жоспарлануда.
Білім беру ұйымдарын пәндік кабинеттермен жабдықтауға 81512,0 мың теңге қаржы бөлінді.
Мектептерді бейнебақылаумен қамтамасыз етуге 36000,0 мың теңге қаржы бөлінді.
Жол картасы бойынша инкюзивті орта қалыптастыруға бөлінген қаржылар 56220,0 мың теңгені құрайды.
Ауданымызды дарынды балаларды анықтау жүйесін енгізу жұмысы да оң жолға қойылып келеді. Оқушылардың шығармашылық байқауларға қатысып, жоғары көрсеткіш көрсетіп келеді.
2022 жылдың 20 қаңтары күні аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ақ күріштің атасы, Еңбек ері Ы.Жақаевтың 130 жылдығына арналған ауыл мектептерінің 7-8-сынып оқушылары арасында қашықтан облыстық жас қаламгерлер (шығарма жазу) байқауының І аудандық кезеңі өткізілді. Байқау қорытындысында І орынға ие болған №75 мектептің 7-сынып оқушысы Әбілғазы Нұрхан облыстық кезеңнен де топ жарып, І орын алды. Аудандық кезеңнің тағы бір жеңімпазы, №177 мектептің 8-сынып оқушысы Рахметқали Қарақат облыстық кезеңнен ІІІ орын алды.
2022 жылдың 28 қаңтарында жалпы білім беру ұйымдарының 5-11-сынып оқушылары арасында КСРО Халық әртісі, халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына орай «Ақмаңдайлым» атты әншілер байқауы мен ақындар мүшәйрасының аудандық кезеңі қашықтан өткізілді.
Байқау қорытындысында «Әншілер байқауы» бойынша топ жарған №19 мектептің оқушысы Қазиұлы Мирас және «Ақындар мүшәйрасы» бойынша аудан жеңімпазы №82 мектептің оқушысы Жеткербаев Мейірбек – екі оқушы да облыстық кезеңге қатысып, жүлделі ІІІ орынның иесі атанды.
2022 жылдың 04 ақпаны күні аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, №64 орта мектеп базасында 9-11-сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен Абай атындағы IV республикалық олимпиаданың І аудандық кезеңі өткізілді.
Олимпиадаға оқушылар екі айналым бойынша қатысты. Бірінші айналымда Абай қарасөздері мен поэзиясынан дайындалған тақырыптардың біріне эссе жазды. Екінші айналымда М.Әуезовтің «Абай жолы» романы бойынша және Абай шығармашылығы негізінде дайындалған тапсырмаларға жауап берді. Байқау қорытындысында І орын алған №73 мектептің 10-сынып Берікқызы Қарақат облыстық кезеңге қатысып, ІІІ орынға ие болды.
2022 жылдың 17 ақпан күні аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ауыл мектептерінің 9-11-сынып оқушылары арасында қашықтан «Отбасым – бақыт мекені» тақырыбында облыстық жас қаламгерлер (шығарма жазу) байқауының І аудандық кезеңі өткізілді.
Байқау қорытындысында жеңімпаз атанған оқушының бірі - №82 мектептің 9-сынып оқушысы Орынбасарова Жанар облыстан ІІІ орын иеленді.
2022 жылдың 11 наурызында №262 мектеп-гимназия базасында барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектептердің 5-9 – сынып оқушылары арасында «Батырды ұлықтау – тарихымызды ұмытпау» атты байқаудың аудандық кезеңі өткізілді.
Өлкеміздің халықтық дәстүрінде сақталған ауыз әдебиеті жауһарларын таныстыратын жоба аясында ұмыт бола бастаған батырлар жырын, қисса-дастандарын, арнауларын жаттауға өскелең ұрпақты машықтандыру мақсатындағы бұл байқауда мектеп оқушылары Н.Қосжанұлының «Сартай батыр» жырын жатқа айтты.
Байқау қорытындысы бойынша №260 мектептің 7-сынып оқушысы Зинадин Ғабиден І орын алды. Алдағы уақытта облыстық кезеңге қатысады.
2022 жылдың 15 наурыз күні ауыл мектептерінің 10-11-сынып оқушылары арасында А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ұлты ұлықтаған ұлы тұлға» тақырыбында облыстық жас қаламгерлер (шығарма жазу) байқауының І аудандық кезеңін қашықтан өткізілді.
Осы сайыста №82 орта мектептің 11- сынып оқушысы Әли Жарқынай және №177 орта мектебі 10 сынып оқушысы Жаппарова Жұлдыз І орын иеленді. Бұл оқушылар да жақын аралықта өткізілетін облыстық кезеңге қатысады.
Қаңтар айының 27-сі күні №14 мектеп базасында 10-сынып оқушылары арасында химия пәні бойынша аудандық интеллектуальды сайыс болып өтті. 10 сынып оқушылары арасында «Жас химик» тақырыбындағы химия пәні бойынша аудандық интеллектуалды сайысы жоғары деңгейде өтті деп бағаланды.
31 қаңтар күні химия, биология пән мұғалімдерінің қатысуымен Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Ұлы даланың ұлы есімдері» тақырыбында аудандық диалогтық алаң өткізілді. Диалогтық алаң екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімінде мұғалімдер Ы. Алтынсариннің өмірі, шығармашылығы, отбасы туралы баяндамалар оқыды. ІІ бөлімінде диалогтық алаңға қатысушылар Ыбырай Алтынсарииннің өмірі мен шығармашылығына байланысты өз ой-пікірлерін білдіріп, пікір алмасу жүргізілді. Баяндама дайындаған бірқатар мұғалімдер аудандық білім бөлімінің Сертификаттарымен марапатталды.
18 ақпан күні Химия, биология пән мұғалімдерінің қатысуымен «Химия пәнін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану» тақырыбында семинар болып өтті.
Семинарда 8 мұғалім өз іс-тәжірибесін ортаға салып, қатысушы мұғалімдермен бірлесе жұмыс жасады. Өз тәжірибелерінде Химия пәнін оқытуда қандай инновациялық технологияларды қолданатындарын бөлісті.
Семинарда өз іс-тәжірибесімен бөліскен ұстаздар Арал ауданы бойынша білім бөлімінің сертификаттарымен марапатталды .
24 ақпан күні аудан мектептерінің биология пән мұғалімдерінің арасында «Білгір биолог» тақырыбында байқау болып өтті. Сайыс нәтижесі бойынша бас жүлдені №83 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Тайжанова Аралгүл, I орынды №260 орта мектебінің биология пән мұғалімі иеленді. Мұғалімдер аудандық білім бөлімінің дипломдары мен кәсіподақ комитетінің сыйлықтарымен марапатталды.
Наурыз айының 7-12-сі аралығында 8-9 сынып оқушылары мен биология пән мұғалімдерінің қатысуымен зертханалық тәжірибелердің челенджі ұйымдастырылып, әлеуметтік желіге жарияланды.
2022 жылдың 5-6 қаңтар күндері Қазақстан Республикасы БМҒ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығы бірлесе отырып Нұрсұлтан қаласында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасын ұйымдастырып, осы олимпиадаға Арал қаласындағы №220 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, нәтижесінде Есенова Балагүл Абилкаировна ІІ орын, Умбетова Мадина Амирхановна ІІІ орынмен марапатталды.
«Үркер» зияткерлік орталығының 2021 жылғы қорытындысы бойынша №63 орта мектеп пен «Жауқазын» балабақшасы арнайы кубокпен марапатталды.
2022 жылдың 31 қаңтары күні Қызылорда облыстық оқу орталығының мәжіліс залында бастауыш сынып бойынша әдіскерлері мен бірлестік жетекшілеріне арналған секция отырысына білім бөлімінің әдіскері Б.Құдайбергенова қатысты.
2022 жылдың 31 қаңтар-04 ақпан аралығында мектеп директорлары мен мектеп директорының орынбасарларына арналған «Өзін-өзі тану» пәнінің ғылыми-әдіснамалық негіздері» тақырыбындағы қашықтан оқытылатын қысқа мерзімді біліктілік арттыру курсына №64 орта мектебінің бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары Байетова Нурлыгул Унаткановна, №62 мектеп-лицейінің бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары Аймырзаева Айнур Утебаевна, №59 орта мектебінің бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары Бисенбаева Ақкенже Сатановна, №57 орта мектебінің бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары Тойбахова Жадыра Абдрахмановна, Н.К.Крупская ат №14 мектеп-лицейінің мектеп директоры Бекеева Шара Алмашовна, Н.К.Крупская ат №14 мектеп-лицейінің мектеп директорының орынбасарлары Бугибаева Лида Исаевна, Болатбекқызы Райля қатысты. Курсты «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы орталығы өткізді.
2022 жылдың 11 ақпан күні Қармақшы ауданы №279 мектеп-лицейінің бзасында онлайн режиміндегі «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» тақырыбындағы вебинарға білім бөлімінің әдіскері Б.Құдайбергенова, «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдері №73 мектептен Е.Жақаев, №57 мектептен Г.Таңымбетова, №71 мектептен К.Әбдуалиева, №262 мектептен А.Тәжібаева, №76 мектептен П.Жиенбекова қатысты.
Арал ауданы бойынша білім бөлімінің (әдістемелік кабинеттің) 2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, 15-31 қаңтар аралығында 2-4 сынып оқушылары мен бастауыш сынып мұғалімдерінің қатысуымен «Қазақ даласының ұлы ұстазы» әлеуметтік желілердегі өлеңдер челленджін #Ybyrai Altynsarin 180 хэштегін пайдалана отырып, кеңінен жариялады.
1-11 ақпан 2022 жылы «Өзін-өзі тану» пәні бойынша дәстүрлі онкүндік «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» тақырыбында онкүндік өткізілді.
2022 жылдың 14 наурызы күні Қызылорда қаласындағы Prima Park бизнес орталығының ғимаратында өткізілген Алаш ардақтысы А.Байтұрсынұлының 150 жылдығы аясында «Ұлттық жазудың ұлы диқаншысы» тақырыбындағы облыстық ғылыми-әдістемелік семинарға білім бөлімінің әдіскері Б.Құдайбергенова, №262 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Набиева Раушан, №62 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Әбжәми Гүлнәз қатысып, тақырып бойынша зерттеу жұмысымен айналысқаны үшін арнайы дипломмен марапатталды.
2022 жылдың 15 наурызында Нұр-Сұлтан қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында өткізілетін бастауыш сынып мұғалімдерінің съезіне №220 орта мектебінің мектеп директорының бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары, аудандық бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі Наукеева Лайық Тәуекелқызы қатысты.
Аудандағы білім беру саласы бойынша 2021 жылдың 12 айында атқарылған шаралар туралы мәлімет
Биылғы оқу жылында 50 мектепте барлығы 17627 оқушы мектеп қабырғасында білім алуда.
2020 жылдың 1 қыркүйегі күні Сексеуіл кентінің солтүстік-шығысынан (темір жолдың бір беткейінен) № 283 орта мектеп ашылды. Қазіргі таңда бұл мектепте темір жолдың бір бөлігінде орналасқан 436 оқушы қатынайды.
Арал қаласындағы № 71 мектептің 200 орындық мектеп пен 100 орындық интернатымен құрылысы жүруде.
Өткен оқу жылында 11 сыныпты 874 түлек мектеп бітіріп, 520 түлек ЖОО, 336 түлек колледждерге орналасса, оның ішінде 490 түлек грантқа түсті.
Аудан әкімінің (500 мың теңге) сыйақысы тағайындалған байқау ұйымдастырылып, №14 мектеп-лицей «Үздік білім ордасы» номинациясын жеңіп алды.
Мектепке дейінгі ұйымдарда логопед кабинеттерін ашуға18 млн. теңге және жалпы орта білім беретін мектептер базасынан (№ 20,63,67,82,68,74,13,283) инклюзивтік кабинеттер ашу 24 млн. теңге бөлініп, кабинеттер алынды.
Сонымен қатар жаңа модификацияланған 1 физика кабинеті (№ 68 мектеп), 1 биология кабинеті (№ 20 мектеп) және 2 химия кабинеті (№ 67,82 мектептер) 30,832 млн теңгеге жабдықталды.
Үйден білім алатын балаларға компенсаторлық құрылғыларымен қамтамасыз ету мақсатында 23,220 млн теңгеге құрылғылар алынды.
Аудандағы білім беру саласы бойынша 2021 жылдың 9 айында атқарылған шаралар туралы мәлімет
Ауданымыздағы білім беру ұйымдарының құзыреттілігіне жатқызылатын барша оқу – тәрбие, әдістемелік қызмет бағытындағы жұмыстарға дайындық білім беруді дамытудың бағдарламасы мен міндетті білім беру стандарттарында, санитарлық мемлекеттік нормалар мен қағидаларында көзделген талаптар негізінде үйлестіріліп келеді. Соның ішінде, жыл сайын материалдық – техникалық базаның заманауи құрал-жабдықтармен, санитарлық дизенфекциялық құүралдармен толығып, интернет жылдамдығын арттыру бағытында жұмыстар жасалып отыр.
Ағымдағы оқу жылында ауданның барлық білім беру ұйымдары оффлайн форматындағы дәстүрлі оқытуға көшірілді.
Осыған орай, жазғы маусым кезеңінде білім беру мекемелерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ішкі әжетханалармен, бейнекамералармен толықтай қамтылса, санитарлық-эпидемологиялық талаптарды сақтауға арналған дизенфекциялық құралдардың жеткілікті қорымен қамтамасыз етілген. Оқушылардың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында ерікті түрдегі екпе салдыру шарасынан ұстаздарымыздың барлығы (100 пайыз) өтіп, мекемелер дерлік «Ashyq» жобасына қосылды. Мектептерде заманауи үлгідегі пәндік оқу кабинеттерінің де жүйесі қалыптасқан.
Мектепке дейінгі білім беру бойынша:
Қазіргі таңда Арал ауданы бойынша 54 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс жасауда. Атап айтар болсақ, олардың 20 мемлекеттік балабақша, 15 жеке балабақша, 19 мектеп жанынан ашылған толық күндік шағын орталық. 20 мемлекеттік балабақшада – 2071, 15 жеке балабақшада - 954, 19 мектеп жанындағы толық күндік шағын орталықта – 584, мектептердегі мектеп алды даярлық топтарда – 978, барлығы 3633 бала.
Жаңа 2021-2022 оқу жылынан бастап қаладағы №62 мектеп-лицей жанындағы 75 орындық шағын орталық жабылып, тәрбиеленушілері мен қызметкерлері Бегім Ана көшесі №3 мекен-жайда орналасқан 90 орындық «Құлыншақ» жеке бөбекжай-бақшасына ауыстырылды.
«Nur Otan» партиясы Арал аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының 27 мамыр 2020 жылғы хаттамасына сәйкес, «Балдырған», «Жазира», «Толқын» балабақшалар қауіпсіз ғимараттарға (жалға алу арқылы) көшіріліп, жұмыстарын жалғастыруда. «Айдын» бөбекжай-бақшасы аталған елді мекендегі № 20 орта мектеп жанындағы интернатқа көшірілді.
Барлық мектепке дейінгі 54 ұйымда 528 педагог қызмет (жоғары білімдісі – 334, оның ішінде мектепке дейінгі 242; арнаулы орта білімдісі – 194, оның ішінде мектепке дейінгі 144; жоғары санатты – 1; І санат – 71; ІІ санат – 149, педагог-зерттеуші – 3; педагог-сарапшы – 19; педагог-модератор - 108 ) атқарады. (704 техникалық қызметкер)
Инклюзивті білім алуға жағдай жасау мақсатында, 15 мемлекеттік балабақша да (75 пайыз) және 1 жеке балабақша да («Нұр-Ай») арнайы логопед маманымен қамтылып, барлығы 47,0 пайыз болып отыр.
Орта білім беру бойынша:
Арал ауданында 50 мектеп бар (5 бастауыш, 6 негізгі, 39 орта). Білім ордаларында 1-11 сынып аралығында 17627 оқушы дәріс алады. Оларға тәлім-тәрбие беретін беретін 2582 педагог кадрдың педагог-шебер – 2, педагог-зерттеуші – 261, педагог-сарапшы – 681, педагог-модератор – 578, бұл жалпы мұғалімдердің 59 пайызын құрайды.
2020-2021 оқу жылы білім беру мекемелеріне 57 жас маман, ал биылғы оқу жылында 76 жас маман орналасып отыр.
Мектептерді 1 – 11 сынып аралығындағы жетіспейтін оқулықтармен және әдеби кітаптармен қамту мақсатында бюджеттен 89 млн. 511 мың теңге, сонымен бірге өз алдына қаржыландыру бойынша 30 млн. теңге бөлінді. Оқулықтар аудан мектептеріне толық таратылып берілді.
Биылғы жылы ауданда маусым-шілде аралығында 1-10 сынып аралығындағы барлық балалардысауықтырумен жәнеонлайн каникул-2021 іс-шарасы бойынша инстаграм желісіне үйірме сабақтары жүргізілді. Оның ішінде «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығына жалпыға бірдей міндетті оқу қоры есебінен - 408бала, мектеп жанындағы 43 мектепте ашылатын күндізгі лагерлерде ыстық тамақпен 2109 бала бірінші кезекте жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен атаулы әлеуметтік көмек алатын, аз қамтылған, көп балалы отбасы балалары қамтылды.
Жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында барлық білім беру мекемелерінде келеңсіз жағдайлардан сақтану (өрт, суға кету, тамақтардан улану, жол-көлік оқиғалары) жолдарын түсіндіру, алдын алу мақсатында іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізілді.
Сонымен бірге иесіз құрылыс обьектілерінің, қараусыз қалған ғимараттардың, электр желілерінің, трансформаторлардың, люктердің және басқа да балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп тудыратын обьектілерден бала қауіпсіздігін сақтау мақсатында білім беру мекемелерінде оқушылармен және олардың ата-аналарымен онлайн түрінде тиісті сала қызметкерлерінің қатысуымен 20 мамырға дейін түсіндірме жұмыстары жүргізіп, тиісті шаралар қабылданды.
Тамыз-қыркүйек аралығында «Мектепке жол» аудандық акциясы аясында білім беру мекемелерінде тамыз айында тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасы балаларының тізімдері анықталып, демеушілер тарапынан көмектер ұйымдастырылды.
Акция барысында аудан көлеміндегі мектеп жасындағы балаларды оқумен қамту, күн көрісі төмен отбасылардан шыққан балаларға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында демеушілік жасауға көмек көрсетуге кәсіпкерлерге, мекемелерге үндеу хат жіберілді.
Акция аясында полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп ересектерсіз үйден тыс жерлерде жүрген балаларды анықтау мақсатында базарларда, вокзалда, көңіл көтеретін орындарда рейдік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Акция аясында кәсіпкерлер, депутаттар, жеке азаматтар, мекемелер, ауылдық, кент, аудандық мешіт, мектеп ұжымы көмек жасалды.
Мектепке жол акциясы барысында осы таңға дейін әлеуметтік көмек қажет ететін отбасынан 1469 балаға мектеп формасы, аяқ киім, спорттық киімдер, сөмке,оқу құралдарынан көмектер жасалса, акция әлі де жалғасын табуда.
Жаңа оқу жылы қарсаңында атаулы көмек алатын 832балаға мектеп формасы, аяқ киім, сумка оқу құралдары таратылып берілді.
Қыркүйек айында барлық білім беру мекемелерінде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен әлеуметтік желі арқылы құқықтық түсіндірме жұмыстары өткізілді.
Жазғы мезгілде «Түнгі қаладағы балалар» рейдтік іс-шарасы полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп өткізілсе,балалардың қауіпсіздігін сақтау, беймезгіл жүрістерін болдырмау, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп еріктілері, бөлім қызметкерлері, аудандық полиция бөлімі, Жастар ресурстық орталығы қызметкерлерімен бірлесіп 13-19 қыркүйек күндері аралығында «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс –шарасы өткізілді. Осындай рейд жұмыстары Сексеуіл, Жақсықылыш кенттері мен бірге елді мекендерде де өткізілді.
Кәмелетке толмағандар мен жастар арасында қылмыстылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу, жүріс-тұрыстарына бақылау жасау, заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта үйден тыс жерде көшеде және ойын-сауық орындарында болуына тиым салынатындығы жөнінде рейдтік шаралар барысында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес бағдарламасын және өңірлік іс-шаралар жоспарының талаптарын орындау үшін, сондай-ақ есірткіге қарсы қоғамдық насихатты және салауатты өмір салтын қалыптастыру, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу мақсатында Қызылорда ОІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының ұйымдастыруымен қыркүйек айында «Дабыл қағушылар сайысы» өткізіліп №262,220 мектептер облыстық жүлделі ІІ орынға ие болды.
Биылғы оқу жылының қыркүйек айында барлық мектептерде «Берік отбасы – есірткіден алыс!» ұранымен онлайн семинар өткізіліп, оған білім беру ұйымдарындағы тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, әлеуметтік педагогтар, қосымша білім беру педагогтары және жоғары сынып оқушылары қатысты.
«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясының жоспары құрылып, бекітілді. 1-4, 5-7 сыныптар арасында «Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік» тақырыбында онлайн семинар ұйымдастырылды. Бастауыш сыныптарда жол ережесіне байланысты сурет байқауы ұйымдастырылса, «Жол белгілері» тақырыбында мектеп инспекторлары мен жол полициясы қызметкерлерімен бірлескен танымдық сабақ өткізілді. Жол қозғалысы ережелері бойынша мектеп оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізіліп, брошюралар таратылды.
Қалдадағы №262 мектеп-гимназияда және Қаратерең ауылдық елді мекенінің №82 орта мектебінде жол көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында жол қауіпсіздігі паспортын, балалардың «Үй-Мектеп-Үй» қауіпсіз маршруттары әзірленді. Балаларды тасымалдайтын мектеп-гимназия автобусының техникалық байқаудан өткізілді. Мектеп автобусын жүргізушілерінің куәлігінде тиісті санаттардың болуына рейдтік тексеру жұмыстары (Д санаты) жүргізілді. Аталған мектептердің автобус көліктерінде арнайы шам белгілері және дыбыс сигналдары орналастырылып және «Абайлаңыз балалар!»,«Балалар тасымалы»деген белгілер қойылған. Мектеп автобусы жүргіншілеріне жол көлік оқиғаларын алдын алуға және болдырмауға түсіндірме жұмыстарын жүргізіліп, сынып жетекшілерден, мектеп қызметкерлерінен кесте жасақталған. Автобус жүргізушісіне балаларды автобустан түсіру барысында авариялық сигнал белгілерін міндетті қосуы, кезекшілерге балаларды арнайы белгіленген аялдамаларға жеткізіліп, жолдан өткізіп жіберу тапсырылған.
Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасының 832 баласы жалпыға бірдей міндетті оқу қоры есебінен және сонымен қатар «Мектепке жол» акциясы аясында әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасының 1469 баласы демеушілер есебінен мектеп формасы, сөмке, оқу құралдарымен қамтамасыз етілді. Өткен оқу жылының қорытындысымен мектеп бітірген 874 оқушының 861 – і (98,5 пайыз) арнаулы, жоғары оқу орындарында оқуға түссе, 5 – уі (0,6 пайыз) жұмыспен қамтылды.
Барлық білім беру ұйымдары жылу маусымына дайындық паспортын әзірледі. 12 мекеме (6 мектеп, 6 балабақша) орталықтандырылған газ жүйесіне қосылған болса, 38 білім ордасы (35 мектеп, 3 балабақша) сұйық, 20 ұйым (9 мектеп, 11 балабақша) қатты отынмен жылытылады. Қазіргі таңда барлық білім беру ұйымдарының қоймасында қажетті отын қоры бар.
Көптен бері Тоқабай елді мекенінің жұртшылығын толғандырған сұрақтардың бірі, 2015 жылы негізі қаланып, пайдалануға берілген № 248 орта мектептің хал-ахуалы болатын. Өткен оқу жылында бұл мектеп бала саны 300-ге жуық орта мектептер қатарында дәстүрлі оқыту форматына көшіріліп, оқыту үдерісін ұйымдастыру үшін ауыл әкімдігі мен балаларға арналған спорт клубының ғимараты пайдалануға берілді. Мектепті қайта жаңғырту және тірек құрылымдарын күшейту мақсатында құрылыс жұмыстарының жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге облыстық білім басқармасы арқылы қажетті шаралар үйлестірілуде.
«NTDK Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2020 жылдың 19 қазандағы №ТО-089 техникалық қорытындысымен мектеп ғимаратының техникалық жай-күйі апаттық жағдайда деп танылуын орай, Арал ауданы әкімдігінің ұйғарымымен жоғарыда аталған екі ғимаратқа қосымша жөндеу жұмыстары жүргізіліп, сынып бөлмелері ашылды. Қазіргі таңда оқу – тәрбие үдерісі қалыпты жағдайда жүруде.
Ағымдағы жылы Арал қаласындағы №260 орта мектеп шатырына 306 700 теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда қолданысқа берілді.
№13 орта мектеп жылу беру ғимараты төбе плиталарының тірелген қабырғасы жаңбыр суы әсерінен мүжіліп, бір төбе плитасы құлап, әрі қарайда басақада бөліктеріне зардап төндіру қауіпі болды. Ағымдағы жөндеу жұмыстары 3 000 000 тг ге жүргізіліп, қалпына келтірілді.
№13 орта мектебінің Акт залының төбесі ағашы көнеріп, опырылып түскен болатын ретке келтіру мақсатында мақсатында Акт зал төбесіне 1 550 000 теңге мектеп қаржыснан бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қолданысқа берілді.
Жақсықылыш кентіндегі №19 орта мектептің бала сйымдылығына сәйкес ағымдағы жылы 235 500 000 теңгеге 100 орындық қосымша құрылысы жүргізіліп, қолданысқа берілді.
2021 жылдың тамыз айында «Тұлпар мініп, ту алған» республикалық байқаудың аудандық кезеңіне қатысушылар туралы тізім нақтыланды. Байқауға 132 оқушы, 127 мұғалім қатысады.
Осы жылдың қыркүйек айында «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жоба аясында мемлекеттік тілде «Тәуелсіздік – басты құндылығымыз!» тақырыбында жалпықазақстандық ашық диктант жазылды. Оған 1305 адам қатысты.
Жаңа оқу жылының басында «Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат бойынша онлайн конференция ұйымдастырылды.
«Тіл мерейі, ел мерейі» облыстық мәнерлеп оқу байқауына №260, №62, №248, №81 орта мектептен 5 оқушы қатысып, №248 мектептің 9-сынып оқушысы Сағынғанова Жансая ІІ орын алды.
5 қыркүйек – Қазақстан тілдерінің күнін атап өту жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспары бойынша мектепішілік түрлі сайыстар өткізілді.
16.08.2021 жылы «Білімді ұлт-тұрақты даму кепілі» атты педагогтердің облыстық тамыз конференциясының аясындағы ұйымдастырылған секциялық отырысында 1-сыныптар бойынша Әліппе, Ана тілі, Цифрлық сауаттылық пәндерінің енгізііілуі, Bilimland, iMektep тақырыбында баяндама оқығаны үшін Арал аудандық білім бөлімінің әдіскері Құдайбергенова Балғын Қызылорда облыстық оқу орталығының арнайы сертификатымен марапатталды.
19.08.2021 жылы білім бөлімінің әдіскері Б.Құдайбергенованың ұйымдастыруымен мектеп директорының бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасарлары мен бастауыш сыныптар жөніндегі бірлестік жетекшілеріне арналған «Білімді ұлт-тұрақты даму кепілі» атты педагогтердің тамыз кеңесінің аясында оффлайн сұқбат өткізілді.
24.08.2021 жылы аудандағы бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Білімді ұлт-тұрақты даму кепілі» атты педагогтердің тамыз кеңесінің аясында оқу-әдістемелік жиын ZOOM қосымша платформасы арқылы өткізілді.
13.09.2021 жылы Арал ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинет жоспарына сәйкес, «Құрлық», «Көнту» бастауыш мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдеріне «Бастауыш мектептің жұмысын тиімді үйлестірудегі мұғалімдердің рөлі» тақырыбында кураторлық мектеп педагогтерімен әдістемелік күн өткізілді.
15.09.2021 жылы «Ақшатау», «Мойнақ», «Жалғызағым» бастауыш мектептерінің педагогтеріне білім бөлімінің әдіскері Б.Құдайбергенова әдістемелік көмек көрсету мақсатында оффлайн жұмыс жүргізді.
15.09.2021 жылы әдістемелік шеберлікті жетілдіру бағытындағы жұмыстар, мектептерге шығу, жоспар бойынша жұмыс жүргізу барысында №60 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдерімен жұмыс жүргізілді.
14.09.2021жылы «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының 2021-2022 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізілген «Менің отбасым» тақырыбындағы облыстық байқауға аудан бойынша қатысқан оқушылар арасынан І дәрежелі дипломмен №220 орта мектептің 1-сынып оқушысы Бақыт Нұрайым, ІІ дәрежелі дипломмен №220 орта мектептің 1-сынып оқушысы Қалдыханұлы Ерхан, №248 орта мектептің 4-сынып оқушысы Қашақбаева Нұрсезім, №177 орта мектептің 4-сынып оқушысы Әбдірахман Аймарал, ІІІ дәрежелі дипломмен №83 орта мектептің 1-сынып оқушылары Тоғысбай Әсемай, Алтынбекұлы Алтынбек, №13 орта мектептің 4-сынып оқушылары Базарбаев Ақниет, Қуандыққызы Айзере марапатталды.
17.09.2021жылы облыстық «Мектепке дейінгі білім беру» бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес өткізілген «Үздік дене шынықтыру нұсқаушысы-2021» байқауы өткізілді. 20.09.2021 жылы осы облыстық байқаудың облыстық кезеңіне ұсынылған «Сартай» бөбекжай бақшасының дене тәрбиесі нұсқаушысы Бақыт Айниятов «Талапты дене шынықтыру нұсқаушысы» номинациясымен марапатталды.
23.09.2021 жылы «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының 2021-2022 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен мектепалды даярлық топтары арасында «Біз білімді баламыз» атты қашықтан өткізілген бейнеролик байқауын аудан бойынша қатысқан 4 оқушының 2 оқушысы жүлделі орынмен марапатталды. ІІ дәрежелі дипломмен №62 мектеп-лицейдің МАД сыныбының оқушысы Ғабитқызы Інжу, №262 мектеп-гимназияның МАД сыныбының оқушысы Лияс Нұртөре марапатталды.
«Серпін-2050» жобасымен жалпы осы кезге дейін 230 бала қамтылған, қазіргі таңда оқып жатқан оқушы саны 126.Жұмыс жасап жатқан жас маман саны 97. Жұмыссыздар саны 7.
Маусым айында педагогикалық шеберлік орталығынан «Разработчики заданий по начальным классам» тақырыбында 7 маман, «Пәндік білімді тереңдету» бойынша 39 маман біліктіліктерін артты.
Тамыз айындапедагогикалық шеберлік орталығынан «Пәндік білімді тереңдету» боынша 31 маман курстан өтті. ФАО "НЦПК "Өрлеу" ИПК ПР «Пәндік құзреттілікті дамыту» курсы бойынша 2 тыңдаушы оқып бітірді.
Қыркүйек айындаФАО "НЦПК "Өрлеу" ИПК ПР «Пәндік құзреттілікті дамыту» курсы бойынша 21 тыңдаушы оқып бітірді.
Арал ауданы бойынша білім бөлімі, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 18 тамыз күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, мектеп оқушылары арасында волейболдан аудандық біріншілігінің 3 айналымы өткізілді. Жарысқа қатысушы командалардың ойындары №62 мектеп-лицейі, №83 орта мектептің спорт залдарында өткізілді.
Аталған жарысқа қала және елдімекен мектептерінен 9 ер балалар командасы және 5 қыз балалардан құралған командалары қатысып, үш айға созылған дода нәтижесінде жүлделі ІІІ-орынға №281 негізгі мектептің ұлдар командасы ие болса, ІІ-орын №19 орта мектеп жеңіп алса, ал барлық қарсыластарына басым түсіп І-орынды №20 орта мектептің ұлдар командасы жеңіске жетті.
«Үздік шабулшы» номинациясымен №21 орта мектептің ойыншысы Айсұлтан Нұрмұханбет марапатталды.
«Үздік байланыстырушы» номинациясымен №14 мектеп-лицейінің ойыншысы Маханбетали Нұрали марапатталды.
«Үздік либеро» номинациясымен №61 орта мектептің ойыншысы Алдаберген Ермек марапатталды.
«Көрермен көзайымы» номинациясымен №281 негізгі мектептің ойыншысы Өмірбайұлы Елдос марапатталды.
Жарысқа қатысушы қыздар командасы ойын нәтижесінде жүлделі ІІІ-орынға №76 негізгі мектеп командасы ие болса, ІІ-орын №19 орта мектеп жеңіп алса, ал барлық қарсыластарына басым түсіп І-орынды №57 орта мектептің командасы жеңіске жетті.
«Үздік шабулшы» номинациясымен №57 орта мектептің ойыншысы Шөменова Ақтоты марапатталды.
«Үздік байланыстырушы» номинациясымен №19 орта мектептің ойыншысы Төлемісова Назым марапатталды.
«Үздік либеро» номинациясымен №281 негізгі мектептің ойыншысы Нысанжанова Қарақат марапатталды.
«Көрермен көзайымы» номинациясымен №76 негізгі мектептің ойыншысы Әлімжан Арайлым марапатталды.
Тамыз айында аудандағы мүмкіндігі шектеулі балалар Қазалы аудандық психологиялық- медициналық-педагогикалық кеңесінен өткізілді.
Қыркүйек «Bilim foundation» қоғамдық қорының психолог мамандарымен «Клиникалық жағдайларды талдау» және «Балинттық топтар» тақырыбында аудан психологтары оқыту-семинарынан өткізілді.
Арыз-шағым, өтініштер бойынша:
Бөлімге келіп түсетін арыз - шағымдардың басым бөлігін әлеуметтік сала бойынша, яғни жұмысқа орналастыру туралы мәселесіне қатысты өтініштер құрап отыр.
2020 - 2021 жылдар аралығында Арал ауданы, Сексеуіл кентінен 300 орындық жаңа мектеп құрылысының жүргізіліп, ағымдағы оқу жылында пайдалануға берілуіне байланысты аталған өңір тұрғындары тарапынан әртүрлі мемлекеттік органдарға (аудандық білім бөлімі, Қызылорда облысының білім басқармасы, аудан, облыс әкімдіктері, ҚР БҒМ) арыз-шағым, өтініштер (жұмысқа орналастыру туралы) жиі жазылды.
Қазіргі уақытта аталған мектептің құжаттары рәсімделіп, берілген штат бірліктеріне кент тұрғындары арасынан 34 әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың мүшелері жұмыспен қамтылып, өтініштері қанағаттандырылды.
2021 жылдың мамыры мен қыркүйегі аралығында Арал қаласындағы Ұзақбай Қараманов атындағы № 262 мектеп - гимназияның педагог қызметкері А. Нұрекешова тарапынан мемлекеттік органдардың қарауына ұсынылған шағымдар тіркеліп, осыған сәйкес бөлім тарапынан қолданыстағы заңнама аясында түсіндірме жұмыстары үйлестірілді.
Бүгінгі таңда Арал ауданы бойынша білім бөліміне қарасты барлық 72 мекемеде Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестер құрылған. Әдеп кеңестің қызметі, міндеттері мен онда қаралатын мәселелер жөнінде педагогикалық ұжымда талқыланып, таныстырылды. Сонымен қатар, педагог қызметкерлердің аттестаттау кезінде жалған немесе күмәнді құжат ұсыну, Ұлттық біліктілік тестілеу кезінде теріс мінез -құлық фактілеріне жол беру (телефон, шпаргалка қолдану т.б), әлеуметтік желідегі негізсіз жазбалары арқылы қоғамда түрлі толқыныстар туындату, т.б. жағдаяттарда педагогтік әдеп нормаларының бұзылу жайы сараланып, тәртіптік жауапкершілікке шақырылатындықтары ескертілді.
2021 жылдың 9 айында Арал ауданы бойынша білім бөліміне қарасты мекемелерден сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық іс-әрекеттер тіркелмеді.
Әлеуметтік желіде аудан тұрғындарынан туындаған сұрақтарға уақытылы білім бөлімі тарапынан жауаптар жолданып, әсіресе, пандемия кезеңінде онлайн сабақтарды үйлестіруге қатысты компьютерлік құрылғылармен, интернет желілерімен техникалық қамту мәселелері бойынша ата – аналардың өтініштері қанағаттандырылса, сонымен қатар, ата – аналар, жалпы аудан тұрғындары арасында ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың, ҚР Үкіметінің ұстанып отырған саяси бағыттары және елдегі төтенше жағдайларға байланысты ҚР БҒМ тарапынан әзірленген нормативтік іс – құжаттарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде түсініктемелер жүргізіліп, мекеме басшыларына, жауапты сала қызметкерлеріне тиісті нұсқаулар беріліп отырылды.
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінде 11 сынып бітірген 4 оқушының 2 ЖОО және 2 колледжге мемлекеттік грант иегері атанды. 9 сынып бітірген 4 баланың 3 баласы 10 сыныпты жалғастырса, 1-еуі колледжге түсті.
Жоғарыда аталған барлық бала «аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне» 100% тұрғын үй кезегіне қойылған. Үлестік үйлері бар жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың атынан аудандық Әділет басқармасына қорғау хат жолданған.
Аудандағы білім беру саласы бойынша 2021 жылдың 3 айында атқарылған шаралар туралы мәлімет
Мектепке дейінгі ұйым туралы: Қазіргі таңда Арал ауданы бойынша 53 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс жасауда. Атап айтар болсақ, олардың 20 мемлекеттік балабақша, 13 жеке балабақша, 20 мектеп жанынан ашылған толық күндік шағын орталық. 20 мемлекеттік балабақшада – 2085, 13 жеке балабақшада - 809, 20 мектеп жанындағы толық күндік шағын орталықта – 660, мектептердегі мектеп алды даярлық топтарда – 1003. Барлығы 1-6 жас аралағындағы 5966 баланың 4661-і қамтылып (78,1) отыр. Оның ішінде 1-3 жас аралығындағы 2824 баланың 409-ы бөбекжаймен қамтылып (14,4 %) 3 пен 6 жас аралығындағы 4252 бала 100 пайыз мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен қамтылып отыр.
Қазіргі таңда аудандағы барлық мектепке дейінгі 53 ұйымға 516 педагог қызмет (жоғары білімдісі – 332, оның ішінде мектепке дейінгі 218; арнаулы орта білімдісі – 184, оның ішінде мектепке дейінгі 140; жоғары санатты – 2; І санат – 103; ІІ санат – 188) атқарады.
Жалпы орта білім беру ұйымдары туралы:
Қазіргі таңда Арал ауданы бойынша 50 жалпы орта білім білім беру ұйымдары жұмыс жасауда. Атап айтар болсақ, олардың 5 бастауыш, 6 негізгі, 39 орта мектептер. Биылғы оқу жылында 5 бастауыш мектептерге – 58; 6 негізгі мектептерге – 388; 39 орта мектептер – 16999; барлығы 50 мектепке 17445 оқушы қамтылды.
Аудандағы жалпы орта білім беретін мектептерде 2489 мұғалім (жоғары білімді – 2309, арнаулы орта білімді – 180) жұмыс жасайды. Олардың ішінде, «Магистр» академиялық дәрежесі бар педагог қызметкерлер саны – 15. Мұғалімдердің 85 пайызы (2120 мұғалім) оқытудың жаңартылған білім беру мазмұны бойынша біліктілігін арттырған. Көшбасшылық (9 айлық) курсынан – 38 мектеп директоры, 11 орынбасар, деңгейлік бағдарлама бойынша 3 айлық курстан –9 директор, 95 орынбасар, басшылық бойынша менеджмент курсынан 25 директор, 79 орынбасар өткен.
«Табиғат сырлары» тақырыбында жалпы білім беру ұйымдарының 1-4-сынып оқушылары арасында қашықтан өткізілген облыстық сурет байқауында №220 мектептің 2-сынып оқушысы Іздібай Інжу ІІ орын; №83 мектептің 3-сынып оқушысы Букеш Аяна ІІІ орын алды.
Жалпы білім беру ұйымдарының 5-11- сынып оқушылары арасында «Жамбыл Жабаев -Ұлы даланың алып жыршысы» тақырыбындағы облыстық жас ақындар айтысы ZOOM платформасында өткізілді.
Жыр алыбының 175 жылдық мерейтойына орай өткізілген сөз додасына Арал ауданынан қатысқан жас айтыскер, №66 орта мектебінің 7-сынып оқушысы Сейтжанұлы Ерасыл ІІ орын иесі атанып, арнайы Дипломмен марапатталды.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай және жыр алыбы Жамбылдың 175 жылдығына арналған «Көктем нұры» атты облыстық ақындар айтысына қатысқан Арал ауданы, Шөмішкөл елді мекеніндегі №66 орта мектебінің 7-сынып оқушысы Сейтжанұлы Ерасыл ІІІ орын алып, арнайы Дипломмен марапатталды.
2021 жылдың 27 наурыз күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Халықаралық зерттеу. PISA. Оқу сауаттылығы» тақырыбындағы аудандық дөңгелек үстел ZOOM платформасы арқылы өткізілді.
Қазіргі таңда Арал аудандық білім бөлімінің жанындағы қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын атқарушы органында 1 маман, 1 әдіскер барлығы 2 қызметкер жұмыс жасайды. Аудан есебінде тұрған жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар келсек саны-68 оның ішінде 38 қыз, 30 ұл. 68 баланың 34 қамқоршы, 34 қорғаншы болып тағайындалған. 68 баланың 41 жетім 27 а.қ.қ.қ.б. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 68 баланың 21-інде ата-анасынан қалған үлестік үй бар.
Жоғарыда аталған барлық бала «аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне» 100% тұрғын үй кезегіне қойылған. Үлестік үйлері бар жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың атынан аудандық Әділет басқармасына қорғау хат жолданған.
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 68 бала оның мектеп жасындағы 49 бала, 3 бала балабақшада, 1 үйде денсаулығына байланысты, 13 колледжде, 2 ЖОО оқиды.
«2020 жылдың қараша айына дейін жалпы алғашқы есепке 21 жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқоршылық тағайындалса, 2021 жылы наурызға дейін 3 балаға қамқоршылық тағайындалса, 1 бала келісіммен тағайындалды. асырап алуға 2020 жылы 7 үміткердің облыстық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа құжаттары жолданып, 7 үміткерге сот шешімі шығып, асырап алуға берілсе, 2021 жылы 7 үміткер құжаттары рәсімделіп, сотқа жолданып 3 еуі қанағаттандырылса, 2 еуі қанағаттандырусыз қалдырылды. 2 үміткердің құжаттары сотқа жолданды. 2020 жылы асырап алудың 1 балаға (2016 ж асырап алынған) қатысты күші жойылса, 2021 жылы қаңтар айында асырап алудың (2010 ж асырап алынған) күші жойылды.
2020 жылы ата-ана құқығынан айыру аудан бойынша 4 ата-анаға қатысты сот процесі болып ата-ана құқығынан айырылса, 2021 жылы қаңтар айында 3 ата-ананың құжаттары сотқа жолданып, ата-ана құқығынан айырылды.
Бөлім бойынша 2020 жылы 46 өтініш түсіп қанағаттандырылса, соның ішінде баламен кездесу уақыты бойынша 21 ата-анаға кесте белгіленіп берілсе, Туу туралы куәлігі жоқ 2 балаға қатысты жұмыстар жүргізіліп сот арқылы туу туралы куәлік жасалып берілді. 2021 жылы наурыз айына дейін баламен кездесу уақыты бойынша 2 ата-анаға кесте белгіленді.
Бастауыш мектеп-оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы, қиын да жауапты іс.Қазір білім беру процесін жетілдіру жетекші бағыттардың бірі мектепті білім сапасын дамыту болып табылады.
Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты білім беру саласында үлкен өзгерістер орын алуда. Осыған орай, дәстүрлі білім беру жүйесінен жаңа форматта қашықтықтан оқу жүйесінде жұмыс жасауға көшу қажеттілігі туындады.
Білім беру ұйымдары қашықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып, оқытуды сапалы ұйымдастыру жолдарын іздестірді.Қазір білім беру процесін жетілдіру жетекші бағыттардың бірі мектепті білім сапасын дамыту болып табылады.
2020-2021 оқу жылын 4-сыныптар бойынша 1843 білім алушы бастады, оның 1541-қашықтықтан, 302-кезекші сыныпта білім алды. Бастауыш сынып пәндерін қашықтықтан оқыту кезінде оқушылардың жазылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін жұмыс түрлері, тапсырмаларды орындау үшін алгаритімдерді құру, математикалық есептерді ауызша және жазбаша шешу тәсілдерін сипаттау және түсіндіру, тапсырмалар орындау барысында талдау жұмыстары жүргізілді. Әрбір оқу сабақтарында білім алушылардың оқылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін жұмыс үлгілері, мәтіндегі тірек сөздерді белгілеу, ғылыми мәтіндермен жұмыс түрлері үйлестірілді. Сабақ барысында білім алушылардың білім сапасын жетілдіру мақсатында тақырып мақсатына сай бейнероликтер қолданылды.
Қашықтан оқыту оқушылардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне қарай Kundelik.kz, Bilimland, Google Classroom, Zoom қосымша платформалары және WhatsApp желісі арқылы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, «Балапан» арнасындағы ТВ-сабақтар арқылы да балалар білім алуда.
Білім беру мекемелеріндегі бастауыш сынып бірлестіктері осы мәселені шешу жолына белсенді түрде араласып, барлық мүмкіндіктерді қарастырды. Ең алдымен мұғалімдердің ақпараттық құзыреттіліктерін дамыту үшін онлайн курстар, вебинарлар ұйымдастырылды.Әдістемелік көмек көрсету барысында бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасарларынан құралған топтар өзара түсіндірме жұмыстар жүргізді. Сонымен қатар, магниттік мектептер арасындағы озат тәжірибелі ұстаздар тәжірибелерімен бөлісті. АКТ-ны қолдану барысында қолданылатын әдіс-тәсілдерді қолдану барысы үйретілді.
Мұғалімдер оқу үдерісін қысқа мерзімді жоспарлауды сабақтың белгілі бір бөлігін синхронды, сабақтың қалған бөлігін асинхронды форматында жүргізді.Сынып жетекшілер сабақ арасындағы үзілістерде психикалық және физикалық денсаулық, көзге және тыныс алуға арналған жаттығулар, тұрақты ұйқы, дұрыс тамақтану дағдылары, күндізгі жарық, тұрақты физикалық белсенділік туралы дәріс оқып, түсіндірме жүргізілді.Ата-аналарға қашықтықтан оқыту үдерісі үй жағдайында жүргізілетін болғандықтан оқушылар үшін үй тапсырмасы болмайтындығы туралы түсіндірме жасалды. Мектептің жұмыс жоспарындағы көрсетілген пәндер бойынша нақты уақытымен БЖБ, ТЖБ кестесі құрылып, бекітілді. БЖБ, ТЖБ тапсырмалары балл мен бағалау өлшемдері реттеу және өткізу уақыты норматив құжаты негізінде жүргізілді.
ІІІ оқу тоқсанында жоғары нәтиже көрсетуге жұмыс жүргізуде. TIMSS тест тапсырмаларын, логикалық есептерді Whatsapp желісі арқылы талқыланып орындалды. Білім алушылар компьютер немесе смартфонмен бір уақытта түзеп отыру арқылы кері байланыс беріп отырды.
Білім олқылықтарын толықтыру мақсатында санитарлық талаптарды сақтай отырып, ІІІ оқу тоқсанында үлгірімі төмен оқушылар үшін 5 оқушыдан топ құрылып,
әр топқа кесте бойынша қосамша сабақтар ұйымдастырылды. Онда сабақтар І және ІІ тоқсанда толық игерілмей қалған мақсаттар бойынша, тарау бойынша тақырыптар қамтылып жұмыстар жасалып жатыр.Яғни стандарттағы негізгі талаптарды меңгертуге баса назар аударуда.
ҚР Бас дәрігердің 27 ақпандағы №9 қаулысына сәйкес 1-наурыздан бастап, 1-5 сыныптағы барлық оқушылардың аралас оқу форматында дәстүрлі түрде оқуын жалғастырып жатыр. Қашықтан оқу режимінен қосылған білім алушылар жазылым дағдысын жетілдіруді қажет етеді. Оқушылардың қажеттіліктері мен оқу жетістіктерін ескере отырып, математика пәні бойынша көбейту кестесін, қазақ тілі пәні бойынша ережелерді естеріне түсіріп, қайталау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тілдік пәндерден сөйлеу, сұрақ қоя білу дағдыларымен жұмыс жасауды қажет етеді. Кезекші сыныпта оқыған білім алушылар әлдеқайда тақырыптарды меңгерген, оқу үдерісінде қиындық тудырып жатқаны жоқ.
13.01.2021 жылы «Табиғат сырлары» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. 1-сынып бойынша-6 оқушы, 2-сынып бойынша-6 оқушы, 3-сынып бойынша-8 оқушы, 4-сынып бойынша-8 оқушы қатысты. 1-сынып бойынша №220 мектеп оқушысы Мейрамбекұлы Нұрбек, 2-сынып бойынша №220 мектеп оқушысы Іздібай Інжу, 3-сынып бойынша №83 мектеп оқушысы Букеш Аяна, 4-сынып бойынша Қарекеева Эльназ облыстық кезеңге жолдама алды. Облыстық кезеңнен №220 мектеп оқушысы Іздібай Інжу ІІ орын, №83 мектеп оқушысы Букеш Аяна ІІІ орын алды.
18.01.2021 жылы мектепалды даярлық педагогтарына арналған аудандық вебинар өткізілді.
22.01.2021жылы «Ізгілік-өмір нәрі» тақырыбындағы әлеуметтік жоба өткізілді. Облыстық кезеңге №63 орта мектептің 9-сынып оқушысы Өмірзақова Роза қатысты.
02.02.2021жылы мұғалімдердің қашықтықтан оқытуда сабақты тиімді жоспарлау дағдысының дамуына ықпал ету, тәжірибесімен бөлісу мақсатында «Қашықтықтан оқытуда сабақты жоспарлау» тақырыбында облыстық вебинар өткізілді.
17.02.2021 жылы №83, №63, №18, №20 мектептің бірлестік жетекшілерінің қатысуымен «Мектептегі әдістемелік бірлестіктердің жұмысын жаңартылған білім мазмұнына сәйкестендіру» тақырыбында бірлестік отырысы өткізілді.
19.02.2021 жылы бастауыш сынып мұғалімдері арасында шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдердің қатысуымен «Шығармашылық топ отырысы» өткізілді.
22.02.2021 жылы «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдеріне арналған «Өзін-өзі тану-сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» ақпараттық кампанияның іс-шаралар жоспарына сәйкес, №62, №260, №73, №262, №19 мектептердің «Өзін-өзі тану» пәндерінің мұғалімдері дәстүрлі онкүндік жұмысын қорытындылау, тәжірибе алмасу, насихаттау мақсатында жұмыстар жүргізілді.
24.02.2021 жылы №262 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімдерін қатыстыра отырып «Бастауыш сыныпта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбындағы аудандық вебинар өткізілді.
17.03.2021 жылы Халықаралық зерттеуі аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында зум қашықтық платформасы арқылы «TIMSS, PIRLS»халықаралық зерттеулеріне дайындық жұмыстары және зерттеу тапсырмаларының ерекшеліктері» тақырыбында аудандық вебинар өткізілді.
Аудандағы білім беру саласы бойынша ағымдағы жылдың 12 айында атқарылған шаралар туралы мәлімет
Мектепке дейінгі ұйым туралы: Қазіргі таңда Арал ауданы бойынша 53 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс жасауда. Атап айтар болсақ, олардың 20 мемлекеттік балабақша, 13 жеке балабақша, 20 мектеп жанынан ашылған толық күндік шағын орталық. 20 мемлекеттік балабақшада – 2085, 13 жеке балабақшада - 809, 20 мектеп жанындағы толық күндік шағын орталықта – 660, мектептердегі мектеп алды даярлық топтарда – 1003. Барлығы 1-6 жас аралағындағы 5966 баланың 4661-і қамтылып (78,1) отыр. Оның ішінде 1-3 жас аралығындағы 2824 баланың 409-ы бөбекжаймен қамтылып (14,4 %) 3 пен 6 жас аралығындағы 4252 бала 100 пайыз мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен қамтылып отыр.
2021 жылдың қаңтарынан бастап Жақсықылыш кентінен жеке кәсіпкер Қ.Сермуханованың 40 орындық, Арал қаласынан жеке кәсіпкерлер Г.Наурызованың 100 орындық, Г.Нұрмағанбетованың 45 орындық, Л.Алниязованың 50 орындық, жалпы 235 орынға бөбекжай ашу жоспарланып отыр. Және де Аманөткел елді мекеніндегі «Зере» жеке балабақшасынан қосымша 15 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қарастырылуда.
2022-2025 жылдар аралығында 17 мектепке дейінгі ұйымға 1070 орын ашылып, 1-6 жастағы балаларды 100 пайыз қамту мүмкіндігі бар.
Қазіргі таңда аудандағы барлық мектепке дейінгі 53 ұйымға 516 педагог қызмет (жоғары білімдісі – 332, оның ішінде мектепке дейінгі 218; арнаулы орта білімдісі – 184, оның ішінде мектепке дейінгі 140; жоғары санатты – 2; І санат – 103; ІІ санат – 188) атқарады.
9 мемлекеттік (45 пайыз) және 1 жеке балабақшада («Нұр-Ай») арнайы логопед маманымен қамтылған, барлығы 30,3 пайыз. Инклюзивтік білім алуға жағдай жасаған жеке мектепке дейінгі ұйымдардың үлесін 50 % дейін жеткізу мақсатында ЖК Е.М.Әлиев инклюзивті жеке балабақша ашуға ұсыныс білідіріп, қолға алынып, жұмыстар жүргізілуде.
Жалпы орта білім беру ұйымдары туралы:
Қазіргі таңда Арал ауданы бойынша 50 жалпы орта білім білім беру ұйымдары жұмыс жасауда. Атап айтар болсақ, олардың 5 бастауыш, 6 негізгі, 39 орта мектептер. Биылғы оқу жылында 5 бастауыш мектептерге – 58; 6 негізгі мектептерге – 388; 39 орта мектептер – 16999; барлығы 50 мектепке 17445 оқушы қамтылды.
Пандемияға кезеңіндегі еліміздегі төтенше жағдайдың жариялануына сәйкес білім бөліміне қарасты 49 мектептің (17265 бала) дәстүрлі оқыту үдерісімен 31 мектебі (3586 бала), аралас оқыту форматымен 18 мектебі (1985 бала – кезекші сыныпта, 11694 бала - қашықтан оқыту) оқуда.
Аудандағы жалпы орта білім беретін мектептерде 2489 мұғалім (жоғары білімді – 2309, арнаулы орта білімді – 180) жұмыс жасайды. Олардың ішінде, «Магистр» академиялық дәрежесі бар педагог қызметкерлер саны – 15. Мұғалімдердің 85 пайызы (2120 мұғалім) оқытудың жаңартылған білім беру мазмұны бойынша біліктілігін арттырған. Көшбасшылық (9 айлық) курсынан – 38 мектеп директоры, 11 орынбасар, деңгейлік бағдарлама бойынша 3 айлық курстан – 9 директор, 95 орынбасар, басшылық бойынша менеджмент курсынан 25 директор, 79 орынбасар өткен.
Ағылшын тілін білу В1 деңгейі бар мұғалімдер саны – 85, ал ағылшын тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттары бар педагогтар саны – 6. Педагог қызметкерлерді аттестаттаудың жаңа жүйесі бойынша 1163 педагог маман (модератор - 443, сарапшы – 503, зерттеуші - 215, шебер - 2) санаттарын алса, біліктілік санаты қолданыстағы мұғалім саны – 588 (жоғары – 36, І санатты – 253, ІІ санатты - 299), санатсыз мұғалім – 738 – ді құрап отыр.
Арал ауданындағы мектептердің жаңа модификацияланған пән кабинеттерімен қамтамасыз етілуі:
2019 жылы - физика кабинеті – 13 (29 пайызы), химия кабинеті – 16 (36 пайызы), биология кабинеті – 14 (31 пайызы) болды.
2020 жылы жаңа модификацияланған 12 физика кабинеті, 11 химия кабинеті мен 13 биология кабинеттері алынды. Нәтижесінде физика кабинетінің жабдықталуы – 56 пайыз (25), химия кабинетімен жабдықталу – 61 пайызды (27), биология кабинетімен жабдықтау – 61 пайызды (27) құрады.
Сонымен қатар робототехника кабинетімен жабдықтау – 14 мектепте болса, жабдықтау көрсеткіші – 31 пайызды құрап отыр.
2020 жылдың 1 қыркүйегінде аудан мектептеріндегі компьютер техникасының саны – 1453 дана болса, оның ішінде оқушылар оқу процесінде пайдаланатыны – 1163 дана. Қазіргі таңда 1697 дана ноутбук, 438 дана компьютер және 567 планшет алынды, сонымен қатар аудандық бюджеттен 136 дана планшет алынып, қашықтықтан оқып жатырған оқушыларға таратылды. Қазіргі таңда жалпы компьютер техникасы саны – 3588 дана. Бұл әрбір 4,8 оқушыға = 1 компьютер техникасы келеді деген сөз. Жалпы аудан мектептер Білім және ғылым министрлігінен 2016 жылы сараптамасынан және«Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының мектептерінде апробациядан өткен «Вilimland.kz» цифрлық білім беру контентін пайдалану жұмыстары қолға алынған. Арал аудан мектептерін цифрлық білім беру ресурстарымен қамту, кең жолақты Интернетке қосу және видеоқұрылғылармен жабдықтау жұмыстары қарқынмен жалғасып, 30 мектеп «Білімлэнд» виртуалды оқыту платформасымен 30 онлайн негізінде және қалған 19 мектеп оффлайн негізінде жұмыс жасаса, «Электрондық күнделік» жүйесімен 100 пайыз қамтылған. Онлайн мектеп платформасымен 36 мектеп жұмыс жасап жатырса, себебі қалған 13 мектеп орналасқан елді мекенде мобильді интернеттің болмауына байланысты 36 мектепке келісім-шартқа отырылған. Сол себепті 1623 мұғалім (70,71 пайызы), 12159 оқушы (63,07 пайызы) белсенді пайдаланушылары болса, жалпы пайдалану көрсеткіші - 66,89 пайызды құрап отыр.
Аудан бойынша ұстаздарымыз ҚР Білім және ғылым министрлігі, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Қызылорда облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет) және өзге де жоғарғы оқу орындары жанынан құрылған орталықтар тарапынан ұйымдастырылған түрлі әдістемелік іс-шаралардан (семинар, форум, пед.оқу, т.б), конкурстар мен байқауларға үздіксіз қатысып, бірі жүлдегер атанса, енді бірі арнайы сертификаттар мен алғыс хаттарына ие болуда. Мұндай шаралар, әрине, педагог мамандардың өз іс-тәжірибесімен бөлісіп ғана қоймай, республика, облыс көлемінде еңбектерін жалпылауын, өзінің қоғамдағы мәртебесін көтеруіне негіз болары сөзсіз. Өткен жылы семинар, форум, пед.оқу, ғылыми конференцияларға қатысып, педагогикалық іс – тәжірибелерін насихаттауға мүмкіндік алған педагогтар саны небары 28 – ді құраса, үстіміздегі жылы 73 мұғалімді құрап отыр. Ал түрлі республикалық және облыстық деңгейдегі кәсіби байқаулардан былтырғы жылы жүлделі орынға ие болған мұғалім саны 23 – ті құраса, биыл 64 – ті құрап отыр. Мұндай өсімнің болуы, қазіргі таңдағы қашықтан өткізілетін шаралардың басымдық танытуынан болып отыр деп есептеймін. Сондай – ақ, спорттық сайыстар мен әскери-спорттық жарыстардан жүлдегер болған педагогтарымыз бен оқушыларымызда баршылық. Атап атсақ, 2019 жылы спорттық жарыстардың 12 түрінен 47 оқушы, әскери-спорттық жарыстардан 10 әскери жетекші командалық есепте жүлделі орынға иеленсе, ағымдағы жылы спорттық сайыстың 3 түрінен 18 оқушы командалық есепте жүлделі орындардан көрінді.
Атап айтсақ, Әл-Фараби 1150 жылдығына арналған облыстық ғылыми жобалар байқауынан І орын – 1 (№ 83 ом); ІІІ орын – 1 (№ 13 ом) иеленіп, республикалық турынан ІІІ орын – 1 (№ 83 ом). «Ата заң – алтын тұғырымыз» облыстық шығармалар байқауы: І орын -1 (№220 о/м) ; ІІІ орын -1 (№220 о/м) . ХХІ республикалық Абай оқуларының облыстық кезеңінде: ІІ орын -1 (№260 о/м). «Шешеннің тілі – шебердің бізі» облыстық полиглот байқауынан: ІІІ орын -1 (№62 м-л). «Тіл мерейі, ел мерейі» облыстық мәнерлеп оқу байқауынан: І орын -3 (№57, №13, №83 орта мектептер); ІІ орын -5 (№177, №13, №83, №13, №13); ІІІ орын – 6 ( №13, №13, №13, №13, №57, №13); «Ұстазым менің, ұстазым» облыстық шығармалар байқауынан: ІІ орын -2 (№262 м-г, №№14 м-л). «Экология және біз» облыстық эссе конкурсы: ІІ орын -1 (№67 о/м); ІІІ орын – 1 (№75 о/м). «Елбасы жолы» облыстық эсселер байқауы: ІІ орын -2 (№220 о/м, №14 м-л); «Абай әлемі» облыстық шығармашылық байқауы: ІІІ орын -2 (№220 о/м, №62 м-л); «Елін сүйген, жерін сүйген Елбасы» облыстық ақындар Мүшәйрасы: І орын -1 (№73 о/м); ІІІ орын -2 (№71 о/м, №83 о/м). «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында өткізілген «Тіл мектебі» қазақ тілін оқытудың «Үздік авторлық жоба» облыстық байқауынан №14 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Анесова Ақгүл жүлделі І орын иеленді. Республикадан Алғыс хат және арнайы сыйлықпен марапатталды. «Үздік дефектолог – 2020» облыстық байқауында №19 орта мектебінің дефектологы Г.Сақташова ІІІ орын алды. «Үздік мектеп тренері» облыстық конкурсынан І орынды № 262 мектеп – гимназия директорының орынбасары Ж.Құрманәлиева иеленді. "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы, "Дарын" облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 30 қараша – 3 желтоқсан аралығында онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аясында жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушыларына арналған Әл-Фараби атындағы республикалық ғылыми жобалар конкурсының республикалық қорытынды кезеңі өткізілді. ІІІ орын иегері: Нағидулла Райымбек – Арал ауданы, №83 мектеп, 11 сынып, 2. Жалпы білім беру ұйымдарының 5-8 сынып оқушылары арасында «Елбасы және тарих» тақырыбындағы қашықтан облыстық жас ғалымдар конкурсының қорытынды ақпараты: 2020 жылдың 27 қарашасы күні Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беру ұйымдарының 5-8 сынып оқушылары арасында «Елбасы және тарих» тақырыбындағы қашықтан облыстық жас ғалымдар конкурсы өткізілді. ІІ дәрежелі диплом иегерлері: Нағашыбаева Жұлдызай- Арал ауданы, №177 мектептің 8 сынып оқушысы; ІІІ дәрежелі диплом иегерлері: Ідірісова Арайлым- Арал ауданы, №67 мектептің 8 сынып оқушысы; Жалпы білім беру ұйымдарының 1-11 сынып оқушылары арасында қашықтан әлеуметтік желі арқылы облыстық Vine Fest бейнеролик байқауының қорытынды ақпараты: 1 сыныптар бойынша: І дәрежелі диплом иегерлері: Жоламан Нұрсұлтан- Арал ауданы, №231 мектептің 1 сынып оқушысы. ІІ дәрежелі диплом иегерлері: Серік Кәусар, Жоламан Нұрсұлтан- Арал ауданы, №231 мектептің 1 сынып оқушылары. Облыстық мектеп оқушылары арасында белтемірге тартылу, қолды бүгіп жазу арқылы денені жерден көтеру, кеудені жерден көтеруден бағдарламасы бойынша өткізілген жарыста - кеудені жерден көтеру бағдарламасы бойынша №13 мектептің 11б сынып оқушысы Қажымұратова Жаңагүл ІІ орын иеленді; Қолды бүгіп жазу арқылы денені жерден көтеру бағдарламасында №14 мектеп-лицейінің 10б сынып оқушысы Курманбаев Жанибек ІІІ орын иеленді.
Облыстық 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған мектеп оқушылары арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерінен ІІ орын. "АК-47 оқу қаруын толық емес бөлшектеу және жинақтау" №231 орта мектебінің 11б сынып оқушысы Төкенұлы Әлімгерей; ІІ орын. АК-47 оқу қаруының оқжатарын патрондармен жарақтау №71 мектептің 11а сынып оқушысы Құлманов Рамазан; ІІІ орын. Кермеге тартылудан №62 мектеп-лицейінің 11а сынып оқушысы Әділсейтов Ақарыс.
Қазіргі таңда Арал аудандық білім бөлімінің жанындағы қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын атқарушы органында 1 маман,1 әдіскер барлығы 2 қызметкер жұмыс жасайды. Аудан есебінде тұрған 0-18 жас аралығындағы балалар саны 27343 (оның ішінде қызы 13166) оның ішінде жалпы білім беретін мектеп саны 50 оның ішіндегі бала саны 17445, аз қамтылған бала саны 3697, көп балалы отбасылар саны 1860, негізгі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар келсек саны-66 оның ішінде 36 қыз, 30 ұл. 66 баланың 30 қамқоршы, 36 қорғаншы болып тағайындалған. 66 баланың 39 жетім 27 а.қ.қ.қ.б. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 66 бала оның мектеп жасындағы 47 бала, 3 бала балабақшада, 1 үйде денсаулығына байланысты, 12 колледжде, 3 ЖОО оқиды. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мектепте оқитын балаларға, жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан оқулықтармен, киіммен қамтамасыз етілді. Мектепке жол акциясы кезінде демеушілер тарапынан 40 балаға планшет, ноутбук, нэтбуктар интернет модемдер және мектеп балансындағы планшеттер табысталса, оқу құралдар мен киімдер берілді. Олардың 66-ы «Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызметі арқылы уақытылы ай сайын 10 АЕК есебінде жәрдемақы алады. оның ішінде мүгедектігіне байланысты 1-і зейнетақы алады.
|
Жетім ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушы саны |
Мектеп оқитын балалар саны |
колледжде оқитын балалар саны |
ЖОО оқитын балалар саны |
Балабақша балалар саны |
үйдегі саны |
|
66 |
47 |
12 |
3 |
3 |
1 |
Арал ауданы бойынша 570 бала мүмкіндігі шектеулі болып танылып, оның 248 – і білім беру ұйымдарында білім алады, 32 – і психологиялық – педагогикалық түзету кабинетінде арнайы көмек алады. Сонымен қатар, сөйлеу қабілеті бұзылған 34 бала логопедиялық пункттердің көмегін алса, 59 бала инклюзивті сыныпта, 99 бала үйден оқиды. Қазіргі таңда 22 мектепте дефектолог, 1 мектепте логопед маманымен қамтамасыз етілген, 47 пайызды құрайды. Жол картасымен 2020 жылы 9,5 штат беріліп 10 мектепке арнайы дефектолог маманы алынды. 8 мектепке арнайы инклюзивті қолдау кабинеттері беріліп, толық жабдықталып, үнемделген қаржыға тағыда 8 мектепке инклюзивті кабинеттер жабдығы алынды. Аудандық білім бөліміне қарасты 49 жалпы білім беру ұйымы бар, Арал қаласындағы №220 орта мектепте психикалық дамуы кешеуілдеген (ЗПР) 7 cыныпта 47 бала білім алады. Мүмкіндігі шектеулі жандарға демалыс бөлмесі жабдықталған. №64 орта мектебінде психикалық дамуы кешеуілдеген (ЗПР) 2 сынып (12 бала) бар.
Инклюзивті білім алуы үшін арнайы оқулықтарға жергілікті бюджеттен 2020 жылы 396,850 теңге қаржы бөлініп, мүмкіндігі шектеулі ақыл ойы кешеуілдеп дамыған және көру қабілеті нашар 6,7,8 сыныптың 6 оқушысына арнайы оқулықтар таратылып берілді.
41 мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға сабақ беріп отырған 1184 мұғалім бар, олардың 95 пайызы біліктілік арттыру курсынан өткізілді. Жалпы мектеп партасында отырған 248, арнайы сыныптағы - 59, үйден оқитын - 99, мүмкіндігі шектеулі оқушының 256 (68%) қосымша біліммен қамтылған, мектепішілік үйірмелерден бөлек, «Еріктілер» жылына байланысты ақысыз негізде «До-Рем-МИ» би студиясының би үйірмесіне - 10, Робототехникаға - 6, дизайнға - 6, вокалға - 6 бала қамтылса, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қоры №14 мектеп-лицей мен №64 орта мектеп жанынан мүгедек балаларға арналған ақысыз негіздегі 2 спорттық «Бочча» үйірмесін ашып, 20 бала қамтамасыз етілді.
Аудандық оқушылар Үйіне 250 орындық жаңа ғимарат құрылысы пайдалануға беріледі. Осыған орай, қосымша білім беру ұйымдарына (Оқушылар Үйі - 965, Өнер мектебі – 243 (оның ішінде, Аманөткелдегі филиалда-13, Сексеуіл кентіндегі филиалда-22)) және спорт мектептеріне (1946 бала) – 3154 бала, сонымен бірге, Мәдениет Үйлеріндегі, аудандық ППТК және жақында ашылған «IQ» қосымша білім беру орталығындағы үйірмелерге, параолимпиадалық спорт секциясына, «Дореми» би студиясына – 1203 бала, барлығы 4357 бала (25 пайыз) қамтылды.
Аудан бойынша 1 – 4 сынып аралығындағы «Жас Қыран» ұйымына мүшелікке алынған балалар саны – 5282 (71 пайыз), «Жас Ұлан» ұйымына мүшелікке алынған бала саны – 7898 (86 пайыз).
Өнер мектебі бойынша халықаралық байқаудан – 15, республикалық байқаудан – 87, облыстық – 27; Оқушылар Үйі бойынша халықаралық байқаудан – 7, республикалық байқаудан – 22, облыстық – 20.
Аудандық білім бөліміне қарасты 49 мектептің 42-де спорт зал қаралған, оларда 46 спорт зал, 3 ату тирі, 6 ыңғайластырылған спорт залдар бар. Қазіргі таңда мектептерде 34 баскетбол, 40 волейбол, 14 футбол алаңы және 28 жасанды төсеніші бар спорттық алаңдармен қамтамасыз етілген. Мектепішілік 367 спорттық секцияға – 8320 оқушы (47 пайыз) қамтылған.
2020 жылдың 07 желтоқсан күні аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес әдіскер Н.Молжігітованың ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестік жетекшілерінің «Мектеп оқушыларының мәтінді түсіну және сауатты оқу саласындағы функционалдық сауаттылығын дамытудың тиімді жолдары» тақырыбындағы аудандық вебинары ZOOM платформасы арқылы өткізілді.
Аудандық вебинарға облыстық білім басқармасы облыстық оқу орталығының әдіскері А.Ахметова қатысты. Вебинарда №262 мектеп-гимназияның мұғалімі Нұрымбетова Шолпан, №177 орта мектебінің мұғалімі Өтегенова Мирамкүл, №13 орта мектебінің мұғалімі Құрмантаева Лиза, №67 орта мектебінің мұғалімі Камал Мейіржан баяндамалар жасап, өз тәжірибелерін ортаға салды.
2020 жылдың 09 желтоқсаны күні аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің әдіскері Н.Молжігітованың ұйымдастыруымен Жалпы білім беру ұйымдарының 5-10-сынып оқушылары арасында «Жадымда қалған Желтоқсан» тақырыбындағы ақындар айтысының І аудандық кезеңі барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, №13 орта мектебі базасында өткізілді.
Айтыстың бетпердесін жергілікті ақындар Айбек Тәңірбергенов пен Қайрат Құлекешов өзара айтыс арқылы ашты.
І орын алған жеңімпаз – Шөмішкөл елді мекенінде орналасқан №66 орта мектебінің 7-сынып оқушысы Ерасыл Сейітжанов ақындар айтысының облыстық кезеңіне қатысып, жүлделі ІІІ орын алды.
Құрылыс және материалдық - техникалық жұмыстар жөнінде:
Сексеуіл кенті 300 орын: Арал ауданы, Сексеуіл кентінде қазіргі таңда 15 мыңға жуық халық тұрады. Кенттің орталығынан үлкен темір жол торабы өтеді. Кенттегі 3 мектептің (№87,231 және 177 мектептер) барлығы темір жолдың бір жақ бетінде орналасқандықтан екінші жақ бетінде тұратын 360 оқушы 13 шойын жолды кесіп өтуге мәжбүр болып отыр. Бұл өз кезегінде балалардың өміріне қауіп туғызуда. Сонымен қатар, Сексеуіл кенті 2016 жылдан бастап «Бейнеу-Жезқазған» темір жолы пайдалануға беріліп, кент тоғыз жолдың торабына айналды. Өз кезегінде халық саны да жыл санап өсуде. Сексеуіл кентіндегі №231 мектеп 150 балаға арналғанымен 480 бала білім алуда және №87 мектеп 350 бала арналғанымен 804 бала білім алуда. Аталған жағдайды ескере келе Арал ауданында 2018 жылы 3 ауысымдық 2 мектеп пайда болуы мүмкін. Қазіргі таңда Сексеуіл кентінде 300 орындық мектебіне жол картасы бағдарламасы есебінен 733 153,236 мың тг.ге бөлініп, «Энергомэра» ЖШС-гі құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Құрылыс орнында 84 адам жұмыс жасауда.
Оқушылар үйі жаңа құрылыс: Облыстық бюджеттен 250 орындық оқушылар үйі құрылысын Бас мердігер “SRS Инжиниринг ЖШС” жүргіілуде. Жобалық құны 289 238 670 тг-ні құрайды. 2020 жылдың 4-ші жарты жылдығында қолданысқа берілу жоспарлануда.
Жақсықылыш қосымша құрылыс: Ауыл-Елбесігі» бағдарламасы аясында әлеуметтік мекемелерге күрделі жөндеу және қосымша құрылыс жүргізу енгізілген. Осыған сәйкес № 19 орта мектепке қосымша 100 орындық жапсаржай салу құрылысының мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп мердігер «Самат-Мунай» ЖШС-і жеңіп алды. кәзіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Бейнебақылаулар (ішкі және сыртқы): Бейнебақылаумен жабдықтауға байланысты биыл 2020 жылы 11 мектеп бейнебақылау камераларымен және арнайы каналмен аудандық ішкі істер бөліміне қосылған, қалған 38 мектеп мектепішілік ішкі және сыртқы бақылау камераларымен жабдықталды, қазіргі таңда барлық мектептер 100 пайыз ішкі және сыртқы бейнебақылау камераларымен қамтылған.
Аудан мектептеріндегі ішкі әжетханамен қамтылмаған орта мектептерде құрылыс жұмыстары жүргізілді. Жылы әжетханалармен қамтылмаған 15 мектептің 8 (13,14, 83, 220, 57, 58, 69, 72) мектебіне ЖСҚ дайындалып, меклекеттік сатып алу арқылы құрылыс жұмыстары жүргізілді. Сондай ақ мектептерің істен шыккан әжетханаларды іске қосу үшін қажетті құрал алынып жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылы аудандағы мектептер толықты ішкі әжетханалармен қамтылды.
Қарақұм ауылдық округінде орналасқан №59 орта мектеп, Ақбасты елді мекеніндегі №22 мектептерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
№59 мектеп спорт залы және кітапханасының шатырын ауыстыру, спорт зал мен кітапхананың қабырғалары мен төбесін сылап, штукатуркалау жұмыстары жүргізілді. (5 522,799 тг)
№22 мектеп ішкі сылақ және есіктер ауыстыру жұмыстары жүргізілді (1 075,0 тг)
Оқулықпен қамту: Жаңа оқу жылыңа оқулыққа 141 869,2 мың теңгеге 11 баспамен келісім шарт жасалынып жеткізіп беру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта кітап қорының 100 пайыз баспадан алынып, мектеп оқушыларына таратылып берілді.
Санитарлық талаптарды сақтауға арналған заттар:
Санитарлық талаптарды сақтауға арналған заттарды алуға 30 576,0 мың теңге қаржы қаралып мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп төмендегі жеңімпаздар анықталып, заттары алынды. Атап айтар болсақ, кварц шамдарын - 4 900,0 мың теңге; тері антисептигі -5 733,0 мың теңге; дезинфекциялық тоннель -15 150,0 мың теңге; байланыссыз термометрге -773,8 мың теңге; санитайзер – 740,9 мың теңге.
Арал ауданындағы білім саласының ІІІ тоқсан бойынша атқарылған жұмыстар жөніндегі ақпарат – анықтама
Қазіргі таңда ауданымызда 49 мектепте 17 265 оқушы, №2 облыстық дарынды мектеп интернаттың 180 оқушысын қосқанда, жалпы 50 мектепте – 17 445 оқушы оқиды. Арал ауданы: 25 мектеп дәстүрлі форматта (14 орта, 6 негізгі, 5 бастауыш) – 2272 оқушы /13,16 пайызы/ оқиды. 24 мектеп аралас форматта оқытылады, оның ішінде 1-4 сынып бойынша кезекші сыныптар да бар және қашықтықтан оқитын сыныптарда бар.Жалпы 24 мектепте 1-4 сыныптардың 176кезекші сыныптарда 2315 оқушы /13,41 пайызы/ оқиды, 1 сынныпта – 1518 оқушы (117 кезекші сынып), 2 сыныпта – 297 оқушы (20 кезекші сыныпта), 3 сыныпта – 242 оқушы (18 кезекші сыныпта),4 сыныпта – 258 оқушы (21 кезекші сыныпта) оқытылуда. Сонымен қатар 1-4 сынып оқушылары арасынан 4172 оқушы, 5-11 сынып оқушыларынан 8506 оқушы, жалпы – 12678 оқушы /73,43 пайызы/ қашықтықтан оқытылады. Қосымша облыстық дарынды балаларға арналған №2 мектеп – интернаттың 180 оқушысы қашықтықтан оқытылады.
Республикалық «Абай оқуларының» қашықтықтан өткізілетін облыстық кезеңіне қатысқан №260 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Қонысбаева Жансая ІІ орын алды. «Ұлы даланың ұлы есімдері» тақырыбындағы қашықтықтан облыстық бейнеролик байқауына қатысқан №67 мектептің 10-сынып оқушысы Ержанова Меруерт ІІ орын алды, №220 орта мектебінің 6-сынып оқушысы Жұмамұратқызы Айша ІІІ орын алды.
Жалпы білім беру ұйымдарының 1-5-сынып оқушылары арасында қашықтықтан өткізілген тақырыбындағы облыстық мәнерлеп оқу байқауына 25 оқушы қатысып, 18 оқушы орын алды.
«Ұстазым менің, ұстазым...» тақырыбындағы қашықтан облыстық шығармалар байқауына қатысқан №262 мектеп-гимназияның 9-сынып оқушысы Абзалова Дильназ және №14 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы Еңсепбайқызы Назерке ІІ орын иеленді. Сонымен бірге, №64 орта мектептің 5-сынып оқушысы Тегінбайқызы Гүлназ ІІІ орын алды. №220 орта мектептің 7-сынып оқушысы Жарылқасынова Жаннұр Алғыс хатқа ие болды.
Арал аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2020 жылдың 22 қыркүйегінде музыка пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру, жаңашыл мұғалімдерді анықтау мақсатында ZOOM платформасымен онлайн режимде «Үздік музыка пәнінің мұғалімі – 2020» байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде иеленген №177 орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Көшекбаев Нұрлан облыстық кезеңге қатысып, Алғыс хатқа ие болды.
2020 жылдың 3-9 тамыз аралығында «Онлайн каникул» жобасының іс-шара жоспары бойынша облыстық «Қазақстан-мейірімділік мекені!» тақырыбындағы қашықтықтан өткізілген бейнеролик байқауының «Мейіріміңмен бөліс» акциясына №62 мектеп-лицейден Ұзақбай Айару, Тілеубай Дінмұхамед, Көшім Мөлдір, Оразова Каусар, Ізмағанбетова Тұмар, Дауренұлы Жанмұхамед, №21 орта мектептен Назархан Мейіржан,№13 орта мектептен Сабитқызы Гүлшахар, Кенесары Томирис,№83 орта мектептен Бақытжан Гүлханым қатысты. Осы байқаудың «Тамаша адам туралы әңгіме» номинациясы бойынша №62 мектеп-лицейден Бектөреқызы Айзере, Әділова Аймереке, «Алғыс марафоны» номинациясына №21 орта мектептен Оңғаров Нұрислам, №83 орта мектептен Ниязова Ақнұр, Оңталап Айша Бибі, Өмірзақ Жұбаныш қатысты.
2020 жылдың 28 тамызы күні «Мектепте қашықтықтан оқыту: тәжірибе және келешегі» тақырыбында қашықтықтан өтетін бастауыш пән бірлестік жетекшілерінің секция жұмысы өткізілді. «Қашықтықтан оқыту жағдайында бастауыш сыныптың математика пәні бойынша жиынтық бағалауды ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктері» тақырыбы бойынша №220 орта мектептің мектеп директорының бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары Наукеева Лайық, «Қашықтықтан оқытуда кері байланысты ұйымдастыруда қолданылатын веб-ресурстар» тақырыбында №83 орта мектептің бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары Жүгінісова Мира, «Онлайн сабақтың ерекшелігі» тақырыбында №13 орта мектептің бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары Нұрсейтова Закира түсінік жұмысын жүргізді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің 2020 жылдың 11 тамызы күнгі №18-1/322 санды хатына сәйкес, 1-сыныпқа баратын балалардың бастапқы мүмкіндіктерін теңестіру мақсатында қысқа мерзімді мектепалды даярлық курстарын өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдарды басшылыққа ала отырып 68 бүлдіршін курстан өтті.
2020 жылдың қыркүйек, қазан айларына кезекші сыныптарға арналған медиа жоспар жасалынып жұмыстар жүргізілуде. 19 орта мектеп «Кезекші сыныптағы оқушылардың бір күні», --21.09.2020 жылы №20 орта мектеп «1.Қашықтықтан оқыту жағдайында тапсырма беру жолдары. 2.«Online-Mektep-Bilimland» платформасының оқушылар үшін тиімділігі», және де мектептер «Кезекші сыныптардағы интернет платформасымен жұмыс жүргізу тәсілдері» тақырыптары бойынша жұмыстар жүргізді.
Орыс тілі пәннінен тіл мерекесіне арналған оқушылар арасында онлайн челлендж өткізілді.
Қыркүйек айының басында әлеуметтік желіге «Денсаулығым керемет-жаттығуға мың рахмет» тақырыбында жақын орналасқан мектептер бір-біріне салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жаттығулар жасай отырып эстафета жолдады.
Облыстық білім басқармасының 2020 жылдың 27 тамызы күнгі №07-17/3075 санды хатына сәйкес, аудандық білім бөліміне қарасты барлық білім беру мекемелерінде еңбек әулеті өкілдерімен және Еңбек күніне арналған «Мамандық үздігі» конкурстарының жеңімпаздарымен кездесулер мен сынып сағаттары онлайн режимде ұйымдастырылды.
Облыстық білім бөлімінің үйымдастыруымен жастар арасында «Жаңа оқу жылына – жаңа бастама» тақырыбында семинар өткізілді. Семнарға ауданның 10 жас маманы катысып, барлығы облыстық грамотамен марапатталды.
Арал ауданындағы білім саласының ІІ тоқсан бойынша(сәуір-маусым) атқарылған жұмыстар жөніндегі ақпарат – анықтама
Қазіргі таңда аудандағы барлық мектепке дейінгі 53 ұйымға 3672 бала, мектепалды даярлық топтарға 988 бала, жалпы 1 – 6 жас аралығындағы 4660 бала қамтылса, 509 педагог қызмет (жоғары білімдісі – 299; арнаулы орта білімдісі – 210; жоғары санатты – 1;І санат – 57; ІІ санат – 169) атқарады.
2020 жылы 6 cәуірінен бастап ауданымыздың 49 мектебінде қашықтықтан оқыту жұмыстары басталғандығын хабарлайды. Қазіргі таңда телеарналардан беріліп жатырған сапалы видеосабақтар тұрғындар тарапынан кең сұранысқа ие болып жатырғандығынан хабардармыз. ОтауТВ-сыз көретін (14 канал, оның ішінде «Балапан», «Еларна» арналары бар) цифрлы телевидения Арал қаласы, қалаға жақын Шижаға (№57), Жақсылықылыш (№19), Қамбаш (№21), Ақбасты (№22), Құланды (№77) қосылып, мектеп оқушыларының ОтауТВ-сыз 100 пайыз көру мүмкіншілігі туындады.
1001 балаға мектептердің компьютер техникасы таратылып берілді.
Мектептер тарапынан көпбалалы отбасы мен аз қамтылған отбасы балаларын мектеп компьютерлерін бөлумен қатар демеушілік есебінен отбасылардың интернетке қосылуы мен спутниктік Отау ТВ жүйесімен қамтамасыз ету көмектері ұйымдастырылды.
Арал ауданы бойынша көпбалалы отбасы және аз қамтылған отбасы балаларына мектеп ұжымы мен кәсіпкерлер тарапынан 3 отбасыға (5 оқушы) интернетке кіретін модем, 13 отбасыға (18 оқушы) смартфондар, 2 отбасыға (4 оқушы) ОтауТВ, 55 отбасының (121 оқушы) 2-3 айға төлейтін интернет трафиктерінің қаржылары төленді.
(Атап айтар болсақ, №13 мектеп 2 отбасыға (2 оқушы), №14 мектеп-лицей 7 отбасыға (7 оқушыға), №281 мектеп 5 отбасы (5 оқушы), №260 4 отбасы (9 оқушыға), №87 мектепте 3 отбасыға (11 бала) әрбір отбасыға интернет нүкте, трафиктерге қосу, №62 мектеп-лицей 1 отбасы (3 оқушыға) интернет-модем қондыруға, 3 отбасына (9 оқушыға) интернет трафик қаржысы төленіп, №260 мектеп 1 отбасыға (1 баласы үйден оқитын), №13 мектеп 1 отбасыға (1 бала), №262 мектеп-гимназия 2 отбасыға (2 оқушы) смартфон алып берілсе, 1 отбасыға (1 оқушы) интернет трафикке қосу, №19 мектептің 1 отбасына (3 оқушы) ОтауТВ, 2 оқушыға смартфон соткамен, 3 оқушының телефондарын интернет тарифке қосуға, №64 мектеп 7 отбасыға (28 оқушыға) интернетке кіретін флэшкамен және 2 отбасыға (8 оқушы) қазақтелеком интернет нүктесін қондыру, №200 мектеп 1 отбасыға (1 оқушы) ОтауТВ спутниктік желісімен, №71 мектеп 3 отбасы (7 оқушы) балаларына телефондарына интернет тариф қосуға, 1 оқушыға смартфон, №220 мектебі 3 отбасыға (6 оқушы) смартфон, 15 отбасы (31 оқушы) балаларының телефондарына интернет тарифке қосуға, №177 мектеп 2 отбасыға (2 оқушы) алтел модем-флешка, 1 отбасыға (1 оқушыға) смартфон алып берілсе, №231 мектеп (4 оқушы) смартфон телефонын алып беру бағыттарында мектеп ұжымы мен кәсіпкерлер тарапынан жалпы 148 оқушыға (73 отбасыға) демеушілік жасау жұмыстары жүргізілді.)
Аудандық білім бөліміне қарасты 49 мектепте 16867 оқушы (сонымен қатар 1007 МАД балалары) қашықтықтан оқытуға көшсе, интернет платформа арқылы білім алатын оқушылар саны – 7763 (46 пайызы), ТВ плюс мүмкіндіктерімен 9104 оқушы (54 пайызы) білім алуда. МАД 1007 баласының 917-сі интернет платформаларда, алыс елді мекендегі 90 баласы қағазтасығыш материалдар мен пошта қызметін қолданды.
Қала бойынша 9 мектептің жалпы 7440 оқушысының интернет платформамен – 5500-і (74 пайызы), 1940 оқушы – ТВ плюспен (26 пайызы) оқыды.
Ауыл (40) мектептері бойынша – 9427 оқушысының 2263-і (24 пайызы) интернет платформамен, 7164-і (76 пайызы) ТВ плюспен оқуда.
Жалпы мектепте оқитын 16867 оқушыны оқыту әдістері бойынша сараптама жасайтын болсақ, интернет платформамен оқитын: 1219 оқушы – Білімлэнд, 412 оқушы – Дарын.онлайн, 6132 оқушы – Электрондық Күнделік платформаларын пайдаланса, кері байланыс жасауда Электрондық Күнделік – 3079 оқушы, whatsapp мессенджерімен – 4581, электрондық поштамен – 103 оқушы қашықтықтан оқыту әдістерін қолданды.
ТВ плюс бойынша «Балапан» арнасын – 8987 оқушы, «Еларна» арнасын – 117 оқушы көруде. Бұл жерде ТВ-дан бөлек телеарналарды көрсетілген ТВ графиктен бөлек кез-келген уақытта Білімлэнд платформасынан және ютуб желісінен көру мүмкіншіліктері қарастырылғандығын ескерген жөн. ТВ плюс бойынша оқушылармен кері байланыс орнатуда Электрондық күнделікпен – 3112, электрондық пошта – 56, whatsapp мессенджерімен – 4227 оқушы пайдаланды.
13 елді мекенде (№№18,22,58,60,66,68,74,77,82,227,230,237,248) мобильді интернет желісінің болмауына байланысты 1709 оқушы Қазпошта, мектеп тағайындаған операторлар көмегімен оқушыларға қағазтасығышта материалдарын жөнелту және кері байланыс орнату жұмыстары жүргізілді.
Қашықтықтан оқыту бойынша (сall-орталыққа хабарласушылар саны - 16) негізгі проблемалар Электрондық күнделік жүйесінде туындауда, жүктелуі сервер тарапынан тұрақты негізде жауап алу мүмкіндігі болмауда, осыған байланысты Электрондық Күнделік арқылы кері байланыс орнатып отырған мұғалімдерге альтернативті нұсқалармен жұмыс жасауға кеңестер берілді.
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар
- Қазіргі таңда Арал аудандық білім бөлімінің жанындағы қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын атқарушы органының есебінде тұрған жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны-70, оның ішінде жетім балалар саны –44, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 36, Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 70 баланың 17-інде ата-анасынан қалған үлестік үй бар.
Жоғарыда аталған барлық бала «аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне» 100% тұрғын үй кезегіне қойылған. Үлестік үйлері бар жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың атынан аудандық Әділет басқармасына қорғау хат жолданған.
Сонымен қатар Арал аудандық білім бөлімінің жанындағы қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын атқарушы органының түсіндірме жұмыстары нәтижесінде қорғаншылықтағы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелет жасқа толмаған Өксікбаев Бекзат өз отбасына қайтарылды.
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 70 баланың 9-сі колледжде, 1-еуі жоғарғы оқу орнында, 2-і үйде, 5-еуі балабақшада, 55 бала мектепте оқиды, мектеп жасындағы балалардың барлығы жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан оқулықтармен, киіммен және ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр.
«Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызметі арқылы уақытылы арнайы есеп шоттарына (спец) ай сайын 10 АЕК есебінде жәрдемақы алады, оның ішінде мүгедектігіне байланысты 1 балаға зейнетақы тағайындалған.
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қамқорлыққа, қорғаншылық тәрбиеге беру кодексте және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген негіздемелерге сәйкес жүзеге асырылып отырады. 2020 жылдың сәуір айына дейін жалпы алғашқы есепке 4 ата-ана жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 13 баланы қамқоршылық,қорғаншылыққа алынса, жетім қалған 2 баланың құжаттары рәсімделуде.Асырап алуға 2020 жылы 7 үміткердің облыстық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа құжаттары жолданып, 7 үміткерге сот шешімі шығып, асырап алуға берілді.
- «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету туралы мәселесі» аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында жыл сайын қаралып отыр.
Арал ауданындағы білім саласының І тоқсан бойынша(қаңтар-наурыз) атқарылған жұмыстар жөніндегі ақпарат – анықтама
1.Қазіргі таңда аудандағы барлық мектепке дейінгі 53 ұйымға 3672 бала, мектепалды даярлық топтарға 988 бала, жалпы 1 – 6 жас аралығындағы 4660 бала қамтылса, 509 педагог қызмет (жоғары білімдісі – 299; арнаулы орта білімдісі – 210; жоғары санатты – 1;І санат – 57; ІІ санат – 169) атқарады. 2020 жылы қаңтар, наурыз айларында Үкілісай елді мекеніндегі №265, Ескіұра елді мекеніндегі №281 негізгі мектептері жанынан 20 орындық шағын орталықтар ашылды.
2.Аудандағы жалпы орта білім беретін 50 мектепте 17070 оқушы дәріс алады. Педагог қызметкерлерді аттестаттаудың жаңа жүйесі бойынша осы уақытқа дейін 1020 педагог маман (модератор - 349, сарапшы – 460, зерттеуші - 209, шебер - 2) санаттарын алды. Мұндай жүйе бойынша сант иеленгендердің 12–і (9 - зерттеуші", 3 - сарапшы) мектеп басшыларын құрайды. 2019 жылдың қараша айында біліктілік тестілеуден өтуге 321 педагог ұсыныс жасап, 248 педагог білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша тестілеуден өтіп біліктілік санаттарын алды.
3.Білім саласын қаржыландыру көлемі де жыл сайын артып келеді.2020 жылы облыстық бюджеттен бөлінген қаржы: Жалпы орта мектептерді физика, химия, биология кабинеттерімен жабдықтауға 287 млн 096 мың теңге; Білім беру ұйымдарын бейнебақылаумен қамтамасыз етуге 39 млн 303 мың теңге; Инновациялық мектептерді 3Д принтер, 3Д сканер және дронмен қамтамасыз етуге 2 млн 500 мың теңге; Жалпы орта білім беру мектептер базасынан инклюзивтік кабинеттер ашуға 24 млн теңге қаржы бөлінді.
Аудандық бюджеттен Қарақұм ауылында орналасқан №59 орта мектеп ғимараты шатырына ағымдағы жөндеуге 7 млн теңге, Ақбасты ауылында орналасқан №22 орта мектебін ағымдағы жөндеуге 2 млн теңге қаржы бөлінді. 2020-2021 оқу жылында жаңартылған білім беру мазмұнына көшетін 11-сыныптың оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алу үшін аудандық бюджеттен 47 млн 471 мың теңге қаржы бөлінді.
4.Білім ұйымдарының материалдық – техникалық базамен қамтылуы жыл сайын қарқынды өсуде. Қазіргі таңда аудандағы 6 мектеп жаңаша модификацияланған физика, химия, биология кабинеттерімен толық жабдықталса, қалған мектептер 5 – «Физика», 9 – «Биология», 12 – «Химия» кабинеттерімен қамтамасыз етілген. Сонымен бірге жаңа үлгідегі 14 – «Робототехника» кабинеті және аудан мектептерінде 1164 компьютер, 155 интерактивті тақта бар. Үстіміздегі жылы «Балаларға арналған ақысыз ІТ-сыныптар» жобасы аясында № 14, 62 мектеп-лицейлер мен Оқушылар Үйі облыстық бюджеттен бөлінген 2 млн. 700 мың теңгеге STEM-платформасымен қамтамасыз етіліп, қазіргі таңда оқушылармен бейне оқу жұмыстарын жүргізуде. Аудандық бюджеттен "Жалпы білім беретін мектептерге интерактивті құрылғылар жинағының" (жинақта Интерактивті тақта, ноутбук, проектор) 40 данасы алынып берілді. Аудан мектептерін цифрлық білім беру ресурстарымен қамту, кең жолақты Интернетке қосу және видеоқұрылғылармен жабдықтау жұмыстары қарқынмен жалғасып, 30 мектеп «Білімлэнд» виртуалды оқыту платформасымен 30 онлайн негізінде және 19 мектеп оффлайн негізінде жұмыс жасайды. «Электрондық күнделік» жүйесімен 100 пайыз қамтылды. 51 мекеменің 40 – ы бу қазандықтарымен, ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан 8 мекеме пешпен, 6 мектеп (№260, №83, №262, №62, №64, №220) табиғи газбен жылытылып отыр.
5.Аудандағы 8 мектеп жанындағы интернаттарға 164 оқушы орналасса, 4 мектепке 370 (№ 19 – 104; № 82 – 38; № 237 – 39; № 262 – 189) баланы мектепке дейін және кері қарай күнделікті тегін тасымалдау ұйымдастырылған. Аталған оқушыларды тасымалдау үшін 11 мектеп автокөлігі қызмет көрсетеді. Дегенмен, Қаратерең елді мекеніндегі № 82 орта мектепке Тастақ елді мекенінен қатынайтын 23 оқушыға қажетті автокөлік алуға 2020 жылы аудандық бюджеттен 15 млн. теңге бөлінді.
6.Аудандағы жалпы орта білім беретін барлық мектептің 1 – 10 сыныптары толығымен жаңартылған білім беру мазмұнына көшіп болды. 2020-2021 оқу жылында жаңартылған білім беру мазмұнына көшетін 11-сыныптың оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алу үшін аудандық бюджеттен 47 млн 471 мың теңге қаржы бөлінді.
7.Жаңаша мазмұндағы оқыту бағдарламасы бойынша соңғы 5 жылдың ішінде 2151 мұғалім және 46 мектеп директоры толықтай курстан өткізілді. Деңгейлік бағдарлама бойынша 518 мұғалім қамтылып, оның ішінде 7 – уі мектеп басшысы болып отыр. Көшбасшылық бағдарлама бойынша 36 мектеп директоры сертификат иеленіп, а.ж. ақпан айынан 2 мектеп директоры курстан өтуде. Бүгінгі таңға дейін 69 оқу ісі және бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасарлар мектеп үйлестірушісі, 121 мұғалім мектеп тренері курсынан өтіп отыр. 23 мектептің физика, химия, биология, информатика пәндерін вариативті компонент есебінен ағылшын тілінде В 2, С1 деңгейі бойынша сертификатталған 47 мұғалім жүргізуде. Бұл көрсеткіш қатары 2020 жылдың қаңтар айынан бастап тағы да 20 мектеп бойынша өтіп келген 26 мұғаліммен толықты.
8.2020 жылы ақпан айында жалпы білім беретін мектептердің 7-11-сынып оқушылары арасында Республикалық М.Мақатаев оқуларының аудандық кезеңінің жеңімпазы №73 орта мектебінің 7 сынып оқушысы Көбеген Нұрай облыстық кезеңі бойынша жүлделі 3-орын иеленді. Жалпы орта білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі бойынша «Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасының (бұдан әрі Олимпиада) аудандық кезеңі өткізілді. «Білгірлер бәйгесі» номинациясы бойынша №177 орта мектептің 8–сынып оқушысы Бақбергенова Нұрайым І орын, облыстан ІІІ орын. «Бейнелеушілер» номинациясы бойынша №262 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы Жанұзақова Әсия І орын, облыстан ІІІ орын. «Жас қаламгер» номинациясы бойынша №68 орта мектептің 8-сынып оқушысы Асқарова Іңкәр І орынмен, облыстан ІІ орынмен, «Сөз шебері» номинациясы бойынша №57 орта мектептің 10-сынып оқушысы Қоңырбаева Айғаным І орын, облыстан ІІ орын. «Жас қаламгер» номинациясы бойынша №14 мектеп-лицейдің 7-сынып оқушысы Жарболова Ақбаян І орын, облыстан ІІ орын. «Сөз шебері» номинациясы бойынша №14 мектеп-лицейдің 7-сынып оқушысы Кемалова Айым І орын, облыстан ІІІ орын иеленді. Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының 2019-2020 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес жалпы білім беру ұйымдарының бастауыш сынып оқушыларына арналған «Бақытты балалық шақ» атты аудандық (сырттай) сурет байқауы өткізілді. Байқауға 21 оқушы қатысты. №177 орта мектептің оқушылары 2-сынып оқушысы Әуесхан Берекет Амандықұлы «Мен оқыған ертегінің иллюстрациясы» тақырыбында І орын, облыстан І орын, Аманғос Бақдәулет Еркінұлы І орын, облыстан І орын. «Туған жерімнің табиғаты» номинациясы бойынша Әбдулхалин Мухамбетшәріп І орын, облыстан ІІІ орын. 1-4 сынып оқушылары облыстық кезең бойынша І орын алды. Қызылорда облыстық оқу орталығының 03.02.2020 жылғы №95 санды хаттарына сәйкес, «Өзін-өзі тану» пәні аясында құндылықтар бағдарларын қалыптастыру арқылы балалар мен жасөспірімдерге рухани-адамгершілік білім беру, шығармашылық әлеуетті дамыту, шығармашылық қызметте өзін-өзі көрсетуге ұмтылысты көтермелеу мақсатында 9-11 сынып оқушыларына арналған «Өзін-өзі тану» пәнінен Республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді. Облыстық кезеңге қатысқан №260, №59, №14 мектеп оқушыларынан №59 орта мектептің 10-сынып оқушысы Мұратбай Назерке ІІ орын, №14 мектеп-лицейдің 10-сынып оқушысы Жетес Ақгүл І орынмен марапатталып, республикалық кезеңге жолдама алды. 7-10 сынып оқушыларына арналған Е.Әуелбеков атындағы математика пәнінен облыстық олимпиаданың аудандық кезеңі2020 жылдың 5 наурызы күні Арал қаласындағы №64 орта мектеп базасында өткізілді, нәтижесінде №19 мектептің 7 сынып оқушысы Оразалиев Өмірбек, №13 мектептің 8 сынып оқушысы Кеңесов Нұрбай, №13 мектептің 9 сынып оқушысы Шоқашов Диас, №64 мектептің 10 сынып оқушысы Жарылқасынова Сұлтанәлі І орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.
Пандемияға байланысты 2019-2020 оқу жылының ІІІ тоқсаны аудан мектептерінде 14 наурызы күні ерте аяқталды. Қазіргі таңда IV оқу тоқсанын бастау 2020 жылдың 6 сәуірінен бастап қашықтан оқыту арқылы жүзеге асыру жоспарлануда. Осы орайда, 17070 оқушыға дәрістер оқу мен сабақ беруде «Балапан», «Еларна» телеарналары арқылы және Daryn.online, Bilimland платформалары мен Электрондық күнделік, zoom, т.б. қашықтаны оқыту бағдарламаларын пайдалануға дайындық жұмыстары жүргізілуде.
9.Аудан бойынша мектеп интернаттарды қоспағанда 44 мектепте асхана жұмыс жасайды. Онда міндетті оқу қоры есебінен әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасынан шыққан 3697 баланы бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылып, 2020 жылдың қаңтар-наурыз айларына 62 млн 999,0 мың теңге қаржы бөлінген.
10.Аудандық әдістемелік қызмет бойынша бекітілген жоспарға сәйкес аудандық деңгейде семинарлар (конференция, кеңес, практикум, т.т.), қашықтықтан оқу - әдістемелік кеңес беру, оқырмандар конференциясы, инновациялық мектептермен бірлескен қызмет бойынша ауылдық елді мекендердегі мектепке десант-сабақтар жоспарланып өткізілді. 2020 жылы 21 ақпан күні Аудандық Білім Бөлімі әдістемелік кабинеттің жоспары бойынша қаламыздағы №260 орта мектеп базасында, аудан мектептерінің жас мұғалімдеріне арналған «Педагогикалық әрекеттерді шешу жолдары» тақырыбында әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Семинардың басты мақсаты жас мамандардың педагогика және психология саласындағы теориялық және практикалық білімдеріне бағыт- бағдар беру. Ашық әңгіме алаңы арқылы кездескен жағдаяттардың шешу жолдарын көрсету. «Жас маман – болашақ үміті» атты тақырыпта ү.ж. 12,17 наурыз қоғамдық- гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша және 14-15 сәуір айларында жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша жас мамандар арасында ашық сабақтар шеруі үйымдастырылған,қазіргі таңда онлайн – конференция негізінде өткізілуде. 2020 жылдың қаңтар айында №220 орта мектеп базасында «Оқыту үдерісінде саралап оқыту әдістерін қолдану» тақырыбында, наурыз айында №260 орта мектеп базасында жаңартылған білім беруге көшу жағдайында критериалды бағалау жүйесінің тәжірибеге енгізілу жолдарын қарастыру мақсатында «Сабақтағы сапалы қалыптастырушы бағалау-бөлім мен тоқсандық жиынтық бағалаудың негізі» тақырыбындағы облыстық семинарлар өткізілді.
11.Білім беру мекемелері аудандық полиция бөлімімен бірлескен «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу (қылмыс, суицид, жыныстық тиіспеушілік) жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес тиісті тармақтар бойынша жұмыстар атқарылуда. Аудан мектептерінде оқушылардың сабаққа келу-қайтуын қатаң бақылауға алу, бала тәрбиесіне кері әсер ететін ата-аналарды және олардың құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын азаматтарды анықтау, заң талаптарына сәйкес тиісті шара көру, жасөспірімдерді қоғамдағы жат қылықтардан, яғни есірткі, алкоголь, темекі секілді зиянды әдеттерден аулақ болу мақсатында үнемі түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастыру және т.б. жұмыстар жүргізуді тәрбие саласына қатысты мамандармен мектеп инспекторлары бірлесіп атқаруда.
2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында құқық бұзушылықпен тіркелген оқушы жоқ.
Кәмелетке толмағандар арасында аудандық полиция бөлімімен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып «Мектепке жол», «Абайлаңыз балалар», «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі», «Полицияның жас көмекшілері», «Мен және менің полицейім», «Жасөспірім Заң Қауіпсіздік» атты кең көлемді акциялар мен жиын, байқаулар ұйымдастырылып өткізілді. Балаларының тәрбиесімен айналыспайтын отбасыларды анықтау және жасөспірімдердің түнгі беймезгіл жүрістеріне бақылау жасау мақсатында «Қауіпсіз интернет», «Жасөспірім», «Балалар түнгі қалада», «Балалар қысқы демалыста» атты жедел профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып, сәуір айында аудандық полиция бөлімімен бірлесіп «Қозғалыстың жас инспекторлары» байқауы өткізіледі. Іс-шаралар барысында «Заңды білу заман талабы», «Түнгі жүрістердің бала өміріне қауіптілігі», «Нашақорлыққа жол жоқ», «Заңды білу баршамызға ортақ», «Интернет желісінің қауіпті тұсы», «Бақытты балалық шақ», «Жол қауіпсіздігі және жасөспірім» атты тақырыптарында кездесулер, лекциялар, пікір-алысу сағаттары ұйымдастырылып, жасөспірімдердің құқықтық білім деңгейлерін көтеруге бағытталған іс-шаралар жүргізілді.
Соңғы кездері республика, облыс көлеміндегі ақпараттарға байланысты келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында білім беру мекемелеріне шұғыл шаралар қабылдауды, бұл бағыттағы жұмыстарды тұрақты бақылауға алуға тапсырмалар беріліп тиісті жұмыстар жүргізілуде. 2020 жылдың 01-13 ақпан аралығында білім бөлімінің жоспарланған жұмыс кестесіне сәйкес қала мектептері мен оқушы саны көп Сексеуіл, Жақсықылыш, Шижаға және Аманөткел елді мекендеріндегі мектептердің ер балалар тәрбиесіне көңіл бөлу және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында бөлім қызметкерлерімен 7-11 сыныптың ер балалары арасында еркін кездесу өткізіліп, «Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу» бағытында әзірленген видеоролик көрсетіліп балалардың пікірлері тыңдалды. Наурыз айында балалар арасында құқық бұзушылықты болдырмау, одан бойларын аулақ салуға тәлім-тәрбие беру, аға ұрпақтың өнегесін бойына сіңдіру, үлгі тұтар өмір жолымен таныстыру мақсатында қаладағы барлық жоғары сынып оқушыларының қатысуымен «Ардагерім –ардағым» атты аудандық полиция бөлімінің ардагерлерімен кездесу кеші жоғары деңгейде өткізілді.
Қазіргі таңда кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар санының өсуіне басты себеп, отбасы тәрбиесінің аздығы, ата-ананың қарауынсыз түнгі беймезгіл уақыттарда жүруі, қоғамның келеңсіз құбылыстарына бейім болуынан болып отыр. Осындай келеңсіз құбылыстардың алдын алу және жолын кесу бағытында 24 қаңтар-25 ақпан аралығында «Жасөспірім және Заң» атты құықтық шара барысында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстарды болдырмау, алдын алу мақсатында бөлім қызметкерлері, ювеналды полиция тобы бірлесіп аудан мектептеріндегі оқушылармен кездесулер өткізілді. Кездесулер барысында бала өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ережелер көрсетілген ескерту парақшалары таратылып түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Астана қаласындағы «КРОКУС» орталығының мамандары «Жасөспірім қыздар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу жолдары» тақырыбында Арал қаласында ақпан айында барлық орта және негізгі мектептерден 22 тәрбие ісі жөніндегі орынбасар, 11 психолог, 12 әлеуметтік педагог барлығы 45 адам арнайы курстан өткізілді. 06 наурыз күні денсаулық, полиция бөлімі қызметкерлері, психолог мамандар және үлгілі ардагер аналардың қатысуымен жоғары сыныптың қыз балаларымен «Қыз тәрбиесі –ұлт тәрбиесі» атты аудандық кең көлемді шара өткізіліп, қатысқан қыз балаларға қажетті кеңестер беріліп, тәрбиелік мәні бар бейнероликтер көрсетілді.
Арал ауданындағы білім саласы бойынша 12 айда атқарылған жұмыстар жөніндегі ақпарат – анықтама