
Жіңішкеқұм ауылы 2020 жылғы « 17» қараша
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің мәні – Атанши ауылдық округі бойынша барлық саланың қызметтерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету, бақылау-қадағалау қызметтерін іске асыру және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары қамтылды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ақпаратты жинақтау, талдау және қорытындылау, сонымен қатар, мемлекеттік органдармен бұрын жүргізілген тексеру нәтижелері, құқықтық статистикадан алынған, БАҚ құралдарында жарияланған, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері және өзге де заңмен шектелмеген ақпараттарды жинақтап, анализ және бағалау жасау жолымен жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2020 жылдың 10 ай бойынша жасақталған.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу методологиясы заңдылық, жан-жақтылық және кінәсіздік презумпциясы қағидаттарына негізделе отырып жасалған.
Жүргізілген ішкі талдау 3 негізгі бөлімнен тұрады, атап айтқанда, кіріспе бөлім, ақпараттық-талдамалық бөлім және қорытынды бөлім.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың практикалық құндылығы – сыбайлас жемқорлық сипатындағы тәуекелдер бойынша ұйымдастырушылық және құқықтық іс-шаралар қабылдау арқылы аталған кемшіліктерді жоюға мүмкіндік туғызады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 18 қарашасында Заңы (бұдан әрі – Заң) қабылданды.
Аталған Заңның 8-бабының 5-тармағында мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайтындығы көрсетілген.
Заңның осы талабын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары бекітілді.
Қағиданың 3-тармағында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің бірінші басшысының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы шешімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерінің негізінде қабылданады.
Жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесімен аудан әкімдігіне қарасты «Атанши ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Ішкі талдау жүргізуге комиссия құрамын құру туралы Атанши ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 17 қарашадағы № 68 өкімі негізінде құрылған жұмыс тобымен және бекітілген кестеге сәйкес 2020 жылдың 10 ай қорытындысымен атқарған қызметтеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Нәтижесінде
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға қатысты:
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 18 қарашасында Заңы (бұдан әрі – Заң) қабылданды.
Аталған Заңның 8-бабының 5-тармағында мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайтындығы көрсетілген.
Заңның осы талабын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары бекітілді.
Қағиданың 3-тармағында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің бірінші басшысының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы шешімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерінің негізінде қабылданады.
Ішкі талдау жүргізуге комиссия құрамын құру туралы Атанши ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 17 қарашасындағы № 68 өкімімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге Атанши ауылдық округі әкімі Б. Даулетжанов, Атанши ауылдық окруінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Ш. Демесінов, Атанши ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Р. Әбдісұлтанұлы, статистик маманы Б. Кайрова болып ішкі талдау жүргізуге комиссия құрамы құрылды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілер ведомоствалық бағынысты Жіңішкеқұм ауылдық клубы қазыналық кәсіпорыны коммуналдық мемлекеттік мекемеге сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді. Ішкі талдау барысында мекемелердің бұйрықтары; ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас-жемқорлық тәуекелдерін анықтау; мүдделер қақтығысын реттеу; рұқсат беру функцияларын іске асыру; бақылау функцияларын іске асыру; бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар; бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері; ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер мен құжаттар қаралды.
2020 жылдың 10 айында лауазымды тұлғаларға қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды бұзу бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық фактілері болған жоқ.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 12-бабында көзделген шектеулер туралы нормаларды қатаң сақтауға байланысты үнемі түсіндірме жұмыстары жүргізілген.
Мекеме ғимаратының көрнекті жерінде «Жемқорлықты тоқтат» және «Адал бол» тақырыбында банер орнатылды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оларды болдырмау, мемлекеттік билікке халықтың сенімін арттыру мақсатында «сенім телефонының» тұрақты жұмыс жасалынып тұрады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс шаралар онлайын түрде Жіңішкеқұм ауылдық клубта өткізілмегені анықталды. Сыбайлас жемқорлық сипатындағы теріс қылықтардың алдын алу үшін ұжымдағы әрбір қызметкерлермен персоналды түрде қол таңбасын қойғыза отырып, профилактикалық әңгімелесу жұмыстарды ұйымдастырылып жүргізілген.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне, қатысты
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін (арыздарын) қарау барысында кемшіліктер болған жоқ.
Персоналды басқару бойынша
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің талаптары сақталмай, жұмыс беруші мен қызметкер арасында еңбек шарты жасалмаған. Ауылдық клуб меңгерушісінің 08.04. 2020 жылғы № 20 санды бұйрығымен Н. Зағатова уақытша ауылдық клубтың есепшісі болып жұмысқа қабылданған. Еңбек демалысына шығару барысында Аленов Саматқа Ауылдық куб меңгерушісінің 30.07.2020 №8 бұйрығында 1 реттік матералный көмек көрсету туралы тармақтары көрсетілмегені анықталды.
Қаржылық қызметтер бойынша
Қаржылық қызметтер бойынша кемшіліктер болған жоқ.
Жалпы құжатайналым бойынша
Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысының 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кіріс-шығыс құжаттарды тіркеу журналы ашылған. Алайда мекемелерден келіп түскен хаттар тиісті журналға тіркелген.
Қорытынды бөлім
2020 жылдың 10 ай қорытындысымен жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижесі көрсетіп отырғандай, Атанши ауылдық округі әкімі аппаратына қарасты «Жіңішкеқұм ауылдық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу, болдырмау, жолын кесу мақсатында жұмыс тобымен төмендегідей шараларды атқаруды ұсынамыз:
1. Жіңішкеқұм ауылдық клубының меңгерушісі (Г. Сүлейменова):
1) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің талаптарын сақтап, жұмыс беруші мен қызметкер арасында еңбек шартын жасауға; (мерзімі: 30 қарашаға дейін)
2) «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының талаптарын қатаң бақылауға алуға, қызметкерлерге еңбек демалысын беру туралы рәсімделген құқықтық актілер (бұйрықтар) бойынша қолданыстағы Еңбек кодексін басшылыққа алып, көрсетілген кемшіліктерді Заңға сәйкес сәйкестендіруге. (мерзімі: 30 қарашаға дейін)
Жіберілген кемшіліктер уақытылы қалпына келтіруге және қатаң бақылауға алуға; (мерзімі: тұрақты)
Жұмыс тобының басшысы Б. Даулетжанов
Жұмыс тобының мүшелері: Р. Әбдісұлтанұлы
Ш. Демесінов
Б. Кайрова