
Жіңішкеқұм ауылы 2020 жылғы « 17 » қараша
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің мәні – Атанши ауылдық округі әкімі аппараты бойынша барлық саланың қызметтерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету, бақылау-қадағалау, қаржылық қызметтер және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары қамтылды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ақпаратты жинақтау, талдау және қорытындылау, сонымен қатар, мемлекеттік органдармен бұрын жүргізілген тексеру нәтижелері, құқықтық статистикадан алынған, БАҚ құралдарында жарияланған, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері және өзге де заңмен шектелмеген ақпараттарды жинақтап, анализ және бағалау жасау жолымен жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2020 жылдың 10 ай қорытындысы бойынша жасақталған.
Жүргізілген ішкі талдау 3 негізгі бөлімнен тұрады, атап айтқанда, кіріспе бөлім, ақпараттық-талдамалық бөлім және қорытынды бөлім.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың практикалық құндылығы – сыбайлас жемқорлық сипатындағы тәуекелдер бойынша ұйымдастырушылық және құқықтық іс-шаралар қабылдау арқылы аталған кемшіліктерді жоюға мүмкіндік туғызады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 18 қарашасында Заңы (бұдан әрі – Заң) қабылданды.
Аталған Заңның 8-бабының 5-тармағында мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайтындығы көрсетілген.
Заңның осы талабын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары бекітілді.
Қағиданың 3-тармағында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің бірінші басшысының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы шешімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерінің негізінде қабылданады.
Жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесімен аудан әкімдігіне қарасты «Атанши ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Ішкі талдау жүргізуге комиссия құрамын құру туралы Атанши ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 17 қарашадағы № 68 өкімі негізінде құрылған жұмыс тобымен және бекітілген кестеге сәйкес 2020 жылдың 10 ай қорытындысымен атқарған қызметтеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Нәтижесінде
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға қатысты:
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін (арыздарын) қарау барысында мерзімдерінде, заңнамалар нормаларының қолданылуында, қайта шағым беру және т.б. сияқты кемшіліктер орын алмаған.
Сондай-ақ аудандағы мерзімді баспа-газеттерде жергілікті атқарушы органдардың қызметтеріне қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері жөнінде жағымсыз мақалалар жарияланбаған.
Сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстарға, тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметкерлер бойынша:
2020 жылдың 10 айында лауазымды тұлғаларға қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды бұзу бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық фактілері болған жоқ.
Персоналды басқару бойынша
Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметшілерінің штат саны 2020 жылдың 30 қазанына-8 бірлікті, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер саны-2, келісім шарт негізінде қабылданған қызметкерлер саны-6 бірлікті құрайды.
Ауылдық округ әкімінің 25.05.2020 жылғы № 32 ж/қ санды өкімімен Р. Жанкулова № 1 еңбек шарт негізінде бос қалған штатқа статистик маман бірлігіне жұмысқа қабылданған. Қызметкерді жұмысқа қабылдау барысында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің талаптары сақталып, жұмыс беруші мен қызметкер арасында еңбек шарты жасалған.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 93 бабының талабына сай жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берудің кезектілігі жыл сайын жұмыс беруші жұмыскерлер пікірін ескере отырып бекітетін демалыстар кестесіне сәйкес айқындалады не тараптардың келісімі бойынша демалыстар кестесінен тыс белгіленеді.
Ауыл әкімінің өкімімен мемлекеттік қызметшілердің және жеке еңбек шарты негізінде қызмет атқаратын қызметшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын берудің кезекшілік кестесі бекітілген. Кестеге сәйкес еңбек демалыстары беріліп келген.
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша 2018-2020 жылдарға арналған Арал ауданының іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша.
Атап айтқанда Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясының тоқсандық отырыстарында берілген хаттамалық тапсырмаларының орындалуы бойынша толық мәліметтер дәлелді құжаттарымен жинақталған.
Іс-шараға сай сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында «Сенім телефоны» аудандық «Толқын» газетіне жарияланған.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда ауыл әкімі аппаратының ғимаратында тиісті баннерлер көрнекі орындарға орналастырылған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында
Аудандық «Толқын» газетіне 2020 жылдың 30 қазанында тиісті мақала жарияланған.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 5-бабына сай көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік органдардар мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде толық және анық ақпарат ұсынады. Осы талапқа сәйкес Атанши ауылдық округі әкімі аппаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары көрнекі орынға орналастырылған.
Атанши ауылдық округі әкімі аппаратының нормашығармашылық, құқықтық актілердің заңнама нормаларына сәйкес рәсімделуіне және мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларды сақтау бойынша.
Құқықтық актілерді рәсімдеу кезінде «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының талаптары сақталған.
Тұлғалардың өтініштері бойынша
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (Бұдан әрі - Заң) 13-бабына сәйкес мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдардың басшылары және олардың орынбасарлары айына кемінде бір рет тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін қабылдау кестесіне сәйкес азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін, оның ішінде осы органдардың қызметкерлерін жеке қабылдауды жүргізуге міндетті.
Ауыл әкімінің 2020 жылғы 13 мамырдағы № 30 өкімімен Жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау бойынша кестесі бекітілген. Жеке қабылдау кестесі Арал аудандық «Толқын» газетіне 2020 жылғы 13 мамырда жарияланған. Қазіргі таңға ауылдық округ әкімінің жеке қабылдауында 4 ауыл тұрғыны өтініш білдірген. Өтініш иелеріне заңға сәйкес уақытылы жауап берілген. Үш мәселе заңға сәйкес түсіндірілген, үш мәселе шешімін тауып қанағаттандырылған. Сонымен қатар тұрғын үй құрылысының аяқталуына байланысты жеке меншікке шешім шығару туралы бір ауыл тұрғынынан өтініш түскен. Өтініш толығымен қанағаттандырылған.
Жұмыс тобымен зерделеу жұмыстары барысында төмендегідей мән-жайлар анықталды.
Қаржылық қызметтер бойынша
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы Еңбек кодексінің 92-бабының 4 тармағында жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу – ол басталғанға дейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал еңбек демалысы демалыстар кестесінен тыс берілген жағдайда, ол берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Ауыл әкімі аппаратында еңбек шарты негізінде жұмыс істейтін қызметкерлерінің еңбек демалысына ақы төлеуде Еңбек кодексінің талаптарының бұзылуы орын алған. Атап айтсақ Б. Кайрова 2020 жылғы 12 наурызда жыл сайынғы еңбек демалысына шыққан, еңбек демалысына ақы төлеу 1 жұмыс күніне, яғни 13 наурыз күні кешіктіріліп төленген.
Жалпы құжатайналым бойынша
Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысының 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кіріс құжаттарды тіркеу журналы, шығыс құжаттарды тіркеу журналы және ішкі құжаттарды тіркеу журналы ашылып, тиісті кіріс-шығыс құжаттары тіркеліп отыру керек.
Ауыл әкімі аппаратында кіріс-шығыс құжаттарын тіркеу журналы ашылып бекітілген, жыл басынан бері құжаттар тіркелген, алайда мекемелерден келіп түскен хаттар және мекемелерге жолданған шығыс хаттар қ айында тиісті журналға тіркелмеген.
Қорытынды бөлім
2020 жылдың 10 ай қорытындысымен жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижесі көрсетіп отырғандай, аудан әкімдігіне қарасты Атанши ауылдық округі әкімі аппаратына сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу, болдырмау, жолын кесу мақсатында жұмыс тобымен төмендегідей шараларды атқаруды ұсынамыз.
1. Атанши ауылдық округінің әкімі (Б. Даулетжанов):
1) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы Еңбек кодексінің 92-бабының 4 тармағы бойынша жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу жұмыстарын уақытылы жүргізуді қатаң бақылауға алуға; (мерзімі: тұрақты)
2) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысының талаптарын сақтап тиісті кіріс, шығыс құжаттарын арнайы журналдарға тіркеу жұмыстарын жүргізуді бақылауға алуға; (мерзімі: 30 қарашаға дейін)
Жұмыс тобының басшысы Б. Даулетжанов
Жұмыс тобының мүшелері:
Р. Әбдісұлтанұлы
Ш. Демесінов
Б. Кайрова