Лого

Меню

Страницы

Статья

Беларан ауылдық округі бойынша 2020 жылдың 10 ай қорытындысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың анықтамасы

Құланды ауылы                                                            2020 жылғы « 17» қараша

Кіріспе бөлім

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің мәні – Беларан ауылдық округі әкімінің аппаратына бағынысты «Құланды ауылдық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бойынша барлық саланың қызметтерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және персоналды басқару, бақылау-қадағалау, қаржылық қызметтерін іске асыру және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары қамтылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ақпаратты жинақтау, талдау және қорытындылау, сонымен қатар, құқықтық статистикадан алынған, БАҚ құралдарында жарияланған, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері және өзге де заңмен шектелмеген ақпараттарды жинақтап, анализ және бағалау жасау жолымен жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2020 жылдың 10 ай қорытындысы бойынша жасақталған.

Жүргізілген ішкі талдау 3 негізгі бөлімнен тұрады, атап айтқанда, кіріспе бөлім, ақпараттық-талдамалық бөлім және қорытынды бөлім.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың практикалық құндылығы – сыбайлас жемқорлық сипатындағы тәуекелдер бойынша ұйымдастырушылық және құқықтық іс-шаралар қабылдау арқылы аталған кемшіліктерді жоюға мүмкіндік туғызады.

Ақпараттық-талдамалық бөлім

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 18 қарашасында Заңы(бұдан әрі – Заң) қабылданды.

Аталған Заңның 8-бабының 5-тармағында мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайтындығы көрсетілген.

Заңның осы талабын жүзеге асыру мақсатында  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары бекітілді.

Қағиданың 3-тармағында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің бірінші басшысының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы шешімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерінің негізінде қабылданады.

Жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесімен ауыл әкімі аппаратына қарасты «Құланды ауылдық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында Беларан ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 10 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге жұмыс тобын құру туралы» № 16 өкімі негізінде құрылған жұмыс тобымен және бекітілген кестеге сәйкес 2020 жылдың 10 ай қорытындысымен атқарған қызметтеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Нәтижесінде:

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға  қатысты:

Аудандағы мерзімді баспа-газеттерде жергілікті атқарушы органдардың қызметтеріне қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері жөнінде жағымсыз мақалалар жарияланбаған.

Сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстарға, тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметкерлер бойынша:

2020 жылдың 10 айында лауазымды тұлғаларға қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды бұзу бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық фактілері болған жоқ.

Жұмыс тобымен зерделеу жұмыстары барысында төмендегідей мән-жайлар анықталды.

Персоналды басқару бойынша.

Ауылдық клуб қызметшілерінің штат саны 2020 жылдың 30 қазанына-5 бірлікті құрайды.

Ауылдық клуб меңгерушісі Жоламановтың 08.07. 2020 жылғы № 6 санды бұйрығымен Ж.Жексембаева уақытша ауылдық клубтың есепшісі болып жұмысқа қабылданған. Қызметкерді жұмысқа қабылдау барысында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің талаптары сақталмай, жұмыс беруші мен қызметкер арасында еңбек шарты жасалмаған.

Қаржылық қызметтер бойынша.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы Еңбек кодексінің  92-бабының 4 тармағында жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу – ол басталғанға дейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал еңбек демалысы демалыстар кестесінен тыс берілген жағдайда, ол берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Құланды ауылдық клубында еңбек шарты негізінде жұмыс істейтін қызметкерлерінің еңбек демалысына ақы төлеуде Еңбек кодексінің талаптарының бұзылуы орын алған. Атап айтсақ Б. Кушерова 2020 жылғы 13 шілдеде жыл сайынғы еңбек демалысына шыққан, еңбек демалысына ақы төлеу 1 жұмыс күніне, яғни 14 шілде күні, П. Карасаева 2020 жылғы 3 тамызда жыл сайынғы еңбек демалысына шықса, еңбек демалысына ақы төлеу 15 жұмыс күніне кешіктіріліп төленген.

Жалпы құжатайналым бойынша.   

Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысының 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кіріс-шығыс құжаттарды тіркеу журналы ашылған.

Алайда мекемелерден келіп түскен хаттар тиісті журналға тіркелмеген.

 «Құланды ауылдық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының нормашығармашылық, құқықтық актілердің заңнама нормаларына сәйкес рәсімделуінде заңнамаларды сақтау бойынша.

Қызметкерлерге еңбек демалысын беру туралы ауылдық клуб меңгерушісінің (2020 жылғы 13 шілдедегі № 9, 3 тамыздағы №10, 2 қарашадағы № 17) бұйрықтарының рәсімделуі кезінде «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының талаптары толық сақталмай, кемшіліктер орын алған. Еңбек кодексінің 92-бабын жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалыстарының кезеңін айқындау және оларды беру тәртібін басшылыққа алудың орнына, Еңбек кодексінің 105-бабын басшылыққа алған. (Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу).

Қорытынды бөлім

2020 жылдың 10 ай қорытындысымен жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижесі көрсетіп отырғандай, Беларан ауылдық округі әкімі аппаратына қарасты «Құланды ауылдық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу, болдырмау, жолын кесу мақсатында жұмыс тобымен төмендегідей шараларды атқаруды ұсынамыз:

1. Құланды ауылдық клубының меңгерушісі (Б. Жоламанов):

1)  Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің талаптарын сақтап, жұмыс беруші мен қызметкер арасында еңбек шартын жасауға; (мерзімі:  25 қарашаға)

2)   Қазақстан Республикасының 2015 жылғы Еңбек кодексінің  92-бабының 4 тармағы бойынша жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу жұмыстарын уақытылы жүргізуді қатаң бақылауға алуға; (мерзімі: тұрақты)

3) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысының талаптарын сақтап тиісті кіріс, шығыс құжаттарын арнайы журналдарға тіркеу жұмыстарын жүргізуді бақылауға алуға; (мерзімі: 25 қарашаға )

4)  «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының талаптарын қатаң бақылауға алуға, қызметкерлерге еңбек демалысын беру туралы рәсімделген құқықтық актілер (бұйрықтар) бойынша қолданыстағы Еңбек кодексін басшылыққа алып, тиісті құжатты Заңға сәйкес сәйкестендіруге. (мерзімі: 25 қарашаға)

5)  талдау барысында анықталған кемшіліктерге жол берген Құланды ауылдық клубының тікелей жауапты қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершіліктерін қарап, нәтижесі бойынша ауыл әкімі аппаратына жазбаша хабарлауды. (мерзімі: 25 қарашаға)

 

 

Жұмыс тобының жетекшісі                                            Д. Кожахметов

 

Жұмыс тобының мүшелері:                                            С. Ауезов

 

                                                                                                  Т. Есенов

Дата публикации
23 ноября 2020
Дата обновления
23 ноября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
Әдеп жөніндегі уәкіл
22 октября 2026
Сайлау комиссияларының құрамдары
14 октября 2026

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы