
"Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 2021 жылдың 6 айына орындалуы туралы анықтама
Арал ауданы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы (ВП) 2021 жылдың қаңтар- тамыз айларында 5694,8 млн. теңге болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 101,3 пайыз болды. Оның ішінде мал шаруашылығы бойынша 3843,4 млн. теңге (101,9 пайыз), егін шаруашылығы бойынша 781,7 млн. теңге (99,8 пайыз) болып отыр.
2021 жылдың қаңтар-тамыз айларында аудандағы барлық нысандағы ауыл шаруашылығы құрылымдарында 55 761 бас мүйізді ірі қара, 108 340 бас қой мен ешкі, (оның ішінде: қой 73 451 бас, ешкі 36 044 бас), 40 074 бас жылқы, 33 013 бас түйе және 3 726 бас құс (тауық) бар. Осы малдарды өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара малы 104,1 пайызға, қой мен ешкі 107,0 пайызға, жылқы 107,3 пайызға, түйе 106,0 пайызға және құс 125,8 пайызға артты.
Ауданда мал шаруашылығынан алынатын өнім де көбейуде. 2021 жылдың қаңтар - шілде айларының қорытындысымен ет өндіру (тірілей салмақта) 2144,6 тонна, сүт өндіру (сиыр сүті) 4735,3 тонна, жұмыртқа өндіру 58,4 мың дана, жүн (қой жүні) 81,9 тонна болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет өндіру 100,5 пайызға, сүт өндіру 103,8 пайызға, жұмыртқа өндіру 102,6 пайызға, жүн өндіру 103,5 пайызға артық орындалды.
Сыбаға бағдарламасымен биылғы жылы ауданымызға, облыстық ауылшаруашылығы басқармасынан 125 бас МІҚ малын шет елден сатып алу жоспары берілсе, өзіміздің ішкі жоспарымыз 240 бас. Қазіргі кезде Аманөткел ауылдық округінен «Жанғылыш» шаруа қожалығы Қармақшы ауданына қарасты «Қорқыт елі» несие серіктестігі арқылы шет елден 58 бас импорттық мүйізді ірі қара малын сатып алуға 31 млн. 900 мың теңге қаржы алуға өтінім тапсырып, оң қорытындысын алды. Қазіргі кезде Алматы қаласындағы «Асыл тұяқ» ЖШС-гіне асыл тұқымды малды жеткізіп беруге келісім шарт жасалып, 58 басқа облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы арқылы 13 млн. 050 мың теңге субсидия төленіп, Ресейден асыл тұқымды малды октябрь айында әкеледі деп күтілуде.
Сонымен бірге, Сыбаға бағдарламасы аясында ауданға 3750 бас қой сатып алу жоспары берілді. Осыдан «Арал-Ырысы» Кредиттік серіктестігі» арқылы Аққұм және Құланды ауылдық округтерінен 2 шаруашылық 600 бас қой сатып алу үшін 24 млн. теңге несие алып, 300 бас асыл тұқымды және 300 бас тауарлы қой сатып алды.
Жыл соңына дейін мемлекеттік бағдарламалар бойынша берілген межелердің орындалуына бөлім тарапынан тиісті шаралар қабылданып, жұмыстар жүргізілуде.
Тұқымдық түрлендіруге 2021 жылға облыстан, ауданға 7712 бас МІҚ малдарын қатыстыру межесі берілген. Осыдан бүгінгі күнге дейін 4136 бас аналық сиыр қатыстырылып отыр. Орындалуы 53,6 пайыз. Ал, жалпы компьютерлік базаға 6314 бас МІҚ малы тіркелген.
Жалпы, жоспар бойынша 311 бас асыл тұқымды бұқа сатып алу межеленсе, одан бүгінгі күнге дейін 173 бас асыл тұқымды бұқа тіркеліп, 55,6 пайызға орындалып отыр.
Бұқашықтарды бордақылау алаңына өткізу жоспары 1056 бас. Бүгінгі күнге дейін Аманөткел ауылдық округінен 35 бас, Бекбауыл ауылдық округінен 2 бас, Жіңішкеқұм ауылдық округінен 1 бас, барлығы 38 бас бұқашықтар бордақылау өткізілді.
«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша:
2021 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 30 жас маманға бір жолғы көтерме жәрдемақы алуға 8751,0 мың теңге және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит рәсімдеуге 10 жас маманға 43755,0 мың теңге қаралды.
2021 жылдың 9 айында бөлімнің қаржылық жоспарына сәйкес, 8 жас маманға (оның ішінде 3 маман білім саласы, 2 маман денсаулық саласы, 1 маман мәдениет саласы, 1 маман спорт саласы, 1 маман агроөнеркәсіптік кешен саласы) 2333,6 мың теңге бір жолғы көтерме жәрдемақы төленіп, 2 маман (оның ішінде 2 маман білім саласы) тұрғын үй сатып алуға 8750,5 теңгеге бюджеттік кредит рәсімдеді. Қалған бір жолғы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит рәсімдеу, қазан айларына жоспарланған.
Ауданның балық шаруашылығы туралы
Ауданда жылдық қуаттылығы 23900 мың тоннадан астам 9 балық өңдеу зауыттары жұмыс істейді.
Бүгінгі күні, 5 (бес) зауыт(«Арал балық өңдеу зауыты», «Арал СДО», «Камбала балық балықшылар өндірістік орталығы», «СДО Қарашалаң», «Қазақстан Аквакультура ЛТД» ЖШС-нің балық өңдеу зауыттары) балықты терең өңдеумен айналысатын болса, қалған 4-уі(«Ар-М-Кон», «Бөген СДО», «Қуаныш», Жалғасбай шағын балық өңдеу зауыттары) балықты қатыру, мұздату және ыстау сияқты жеңіл өңдеумен айналысады.
Атап өту қажет, ауданда Еуропа нарығына шығуға мүмкіндік беретін Еврокод белгісі тек екі кәсіпорында бар.
Атап айтқанда, «Арал балық өңдеу зауыты» және «Арал сервистік дайындау орталығы» ЖШС-гі балық өңдеу зауыттары.
Балық аулау кезеңі ағымдағы жылдың 1 шілдесінен келесі жылдың 1 шілдесіне дейін есепке алынады, сондықтан 2021 жылдан 2022 жылға дейін, Кіші Арал теңізінен 6937 тонна, Қамыстыбас көлдер жүйесіне 426 тонна, Ақшатау көлдер жүйесіне 41 тонна және Примор көлдер жүйесіне 26 тонна сонда аудан бойынша барлық лимит 7430 тонна болып бекітілген.
Ауланған балық 01.09.2021 жылға 86 тн. болса, өңделген балық 01.09.2021 жылға 2265 тонна.
Балық экспорты туралы
01.09.2021 жылғы мәліметі бойынша 1846 тонна балық өнімдері экспортқа шығарылды, оның ішінде (Ресейге, Литва, Нидерланды, Грузия) мемлекеттеріне жөнелтілген,аудандағы негізгі экспорттаушы кәсіпорындар "Арал СДО" ЖШС, "Камбала балық БӨО" ЖШС, "Қарашалаң СДО" ЖШС, ЖК "Караев Ж" (ЖК "Кошкарбаев С арқылы), ЖК "Кошкарбаев С", ЖК "Мырзагазиев Ж" шығарып отыр.
"Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 2021 жылдың 6 айына орындалуы туралы анықтама
Арал ауданы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы (ВП) 2021 жылдың қаңтар- мамыр айларында 2640,0 млн. теңге болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 102,6 пайызға артығымен орындалды.
2021 жылдың қаңтар-мамыр айларында аудандағы барлық нысандағы ауыл шаруашылығы құрылымдарында 57075 бас мүйізді ірі қара, 110781 бас қой мен ешкі, (оның ішінде: қой 71696 бас, ешкі 39085 бас), 44152 бас жылқы, 33346 бас түйе және 3306 бас құс (тауық) бар. Осы малдарды өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара малы 101,7 пайызға, қой мен ешкі 100,2 пайызға, жылқы 109,1 пайызға, түйе 104,7 пайызға және құс 135,1 пайызға артты.
Ауданда мал шаруашылығынан алынатын өнім де көбейуде. 2021 жылдың қаңтар- мамыр айларының қорытындысымен ет өндіру (тірілей салмақта) 1447,5 тонна, сүт өндіру (сиыр сүті) 2479,1 тонна, жұмыртқа өндіру 26,5 мың дана болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет өндіру 104,0 пайызға, сүт өндіру 103,7 пайызға, жұмыртқа өндіру 103,5 пайызға артық орындалды.
Сыбаға бағдарламасымен биылғы жылы ауданымызға, облыстық ауылшаруашылығы басқармасынан 125 бас МІҚ малын шет елден сатып алу жоспары берілсе, өзіміздің ішкі жоспарымыз 240 бас. Қазіргі кезде Аманөткел ауылдық округінен «Жанғылыш» шаруа қожалығы Қармақшы ауданына қарасты «Қорқыт елі» несие серіктестігі арқылы шет елден 58 бас импорттық мүйізді ірі қара малын сатып алуға 35 млн. 550 мың теңге қаржы алуға өтінім тапсырып, оң қорытындысын алды. Жоспарымыз бойынша маусым айының аяғына әкеледі деп жобалануда.
Сонымен бірге, Сыбаға бағдарламасы аясында ауданға 3750 бас қой сатып алу жоспары берілді. Осыдан «Арал-Ырысы» Кредиттік серіктестігі» арқылы Аққұм және Құланды ауылдық округтерінен 2 шаруашылық 600 бас қой сатып алу үшін 24 млн. теңге несие алып, 300 бас асыл тұқымды және 300 бас тауарлы қой сатып алды.
Жыл соңына дейін мемлекеттік бағдарламалар бойынша берілген межелердің орындалуына бөлім тарапынан тиісті шаралар қабылданып, жұмыстар жүргізілуде.
Тұқымдық түрлендіруге 2021 жылға облыстан, ауданға 7712 бас МІҚ малдарын қатыстыру межесі берілген. Осыдан бүгінгі күнге дейін 4084 бас аналық сиыр қатыстырылып отыр. Орындалуы 52,9 пайыз. Ал, жалпы компьютерлік базаға 5445 бас МІҚ малы тіркелген.
Жалпы, жоспар бойынша 311 бас асыл тұқымды бұқа сатып алу межеленсе, одан бүгінгі күнге дейін 177 бас асыл тұқымды бұқа тіркеліп, 56,9 пайызға орындалып отыр.
Бұқашықтарды бордақылау алаңына өткізу жоспары 1056 бас. Бүгінгі күнге дейін Аманөткел ауылдық округінен 35 бас, Бекбауыл ауылдық округінен 2 бас, Жіңішкеқұм ауылдық округінен 1 бас, барлығы 38 бас бұқашықтар бордақылау өткізілді.
Балық шаруашылығы
Аудан аумағында балық шаруашылығы маңызы бар Кіші Арал теңізінің 18 учаскесі, Сырдария өзені және 20 көл бар.
Кіші Арал теңізінен 6872 тонна балық аулау лимиті, Қамыстыбас көлдер жүйесіне 142 тонна, Ақшатау көлдер жүйесіне 43 тонна және Примор көлдер жүйесіне 37 тонна, сонда аудан бойынша барлық лимит 7094 тонна болып бекітілген.
(Анықтама үшін: Балық аулау кезеңі ағымдағы жылдың 1 шілдесінен келесі жылдың 1 шілдесіне дейін есепке алынады).
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін аумақтық инспекциясы Арал инспекциясы бөлімінің мәліметі бойынша 01.06.2021 жылға ауланған балық 5734 тн. болса,аудандық статистика басқармасының жедел мәліметі бойынша 01.05.2021 жылға өңделген балық 708 тонна.
Балық аулау көлемінің өсуі балық өңдеу саласының дамуына мүмкіндіктер жасады. Аудандағы балық аулайтын шаруашылықтар мен балық өңдеу кәсіпорындарында мыңдаған адам жұмыспен қамтылды.
Балық өңдеу зауыттары туралы
Ауданда жылдық қуаттылығы 23900 мың тоннадан астам 9 балық өңдеу зауыттары жұмыс істейді.
Бүгінгі күні, 5 (бес) зауыт(«Арал балық өңдеу зауыты», «Арал СДО», «Камбала балық балықшылар өндірістік орталығы», «Қазақстан Аквакультура ЛТД» ЖШС, «СДО Қарашалаң» ЖШС-нің балық өңдеу зауыттары) балықты терең өңдеумен айналысатын болса, қалған 4-уі(«Ар-М-Кон», «Бөген СДО», «Қуаныш», Жалғасбай шағын балық өңдеу зауыттары) балықты қатыру, мұздату және ыстау сияқты жеңіл өңдеумен айналысады.
Атап өту қажет, ауданда Еуропа нарығына шығуға мүмкіндік беретін Еврокод белгісі тек екі кәсіпорында бар.
Атап айтқанда, «Арал балық өңдеу зауыты» ЖШС-гі, және «Арал сервистік дайындау орталығы» ЖШС-гі балық өңдеу зауыттары.
Балық экспорты туралы
Арал аудандық аумақтық инспекциясының 01.06.2020 жылғымәліметі бойынша 1457 тонна балық өнімдері экспортқа шығарылды, оның ішінде (Ресейге, Польша, Қытай, Литва, Нидерланды аудандағы негізгі экспорттаушы кәсіпорындар "Арал СДО" ЖШС, "Камбала балық БӨО" ЖШС, "Қарашалаң СДО" ЖШС, "Қуаныш" ЖШС, ЖК "Караев Ж" (ЖК "Кошкарбаев С арқылы), ЖК "Кошкарбаев С", ЖК "Мырзагазиев Ж" шығарып отыр.
«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша
2021 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 30 жас маманға бір жолғы көтерме жәрдемақы алуға 8751,0 мың теңге және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит рәсімдеуге 10 жас маманға 43755,0 мың теңге қаралды.
2021 жылдың 6 айында бөлімнің қаржылық жоспарына сәйкес, 4 жас маманға 1166,8 мың теңге бір жолғы көтерме жәрдемақы төленіп, тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит рәсімдеу шілде, қазан айларына жоспарланған.
"Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 2021 жылдың 3 айына орындалуы туралы анықтама
Арал ауданы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы (ВП) 2021 жылдың қаңтар- ақпан айларында 959,0 млн. теңге болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 102,3 пайызға артығымен орындалды.
2021 жылдың қаңтар-ақпан айларында аудандағы барлық нысандағы ауыл шаруашылығы құрылымдарында 51839 бас мүйізді ірі қара, 90292 бас қой мен ешкі, (оның ішінде: қой 60838 бас, ешкі 29454 бас), 41940 бас жылқы, 30893 бас түйе және 3531 бас құс (тауық) бар. Осы малдарды өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара малы 102,0 пайызға, қой мен ешкі 100,4 пайызға, жылқы 109,7 пайызға, түйе 106,9 пайызға және құс 133,1 пайызға артты.
Ауданда мал шаруашылығынан алынатын өнім де көбейуде. 2021 жылдың қаңтар- ақпан айларының қорытындысымен ет өндіру (тірілей салмақта) 653,2 тонна, сүт өндіру (сиыр сүті) 726,2 тонна, жұмыртқа өндіру 6,2 мың дана болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет өндіру 103,4 пайызға, сүт өндіру 102,9 пайызға, жұмыртқа өндіру 103,3 пайызға артық орындалды.
(Ескертпе: Арал аудандық статистика басқармасы арқылы 01.04.2021 жылға мал басы нақтыланған жоқ.)
Сыбаға бағдарламасы бойынша:
2021 жылға ауданға, облыстық ауылшаруашылығы басқармасынан 125 бас МІҚ малын шет елден сатып алу жоспары берілсе, ішкі өзіміздің жоспар бойынша 240 бас жоспарланып отыр.
Әзірге шет елден МІҚ малы сатып алынған жоқ.
Сонымен бірге, Сыбаға бағдарламасы аясында ауданға 3750 бас қой сатып алу жоспары берілді. Қазіргі таңда «Арал-Ырысы» Кредиттік серіктестігі» ЖШС арқылы Октябрь ауылдық округінен 1 шаруашылық 300 бас қой сатып алу үшін 12 млн. теңге несие алып, 300 бас қой сатып алды. Қарақұм ауылдық округінен 1 шаруашылық 500 бас қой сатып алуға «Арал-Ырысы» Кредиттік серіктестігі» ЖШС-не құжаттарын толықтай тапсырып, комиссияда қаралуда. Бұдан басқа Қарақұм, Атанши ауылдық округтерінен 3-4 шаруа қожалығы құжаттарын әзірлеуде.
Тұқымдық түрлендіруге 2021 жылға облыстан, ауданға 7712 бас МІҚ малдарын қатыстыру межесі берілген. Осыдан бүгінгі күнге дейін 2120 бас аналық сиыр қатыстырылып отыр. Бұл 27,5 пайыз. Ал жалпы компьютерлік базаға 5245 бас МІҚ малы тіркеліп отыр. Осы малдарға асыл тұқымды бұқа сатып алып, бағдарламаға қосылуын кент, ауылдық округ әкімдерімен бірлесе отырып жұмыстар жүргізілуде.
Бұқашықтарды бордақылау алаңына өткізу жоспары 1056 бас. Осыдан бүгінгі күнге дейін Аманөткел ауылдық округінен 35 бас, Жіңішкеқұм ауылдық округіне 1 бас бұқашық өткізілді.
Балық шаруашылығы бойынша:
Кіші Арал теңізінен 6872 тонна балық аулау лимиті, Қамыстыбас көлдер жүйесіне 142 тонна, Ақшатау көлдер жүйесіне 43 тонна және Примор көлдер жүйесінен 37 тонна, сонда аудан бойынша барлық лимит 7094 тонна болып бекітілген.
Бүгінгі күнге дейін 2073 тонна балық ауланып, 406 тонна балық өңделді.
2021 жылдың қаңтар-ақпан айларында 503 тонна балық экспортталды. Атап айтқанда: (Ресейге 422 тонна, Польшаға 81 тонна)
Сонымен бірге, «Камыш орда» ЖШС-гі арқылы Германияға 448,2 тн. қамыс экспортталды.
Егін шаруашылығы бойынша:
Арал ауданы бойынша 2021 жылы 227,6 гектар жерге егіс егіледі деп межеленуде. Атап айтсақ: 2,7 гектар картоп, 12,5 гектар көкөніс, 84,4 гектар бақша, 98 гектар ескі жоңышқа және 30 гектар жаңа жоңышқа дақылдары. Негізінен ауданда дәнді дақылдар күріш, бидай егілмейді.
Егіс егетін жеке және шаруа қожалықтары осы егіске қажетті жанар-жағармайды Қазалы, Арал ауданындағы май құю бекеттерінен өздеріне қажеттісін сатып алады
Ауданда егісті Ақирек және Жаңақұрылыс ауылдық округтеріндегі жеке және шаруа қожалықтары егеді. Осы егіске қажетті суды «Қазалысушар» өндірістік учаскесінен келісім шарт жасасу арқылы алады. Ақирек ауылдық округі егіске қажетті суды Басықара каналынан алса, Жаңақұрылыс ауылдық округі Қараарық каналынан су алады.
Биылғы жылы вегетациялық кезеңде суармалы судың болжамды тапшылығына байланысты егіс егетін шаруашылықтар мен жеке тұрғындарға суғару технологиясын (тамшылатып суару, насос қондырғыларын кезектестіріп орнату т,б) жетілдіру мәселелеріне байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Арал ауданы облыстың солтүстік бөлігінде орналасқандықтан, бақша, көкөніс дақылдарын егу жұмыстары мамыр айының 1 ші онкүндігінен кейін басталады.
Су шаруашылығына бойынша:
2021 жылы облыстық бюджеттен Ақирек ауылдық округінің экологиялық жағдайын және сумен қамтамасыз етілуін жақсарту үшін Шолақарық каналына тазалау жұмыстарын жүргізуге 62,2 млн. теңге бөлініп, мердігер мекемесі анықталып, каналды тазалау және гидротехникалық құрылыстарын жөндеу жұмыстарын бастағалы отыр.
Елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы Ақирек ауылдық округіне 2 дана СНП-500/10 дизельді су насосы, Бекбауыл ауылдық округіне 1 дана СНП-500/10 дизельді су насосы және Жаңақұрылыс ауылдық округіне СНП-500/10 дизельді су насосы бөлінгелі отыр.
Сонымен бірге, «Қаратерең ауылдық округі әкімі аппараты» КММ-і арқылы Қаратерең ауылдық округінде орналасқан Жыланды каналын құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда жер актісі жасалынып, техникалық құжаттары дайындалуда.
«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша:
2021 жылы «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы арқылы бір жолғы көтерме жәрдемақы алуға 30 маманға 8751,0 мың теңге және тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит рәсімдеуге 10 маманға 43755,0 мың теңге қаржы қаралды.
Қаржылық жоспарға сәйкес бір жолғы көтерме жәрдемақы төлеу сәуір, мамыр айларын қарастырылған.
Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит рәсімдеу үшін қаржылық жоспарға сәйкес шілде, қазан айларына қарастырылған.
Арал ауданында азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бағытында атқарылып жатырған жұмыстар туралы
Аудандағы 19 түрлі негізгі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың 6 ақпаны күні Арал қаласының орталығында «Тәуелсіздік алаңында», облыстық «Байқоңыр ӘКК» Акционерлік Қоғамының тұрақтандыру қорынан 17 тонна (ұн, күріш, қант, макарон, картоп, жуа, сәбіз, қырыққабат) азық-түлік өнімдер жеткізіліп, автокөлік үстінен халыққа нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен бағада сатылды.
Бұдан бөлек табиғат пайдаланушылармен бірлесіп, балық бағасын базар бағасынан 10-15 пайыз төмен бағада ұсыну мақсатында 2021 жылдың 6 ақпаннан бастап 27 наурызға дейін әр сенбіде жәрмеңке өткізілді.
2021 жылғы 20 наурыз күні Қызылорда қаласында өткізілетін жәрмеңкеге ауданынан ет және балық өнімдері апарылады.
Қазіргі таңда жеке кәсіпкер С. Саяновтың «Әлеуметтік дүкенінде» «Байқоңыр ӘКК» нан алынған 2,4 тонна (48 қап) 1 сұрыпты ұн және 500 кг макарон өнімдері алынып, жеке кәсіпкер С. Саяновтың «Қуантқан» дүкенінде сатылымға қойылып отыр.
Бұдан басқа ауданда жұмыс жасап тұрған «КZ-MBK» ЖШС-нің ұн тарту комбинатының 1 сұрыпты «Аралым» ұнының 1 қабы 6600 теңгеден (1 кг 132 теңгеден) аудан халқына және наубайханаларға сатылуда. (Бүгінгі күнге комбинатта 230 тонна ұн қоры бар).
Агроөнеркәсіп кешені бойынша 2020 жылда атқарылған жұмыстар туралы анықтама
Арал ауданы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы (ВП) 2020 жылдың қаңтар – қараша айларында 8987,4 млн. теңге болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 102,0 пайызға артығымен орындалып отыр.
2020 жылдың 1 желтоқсанына аудандағы барлық нысандағы ауыл шаруашылығы құрылымдарында 51303 бас мүйізді ірі қара, 95983 бас қой мен ешкі, (оның ішінде: қой 65204 бас, ешкі 30779 бас), 36186 бас жылқы, 30874 бас түйе және 2857 бас құс (тауық) бар. Осы малдарды өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара малы 100,1 пайызға, қой мен ешкі 101,4 пайызға, жылқы 102,8 пайызға, түйе 105,7 пайызға, құс 128,9 пайызға артты.
Ауданда мал шаруашылығынан алынатын өнім де көбейуде. 11 айдың қорытындысымен ет өндіру (тірілей салмақта) 3868,6 тонна, сүт өндіру (сиыр сүті) 8828,0 тонна, жұмыртқа өндіру 115,0 мың дана, жүн өндіру (қой жүні) 121,8 тонна болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет өндіру 103,8 пайызға, сүт өндіру 103,4 пайызға, жұмыртқа өндіру 102,0 пайызға, жүн өндіру (қой жүні) 102,0 пайзға артық орындалды.
Ауданнан 2020 жылдың осы кезге дейін 64 шаруашылық мал шаруашылығына байланысты селекциялық жұмыстар жүргізгеніне МІҚ малының аналық басына 31 млн. 720,0 мың теңге субсидия алды. Бұдан басқа жем-шөптік азыққа берілетін субсидияға облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына шаруашылықтар тарапынан өтінім беріліп, жыл аяғына дейін тиісті қаржыларын алады деп күтілуде.
Сыбаға бағдарламасы шеңберінде ет бағытындағы асыл тұқымды импорттық ірі қара мал сатып алуға «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы арқылы Аманөткел ауылдық округінен 1 шаруашылық 40 бас МІҚ малын сатып алуға 20,0 млн. теңге қаржы алуға құжаттары толықтай тапсырылып, мақұлданды. Әзірге қаржысы шешілмей отыр.
Сонымен бірге, Арал ауданы Жіңішкеқұм ауылдық округіндегі «Ажигулов Зинет» шаруа қожалығы Арал қаласындағы «Арал ырысы» кредиттік серіктестігі» ЖШС-дан 16 млн. теңге несие алып, Ақтөбе облысы, Марток ауданындағы «Есбол» шаруа қожалығынан, сүт бағытындағы 50 бас асыл тұқымды «Красная степная» сиырын және 2 асыл тұқымды бұқа сатып алып, 2020 жылдың 13 қазанында ауданға малдарын алып келді.
Сонымен бірге, осы Сыбаға бағдарламасы аясында ауданға 5000 бас қой сатып алу тапсырмасы жүктелген болатын. Қазіргі таңда «Арал-Ырысы» Кредиттік серіктестігі» арқылы Жақсықылыш кентінен 1 шаруашылық 140 бас қой алуға өтінім тапсырып, несие алды. Бұдан бөлек, Октябрь ауылдық округінен 1 шаруашылық «Арал-Ырысы» Кредиттік серіктестігі» арқылы 12,0 млн. теңге несие алып 300 бас қой алуға құжаттарын толықтай тапсырып, келісім шарты облысқа тіркеуге жіберіліп, алатын қаржысын күтуде.
Мүйізді ірі қара малы аналығының тұқымын түрлендіруге 2020 жылға қатысу жоспары жыл басындағы жалпы аналық сиырдың 32 пайызы, яғни 7071 бас сиырды түрлендіруіміз қажет болса. Қазіргі нақты жағдай бойынша 3596 бас ірі қараның есебі енгізіліп отыр.
Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы
«Аграрлық несие коорпорациясы» АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалынан Ақирек ауылдық округіндегі «Мұра» шаруа қожалығы 12,9 млн. теңге несие алуға құжаттарын толықтай тапсырып, несиесін алып, 43 бас жылқы малын сатып алды.
Негізгі капиталға салынған инвестиция ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2020 жылдың 10 айында 156,3 млн. теңге болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 299,4 пайызға орындалса (2019 жылы 52,2 млн. теңге), тамақ өнімдеріне салынған инвестиция 304,4 млн. теңге (2019 жылы 3,7 млн. теңге) болды.
Егін шаруашылығына байланысты
Аудан бойынша 2020 жылы жалпы 193 гектар жерге егіс егілді. Оның ішінде Ақирек ауылдық округі бойынша 72,6 гектар жерге бақша (қауын, қарбыз), 8,7 гектар көкөніс (асқабақ), 2 гектар картоп, және 98 гектар ескі жоңышқа дақылдары егілді. Оның ішінде: 50,3 гектар қауын болса,22,3 гектар қарбыз дақылдары.
Үстіміздегі жылы жаңа технологияда Ақирек ауылдық округінде «Арал Отын» ЖШС-і базасында (подпленка) әдісімен 8 гектар жерге қауын-қарбыз дақылдары егілді. Осы егілген әдістің қолданылуымен бақша дақылдар жылдағыдан ертерек пісіп, өнімдер толықтай жиналып алынды. Алынған өнімдер Арал қаласына және ауылдық округтерге сатылымға шығарылып отыр.
Асхат, Мұра шаруа қожалықтары көршілес Ақтөбе облысына өз өнімдерін апарып, 10 тоннадай қауын-қарбыз өнімдерін сатты.
Қазіргі кезде егілген егін толықтай жинап алынды.
Су шаруашылығы бойынша
2020 жылы республикалық бюджеттен "Көкарал бөгетін сақтау және Сырдария өзенінің атырауын қалпына келтіру" жобасының жоба сметалық құжаттарын әзірлеуге 100,5 млн.теңге бөлінді. (жобаның СМЖ 4,7 млрд. теңге).
2020 жылы Жаңақұрылыс ауылдық округіндегі Нұралы жарма каналына су тоспасын салудың жоба сметалық құжаттарын әзірлеуге 5468 мың теңге бөлінді. Қазіргі таңда тиісті жұмыстар атқарылуда.
2020 жылы Бекбауыл ауылдық округіндегі Кеңесарық каналын тазалау және су тоспасын салуға облыстық бюджеттен 85,2 млн. теңге бөлініп, каналға тазалау және бйыонда орналасқан гидротехникалық құрылыстар салу жұмыстары жүргізілді.
2020 жылы Бөген ауылдық округінде орналасқан Домалақ каналының жер актісі, техникалық құжаттары және бағалау жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен 700 000 теңге бөлініп, қазіргі таңда құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша
2020 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 30 жас маманға бір жолғы көтерме жәрдемақы алуға 7980,0 мың теңге және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит рәсімдеуге 8 жас маманға 31812,0 мың теңге қаралды.
2020 жылдың 9 айында 17 жас маманға 4594,8 мың теңге бір жолғы көтерме жәрдемақы төленіп, тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит рәсімдеуге 4 маманға 13 525,5 мың теңге қаржы төленді.
Балық шаруашылығы
Аудан аумағында балық шаруашылығы маңызы бар Кіші Арал теңізінің 18 учаскесі, Сырдария өзені және 20 көл бар.
Кіші Арал теңізінен 6872 тонна балық аулау лимиті, Қамыстыбас көлдер жүйесіне 142 тонна, Ақшатау көлдер жүйесіне 43 тонна және Примор көлдер жүйесіне 37 тонна, сонда аудан бойынша барлық лимит 7094 тонна болып бекітілген.
(Анықтама үшін: Балық аулау кезеңі ағымдағы жылдың 1 шілдесінен келесі жылдың 1 шілдесіне дейін есепке алынады).
Балық өңдеу саласы – аудан бойынша 31 балықшылар бригадасы болса, оларда 405 адам жұмыс атқарады, 200 өздігінен жүретін флот,15 өздігінен жүрмейтін флот, 6 дана үлкен кеме (СМБ-40), 2 дана шағын кеме (БМК-130), 6810 құрма ау, 24 жылым, 38 кермеше ау бар.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін аумақтық инспекциясы Арал инспекциясы бөлімінің мәліметі бойынша 01.12.2020 жылға ауланған балық 6214 тн. болса,аудандық статистика басқармасының жедел мәліметі бойынша 01.12.2020 жылға өңделген балық 5388 тонна.
Балық аулау көлемінің өсуі балық өңдеу саласының дамуына мүмкіндіктер жасады. Аудандағы балық аулайтын шаруашылықтар мен балық өңдеу кәсіпорындарында мыңдаған адам жұмыспен қамтылды.
Балық өңдеу зауыттары туралы
Ауданда жылдық қуаттылығы 19900 мың тоннадан астам 8 балық өңдеу зауыттары жұмыс істейді.
Бүгінгі күні, 4 (төрт) зауыт(«Арал балық өңдеу зауыты», «Арал СДО», «Камбала балық балықшылар өндірістік орталығы», «СДО Қарашалаң» ЖШС-нің балық өңдеу зауыттары)балықты терең өңдеумен айналысатын болса, қалған 4-уі(«Ар-М-Кон», «Бөген СДО», «Қуаныш», Жалғасбай шағын балық өңдеу зауыттары) балықты қатыру, мұздату және ыстау сияқты жеңіл өңдеумен айналысады.
Атап өту қажет, ауданда Еуропа нарығына шығуға мүмкіндік беретін Еврокод белгісі тек екі кәсіпорында бар.
Атап айтқанда, «Арал балық өңдеу зауыты» ЖШС-гі, және «Арал сервистік дайындау орталығы» ЖШС-гі балық өңдеу зауыттары.
Балық экспорты туралы
Арал аудандық аумақтық инспекциясының 01.11.2020 жылғымәліметі бойынша 1807 тонна балық өнімдері экспортқа шығарылды, оның ішінде (Ресейге, Польша, Қытай, Германия, Грузияға аудандағы негізгі экспорттаушы кәсіпорындар "Арал СДО" ЖШС, "Камбала балық БӨО" ЖШС, "Қарашалаң СДО" ЖШС, "Қуаныш" ЖШС, ЖК "Караев Ж" (ЖК "Кошкарбаев С арқылы), ЖК "Кошкарбаев С", ЖК "Мырзагазиев Ж"шығарып отыр.
Аудан орталығынан 120 шақырымдағы Қосжар ауылында орналасқан Қамыстыбас балық өсіру питомнигі мен оның Тастақ учаскесінде балық өсіруге арналған арнайы инкубациялық цехтары бар. Оның 1-еуі гуманитарлық көмек арқылы Израильден әкелініп құралдарымен жабдықталған. Облыс көлемінде табиғи су айдындарының балық қорын көбейту мақсатында республикалық бюджеттен жыл сайын Кіші Арал теңізіне және Ақшатау көлдер жүйесімен Приморский, Қамыстыбас көлдер жүйесіне осы «Қамыстыбас балық питомнигі» РМКҚ арқылы 14 млн 800 мың дана майда бір жылғы шабақтар және 420 мың екі жылғы шабақтар жіберіліп өсірілуде.
Кіші Арал теңізінде бүгінгі күнге дейін 18 балық аулау учаскісі болса, олардың барлығында қазіргі кезде ұзақ мерзімге бекітіліп берілген өз иелері бар.Бұдан басқа ауданда 20 көл бар, осы 20 көлдің 17 көлін табиғат пайдаланушыларға ұзақ мерзімге бекітіліп берілген. 3 көл резервте болғандықтан иесі анықталмай пайдаланылмай тұр. Сонда ауданда 17 көлдің иесі бар.
Ауданымыздың кәсіпкерлік бағытындағы жұмысына қарқын беріп келе жатқан балық аулау мүмкіндігін молайту мақсатында Ақшатау елді мекенінен инкубациялық цех іске қосылды. Жобаның құны 21 млн теңгені құраса, биылғы жыл ішінде 15 млн ға жуық личинкалар өсіп шығады деп күтілуде.
Бұдан бөлек Ақбасты елді мекенінде екі бірдей балық цехі іске қосылды. Оның бірі ауланған балық қорын 100 тоннаға дейін сақтаса, екінші цех күнінен 40 дана балық консервісін шығаруда.
Сонымен қатар Кіші арал теңізіндегі балық қорын сақтап қалу мақсатында Аралды құтқару қоры арқылы Көкарал су тоспасына гидроакустикалық құрылғы орнатылды. Арнайы жобаның құрылысына 150 млн ға жуық қаржы тартылған.
Агроөнеркәсіп кешені бойынша 9 айда атқарылған жұмыстар туралы анықтама
Арал ауданы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы (ВП) 2020 жылдың қаңтар - тамыз айларында 5497,1 млн. теңге болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 101,8 пайызға артығымен орындалып отыр.
2020 жылдың 1 қыркүйегіне аудандағы барлық нысандағы ауыл шаруашылығы құрылымдарында 53565 бас мүйізді ірі қара, 101147 бас қой мен ешкі, (оның ішінде: қой 68039 бас, ешкі 33108 бас), 37055 бас жылқы, 31147 бас түйе және 2917 бас құс (тауық) бар. Осы малдарды өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара малы 118 басқа, қой мен ешкі 1410 басқа, жылқы 1033 басқа, түйе 1695 басқа, құс 702 басқа көбейді.
Ауданда мал шаруашылығынан алынатын өнім де көбейуде.8 айдың қорытындысымен ет өндіру (тірілей салмақта) 2509,5 тонна, сүт өндіру (сиыр сүті) 5701,2 тонна, жұмыртқа өндіру 70,4 мың дана, жүн өндіру (қой жүні) 79,8 тонна болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет өндіру 73,0 тоннаға, сүт өндіру 111,8 тоннаға, жұмыртқа өндіру 1,6 мың данаға артық орындалды.
Сыбаға бағдарламасы шеңберінде ет бағытындағы асыл тұқымды импорттық ірі қара мал сатып алуға «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы арқылы Аманөткел ауылдық округінен 1 шаруашылық 135 бас МІҚ малын сатып алуға 79,8 млн. теңге қаржы алуға құжаттарын толықтай тапсырылып, мақұлданды. Қазан айында малын алады деп жоспарланып отыр.
Ақтөбе обылысы Марток ауданындағы «Есбол» шаруа қожалығынан, «Ажигулов Зинет» шаруа қожалығы сүт бағытындағы 50 бас асыл тұқымды «Красная степная» сиырын алуға қаржысын төлеп, қазіргі кезде, яғни сол шаруашылықта карантинде тұр. 2020 жылдың 13 қазанына сатып алынған малын Арал ауданына алып келуді жоспарлауда.
Сонымен бірге, осы Сыбаға бағдарламасы аясында ауданға 5000 бас қой сатып алу тапсырмасы жүктелген болатын. Қазіргі таңда «Арал-Ырысы» Кредиттік серіктестігі» арқылы Жақсықылыш кентінен 1 шаруашылық 140 бас қой алуға өтінім тапсырып, несие алды. Бұдан бөлек Жақсықылыш кентінен 1 және Арал қаласынан 1 шаруашылық барлығы 600 бас асыл тұқымды қой сатып алуға құжаттарын әзірлеуде. Мүйізді ірі қара малы аналығының тұқымын түрлендіруге 2020 жылға қатысу жоспары жыл басындағы жалпы аналық сиырдың 32 пайызы, яғни 7071 бас сиырды түрлендіруіміз қажет болса.
Қазіргі нақты жағдай бойынша 3638 бас ірі қараның есебі енгізіліп отыр. Жұмыс жасалуда.
«Аграрлық несие коорпорациясы» АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалынан Ақирек ауылдық округіндегі «Мұра» шаруа қожалығы 12,9 млн. теңге несие алуға құжаттарын толықтай тапсырып, несиесін алып жұмыс жасауда
«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша
2020 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 30 жас маманға бір жолғы көтерме жәрдемақы алуға 7980,0 мың теңге және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит рәсімдеуге 8 жас маманға 31812,0 мың теңге қаралды.
2020 жылдың 9 айында 17 жас маманға 4594,8 мың теңге бір жолғы көтерме жәрдемақы төленіп, тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит рәсімдеуге 4 маманға 13 525,5 мың теңге қаржы төленді.
Балық экспорты туралы
Арал аудандық аумақтық инспекциясының 01.09.2020 жылғы мәліметі бойынша 1526 тонна балық өнімдері экспортқа шығарылды, оның ішінде (Ресейге – 1186 тн, Польша – 146 тн, Қытайға – 20 тн, Германия – 94 тн, Грузияға 80 тн аудандағы негізгі экспорттаушы кәсіпорындар "Арал СДО" ЖШС, "Камбала балық БӨО" ЖШС, "Қарашалаң СДО" ЖШС, "Қуаныш" ЖШС, ЖК "Караев Ж" (ЖК "Кошкарбаев С арқылы), ЖК "Кошкарбаев С", ЖК "Мырзагазиев Ж" шығарып отыр.
"Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 2020 жылдың 6 айына орындалуы туралы анықтама
Арал ауданы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы (ВП) 2020 жылдың қаңтар- ақпан айларында 1739,5 млн. теңге болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 102,7 пайызға артығымен орындалып отыр.
2020 жылдың 1 маусымына аудандағы барлық нысандағы ауыл шаруашылығы құрылымдарында 56090 бас мүйізді ірі қара, 110577 бас қой мен ешкі, (оның ішінде: қой 72965 бас, ешкі 37612 бас), 40473 бас жылқы және 31838 бас түйе малы бағылып, күтілуде. Осы малдарды өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қой мен ешкі 1372 басқа, жылқы 3181 басқа, түйе 972 басқа көбейді.
Ауданда мал шаруашылығынан алынатын өнім де көбейтуде.1.06.2020 жылға ет өндіру (тірілей салмақта) 1391,1 тонна, сүт өндіру (сиыр сүті) 2391,1 тонна, жұмыртқа өндіру 25,6 мың дана болып, өткен жылмен салыстырғанда ет өндіру 40,0 тоннаға, сүт өндіру 69,9 тоннаға, жұмыртқа өндіру 0,4 мың данаға артып отыр.
Сыбаға бағдарламасы бойынша:
2020 жылға ауданға 200 бас МІҚ малын шет елден сатып алу ішкі жоспар бойынша жоспарланып отыр. Қазіргі таңда шет елден МІҚ малын сатып алуға жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен бірге, Сыбаға бағдарламасы аясында ауданға 5000 бас қой сатып алу ішкі жоспар бойынша жоспарланып отыр. Облыстан 2020 жылға жоспар әзірге берілген жоқ. Қазіргі таңда «Арал-Ырысы» Кредиттік серіктестігі» ЖШС арқылы Жақсықылыш кентінен 1 шаруашылық 140 бас қой алуға өтінім тапсырылып, несие алды. Қой сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасына байланысты
«Аграрлық несие коорпорациясы» АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалынан Ақирек ауылдық округіндегі «Мұра» шаруа қожалығы 21 млн. теңге несие алып, жылқы малын сатып алуға құжаттарын толықтай тапсырып, қазіргі кезде алатын несиесін күтуде.
Сонымен бірге, Қарақұм ауылдық округіндегі «Жасұлан» шаруа қожалығы «Арал-Ырысы» Кредиттік серіктестігі» ЖШС-нен 4 млн. теңге несие алып 10 бас жылқы сатып алу бағытында құжаттарын тапсыруда.
Экспортқа байланысты
2020 жылдың 6 айында ауданнан Германияға 140 тонна қамыс өткізілсе, KZ-MBK ЖШС – гі арқылы Өзбекстанға 136 тонна 1 сұрыпты Аралы ұны экспортталды.
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлемінің индексі .
2020 жылдың қаңтар-маусым айларында облыстық статистика басқармасының берген мәліметіне сәйкес, ауыл шаруашылығының ауыл, орман және балық шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар 14 млн. 299 мың теңгені құрап отыр.
Балық экспорты туралы
2020 жылдың 6 айында 1374 тонна балық экспортқа шығарылды.