Лого

Меню

Страницы

Статья

"Бизнестің жол картасы 2025" мемлекеттік бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар

Бизнестің жол картасы 2025 мемлекеттік бағдарламасының 2020жылдың 12 айында атқарылған жұмыстар бойынша:

«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында Қызылорда облысында қуатылығы 300 мың тонна өнім беретін АралСода зауытына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу (Газ жоба құны-1,4 млрд.тг., электр желісінің жоба құны-1,3 млрд.тг.) жұмыстарына 2021 жылға 259,7 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды және Арал теңізі станциясынан зауытқа кіре беріс темір жол тұйығын салуға 300,0 млн.теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Арал қаласында 12 жаттығу және стритбол алаңының (2020-2021 өтпелі) құрылыс жұмыстарына 46,6 млн. теңге (жалпы сомасы 54,3 млн.теңге) бөлініп, толық орындалып пайдалануға берілді.

“Ауыл-Ел бесігі” жобасы аясында өтпелі жоба ретінде 2020-2021 жылдарға жоспарланған Жақсықылыш кентінен «Спорттық сауықтыру кешені» құрылысына 104,7 млн. теңге бөлініп жұмыстары жалғасуда және осы жылы Аманөткел, Қамыстыбас елді мекендерінде денешынықтыру - сауықтыру кешенінің құрылыстарына республикалық бюджеттен 430,0 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүруде.

«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында жеке тұрғын үй құрылысы үшін белгіленген аудандарды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен 490,5 млн. теңге бөлініп, құрылыс монтаж жұмыстары атқарылса, 32,8 млн. теңгенің жоба-сметалық құжаттары әзірленуде.

Сонымен бірге, аудандық бюджет есебінен 44,6 млн. теңгеге Арал қаласынан коммуналдық меншікке 1 қызметтік тұрғын үй (18,0 млн. тг.), Құланды елді мекеніндегі медициналық бекет фельдшеріне арналған 1 қызметтік тұрғын үй (3,5 млн. тг.) және Ақеспе елді мекенінен ауылдық клуб ғимаратына бейімделген (23,1 млн.тг.) 1 нысан сатып алынды.


Бизнестің жол картасы 2025 мемлекеттік бағдарламасының 2020жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар бойынша:

«Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасы шеңберінде пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау бағыты бойынша жалпы құны 363,9 млн.теңге болатын 36 жоба қаржыландырылды.

«Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 197,6 млн теңгеге 61 жоба қаржыландырылды.

«Арал ырысы» несие серіктестігі арқылы 39 жоба 257,3 млн теңгеге қаржыландырылып, 45 млн теңгені құрайтын 7 жоба мақұлданды.

«Өңірлік инвестиция орталығы» арқылы  20 жоба 106 млн теңгеге қаржыландырылып, 27 млн теңгеге 2 жоба мақұлданды.

Қарапайым заттар экономикасы мемлекеттік бағдарламасы арқылы 800 млн теңгеге 1 жоба қаржыландырылды.

Сондай – ақ, «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында қайтарымсыз грант конкурсына 14 жас кәсіпкер қатысып, 4 кәсіпкер жалпы соммалары 14,5 миллион теңгені құрайтын қайтарымсыз грант жеңіп алды.

Бұдан бөлек, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламасы бойынша жалпы құны 176,415 млн.теңгені құрайтын 304 жоба грант қаражатына ие болды.

Сонымен бірге, Арал қаласы және Сексеуіл кентінің жастарына тиісті қаржы институт мамандарымен кездесу ұйымдастырылып, пікір алмасу мақсатында «Кәсіпкерлігіңді өзінен баста» атты еркін форматта кездесу өткізілді.

Өткізілген шара барысында Арал қаласының кәсіпкерлерімен бірге Қазалы және Қармақшы аудандарыныңда жас кәсіпкелері шығарған өнімдерінің көрмелерін көрсетті.         

Ауданымызда жұмысы тоқтап тұрған тойханаларды басқа салаға бағыттау бойынша Аудан орталығындағы «Хан Шатыр» тойханасы «Аlmaty Siti» отбасылық дүкеніне, «Ақниет» тойханасының бір бөлігі сауда қатарына, екінші бөлігі қоғамдық тамақтану орнына, «Алмаз» тойханасы көтерме сауда орталығына, Сексеуіл кентінде орналасқан «Нұрсұлтан» тойханасының бір бөлігі наубайхана, екінші бөлігі қоғамдық тамақтану орнына, Қамыстыбас ауылдық округінде орналасқан «Рахым» мейрамханасы «Рахым» шағын маркеті болып өзгеріп қызметтерін басқа салаға ауыстырды.

Жыл басынан бері ауданымызда «Dos-Stars» кафесі, «Светофор» дүкені, «Бертағы» дүкені,  «Мой Сам 2» көлік жуу орталығы, «Наурыз» супермаркеті, «Саяхат» жол бойы сервистік қызмет көрсету орталығы, «Arbat» қоғамдық тамақтану орталығы, «Оптика әлемі» сауда орны, «Black PUB» лоундж бары, «BOSS FOOD» қоғамдық тамақтану орны, Құланды ауылдық округінде серветтік қызмет көрсету орталығы, Жіңішкеқұм ауылдық округінде азық-түлік дүкені, Сексеуіл кентінде Санжар, Аспан, Аманғос азық-түлік дүкендері, кілем жуу орталығы, Қарақұм ауылдық округінде «мал сою пункті» және «газ құю бекеті», Бекбауыл ауылдық округінде қоғамдық монша кәсіпкерлік нысандары ашылды.


Бизнестің жол картасы 2025 мемлекеттік бағдарламасының 2020жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар бойынша:

«Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасы шеңберінде пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау бағыты бойынша жалпы құны 102,1 млн.теңге болатын 21 жоба қаржыландырылып, 70,5 млн теңгеге 12 жоба мақұлданды. Қарапайым заттар экономикасы мемлекеттік бағдарламасы арқылы 800 млн теңгеге 1 қаржыландырылып, 11 млн теңгенің 1 жобасы мақұлданды.

Бұдан бөлек «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының бекітілгені, «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасының іске қосылғандығы және «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік гранттар беру қағидаларын орындау тәртіптері бойынша, кент және ауылдық округ тұрғындарына түсініктеме жұмыстарын жүргізу үшін, ауданнан құрылған жұмысша топ тұрғындармен кездесіп, өзара пікір алмасуына жағдай жасап, кәсіпкерлдің басты бағыттарын айқындап, олардың кәсіпкерлікке деген ынтасын арттыру және жаңадан ісін бастауға ниет білдірген кәсіп етушілерді сүймелдеу және де несие алу, грант алу, несиені субсидиялау, несие мүлкін кепілдендіру бойынша тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, «Еңбек» бағдарламасы арқылы қайтарымсыз грант алған азаматтардың жұмыс барысымен танысып, мониторниг жұмыстары жүргізілді.

Сонымен бірге, Арал қаласы және Сексеуіл кентінің жастарына тиісті қаржы институт мамандарымен кездесу ұйымдастырылып, пікір алмасу мақсатында «Кәсіпкерлігіңді өзінен баста» атты еркін форматта кездесу өткізілді.

Өткізілген шара барысында Арал қаласының кәсіпкерлерімен бірге Қазалы және Қармақшы аудандарыныңда жас кәсіпкелері шығарған өнімдерінің көрмелерін көрсетті.

Бұдан бөлек Ауданымызда жұмысы тоқтап тұрған тойханаларды басқа салаға бағыттау бойынша Аудан орталығындағы «Хан Шатыр» тойханасы «Аlmaty Siti» отбасылық дүкеніне, Қамыстыбас ауылдық округінде орналасқан «Рахым» мейрамханасы «Рахым» шағын маркеті болып өзгеріп қызметтерін басқа салаға ауыстырды.

Сонымен бірге, жыл басынан бері аудан орталығында «Dos-Stars» кафесі, ИП Набатовтың Ашық Бассейн демалыс орны, «Мой Сам 2» көлік жуу орталығы, «Наурыз» супермаркеті сынды бірқатар кәсіпкерлік нысандар ашылды.


Бизнестің жол картасы 2025 мемлекеттік бағдарламасының 2020жылдың 3 айында атқарылған жұмыстар бойынша:

«Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының бекітілгені, «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасының іске қосылғандығы және «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік гранттар беру қағидаларын орындау тәртіптері бойынша, кент және ауылдық округ тұрғындарына түсініктеме жұмыстарын жүргізу үшін, ауданнан құрылған жұмысша топ тұрғындармен кездесіп, өзара пікір алмасуына жағдай жасап, кәсіпкерлдің басты бағыттарын айқындап, олардың кәсіпкерлікке деген ынтасын арттыру және жаңадан ісін бастауға ниет білдірген кәсіп етушілерді сүймелдеу және де несие алу, грант алу, несиені субсидиялау, несие мүлкін кепілдендіру бойынша тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, «Еңбек» бағдарламасы арқылы қайтарымсыз грант алған азаматтардың жұмыс барысымен танысып, мониторниг жұмыстары жүргізілді.

Сонымен бірге, Арал қаласы және Сексеуіл кентінің жастарына тиісті қаржы институт мамандарымен кездесу ұйымдастырылып, пікір алмасу мақсатында «Кәсіпкерлігіңді өзінен баста» атты еркін форматта кездесу өткізілді.

Өткізілген шара барысында Арал қаласының кәсіпкерлерімен бірге Қазалы және Қармақшы аудандарыныңда жас кәсіпкелері шығарған өнімдерінің көрмелерін көрсетті.


Бизнестің жол картасы 2025 мемлекеттік бағдарламасының 2020 жылда атқарылған жұмыстар бойынша:

«Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банктер арқылы жалпы құны 144,8 млн. теңге болатын 7 жобаның несие қаражаттары субсидияланды.

Сондай-ақ, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында құны 56,9 млн. теңге болатын 2 жоба несиелендірілді.

Жалпы қаржы институттары арқылы 765,9 млн. теңгенің 128 жобасы қаржыландырылды.

Аудан аумағынан өтетін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік көлік дәлізі бойынан 4 жол бойы сервистік нысандары қызмет көрсетіп келсе, бұған қосымша жеке кәсіпкер   Т. Жалғасбековтың бастамасымен «С» және «Д» санатындағы жол бойы сервистік қызмет көрсету кешені пайдалануға берілді.

Бұдан бөлек, Арал қаласынан «Adiya»,«Дария», «Ер-Нұр», «Жақайым» дүкендері, «Эврика», «Мирас», «Ақ ниет» сауда нысандары, «Мой-сам» қызмет көсету орталығы, «Хан шатыр» қоғамдық тамақтану орталығы, «IQ center» білім беру орталығы іске қосылып, Сексеуіл кетінен «Махамбет» сауда нысаны ашылды.

Сондай-ақ, жеке кәсіпкер Т. Абибуллаевтың «С» санатты «Саяхат» жол бойы сервистік қызмет көрсету орталығы, «Sinoоil», «Qazaq oil» жанар-жағар май құю нысандары, «Светофор» супермаркеті, жеке кәсіпкер А. Бекмамбетов және жеке кәсіпкер А. Төремұратованың сауда нысандары 2021 жылы іске қосылады деп күтілуде.


Бизнестің жол картасы 2025 мемлекеттік бағдарламасының 2020жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар бойынша:


«Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасы шеңберінде пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау бағыты бойынша жалпы құны 138.5 млн.теңге болатын 6 жоба қаржыландырылса, құны 30,0 млн.теңге болатын 1 жоба мақұлданды және жалы құны 20 млн. Теңге болатын Арал қаласынан 2 жобаның құжаттары жинақталуда.


Бизнестің жол картасы 2025 мемлекеттік бағдарламасының 2020жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар бойынша:

2020 жылы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау бағыты бойынша жалпы құны 110,0 млн.теңгеболатын 3 жоба қаржыландырылды.
Ал, 2020 жылға аталған бағдарлама бойынша жалпы құны 15 млн. теңге болатын 1 жоба қаржыланды.

Дата публикации
10 июня 2020
Дата обновления
11 января 2022
Тип

Сейчас читают

22 октября 2026
Әдеп жөніндегі уәкіл
22 октября 2026
Сайлау комиссияларының құрамдары
14 октября 2026

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы