Лого

Меню

Страницы

Статья

Қамыстыбас ауылы

Қамыстыбас ауылы

Қамыстыбас  ауылы — Қызылорда облысы, Арал ауданындағы темір жол бекеті, Қамыстыбас ауылдық округінің орталығы.

Географиялық орны

Аудан орталығы - Арал қаласынан оңтүстікке қарай 90 км, Қамыстыбас көлінен шығыс қарай 2 км жерде орналасқан. Қамыстыбастан оңтүстікке қарай Қызылорда қаласы 371 км. Қазалы ауданына 61 км. Байқоңыр ракета ұшу айлағына 178 км.

Тарихы

1918 жылы құрылған. XIX ғасырдың бас кезінде Хиуа хандығының жаугершілігіне қарсы Сыр бойы қазақтарының ұйымдастырушысы Жанқожа батырдың сарбаздарына қару-жарақ соғушы темір ұсталарының мекені болған. 1904 жылға дейінгі атауы – Темірші. Теміршіден дайындалған қару-жарақтарды Хиуа хандығына ғана емес, орыс отаршылдарына да қарсы сілтеген. Орыс отаршылдары 1904-1905 жылдары Орынбор - Ташкент темір жолының ашылуына байланысты іргелес Қамыстыбас көлінің жағалауындағы Қамыстыбас қонысының атауымен атауды жөн көріпті.

1921 жылы қазан төңкерісінің көсемі В. И. Ленин (В. Ульянов) Поволжье мен Ресейдің орталық аудандарындағы құрғақшылыққа байланысты аштықтан зардап шеккен халыққа көмек көрсету жөнінде Арал балықшыларына әйгілі үндеу-хатын жолдап, көмек беруді сұраған. Аралдықтар бұл Үндеуге жауап ретінде Ресейге 14 вагон балық жіберген. Балық Қамыстыбас ауылында бакауыздан тиелген, тарихи орын қазірге дейін сақтаулы тұр.

1920 жылы аурухана жұмысын бастады

 

Қамыстыбас және Ақшатау көлдер жүйесі

Қамыстыбас және Ақшатау көлдер жүйесіне 12-ден аса ірілі-ұсақты көлдер кіреді. Атап айтқанда: Ақшатау көлдер жүйесіне - Суықкөл, Жарықкөл, Қаракөл, Ақшатау-Сорғақ көлі, Алаша көлі, Шөмішкөл.

Ал Қамыстыбас көлдер жүйесіне - Қамыстыбас көлі, Лайкөл, Қаязды-Бидайкөлі, Жалаңашкөл, Райымкөл және Мақпалкөл кіреді. Аталған көлдер жүйесіндегі су шаруашылығы нысандарының (каналдар) маңызы зор. Осы көлдер жүйесіндегі көлдер мен шабындық, жайылымдық жерлерді суландырады.

Бүгінгі күнге, Басықара су тоспасынан төменге қарай 85 м3/сек су жібірілсе, Ақлақ су тоспасы арқылы Кіші Арал теңізге қарай 55 м3/сек су түсуде.

Қамыстыбас және Ақшатау көлдер жүйесіндегі көлдерге құятын каналдар: Қамыстыбас көлдер жүйесі бойынша

Лайкөл көліне – Керіағар және Жасұлан каналдары құяды. Қазіргі таңда көлге беріліп жатқан су көлемі 10 м3/сек. Көлдің толу көрсеткіші             90-95 пайыз. Нақты жиналған су көлемі – 2,6 млн.м3. Көлдің жобалық сыйымдылығы – 2,8 млн.м3.

Райым көліне – Советжарма каналы құяды. Қазіргі таңда көлге беріліп жатқан су көлемі 11 м3/сек. Көлдің толу көрсеткіші 90 пайыз. Нақты жиналған су көлемі – 7,9 млн.м3. Көлдің жобалық сыйымдылығы           - 8,5 млн.м3.

Жалаңаш көліне – Тәуіпжарма, Сарыөзек каналдары құяды. Қазіргі таңда көлге беріліп жатқан су көлемі 8 м3/сек. Көлдің толу көрсеткіші             90-95 пайыз. Нақты жиналған су көлемі – 13 млн.м3. Көлдің жобалық сыйымдылығы - 15 млн.м3.

Қаязды-Бидайкөл көліне – Советжарма каналы құяды. Қазіргі таңда көлге беріліп жатқан су көлемі 8 м3/сек. Көлдің толу көрсеткіші             70-75 пайыз. Нақты жиналған су көлемі – 1,8 млн.м3. Көлдің жобалық сыйымдылығы –2,5 млн.м3.

Қамыстыбас  көліне – Советжарма, Қулы, Керіағар және Жасұлан каналдары құяды. Қазіргі таңда көлге беріліп жатқан су көлемі                     23-25 м3/сек. Көлдің толу көрсеткіші 90-95 пайыз. Нақты жиналған су көлемі – 160 млн.м3. Көлдің жобалық сыйымдылығы - 180 млн.м3.

Мақпалкөл көліне – Кеңесарық каналы құяды. Қазіргі таңда көлге беріліп жатқан су көлемі 2 м3/сек. Көлдің толу көрсеткіші 90 пайыз. Нақты жиналған су көлемі – 6,3 млн.м3. Көлдің жобалық сыйымдылығы – 7 млн.м3.

Ақшатау көлдер жүйесі бойынша

Шөмішкөл көліне – Ардана жарма каналы құяды. Қазіргі таңда көлге беріліп жатқан су көлемі 4 м3/сек. Көлдің толу көрсеткіші                      90 пайыз. Нақты жиналған су көлемі – 3 млн.м3. Көлдің жобалық сыйымдылығы – 5  млн.м3.

Алашакөл көліне – Алаша каналы құяды. Қазіргі таңда көлге беріліп жатқан су көлемі 3 м3/сек. Көлдің толу көрсеткіші 90 пайыз. Нақты жиналған су көлемі – 1,1 млн.м3. Көлдің жобалық сыйымдылығы -                 1,5 млн.м3.

Суықкөл көліне – Суықкөл каналы құяды. Қазіргі таңда көлге беріліп жатқан су көлемі 5 м3/сек. Көлдің толу көрсеткіші 95 пайыз. Нақты жиналған су көлемі – 1,1 млн.м3. Көлдің жобалық сыйымдылығы – 1,2 млн.м3.

Қаракөл көліне – Бесжарма каналы құяды. Қазіргі таңда көлге беріліп жатқан су көлемі 10 м3/сек.Көлдің толу көрсеткіші 95 пайыз. Нақты жиналған су көлемі – 11 млн.м3.Көлдің жобалық сыйымдылығы - 11 млн.м3. бүгінде Қаракөл көлі толып, Жарықкөлге су тастауда.

Ақшатау-Сорқақ және Жарықкөл көлдеріне – Ақшақыз, Аққойсойған каналдары құяды. Қазіргі таңда көлге беріліп жатқан су көлемі 29 м3/сек. Көлдің толу көрсеткіші 90-95 пайыз. Нақты жиналған су көлемі – 25 млн.м3. Көлдің жобалық сыйымдылығы - 35 млн.м3.

 

Су қыспақты мұнара, 1905 ж.

Су қыспақты мұнара-жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші.

Саулет ескерткіші ХХ ғ. басындағы сәулет өнерінің деңгейін сипаттайды. Су қыспақты мұнара ХХ ғ. басындағы қаланың қалыптасу тарихындағы бейне беретін темір жол кешеніне кіретін ерекше ғимарат болып табылады. 

Салыну тарихы, салушы және тапсырыш беруші жайлы дерек жоқ. 1985 жылы А.О. Итеновтың жетекшілігімен «Қазжобақалпынакелтіру» институтының экспедициясы зерттеген. 2012 ж. ЖШС «Тараз» археологиялық орталығы төлқұжатын рәсімдеген.

Су қыспақты мұнарасы темір жол вокзалы жанында орналасқан. Құрылыс жоспары сегіз жақты. Мұнараның екі жақ бөлігіндегі әр қаспетте сәулелі маңдайшалары бар терезе ойықтары және батыс жағында аузы бар. Терезенің төменгі бөлігі төртбұрышты, ал жоғары жағы дөңгелек етіп жабылған. Мұнараны екі қабатты, төменгі қабаты күйдірілген кірпіштерден айшықталып қаланған және жоғарғы қабаты – ағаштан салынған. Биіктігі 18 метр. Ірге тасы сыланған және әктелген. Мұнараның кірпіштен салынған қабаты барлық бөлігінде безендендіріле қалалып аяқталған. Ал мұнараның ағаш бөлігінің жабылған бөлігі ағаш оюдың әртүрлі әдістерін қолданып әшекейленген. Шатыры темір жамытқымен жабылған.                          

 

Теміржол вокзал ғимараты, 1904 ж.

Теміржол вокзал ғимараты-жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші.

Саулет ескерткіші ХХ ғ. басындағы сәулет өнерінің деңгейін сипаттайды. Вокзал темір жол кешеніне кіретін ерекше ғимарат болып табылады. 1985 жылы А.О. Итеновтың жетекшілігімен «Қазжобақалпынакелтіру» институтының экспедициясы зерттеген. 2012 ж. ЖШС «Тараз» археологиялық орталығы төлқұжатын рәсімдеген. Авторы мен салушы жайлы дерек жоқ. Теміржол станциясына қатысты барлық ғимараттарды салуға жол хабарламасы министрлігі тапсырыс берген.

Қамыстыбас теміржол вокзалы жеміржолдан 20 м жерде орналасқан. Бір қабатты теміржол вокзалының оңтүстік-шығыс жағы және бас қасбеті шақпақталған таспен қапталған, күйдірілген кірпіштер салынған. Іргетасы бут тастан қаланған. Шатыры темір қаңылтырмен жабылған. Бөлме ішіндегі қоршау тастан пен ағаштан, ал едені тақтаймен төселген. Терезесінің көлемі төртбұрышты, ағаштан екі қабатты етіп салған. Пешпен жылытылады. Ғимараттың жоспары төртбұрышты, көлемі 46х11,6 м. Құрылыс көлемі – 2934,8 куб.м.

 

Жанназар ишан мешіті, 1904 ж.

Жанназар ишан мешіті - жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші.

Жанназар  Арланбайұлы 1878 жылы Қазалы ауданындағы Арықбалық аталатын жерде (қазіргі Жанқожа батыр ауылы) дүниеге келген. Өткен ғасырдың 1904 жылы Қамбашта мешітте имам болып ұзақ уақыт қызмет еткен. Ел ішіне емші, ғұлама ретінде танылған. Бой көтергеніне ғасырдан астам уақыт өткен нысанды тұрғындар киелі орын санайды. Жанназар атамыздың ағасы Қожаназар Артықбайұлы да асқан  әулие адам болған. Қасиетті Меккеге үш мәрте қажылыққа барған Қожаназар ишан Қазалы өңірінен екі мешіт салдырып, бала оқытады. Оның бірі – Әйтеке би кентінің орталығындағы мешіт қазіргі таңда Қожаназар ишанның есімін иеленген. 

«Қожаназар мен Жанназар ишандар атақты Орақ батырдың немерелері. 2016 жыл қайта жөндеуден өткен мешіттің көркіне көз тояды.

 

«Аққұмшық» жағажайы

«Арал ауданында Арал теңізі  және Қамбаш көлінің орналасуы аудан көлемінде туризм саласының дамуына зор мүмкіндік береді. Аудан  экономикасын  дамытудың  басты  бір  көзі  болып  табылатын, жалпы көлемі 494 гектар жерді құрайтын «Қамбаш» демалыс аймағы құрылған болатын. Қазіргі таңда кәсіпкерлер демалыс аймағына бірқатар нысандар салды. Бүгінгі күні көл жағалауында катер, үрлемелі қайық, катамаран, гидроцикл сынды жүзу құрылғылары тынығушыларға қызмет көрсетеді.

          «Қамбаш» демалыс аймағын дамытуға қатысты аудан әкімінің арнайы іс-шаралар жоспары жасалып бекітілді. Бұл шаралар туристер үшін көл жағалауына салынатын құрылыстарға инвестиция тарту, демалыс аймағына қажетті инфрақұрылымды жеткізу жолдарын қарастыру, ұйымдастырылатын жұмыстарға қатысты тиісті құжаттарды әзірлеу, туристер санын арттыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау, демалыс аймағына келіп тынығушылардың қауіпсіздігін және көл жағалауы мен демалыс аймағының тазалығын қамтамасыз ету т.б.  ауқымды жұмыстарды қамтиды.

         Қазіргі таңда «Қамбаш демалыс аймағында 25 жеке кәсіпкер алыс-жақын аудандардан келетін туристерге  қызмет көрсетуде.

Оның-23 і Арал ауданының жеке кәсіпкерлері болса, қалған  2-Қазалы ауданынан. Жалпы демалыс аймағында барлығы 104 демалыс үйі туристерге қызмет корсетуде.

Дата публикации
17 марта 2026
Дата обновления
17 марта 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
Әдеп жөніндегі уәкіл
22 октября 2026
Сайлау комиссияларының құрамдары
14 октября 2026

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы